Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


ҚОРҒАЛЖЫН - Целиноград облысындағы көл, аудан,  аудан орталығының аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша  кургальджин



Pdf көрінісі
бет103/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144
ҚОРҒАЛЖЫН - Целиноград облысындағы көл, аудан, 
аудан орталығының аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша 
кургальджин - монгол тілінде қорғасын деген сөз. Көл аты
144


судың түсі корғасынға үксас болғандықтан қойылған болуы 
ықтимал (Г. Конкашпаев. Географические названия монголь­
ского происхождения... Известия АН КазССР. Серия филологии 
искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 92 беті). Біздіңше монгол 
тіліндегі кургалджин (дүрысы хорһолджин) сөзі мен қазақ 
тіліндегі корғасын сөзінің шығу тегі бір екені сөз ортасындағы 
лдж дыбыстарын қазақша бір с дыбысымен берілгендігінен 
де байқалып түр. Сондықтан бүл атауды түркі-монғол тіл 
туыстығы негізінде жасалған деп қараған жөн. М. Қашқари 
еңбегінде осы сөз қоруғжын түрінде айтылатынын ескерсек 
(I, 469 беті), біздің пікіріміздің дұрыстыгы дәйектеле түседі.
ҚОРДАИ - ІІІу-Іле тауларындагы Алматы мен Фрунзе 
қалаларының арасындағы асу. F. Қоңқашпаевтың пікірі бой- 
ынша бүл монғолдың «хуртай» (жаңбырлы) деген сөзінен 
қойылуы мүмкін (Г. Конкашпаев, Географические названия 
монгольского происхождения... Известия АН КазССР. Серия 
филологии и скусствоведения. Вып. 1. (11), 1959, 92 беті).
Алғашында Г. Қонқашпаевтың бүл жорамалы ойға қонымды 
сияқты көрінгенімен, іздену үстінде бүл атауға байланысты 
біз бір талай тың материалға кездестік. М. Қашқари еңбегінде 
қордай сөзіне «қүстың бір түрі» деп түсінік беріліпті (III, 
258 беті). В.В. Радлов сөздігінде қордой сөзі телеуіт, алтай 
тілдерінде - «цапля» делініпті (П том, часть 1, стр. 576). Осы қүс 
атауларына байланысты қойылды ма десек, мүндай қүс Қордай 
асуында жоқ.
Біздің ойымызша, қордай атауы түркі-монголдың хөр// 
кар (снег) деген сөзіне байланысты қойылған. Хөр монголша 
«омбы қар, күртік, боран, дауыл үйіп тастаған қар» (С. Хабшай, 
Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Уланбатор, 1954, 290 беті). 
Монғолдың хөр (снег) сөзі түркі тілдерінде қар//қор (өзбекше) 
түрінде келеді.
Ал .атаудың екінші компоненті -дай//тай - қазіргі түркі 
тілдеріндегі -лы//-лі, -ты//ті, -ды//ді туынды сын жүрнағының
145


көне варианты. Бұл жүрнақ монгол тілінде сақталған (Г.И. Рам- 
стедт. Введение в алтайское языкознание. М., 1957, стр. 205).
Сөйтіп, бұл атау Қордай асуының қыста қарлы, боранды 
болатын құбылысын дэл көрсетеді. Қытай мен Орта Азияның 
ертедегі керуен жолы осы асу арқылы өтетін болған жэне қыста 
бұл жер өтуге өте қауіпті болған.
Міне сондықтан атау түркі - монгол тіл ортақтығы, яғни ал- 
тай заманында жасалып, тілдің көне көрінісін өзгертпей сақтап 
қалган.
Сөйтіп, атаудың этимологиясын былай сипаттауга болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет