Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет24/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   144
53 Сонда, 36 беті.
54 Там же, стр. 45.
55 Там же, стр. 46.
31


болып қойылысымен жалқы есімге айналады; б) енді бұл атау 
тілдік басқа материалдан өзін оқшау ұстайды, онда тұрақтылық 
қасиет пайда болады, в) топонимдерде сол тілде жоқ модельдер 
мен сөздер жасалады, бұларды тополексема деп атауға бола­
ды. г) топонимдерде формульдік бол&ды, бірақ бүл тілдегі сөз 
жасау формульдігімен сәйкес болмайды... Мүнда топонимдік 
типтердің түтқа сөздері, немесе индикаторлар үлкен роль 
атқарады, д) топонимикалық атаулар даму сатысында басқа 
тілдердің әсерінен сан қилы фонетикалық, морфологиялық
диалектілік т.б. өзгерістерге түседі.
Осы жағдайларды, яғни топонимдердің жасалу және 
қалыптасу ерекшеліктерін этимологиялық зерттеулерде, біз- 
діңше, мұқият ескеру керек.
Алайда тілдегі жалпы сөздермен топонимдердің этимоло- 
гиясын зерттеудегі ортақ жақтары қайсы, сол сияқты өздеріне 
ғана тән қүбылыстары қайсы деген мәселе бүгінгі таңда толық 
шешіліп болды деп айта алмаймыз. Бүл аюуальді проблеманы 
ғылыми - теориялық жағынан конкретті көрнекі материалдар 
негізінде шешу совет топонимика гылымының алдында түрған 
күрделі міндет демекпіз.
Б.А. Серебренниковтың жоғарыда айтылган мақаласында 
топонимдерді зерттеудің басқа да жолдары айтылган. Егер тіл 
белгілі болса, топонимдер мен гидронимдерді зерттеу үлкен 
пайда келтіреді, мүнда фонетикалық және грамматикалық адап- 
тацияларды толық ашуға, басқатіл әсерінен болган өзгерістерді 
табуга болады. Ал топонимдерді жасаған тіл белгісіз болса, он 
атаулардың бірыңгай қосымшаларын жинап, белгісіз тілді сол 
арқылы анықтау керек деп көрсетеді автор.
Топонимдерді этимологиялық жагынан зерттеу жөнінде 
А.К. Матвеев бірнеше мақала жазды және бүл мәселе оның 
докторлық диссертациясында айтылды. Оның мына пікіріне 
көңіл аударалық: «В-третьих, неоходимо иметь в виду, что про­
цветающий до сих пор в топономастике этимологический метод
32


при изучении субстрата часто ведет к заблуждениям. Здесь пре­
жде всего должно учитывать, что при этимологии лексического 
материала значение лексических единиц известно, а при эти­
мологии топонимики оно неизвестно. Задачи этимологических 
исследований при изучении лексики и топономики различны: 
в одном случае надо установить проихождение слова, в другом 
его значение»56.
Автордың бүл пікірі өзі зерттеп отырған объектісі үшін 
дүрыс, өйткені ол СССР-дің Европалық бөлегіндегі финн-угор 
топонимдерін тексеру үстінде осындай қорытындыға келді. 
Ал, бұл топонимдер орыс тілінде фонетикалық және грам- 
матикалық өзгеріске түскен, сондықтан автор алдымен осы 
өзгерістерді анықтағасын ғана түп нұсқа тілдің топонимдегі 
мағынасын ажыратады. Бірақ А.К. Матвеевтің бұл қагидасы 
барлық тілдердің топонимдері мен сөздерінің этимологиясын 
зерттеуге қолдануға тура келмейді. Өйткені, тілдегі сөз этимо­
логиясын зерттегенде, оның мағынасы белгілі болып түрады де­
ген автордың пікірі дау тугызады. Ал топонимдер этимология­
сын зерттегенде олардың мағынасын гана ашып қоймай, сөздің 
шығу тегін де көрсетуге болатын фактілер кездеседі.
А.К. Матвеев екінші бір мақаласында өзінің жоғарыдағы ағат 
пікірін былай деп жөндеуге тырысады:
«Уточняя наше прежнее положение о различии задач этимо­
логических разысканий в области лексики и топонимики, заме­
тим, что, целью этимологических исследований в области суб­
стратной топонимики является расскрытие внутренней формы 
названий, т. е. значения апеллятивов, лежащих в основе топони­
мов, так как лексического значения как такового топонимы не 
имеют»57.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет