Қазақ тіліндегі араб, иран сөздерінің зерттелу тарихы мансұров Нұрлан Берденұлы



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі267,49 Kb.
#10401

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АРАБ, ИРАН СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 

Мансұров Нұрлан Берденұлы 

 Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасы, Астана, Қазақстан 

Республикасы 

 

«Қазақстанда  арабтану  ғылымының  тууы  мен  дамуы»  араб  тілі  кафедрасының  20 

жылдығына  арналған  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары.  – 

Алматы, 2005. – 173-178 б.

 

 

Аннотация.  В  статье  рассматривается  история  исследования  арабско-персидских 

заимствование в казахском языке 

 

Н.Б. Мансуров – к.ф.н., доцент 



Кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Гумилева, ул. Мунайтпасова, 5 

Корпоративная почта: 

Mansurov_NB@enu.kz

 

 



Abstract. Arabian-Persian borrowings in Kazakh Language their history of investigation are 

observed in this article. 



 

N.B. Mansurov – Candidate of Philological Science, Associate Professor 

L.N.  Gumilov  Eurasian  National  University  Faculty  of  Philology  The  Department  of  Practical 

Kazakh Language, 5 Munaitpasov Street, Email: 

Mansurov_NB@enu.kz



 

 

Кілт сөздер: (тіл, шығыс, түркі, зерттеу, элемент) 

 

Тілдің тарихын зерттеуде қашанда кірме сӛздердің орны ерекше екені жасырын емес. 



Әсіресе,  осы  бағытта  шығыс  тілдерінің  соның  ішінде  араб,  иран  кірме  элементтерінің 

орны  ерекше.  Олардың  маңыздылығы  мен  актуальдылығы  бүгінгі  күнде  де  ӛз 

құндылығын жойған жоқ.  

Қазіргі таңда араб, иран элементтерінің лексикалық ерекшеліктерін зерттеулер жайлы 

бір қатар келелі еңбектер бар екені анық. Бұл мәселеде шетелдік шығыстанушы ғалымдар 

мен  түрколог  ғалымдар  және  ӛзіміздің  отандық  ғалымдарымыз  еңбектерін  атап  ӛтуге 

болады.  Араб,  иран  элементтерінің  түркі  тілдеріне  ықпалы  жайлы  жазылған 

А.К.Боровков,  Н.К.Дмитриев,    Б.Я.Владимирцевтің    зерттеулеріне  қоса,  С.С.Майзель, 

С.Н.Иванов,  Ф.А.Абдуллаев,  У.Кумісбаев,  Х.Назарованың  диссертациялық  жұмыстарын 

ерекше атап ӛткен жӛн. 

Түркі  тілдерінің  құрамынан  кең  орын  алған  араб,  иран  сӛздерінің  фонетикалық, 

морфологиялық  және  грамматикалық  формалары  жайлы  жан-жақты  қарастырылған 

еңбектер жеткілікті. Бұл ғылыми еңбектердің кӛрсеткіші саусақпен санарлықтай болса да, 

олардың түркі тілі лексикасын зерттеу тарихында ӛте маңызды орны бар.  

Қазақ  тіл  білімінде  араб,  иран  сӛздерін  алғаш  қарастырған    Г.Жәркешова    мен  

С.Талжановтың  мақалаларын  атап  ӛтсек,  ғылыми  тұрғыдағы  алғашқы  диссертация 

Л.З.Рустемовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі араб-иран сӛздері» деген еңбегі аталады [1]. 

 «Араб,  парсы  тілдерінен  енген  кейбір  сӛздер  туралы»  мақаласында  Г.Жәркешова 

тіліміздегі  кірме  сӛздер  қысқарып  барып,  жігін  білдірмей  бірігіп  кету  процесін  сӛз  ете 

келе шаһзада, самұрық, абдесте, мұрап т.б. сӛздеріне талдау жасайды. Онда ол тіліміздегі 

біріккен  сӛздерге  лексикалық  сараптама  жасай  отырып,  бірігетін  сӛздердің  сыңарлары 

бастапқы тұлғаларын ӛзгертіп, олардың арасынан не соңынан жекелеген дыбыстар немесе 

буындар  түсіп  қалып,  компоненттер  ӛзара  кірігіп,  жігін  білдірмей  кететіндігін  атап 

кӛрсетеді.  Бұл  тек  қана  түркі  тілдеріне  ғана  емес  араб  және  парсы  тілдеріне  де  тән 

құбылыс  екенін  айтып  ӛтеді.  «Бірігу  процесі  қазақ  сӛздері  мен  араб,  парсы  тілдерінен 


енген  сӛздердің  арасында  да  жиі  болып  отырады.  Мұның  ӛзі  тіліміздегі  сӛз  тудыру  

тәсілінің бір саласы екені мәлім»-деп келтіреді [2].  

С.Талжанов  «Араб  тілінің  әсері»  деген  мақаласында  араб  мәдениетінің  тарихына 

шолу  жасап,  ислам  дінінің  тарихы  мен  таралу  жолдарын  қазақ  сахарасына  діннің 

келуіндегі  жағдайлармен  байланыстара  отырып,  мұсылман  діні  Сарыарқаға  тек  ХІХ 

ғасырдың  екінші  жарымында  ғана  келіп  кіре  бастаған  тәрізді  деп  келтіреді.  Қазақ 

сахарасына бұл  дін екі  жолмен кеп тарады, оның да бірін ел арасына келіп дәріс берген 

татар, башқұрт молдаларымен байланыстырады.  

Шындығында,  ислам  діні  Оңтүстік  ӛңірде  мықтап  дамыды.  Ал  Шығыс,  Батыс  пен 

Орталық Қазақстанда мұсылман діні сол кезеңде әлі сіңе қоймағантұғын. «Кӛшпелі қазақ 

еліне батыстан, Түркістаннан араб дінін арқалап, кітаптарын кӛтеріп қожа-молдалар келді. 

Солардың  біреуі,  бір  де  болса,  білегейі  Шортанбай  Қанайұлы  еді.  Ол  ХІХ  ғасырдың 

алғашқы  жартысында  Сарыарқаға  келді.  Ал  сол  Шортанбай  келген  кезде  Сарыарқада 

шаруашылық  жағдай  қандай  еді»-деп  тарихи  жағдайлармен  байланыстыра  келе  араб 

тілінің тілімізге әсерін сӛз етеді [3].    

Осы шығыс елдері сӛздерінің қазіргі қазақ әдебиеті мен ауызекі тілінде қолданылып 

жүрген  элементтерін  әр  түрлі  аспектілер  арқылы  талдау  жасап,  зерттеу  барысында 

тілімізде  қолданыс  тауып  жүрген  араб,  иран  сӛздерінің  алатын  орнын,  қолданылатын 

салаларын, семантикасын, этимологиясын, фонетикалық және грамматикалық ӛзгерістерін 

ғылыми  тұрғыдан  дәлелдейдтін  келелі  еңбек-Л.З.Рустемовтың  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі 

араб-парсы кірме сӛздері» атты монографиялық еңбегі [4].     

Еңбектің  басты  ерекшелігі  негізінен  араб,  иран  сӛздерінің  семантикалық,  яғни 

мағыналық  жағынан  ӛзгеріске  ұшырауындағы  ерекшеліктерге  ерекше  назар  аударады. 

Онда кірме сӛздердің ауысу процесінде болатын мағыналық  ӛзгерістердің үш түрін атап 

кӛрсетеді:  «біріншіден,  араб-парсы  тілдерінде  кӛп  мағына  беретін  сӛздердің  алғашқы 

мағынасы  қазақ  тіліне  ауысқан  соң  тарылып,  енді  бұрынғысынан  гӛрі  аз  ұғымды 

білдіретін болып қалады. Екіншіден, араб-парсы тілдерінде тар, азғана ұғымды білдіретін 

сӛздердің  қазақ  тілінде  кең  мағына  беретін  элементке  айналып  кетуі.  Үшіншіден,  араб 

және парсы тілдерінен ауысқан сӛздер кейде ӛзінің алғашқы мағынасын  жойып, мүлдем 

жаңа мағынаға ие болады» [4].      

Соңғы  он  жылдың  кӛлемінде  араб,  иран  тілдерінен  енген  сӛздерді  зерттеу  мәселесі 

қазақ  тіл  білімінде  кеңінен  қарастырылып  келеді  десек  артық  айтқандық  емес.  Алайда 

олардың  обьектісі  түрлі  болып  келетінін  атап  ӛту  керек.  Олар  әр  кезеңдердегі  жазба 

нұсқаларды  немесе  олардың  қолдану  аясына  байланысты  қарастырылады.  Араб,  иран 

кірме  сӛздеріне  зерттеу  жүргізген  Ж.  Есеналиева  Абай  шығармаларындағы  араб,  парсы 

сӛздерінің  қолданылу  ерекшелігін  негізге  алып,  Абай  шығармаларындағы  сӛздерге 

лексикалық талдау жасайды. Абай шығармаларындағы араб, парсы кірме сӛздерінің саны 

1000-ға жететінін айтып, ӛз ойын жалғастыра келе: «Олар- қазақ тіліне ерте кезде сіңісіп, 

жиі  қолданатын  сӛздер.  Бұл  топтағы  сӛздердің  бәрі  дерлік  қазақ  тілінің  дыбыстық 

ерекшеліктеріне бай үлкен ӛзгеріске ұшыраған адал, абырой, айна,  парыз,  уайым, хабар, 

хал,  шілде,  ыза  т.б.  мысалдарды  келтіре  отырып,  бұл  тәрізді  араб,  парсы  сӛздерін  Абай 

жалпы халықтық тілден алғаны анық»-деп ой түйеді [5].       

Ж.Есеналиева  негізінен  Абай  шығармаларындағы  араб,  парсы  сӛздерінің 

қолданылуына лексикалық талдау жасауды мақсат еткен. Ол «Абай тілі сӛздігі» бойынша 

жүргізілген.  Онда  зерттеуші  осы  сӛздік  негізінде  жіберілген  кемшіліктермен 

олқылықтардың орнын толықтыруды қарастырады.  

Араб,  иран  сӛздерін  зерттеудегі  келесі  бір  еңбек  Б.Жұбатованың  «Қазақ  қисса-

дастандарындағы  араб,  парсы  сӛздері»  деген  диссертациясы.  Зерттеу  барысында 

зерттеуші  ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарындағы 

қазақ  қисса-дастандарының  тіліндегі  араб,  парсы  элементтеріне  лингвистикалық 

сипаттама береді. Зерттеуші қисса-дастандар тілін кітаби тіл дәстүрі негізінде қарастырып 

кірме  элементтердің  қолданылуына  ерекше  назар  аударады.  «Кітаби  тіл  дәстүрі  кірме 



элементтердің  жӛнді-жӛнсіз  қолданып,  тіл  тазалығы  мен  мәдениеті  деген  мәселелеріне 

қайшы  келіп  отыратын  тұстары  болғаны  рас»  екенін  сӛз  етіп,  «Жалпы,  қай  тілде 

болмасын,  ӛзге  тілден  енген  кірме  элементтерді  пайдалану  белгілі  бір  зәруліктен 

қажеттіліктен  туындайтын,  басқа  жол  болмағанда  ғана  жүгінуге  тура  келетін  тәсіл.  Ал 

кітаби  ақындар  белгілі  бір  себептерге  байланысты,  ӛзге  тілдің  лексикасын  шамадан  тыс 

кӛп пайдаланып отырған. Бірақ бұл элементтердің бірқатары актив лексикаға еніп, қазақ 

тіліне  жатсынбай  қабылданса,  енді  бірқатары  пассив  лексикада  қалып  қойған,  бүгінгі 

жұртшылыққа мағынасы түсініксіз күйінде қалып отыр»-деген тұжырым жасайды [6].       

Ал  ХІ-ХІІ  ғасыр  әдеби  ескерткіштеріндегі  араб  элементтеріне  зерттеу  жасаған 

Г.Құлназарова  салыстырмалы  түрде  бірнеше  құнды  деректер  келтіреді.  Ол  ХІ-ХІІ  ғасыр 

әдеби ескерткіштері мен қазіргі қазақ тіліне ортақ араб сӛздерінің тұлғалық, мағыналық, 

мазмұндық ерекшеліктерін аша отырып, кӛне тіл мен жаңа тілдің арасындағы кірме сӛздер 

саласындағы  айырмашылық  пен  ұқсастықты  саралап  кӛрсетеді.  ХІ-ХІІ  ғасыр  әдеби 

ескерткіштерге  және  қазақ  тіліне  ортақ  болып  келетін  араб  сӛздерінің  фонетикалық, 

морфологиялық,  семантикалық  ерекшеліктерін  айқындайды.  Нәтижесінде  ХІ-ХІІ  ғасыр 

ескерткіштерінде қолданылатын 505 араб  сӛзінің ортағасырлық М. Қашқаридің  «Диуани 

луғат  ат-турк»  нұсқасында  да  сопылық  дәуірдің  ӛкілі  болған  Қожа  Ахмет  Иассауидің 

«Диуани  хикметінде»  де  кездеседі  деп  кӛрсетеді.  Осылайша  ХІ-ХІІ  ғасырдағы  «Құтадғу 

білік»  пен  «һибат-ул  хақайық»  әдеби  ескерткіштері  мен  қазіргі  қазақ  тіліне  ортақ  араб 

сӛздерінің нақты ара-қатынасын ашып, оған сипаттама береді [7].       

Соңғы жылдары араб, иран кірме сӛздерінің зерттелуі жаңа бір бағыт ұстанып, түрлі 

деңгейде  зерттелуде.  Ол  зерттелудің  мақсаты  мен  обьектісі  қазақ  тіліндегі  араб,  иран 

сӛздерінің лингвистикалық дәрежесін нақытылай түсері сӛзсіз. Бұл тұста Г.Бүркітбайдың 

«Қазақ тілі түсіндірме сӛздіктерінде арабизмдердің лексикографиялануы» диссертациясын 

атап ӛтуге болады. 

Г.Бүркітбай қазіргі қазақ тіліндегі арабизмдердің лингвистикалық дәрежесін нақтылай 

отырып,  түсіндірме  сӛздіктердегі  арабизмдердің  сӛзтізбе  құрамын  анықтау,  олардың 

дефинициясын сипаттап, лексикалық мағыналарын құрылудың ерекшелігіне қарай талдау 

жасайды. Қазақ тілі түсіндірме сӛздіктерінің құрамы мен құрылысы жан-жақты зерттеліп, 

ондағы  арабизмдердің  лексикографиялық  ұстанымдарына  сай  зерттеудің  тұжырымын 

жасай  отырып,  мынандай  мәліметтерді  ұсынады:  «он  томдық  ҚТТС-та  67  мың  атау  сӛз 

қамтылса,  оның  ар.  этимологиялық  белгі  сӛзі  қойылғаны-472;  бұлардан  басқа  ир. 

этимологиялық белгі сӛзі жаңылыс қойылған немесе ар. ир.  белгі сӛздері қатар қойылған 

арабизмдер  саны-67,  ар.  белгісі  мүлде  қойылмаған  388  арабизм  бар  екені  нақтыланып, 

барлығы 783 арабизмге талдау жасалды»-дейді [8].      

Ал Ә.Әбдірахманның «Құран Кәрімдегі тұрақты тіркестер мен термин сӛздердің қазақ 

тілінде  берілуі»  диссертациясында  Құран  Кәрімнің  қазақ  тіліне  аударылуы  алғаш 

қарастырылып,  аударма  тәсілі,  аудармашылық  шеберлік,  аудармадағы  сӛз  қолданысы 

жайлы кеңінен сӛз болады. Бұл жұмыста бұрын-соңды қарастырылмаған Құран Кәрімдегі 

діни терминдердің, жай және тұрақты сӛз тіркестері мен фразалық тіркестердің аударылу 

тәсілдері-негізгі нысан ретінде алынады.  

Қазіргі қазақ тіл білімінде араб, парсы кірме сӛздерінің тарихи ену себептері, лексика-

семантикалық түрлері, ондағы тұлғалық ӛзгерістер жайлы біршама зерттеулер бар. Бірақ 

бүгінгі  таңға  дейін  Құран  Кәрім  элементтері  арнайы  зерттелмеген.  Сондықтан  еңбекте 

Құраннан  тілімізге  енген  араб  сӛздерінің  фонетикалық  ӛзгерістерге  енуі  мен  европалық 

тілдерден енген кірме сӛздермен тіркесулері  жеке-жеке қарастырылған. Құран Кәрімдегі 

сӛз  тіркестері  тақырыптар  бойынша  топтастырылып,  лексикалық,  морфологиялық, 

синтаксистік тұрғыдан талданған [9].   

Бұл  жалпы  алғанда  еліміз  егемендік  алғанан  кейін  ұлттық  дәстүрімізбен  бірге  келе 

жатқан ӛз дінмізбен қайта қауышқан заманда оны зерттеудің түрлі жолдары ашылып, жан-

жақты зерттеліп келе жатқанының бір кӛрінісі. Осы тұрғыда тек қана тіл ғылымында ғана 

емес  ғылымның  түрлі  саласы  бойынша  зерттеліп  жүргенін  тілге  тиек  ету  керек.  Кешегі 



кеңес  ӛкіметі  тұсында  тіліміздегі  араб,  иран  тілдерінен  енген  кірме  сӛздер  жайлы  жеке 

қарастырылмады.  Қарастырылғандарының  ӛзі  «араб-парсы  кірме  сӛздері»  деп  әр  түрлі 

тілдік  топтарға  жататын  тілдер  бірге  қарастырылып  келді.  Тілдік  құбылыстарды  зерттеу 

барысында  ең  алғаш  тілдің  тарихына  кӛз  жүгірту  мәселесі  алға  тартылса,  онда  сан 

ғасырлық ұлттың тарихы мен бірге тілінің тарихы, дәстүрі қатар жүретінін ұмытпау керек. 

Араб,  иран  сӛздерінің  тлімізге  кірігіп  қалыптасуы,  олардың  лексикалық  қорға  әсері, 

грамматикалық  құрылымы  мен  лексикалық  топтарын  анықтау  жайлы  жоғарыда  аталған 

ғылыми еңбектердің болғаны ӛте маңызды.  

Алайда  араб  тілінің  кірме  сӛздерін  сӛз  етсек  болғаны  оған  парсы  тілі  дегенді  қоса 

алатынымыз  барлығы  белгілі.  Парсы  тілі  дегенде  осы  иран  тілі  сӛз  етіледі.  Бірақ  парсы 

тілі иранның барлық тілін қамти алады ма? Бұл нақтылы шешімін таппаған сұрақ. Ӛйткені 

белгілі  ӛлке  (иранның  бір  бӛлігі)  болып  қалыптасқан  парсы  атауы  (тайпа  атауы)  ӛзінің 

қолданыстағы  мағынасын  кеңейте  келе  үлкен  бір  мемлекет  атауына  ұласқан.  Сол  үлкен 

мемлекеттің аты, тарихы, әдебиеті, мәдениеті, тілі де сонымен аталған. Сол себепті парсы 

дегенде  мүмкін  сол  иран  тілін  бір  тіл  деп  қабылдаған  дұрыс  болар.  Ал  тілшілердің 

қолданысындағы  араб-парсы  деп  жүргендері  мүмкін  арабтанған  парсы  сӛздері  болса 

керек.  

Жалпы,  қазақ  тіліндегі  шығыс  элементтері  соның  ішінде  араб  және  иран  тілдері 

туралы  сӛз  болғанда,  біздің  ғалымдарымыз  осы  күнге  дейін  «араб-парсы»  деп  қосарлап 

айтып  келеді.  Бұл  шынтуайтқа  келгенде,  дұрыс  емес.  Ӛйткені  араб  тілі  мен  парсы  тілі 

ешқандай туыс тілдерге жатпайды. Араб тілі семит, ал парсы тілі болса үндіевропа тобына 

кіреді.  Сондықтан  оларды  туыс  тілдер  сияқты  (-)  дефиспен  қосарлау  орынды  болмаса 

керек.  Әрине,  кейбір  араб  сӛздері  парсы  тілі  арқылы  немесе  парсы  сӛздері  араб  тілі 

арқылы қазақ тілінің сӛздік қорына енгені рас. Бірақ араб тілінің ӛз тарихы, иран тілінің 

ӛзіндік жасалу тарихы барлығы жасырын емес.  

Сондай-ақ  араб  және  иран  елдері  де,  ӛзгелер  тәрізді  ғасырлар  бойы  алыс-жақын, 

кӛрші  мемлекеттермен  экономикалық,  саяси,  мәдени  қарым-қатынас  жасап  келді.  Тіпті, 

бұл  екі  тілдің  ӛздері  де  бір-бірімен  араласып-құраласып  кеткен  деуге  болады.  Мәселен, 

парсы тілінің сӛздік құрамының жартысынан кӛбі араб сӛздері.  «Бірақ бұған сүйеніп, ол 

екі тілді «араб-парсы» деп қосарламай,  араб және парсы сӛздері деп бӛліп айтқан ләзім»- 

деп Ж. Есеналиева да ерекше атап ӛтеді. Сондықтан ол ӛз зерттеулерінде араб, парсы деп 

екеуінің арасын үтірмен ажыратып екі тіл екенін кӛрсетіп қарастырады [5].   

Осы  айтылған  пікірді  Г.Бүркітбай  да  қолдайды.  Ол  «тіл  білімінде  араб-парсы  кірме 

сӛздері  түрінде  қолданылып  жүрген  ұғымды  араб  және  иран  тілдерінен  кірме  сӛздер 

түрінде қалыптастырғанымыз абзал»-дейді де, «... кейбір еңбектерде «араб-парсы» түрінде 

дефис арқылы жазылып жүрген араб және парсы кірме сӛздерін, біздің ойымызша, «араб-

парсы» деп қосақтауға болмайды. Жоғарыда тоқталғанымыздай, бұлардың ұқсастығы тек 

жазуында ғана»,-деп ұғынуымыз керек деген тұжырым жасайды [8].   

Осыған  орай  алдағы  уақытта  бұл  мәселелер  ӛз  шешемін  табады  дегіміз  келеді. 

Ӛйткені  тіл  ғылымының  бүгінгі  жетістігі  осыны  талап  етуде.  Бұл  тілдердің  әрқайсысы 

жеке-жеке  тіл  ретінде  қарастырылып,  араб  тілі  жеке,  иран  тілі  жеке  тіл  ретінде  зерттеу 

нысанына алынса, онда қазақ тіл білімінің саласындағы араб, иран тілдерінің зерттелуі ӛз 

қатарын толықтырған болар еді.  

Рас,  араб,  иран  тілдерінің  тілімізге  әсері  жайлы  күні  бүгінге  дейін  түрлі  деңгейдегі 

еңбектер  мен  ғылыми  мақалалар  жарияланып  жүр.  Олардың  кӛтерген  мәселелері  түрлі 

бағыттарды қамтиды. Мақсаты мен міндеті де біркелкі емес. Сол себепті тілімізге сіңісіп 

кеткен  араб,  иран  сӛздерін  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу  әлі  жалғасып  келеді.  Ӛйткені  олар 

түрлі себептерге байланысты лексикалық қордан орын алған.  

Кірме  сӛздердің  мағыналық  қолданысын  қарастыру  ӛте  актуальді.  Кейбірі  бастапқы 

тұлғасын сақтап қалса, кейбірі сыртқы формасын ӛзгертіп тілімізден орын алған. Алайда 

тілімізде  қолданылу  барысында  мағыналық  ӛзгеріске  түскен  немесе  сол  сӛзден  жеке 


дербес лексикалық единица болып қалыптасып кету табиғаты да кездеседі. Бұл құбылыс 

кірме сӛздердің семантикалық даму сипатын нақты анықтаған жағдайда ғана анықталады.



   

Шындығында да, кірме сӛздер болсын мейлі ӛзіміздің тӛл сӛзіміз болсын кӛп ретте біз 

лексикалық  мағынасына емес грамматикалық  мағынасына негізгі  кӛңіл  аударамыз да, ал 

лексикалық  мағынасы  зерттеліп,  толық  анықталмай  қалатын  жайлары  кездеседі. 

Нәтижесінде сол мағынаны бұрмалап ӛзгеше ой түйіп, кейде айтайын деген ойды нақты 

бере  алмай  жататынымыз  бар.  Олай  болса  кез  келген  сӛздің  мағынасына  зерттеу  жасау 

мейлі ол тӛл сӛз болсын, кірме сӛз болсын ӛте маңызды.  

Сӛз мағынасы нақты, әрі толық, ең негізгісі түсінікті болуы керек деген анықтаманы 

негізге алсақ, онда сӛз мағыналары дұрыс ашылу қажет. Бұл ретте алғаш сӛздің бейнелеп 

тұрған  затты  немесе  құбылысты  нақты  ұғыну  керек.  Сонда  ғана  сӛздің  анықтамаларын 

түсіне  аламыз.  Ал  кірме  сӛздердің  семантикалық,  мағыналық  ӛзгерісінде  болатын  жай-

күйі  жайлы сӛз еткенде алғаш олардың түп мағынасына назар аудару  қажет. Араб, иран 

сӛздерінің  түп  тӛркіні  кӛп  мағыналы  (полисемиялық  сӛздер)  болып  келеді.  Сондықтан 

араб, иран сӛздері кӛп мағыналы деп танылады. Мысалы, араб тілінде ثيدح (хадис) сӛзі- 1) 



сөз, сөйлесу; 2) сұқбат; 3) әңгіме; 4) Мұхаммед пайғамбардың (а.с.у.) айтқан өсиеттері 

мен  жасаған  амалдары  деген  бірнеше  мағына  береді.  Ал  қазақ  тіліне  оның 

пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.а.у.)  жасаған  амалдары  мен  айтқан  сөздері  мағынасында 

ғана қолданысқа енген. Басқа мағыналары тілдік қолданысқа енгізілмеген.  

Сондай-ақ осы кірме сӛздердің мағыналық қолданысын да айта кеткен орында болар 

еді.  Олай  дейтініміз  тілімізге  осы  араб  тілінен  енген  талақ  сӛзі  бар.  Талақ  сӛзі-  араб 

тілінде неке бұзу мағынасында қолданылады. Шариғат бойынша ер кісі мен әйел кісінің 

арасындағы  некені  бұзу.  Бұл  ерлі  зайыптылардың  арасындағы  түрлі  қарым-қатынасқа 

орай жасалатын процесс. Егер ер кісі шариғи үкім бойынша үш рет «талақ» деген болса, 

онда  ол  басқа  біреуге  некеленуге  құқылы.  Алайда  тілімізде  ол  ауыспалы  мағынада 



тастап кету, көшу, қоныс аудару мағынасында қолданыс тапқан сӛз. Мысалы: 

Бұл қоныс-жеті жұрттың кеткен қоныс

Ноғайдың кӛшіп, талақ еткен қоныс. (Мұрат) 

Бұл  жерде  талақ  сӛзі  ӛзінің  бастапқы  мағынасынан  мүлдем  ауытқып,  жаңа  бір 

мағынаға ие болған жоқ. Ол ӛзінің түпкі мағынасының бір сипаты негізінде, яғни ажырасу 

сӛзінің  тастап  кету  ұғымынан  елді,  жерді  тастап  кетудегі  ауыспалы  мағынасын 

қалыптастырып  отыр.  Міне  сондықтан  кірме  сӛздердің  мағыналық  қолдану  аясын 

қарастыру қашанда маңызды. 

 Қорыта айтқанда, біз араб,  иран сӛздері  жайлы осы кезге дейін айтылған азды-кӛпті 

мақалалар, зерттеулер мен монографиялық еңбектерге арнайы тоқталып, олардың бағыты 

мен  мақсатын  арнайы  қарастырғанды  жӛн  кӛрдік.  Бірақ  бұл  осы  бағытта  қарастырылып 

жатқан жұмыстардың соңы емес. Алдағы уақытта әлі де болса бұл тізімді толықтыратын 

ғылыми зерттеулердің болатыны сӛзсіз. 

Пайдаланған әдебиеттер 

 

1. Рустемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі  араб-иран сӛздері,  филолог.  ғыл. канд. дисс., 



А., 1963. 

2. Жәркешова Г. Қазақ тілі мен әдебиеті 1959, № 11, қазан. 

3. Талжанов С. Араб тілінің әсері, Қазақстан мұғалімі, 3 июль, № 27,1969; 26 июнь, № 

26, 1969. 

4. Рустемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сӛздері,  «Ғылым», А., 1982,-

160 бет. 

5.  Есеналиева  Ж.  Абай  шығармаларындағы  араб,  парсы  сӛздерінің  қолданылу 

ерекшелігі, филолог.ғыл.канд.дисс. А., 1993. 

6. Жұбатова Б. Қазақ қисса-дастандарындағы араб, парсы сӛздері филолог.ғыл.кандт. 

дисс., А., 2001. 



7.  Құлназарова  Г.

 

ХІ-ХІІ  ғ.  әдеби  ескерткіштеріндегі  араб  элементтері, 



филолог.ғыл.канд. дисс., А., 1997. 

8. 


Бүркітбай 

Г. 


Қазақ 

тілі 


түсіндірме 

сӛздіктерінде 

арабизмдердің 

лексикографиялануы филолог.ғыл.канд. дисс. А., 2003. 

9.  Әбдірахман  Ә.Ә.  Құран  Кәрімдегі  тұрақты  тіркестер  мен  термин  сӛздердің  қазақ 

тілінде берілуі, Автореф., филолог.ғыл. канд. дисс., А., 2004. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет