Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет111/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   144
М ¥ҒАЖ АР - Актөбе облысының дәл ортасында солтүстік- 
тен оңтүстікке қарай созылып жатқан тау аты. Бүл атау, біздің 
ойымызша, осы маңды жэне Оңтүстік Оралды V-IX ғасырларда 
мекен еткен мадьяр (венгер) тайпаларының атымен байла- 
нысты болса керек. Пікіріміз дэлелді болуы үшін тарихи дерек- 
тер мен баска да мәліметтер келтірейік.
Мадьялардың шығыстан кеткендігі жөнінде алғашқы тари­
хи мәлімет XII ғасырдың аяғында жазған Анонимнің еңбегінде 
келтірілген. Венгрияда Бела IV (1235-1270) патша болып түрған 
кезінде шығысқа карай бірнеше рет елші жіберген. Солардың 
бірі Юлиан мен Рихард деген миссионерлер болатын. Юлиан 
1236 жылы өзінің еліне жазган хатында Еділ Болгариясында 
сая-хаттап жүргенімізде, Этил (Волга) өзені маңында бірсыпыра 
адамдармен кездесіп, олардың тілі венгерше болғандықтан 
жақсы түсінгенін айтады. Екінші миссионер Рихард «¥лы
Угрия» деп аталатын кітабында өздерінің шығыстағы туыста- 
рын іздеп, саяхат жасаганын жазады. Башқүрт жерінде 1236 
жылы Юлиан болганында, жергілікті кәриялар «венгерлер 
батысқа осы жерден кетті» деген.
Венгерлердің ертедегі мекені жөнінде көптеген зерттеу- 
лер бар. Оның бәрін бір мақалада айту мүмкін емес. Осы
156


зерттеулердің ішіндегі ең дұрысы, - біздіңше, СССР Ғылым 
академиясының корреспондент мүшесі, белгілі совет тіл мама- 
ны Б.А. Серебренниковтың «Башқүрттілінің венгер тілімен бай- 
ланысы» (Уфа, 1963) деген еңбегі. Автор мүнда венгер тілі мен 
башқұрт тілдерінің арасындағы фонетикалық ұқсастықтарды 
көрсете келіп, бүл екі халық Орал тауының шығысында, 
дәлірек айтқанда, Оңтүстік Оралда қарым-қатынаста Болған 
деп керсетеді.
Біздің ойымызша, бұл дұрыс пікір сияқты. Венгерлер 895 
жылы батысқа қозғалғанға дейінгі территориясы оңтүстік 
Оралды, Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарының 
кейбір жерлерін қамтыған деуге болады. Бүл пікірге екі- 
үш дәлел келтірейік. Венгерлер өздерін Мадьяр деп атайды. 
Мемлекетінің де ресми аты - Мадьярорсаг. «Венгер. Венгрия» 
деп оларды Европа халықтары атайды. Міне осы Мадьяр аты, 
біздіңше, Ақтөбе облысындагы Муға(д)жар тауының атында 
сақталған. Егер топонимдерде тілдің көне формалары көбірек 
сақталатынын ескерсек, мадьярлардың көне аты - мүғаджар 
болуы да ықгимал, немесе оларды осылай деп түркі тайпала- 
ры атауы мүмкін. Бүл атаудың өзгеріске түсу схемасын былай 
көрсетуге болады: мұғаджар>мұ(ғ)ад-жар>маждар>мадьяр. 
Сөздің бірінші бөліміндегі дауысты дыбыстардың арасындағы 
ғ дыбысының түсіп қалуы түркі тілдері үшін заңды қүбылыс. 
Мысалы, қа ған>қан, бағадүр>батыр сөздерін салыстырыңыз. 
Венгерлердің этникалық қүрамына көптеген түркі тайпала 
рының еніп, тілін өзгертіп, мадьяр болып кеткенін ескерсек
жогарыдағы пікірдің дүрыстыгы беки түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет