КЕРЕКУ (Павлодар) - Кереку-Павлодар
қаласының ескі
аты. Бұл қала Павлодар аталғанға дейін Коряково делінгені
жөнінде мынадай тарихи деректер бар. 1764 жылдан бастап сау-
да жасалған Петропавловск,
Ямышево озеро, Семипалатинск,
Омск сияқгы қалалардың ішінде Коряково да бар (Материа
лы для географии и статистики России, собранные офицера
ми ген. штаба.
Область сибирских киргизов, часть
II, составил
генерального штаба полковник Красовский, СПб., 1868, 223
бет). Бүдан кейінгі екінші дәлел: осы көрсетілген полковник
Красовскийдің бастауымен жиналған материалдардың үшінші
бөлімінде косымша ретінде географиялық екі карта берілген.
Сол
карталардың алғашқысында Коряково деп жазылған дэл
сол объект кейінгі картада Павлодар деп берілген. Павлодарды
осы күнге
дейін қазақтар Кереку деп атайды. Сүйтіп Кереку
топонимінің этимологиясы орыстың
Коряков (о) деген сөзінен
шығады.
Коряков(о) топонимінің құрамындағы я дыбысы о мен
я дыбыстарының е дыбысына айналуына эсер еткен. Ал (о)-в
дыбысының қазақгың жалпақ тілінде у мен берілетінін ескер-
сек, тіл жағынан Коряковтың Керекуге
өзгеруі - әбден заңды
қүбылыс. Сүйтіп жоғарыдагы
Коряково деген топонимді қазақ
өз тіліне ыңғайластырып,
Кереку деп атаған.
Ал орыс тіліндегі Коряково сөзі жөнінде 1949 жылы жазушы
Сапарғали Бегалиннің әкесі Бегалы
қарттан біз мынадай дерек
естіген едік. Осы қаланың алгашқы тұргындарының бірі Коря
ков дёген купец сол мандаты әсіресе Екібастүздагы көлдерден
түз тартып, сауда жасаған. Кереку сол кісінің атына қойылган -
деп екі Бекең. Керекудің ел түратын пунктке айналуы 1717 жыл-
дар болса керек. Бүл туралы мына еңбекте толыгырақ айтылған:
А. Әбдірахманов. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы, 1959,
136-138 беттері). Сөйтіп атау этимологиясының схемасы мына
дай:
Коряков/о/>Кереку.
Достарыңызбен бөлісу: