Геродотта кездесетін
иирк тайпалары
иран халқының арғы ата-
лары болуы керек дейді.
Автордың бұл келтірілген дәлелдерінің
бәрі дерлік орын-
сыз да орнықсыз. Мәселен, сақ, массагеттер Қазақстанның
шығысында емес, Арал теңізінің оңтүстік-батысында болғаны
белгілі (История КазССР.
Алма-Ата, 1957, 30 беті). Ал Қалқа-
ман көлінің
-ман ареалына
қатысы жоқ, өйткені бұл атау
халық+аман>Қалқаман деген кісі атынан қойылған. Сөздің
екінші
компоненті -ман емес,
аман. Сол сияқты
томар термині
де грек тілінен алынбаған, бүл-көне түркі сөзі, түбірі
том; одан
том+ар, том+ьғл, том+па+қ, том+пи т. б. сөздер жасалған. Ал
Геродоттағы
иирк тайпасының да
ир сөзіне де,
иран атауына
да қатысы жоқ, өйткені Гередоттан кейінгі авторларда бұл
тирк
(Плиний),
турк (Помпоний Мела) түрінде кездеседі. Міне осы
себептермен біз
атаудың бірінші компоненті ир сөзі көне үнді
тілінен деген В. Н. Попованың пікіріне қосыла алмаймыз.
Бұл арадағы барлық талас атаудың бірінші компоненті
ир//ер жөнінде. Мүны монгол атауы деген А. П. Дульзон да сөз
этимологиясын, я магынасын ашып бере алмады.
Біздің ойымызша,
атаудың бірінші компоненті ир//иир түркі
сөзі: мағынасы орысша «извилистый» дегенге келеді. Қазақша
ир+ек, иір+іл+ген, иірі+ім сияқты сөздер осы түбірден өрбіген.
Ал
ир//иір түбірінің өзі, біздіңше, екі компоненттен түрады.
И (ию - «сгибать» етістігі) етістік түбіріне етістіктен есім (кей-
де
зат есім, кейде сын есім) жасайтын
-р жүрнагы қосылған.
Дәл осындай тәсілмен түркі тілдерінде мынадай есім сөздер
жасалған: шұқы-р, бүк-ір, қайнар т. б. (Э. В. Севортян, Аффик
сы именного словообразования... М., 1966, 340-342 беттері).
Бұларды есім сөз дейтін себебіміз:
жеке тұрғанда олар зат есім,
ал тіркесте сын есім болып кетеді: шүқыр жер, бүкір кісі, қайнар
бүлақ, иір су.
Сөйтіп, атаудың бірінші компонент!
и+ір жолымен жасалып,
сын есімдік қызмет атқарып, өзінен кейін зат есімнің келуін
107
қажет етеді. Қазақстанда осы сөз
арқылы жасалған топоним-
дер біраз баршылық: Иірадыр, Иірқарасу, Иіркөл, Иірсу т. б.
(Г.К. Конкашпаев. Словарь геогр. назв. Казахстана. Алма-Ата,
1963, стр. 51).
Ал атаудағы
иір сөзінің
ер түріне
көшуіне кет тіліндегі сес,
Достарыңызбен бөлісу: