Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата18.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#10041
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

1Бақылау орны бойынша оқыту кезеңінде
-
 
бақылаудың  алдын  алу  (кіретін)  түрі  әсіресе  информатика 
үшін  өзекті  болып  табылады,  себебі  бір  сыныпта  әртүрлі  деңгейлік 
дайындығы  бар  оқушылар  болуы  мүмкін.  Әдепкі  орнату  күйі  осы 
жағдайда  келесі  жағдайға  әкеліп  соғады:    үйінде  компьютері  бар, 
сабаққа  жақсы  дайындалған  оқушылар  ең  маңызды  сәттерді 
жоғалтып,  сабақ  үстінде  зерігіп  отырса,  ал,  нашар  дайындалған 
оқушылар  өз-өзіне  сенімсіз  болады.  Кірістік  бақылауы  бастапқы 
деңгейлік  дайындықты  және  дифференциялық  тәсілді  пайдалану 
мүмкіндігін анықтайды;  
-
 
ағымдық  (жедел)  бақылау  оқушылардың  оқу  үрдісіндегі  
жеке  тараулар  мен  тақырыптар  бойынша  дәрежесі  мен  деңгейін 
анықтайды,  диагностикалық  қызметті  жүзеге  асырады  және  әрбір 
оқушымен қатынастық байланысты орнатады. Жеделдік бақылауының 
тиімділігі  оның  объективтілігі мен тұрақтылығына тәуелді. Ағымдық 
бақылау  оқытудың  нәтижесін  тексеру  мен  түзету  енгізу  кезінде 
маңызды рөл атқарады. ; 
-
 
қорытынды  бақылау  (шығыстық)  материалды  меңгеру 
бойынша  сапасын  анықтайды,  оқушылардың  дайындықтарының 
деңгейлері  мен  дәрежелерін  бекітеді,  яғни  оқытудың  нәтижесін 
қорытындылайды. 
2. Бағалау тәсілі бойынша: 
-
 
«бағалық»  –  технологиясы  бес  балдық  шкала  бойынша  баға 
қойылып, дәстүрлі болып табылады; 
-
 
«рейтингтік»  –  технологиясы  бағдарламаның  әртүрлі 
(тақырыптарын)  тарауларын  меңгергендері  үшін  алған  балдардың 
қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан кейін өздерінің 
рейтингтері  көтерілген  соң,  көптеген  оқушылар  бір  тәртіптілікте 
болады. Оқушылардың әр тобының өзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі 
бойынша  да  нұсқа  болуы  мүмкін.  Осындай  бағалау  жүйесінде 
қосымша  балл  беру  мүмкіндіктері  болуы  көзделген,  осындай 
артықшылықтармен  айрықша  шығармашылық  шешімдер  және  т.б. 
бастамалармен  көзге  түскен  белсенді  және  талапкер  оқушыларды 

 
89 
мадақтау  үшін  пайдалануға  болады.  Рейтингтік  шкала  бойынша 
нәтижелер есептеліп, дәстүрлі бес балдық  жүйесі арқылы бағалануы 
мүмкін; 
-
 
«сапалық»  –  технологиясы  негізінен  білімі  мен  іскерлігін  
сараптық  бағалау  және  бақылау  әдісін  бірлестіре  отырып 
пайдаланады.  Бағалау  қорытындысы  және  тұжырымдама  жасау 
арқылы  сипаттама  түрінде  «меңгерді-  меңгермеді»,  «ұғып  алды  -  ұға 
алмады»,  «түсінді-түсінбеді»,  «игерді  -  игере  алмады»  сияқты  негізгі 
сөздердің  көмегімен  ұсынылады.  Осы  мінездемелер    оқушылардың 
топтарына  қолданылады  және  өздерінің  «көпшілік  -  азшылық», 
«негізінде»  сияқты  негізгі  сөздерін  пайдаланады,  пайыздық 
мінездемелерге  рұқсат  беріледі.  Кей  жағдайларда  жеке  оқушыларға 
осы  технология  шеңберінде  бес  балдық  жүйе  бойынша  бағалар 
қойылуы мүмкін. 
3. Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша: 
-
 
автоматты түрде (машиналық); 
-
 
өзаралық; 
-
 
мұғалімнің бақылауы; 
-
 
өздік бақылау. 
4. Жетекші функциясы бойынша: 
-
 
диагностикалық  бақылау  –  білімнің,  іскерліктің  және 
дағдылардың  даму  серпінін  бақылауды,  өз  уақытында  түзету  енгізу 
үшін  сабақтың  материалдарын  меңгеру  жағдайы  жөнінде  мәліметтер 
алуға,  қайталаудың  тиімді  ұйымдастырылуын,  оқу  бағдарламасын 
(тақырыптық  жоспарлауды)  анықтауды,  оқу  үрдісін  оңтайландыруды 
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады; 
-
 
ынталандыру  бақылауы  –  оқушыны  жүйелі  жұмыс  істеуге 
көңіл  қоюына,  шығармашылық  іс-әрекеттке  талаптануға,  зейінді 
болуына, талапкерлігі мен өздігінен жұмыс жасауға, жетістіктері мен 
кемшіліктерін көруге, күшті және әлсіз жақтарын ашуға көмектеседі; 
-
 
тұрақтылық  бақылауы  –  оқушылардың  дайындығының 
дәрежесі  мен  деңгейін  бекітеді,  емтихан  мен  сынақтарды  өткізу 
үрдісінде пайдаланылады. 
5. Бақылау барысы кезінде ақпарат алу тәсілі бойынша: 
-
 
ауызша  әдісіне    әңгімелесу;  оқушының  сабақ  айтуы; 
түсіндіру;  оқулық  мәтініне  пікір  айту;  технологиялық  картаны, 
сызбаларды оқу; хабарлама; сынақ; емтихан және т.б. кіреді; 
-
 
жазбаша  сыныптық  және  үй  жұмыстары,  бақылау  және 
өздік  жұмыстары,  диктант,  реферат  және  т.б.  Жазбаша  жұмыс 
кезінде  оқушы  теориялық  білімдерін  ғана  емес,  оларды  нақты 
тапсырмаларды орындауда немесе проблемалық жағдайлардан шығу 

 
90 
кезінде  көрсете  алуы  керек.  Жазбаша  бақылау  әдістерін  орынды 
қолдану арқылы жазу деңгейін меңгеру, мәтінді логикалық түсінікті 
етіп  жеткізу,  проблемаға  өз  бағасын  беру  және  т.б.  сияқты 
дағдыларды игеруге болады; 
-
 
машықтану 
әдісі 
зертханалық 
және 
машықтану 
жұмыстарын орындау барысын байқап отырудан және жобалар мен 
тұсаукесерлердің тікелей орындалуынан тұрады. 
Білімді бақылау оқу үрдісінің белгілі бір бөлігі болып табылады 
және  оқытылатын  тұлғалармен  байланысты  қамтамасыз  етеді. 
Бақылау  барысында  оқытудың    дәрежесі  мен  деңгейі  бағаланады, 
оқушының  бақылау  жұмысын  орындаған  кездегі  жұмсаған  еңбек 
көлемі  белгіленеді.  Бақылаудың  нәтижелері  бойынша,  оқу  үрдісін 
басқару  жүзеге  асырылады,  яғни  қалыпты  кезде  кездесетін  қателері 
талданады,  оқушылардың  білімдері  мен  іскерліктері  түзетіледі,  оқу 
бағдарламаларына түзетулер енгізіледі. 
Бақылау әдістері 
Қазіргі  заман  дидактикасында  бақылаудың  келесі  әдістері 
қолданылады:  
Зерттеу  әдісі  –  мұғалімдердің  күнделікті  оқушылардың  білім 
деңгейі  мен  даму  барысындағы  өткізілетін  процесс.  Осы  әдіс 
оқушылардың  қай  білім  деңгейінде  екенін  және  жұмысты  дұрыс 
ұйымдастыра  алатынын  көрсетеді.  Зерттеудің  нәтижесі  мұғалімнің 
жұмыс барысында және бағалау барысында көрінеді.  Осы әдістің бір 
кемшілігі, ол берілген ішкі сезім арқылы зерттеу.  
Оқулықты  дұрыс  пайдалану  әдісі  –  оқушылардың  білімі  мен 
біліктілігін  тексеру,  тілдерді  үйрену  барысында  қолданылуы  мен 
ақпаратты іздеу нәтижелері арқылы тексеріледі.  
Ауызша  бақылау  әдісі  –  ереже  бойынша  оқушылардың 
емтихандық немесе сынақтың сұрақтарына дұрыс жауап қайтаруынан 
тұрады. Сабақтарда жеке, ұжымдық, фронтальды сұраныстар болады. 
Ауызша бақылаудың ең негізгі формасы – пікір алмасу, әңгімелесу.  
Жазбаша  бақылау  әдісі  –  оқушылардың  білім  дәрежесін 
тереңдетіп  тексеруін  талап  етеді.  Жазбаша  бақылау  әдісінің  негізгі 
формалары – сыныптық, өзіндік, бақылау жұмыстары болады.    
Практикалық  бақылау  әдістері  –  оқушылардың  практикалық  
білімін тексеру, білімін дұрыс пайдалана білуі және кез келген есепті 
шығара білуін анықтайды. Бүгінгі күні осы әдіс ең жаңа және қолайлы 
болып табылады. 
Тестілеу  оқушылар  білімдерінің  сапасын  жедел  түрде  тексеру 
үшін  деректерді  (жауаптарды)  автоматты  түрде  енгізу  мүмкіндігімен 
және  нәтижелерді  автоматтандырылып  өңдеудің  алдын  ала  берілген 

 
91 
сапалық  параметрлерімен  пайдаланылады.  Тестілеу  технологиясы 
өзінің  кемшіліктері  мен  шектеулері  бола  отырып,  бәрібір  де 
оқушылардың  жеңіл  есептердің  шешуін  шешіп,  нұсқалардың 
жауаптарын  таңдап  немесе  сөздерді,    формулаларды,  терминдерді 
және  т.б.  қоса  бере  отырып,  дайындықтарының  дәрежесі  мен 
деңгейлерін тексерудің ең тез және ең сенімді тәсілі болып табылады. 
Ең  бастысы  -  тестілеу  технологиясы  компьютердің  жадында 
жинақталатын статистикалық материалдар жинауға мүмкіндік береді. 
Бағалау  технологиясы  –  рейтингтік  және  баға  қою  бойынша. 
Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  –  автоматты  бақылау,  өздік  бақылау 
және оқытушының бақылауы.  
Дидактикалық тест. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады: 
-
 
қалыптастыру сұрақтары;  
-
 
есептерді шығару сұрақтары; 
-
 
өз білімдерін дұрыс пайдалана білуіне арналған сұрақтар; 
-
 
шығармашылық қабылеттерін арттыру сұрақтары. 
Бақылау жұмыстары – оқушылардың білімдері, ептіліктері мен 
дағдыларын,  сондай-ақ  шығармашылық  қабілеттерін  тексеріп 
бағалаудың  ең  тиімді  әдісі.  Жеке  тақырыптарды  немесе  оқу 
бағдарламасының 
бөлімдерін 
өткеннен 
кейін 
мұғалімнің 
оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жазбаша немесе 
практикалық түрде тексеріп баға беруі әдістің негізін құрайды.  
Әңгімелесу  –  әртүрлі  дәрежеде  оқытудың  барлық  кезеңдерінде 
пайдаланылады. 
Әңгімелесу, 
жоғарғы 
сыныптарда, 
мысалы, 
қағидаларды,  тұжырымдарды,  заңдарды,  теорияларды  және  т.б. 
игерулерін  анықтау  үшін  және  сынақтар  мен  емтихандарды  өткізу 
кезінде  негізгі  мәнге  ие  болады.  Бағалау  технологиясы  –  баға  қою 
және  (немесе)  сапалық.  Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  –  мұғалімнің 
бақылауы. 
Сауал  қою  –  (жедел  сауал  қою)  көбінесе  алдағы  жаңа  
материалды  қабылдау  дайындығын  шұғыл  тексеру  кезінде,  зейінді 
болуларына пайдаланылады. Сауал қою, ереже бойынша не сабақтың 
басында,  не  сабақтың  аяғында  жаңа  терминдер  мен  түсініктемелерді 
бекіту  үшін  өткізіледі.  Сауал  қоюдың  элементтері  сынақ  өткізу 
кезінде  де  пайдаланылады.  Бағалау  технологиясы  –  сапалық  немесе 
баға қою бойынша, өзаралық бақылау немесе оқытушының бақылауы 
пайдаланылады.  
Сынақ  алу  –  бақылау  нысандарының  жоғарғы  сыныптарда  көп 
тараған    түрі.  Оқушыларға  сынақ  жүргізілетін  сұрақтардың  тізімі 
немесе  тақырыптардың  тізбесі  беріледі,  дайындық  деңгейінің 
талаптары  жариялана  отырып  сипатталады.  Жақсы  нәтижелерді    тек 

 
92 
қана  жеке  сынақ  емес,  ойланып  жасалған,  бақылаудың  басқа 
нысандарымен келісілген сынақтар жүйесі де береді.  
Өздік жұмыс информатика сабағының білімін тексеру бойынша 
бақылаудың көптеген  қалыпты нысандарының бірі болып табылады. 
Өздік  жұмыстың  ерекшелік  сипаттамасы,  сабақтағы  тапсырмаларды 
оқушының  оқытушының  көмегімен  және  басқару  нұсқауларымен 
емес,  өздігімен  орындауында  болып  табылады.  Оқушы  өзінің 
жіберетін уақытын есепке ала отырып, тапсырманы орындау үрдісінде 
өзінің  іс-әрекетін  өз  бетімен  жоспарлап,  жұмысының  нәтижесін 
бағалауы  керек.  Өздік  жұмыс  кез  келген  жас  шамасында,  сонымен 
бірге  білімді  бақылау  өткен  материал  бойынша  ғана  емес,  жаңа 
тақырыпты оқып үйренгенде де жемісті түрде пайдаланылуы мүмкін. 
Бағалау  технологиясы  –  баға  қою  бойынша  және  (немесе)  сапалық. 
Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  -  өздік  бақылау  және  оқытушының 
бақылауы. 
Жазбаша  бақылау  жұмысы  –  оқушылардың  жазбаша  түрде 
орындайтын  тапсырмалары  және  (немесе)  есептерінің  тізбесінен 
тұрады.  Осындай  бақылау  жұмысы  талдауды,  пайымдауды, 
негіздемені,  құрылымын  және  т.б.  талап  ететін  сұрақтардан  тұрады. 
Бағалау  технологиясы  –  баға  қою  бойынша.  Ұйымдастыру  тәсілі 
бойынша -  оқытушының бақылауы. 
Пікірсайыс 
– 
ауызша 
да, 
жазбаша 
да 
нұсқамен 
ұйымдастырылуы  мүмкін,  сауал  қою,  әңгімелесу,  байқау  немесе 
рецензиялау әдістерін бірлестіре  отырып пайдаланылады, ал, бағалау 
үшін оқытушының сараптамалық қорытындысының негізінде сапалық 
технология қолданылады. 
Байқау  –  оқытудың  барлық  кезеңдеріндегі  іскерлікті,  дағдыны 
қалыптастыру  және  жұмысты  қабылдау  кездеріндегі  негізгі  бақылау 
нұсқасы  болып  табылады.  Байқау,  негізінде,  машықтандыру 
сабақтарында  қолданылады.  Бағалау  үшін  баға  қою  және  сапалық 
технология қолданылады, бақылауды оқытушы жүзеге асырады және 
өзаралық  бақылау  пайдаланылады.  Бақылауды  ұйымдастырудың  әр 
түрлі  нысандары  ұсынылады,  олар  ақпаратты  тасымалдаушылар 
бойынша  электрондық  және  қағаздық  болып  бөлінеді.  Тестік 
бақылауларды дайындау үшін кез келген дайын  сабақты пайдалануға 
болады  немесе  оқушыларға  тестті  дайын  күйінде  ұсынуға  болады. 
Уақытша, ресурстық және басқа да шектеуліктерге қатысты, сонымен 
қатар,  мұғалімнің  де  өзінің  жеке  таңдамаларымен  бірге,  осы  екі 
нұсқаны да пайдаланудың мәні зор деп айтуға болады. 

 
93 
3.1.2. Бақылаудың функциялары және түрлері 
Бақылау  және  оқушылардың  білім  бағасы  дидактикалық 
сұраныс бойынша бірнеше функцияға бөлінеді:  
Коррекциялы  бақылау  функциясы  –  кері  байланысты 
ұйымдастырады «оқытушы-оқушының».  
Бақылаудың  оқыту  функциясы  –  тексеру  процесінде 
оқушылардың  білім  деңгейі,  материалды  жаңғырту  кезеңінде 
байқалады.  
Білім  беру  функциясы.  Тексеру,  бақылау,  есепке  алу  оқытудың 
тығыз  байланыстағы  құрамдас  бөліктері  болып  табылады,  олардың 
мақсаты білім деңгейін анықтау, белгілеу ғана емес, білім алуға ықпал 
ету, қателіктерді түзету, бұдан әрі жылжуына жәрдемдесу.  
Ынталандыру  фунциясы  білім  беру  фунциясының  логикалық 
жалғасы мен қосымшасы сияқты, бақылау оқушы әрекетінің шырқын 
бұзбай,  керісінше,  жаңа  мақсаттарға,  оқу  мен  дамудың  жоғары 
деңгейіне жетуде сенімділік ұялатуын қамтамасыз етуі тиіс.  
Талдау-коррекциялау  функциясы  мұғалімнің  педагогикалық 
рефлексиясымен,  өзін-өзі  талдау,  жоспарлауды  жетілдіру  және 
оқытуды ұйымдастыруымен байланысты.  
Тәрбиелеуші  және  дамытушы  функция  өзін-өзі  баламалы 
бағалауды, жауапкершілікті, ұмтылысты, шығармашылық қатынасты, 
өзін-өзі  ерікті  бағыттауды,  өз  қабілеттерін  дамытуға  деген 
ұмтылысты,  білім  алу  кезінде  кеткен  кемшіліктерді  уақытылы 
анықтау  және мінез-құлықтың басқа да әлеуметтік құнды қабілеттері 
мен қасиеттерін қалыптастырумен байланысты.  
Бақылаушы  функция  жетістік  деңгейін  белгілеуді,  оның 
нормалар мен стандарттарға сәйкестігін, сондай-ақ даму және білімді 
игеруде жоғары деңгейге жетуді қамтамасыз етеді.   
3.1.3. Бақылаудың негізгі түрлері 
Қазіргі  бақылау  жүйесінде  білімді  тексеріп  бағалаудың 
(диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады.  
Уақытша  фактор  бойынша  бақылаудың  келесі  түрлерін  бөліп 
қарауға болады: алдын ала (кіріспе, қорытынды, алдын ала), ағымдық, 
кезеңдік 
(тақырыптық, 
сатылы, 
аралық) 
және 
қорытынды 
(емтихандық).  
Алдын  ала  бақылау  оқу  басында  оқушылардың  білімдерін, 
ептіліктері  мен  дағдыларын,  сондай-ақ  даму  деңгейін  анықтауға 
арналған  бақылау.  Көбінесе  оқу  басында  немесе  жаңа  тақырыпты 
(бөлімді)  оқыту  алдында  қолданылады.  Сыныпқа  жаңадан  келген 
оқушыларға да қатысты пайдаланылады.  

 
94 
Ағымдық  бақылау  –  бұл  оқушылардың  білімдері,  ептіліктері 
мен  тәжірибелік  дағдыларын  жүйелі  тексеру,  әдетте  оқу  барысында 
қолданылып,  көптеген  құрама  сабақтардың  маңызды  бөлігі  болып 
табылады.  Білімнің,  ептіліктер  мен  дағдылардың,  практикалық 
әрекеттің  қалыптасу  деңгейін,  тереңдігін,  беріктігі  мен  толықтығын 
дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім бұл жағдайда ағымдағы оқу 
материалын  тексеріп  қана  қоймай,  өткен  тақырыптардан  алған 
білімдерін қайталауды қамтамасыз етеді. Ауызша сауалнама, жазбаша 
тексеру жұмыстары, фронталды әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.  
Кезеңдік бақылау – үлкен бағдарламаны немесе ұзақ мерзімді оқу 
кезінде  алған  білімдерін  ағымдағы  бақылау  бағаларын  ескере  отырып 
бағалау.  Бақылау  жұмыстары,  әңгімелесу,  сынақтар  немесе  тестілеу 
түрінде өткізіледі.  
Қорытынды  бақылау  оқытудың  соңғы  нәтижелерін  анықтауға, 
бұдан  әрі  оқуды  қамтамасыз  ететін  даярлықтың  қажетті  көлемін 
белгілеуге  арналған.  Курстың  немесе  белгілі  бір  оқу  кезеңі  (тоқсан, 
жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. 
Оның  түрлері  –  сынақтар,  рефераттарды,  курстық  және  дипломдық 
жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.   
3.1.4. Үздіксіз бақылау моделі 
Бақылау  жүйесін  ұйымдастыру  кезінде  толықтық  және 
жанжақтылық,  тұрақтылық  және  жүйелілік,  объективтілік  және 
валидтілік 
есепке 
алынады. 
Бақылау 
оқу 
үрдісін 
құрастырушыларының  бірі  болып  табылатындықтан,  ол  оның  негізгі 
атқаратын  қызметтерін,  мысалы,  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамыту 
жақтарын  ашып  көрсетуі  керек.  Осы  талаптарға  дифференциялық 
тәсілді, 
функциялық 
өзін-өзі 
бақылаудың 
дамуын 
және 
пайдаланылуын қосуға болады. 
Толықтық  пен  жан-жақтылықпен  –  оқу  бағдарламасына 
енгізілген  дайындық  деңгейінің  талаптарын  есепке  ала  отырып, 
барлық  тараулар  мен  тақырыптар  бойынша  өздік  және  бақылау 
жұмыстарын, тексеру кешендерін жасау қамтамасыз етіледі. 
Тұрақтылық  және  жүйелілік  –  оқытудың  барлық  кезеңдерінде 
мерзімділік пен үздіксіздіктің сақталуымен байланысты болады. 
Объективтілік  және  валидтілік  бақылау  жүйесінің  негізгі 
сипаттамасы болып табылады, олар арқылы бақылау кезінде алынған 
ақпараттың растығы дәлелденеді және сапалық кепілдік беріледі. 
Бақылау үрдісінде терминдерді, қағидаларды және түсініктерді, 
тұжырымның мәнін, ғылыми білімділікті және жаңалық ашуды түсіну 
және  меңгеру  бойынша  тексерулер,  сонымен  қатар,  машықтандыру 

 
95 
тәжірибесін  игеру,  жалпы  және  арнайы  жұмыстарды  қабылдау,  жеке 
және  ұжым  құрамын  қызметінің  іс  -  әрекетін  жоспарлау  және 
ұйымдастыру  жүзеге  асырылады.  Сонымен,  үшбірлікті  оқыту  жүзеге 
асырылады: білім беру, дамыту және тәрбиелеу. 
Бақылаудың  дифференциациясы оқушылардың  оқу  материалын 
меңгеру  және  қабылдаулары  кезіндегі  қабілеттіліктерінің  айырмасын 
есепке  алудың  қажеттілігін  ескертеді.  Дифференциялық  тәсіл  көп 
деңгейлі  бақылауды  және  әрбір  деңгей  үшін  оқытудың  нәтижесін 
бағалау  өлшемінің  әзірлемесін  жасау  жолымен  жүзеге  асады. 
Оқушыларға  бірдей  тапсырмалар  беріліп,  оларды  орындау  кезіндегі 
оқытушының  көрсеткен  көмегінің  дәрежесі  әртүрлі  болуы  - 
гуманистердің  дифференциялық  бақылауға  деген  көзқарасының  бірі 
болып табылады. 
Қазіргі  кезде  оқушылардың  өз  бетімен  өзінің  білімі  мен 
іскерлігін  бағалауы,  оларға  дайындық  деңгейінің  талаптарына  сәйкес 
түзетулер  енгізу  бойынша  қабілеттіліктері  үлкен  рөл  атқарады. 
Бақылау  мен  өздік  бақылауды  ақыл-оймен  үйлестіріп  отыру, 
жүргізілетін бақылаулық іс - шаралардың тиімділігін күшейтеді. 
Жоғарыда  көрсетілген  талаптарға  сай  жасалынған  бақылау 
жүйесі,  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін,  оқу  үрдісіндегі 
оқытылатын  материалдың  ерекшелігі  мен  басқа  да  ерекшеліктерін 
есепке  ала  отырып,  адекваттық  және  әртүрлі  тәсілдерді  пайдалануы 
керек.  Тәсілдерді  орынды  түрде  және  ақыл-оймен  үйлестіріп  отыру, 
бақылау жүйесінің тиімділігін  және өнімділігін қамтамасыз етеді. 
Информатиканы  мектептегі  салыстырмалы  жас  пән  екендігін 
есепке  ала  отырып,  бақылау  оқушылардың  дайындық  деңгейінің 
талаптарын 
есепке 
алмай, 
көбінесе 
жеке 
көріністермен 
(фрагменттермен)  ғана  жүзеге  асырылады.  Жүргізіліп  отырған 
бақылаулық  іс-шаралардың  жүйесіздігі  мен  тұрақсыздығы  оқыту 
үрдісіне  зиянын  тигізеді.  Нақтылы  жасалған  бағалау  өлшемдерінің 
жоқтығы,  оқытудың  деңгейлік  көрсеткіштерінің  нәтижелерін 
бағалауда  субъектілікке    әкеліп  соғады.  Қорыта  келгенде,  осы 
өлшемдер  мен  тәсілдер  оқушыларға  бақылау  жұмысы  өткізіліп 
жатқанда  немесе  оның  соңында  емес,  бақылау  жұмысының  алдында 
белгілі болуы керек. 
Ұсынылып  отырған  үздіксіз  бақылау  моделі  информатика  пәні 
бойынша  білім  беру  мониторингісі  бола  алмайды,  бірақ  оның 
мұраттарын  және  кейбір  қағидаларын,  айтар  болсақ,  объективтілігін, 
жүйелілігін және ашықтығын пайдаланады. 
Оқушылардың  білімсіздіктен  білімділікке  қарай  жылжып 
отыруын  үздіксіз  бақылаудың  нәтижелері,  олардың  әрбірінің  даму 

 
96 
серпінін  бағалау,  тұрақты  түрде  бақылаулық  іс-шараларды  өткізу, 
нәтижелерді  бағалаудың  жүйесін  әзірлеу  және  осы  туралы 
оқушыларға  мәліметтер  беріп,  таныстыру,  бақылаудың  нәтижелері 
бойынша  ақпараттар  жинақтау  және  осы  деректерді  талдау,  жалпы 
оқыту  мақсаттарын  есепке  ала  отырып,  әртүрлі  бақылау  әдістерін 
пайдалану – информатика пәнінің кейінгі кезеңдеріндегі дамуының ең 
маңызды міндеті болып табылады. 
Оқытудың 
әртүрлі 
кезеңдеріндегі 
тапсырмалардың, 
міндеттердің, жобалардың, бақылаулық және жобалық жұмыстардың, 
тестердің жүйелері, жасалған оқу-әдістемелік базасының тәжірибесіне 
тәуелді  бола  отырып,  негіздеме  үшін  алынып,  оқытушының 
(әдістемешінің) 
бақылау 
моделіне 
«кіргізілуі» 
мүмкін. 
Ол 
информатика  пәнінің  курсының  ерекшелігі  мен  дайындық  деңгейінің 
талаптарын  есепке  ала  отырып,  бейімделуі  мүмкін,  сонан  соң  жаңа 
әзірлемелермен  толықтырылып,  кеңейтілуі  мүмкін.  Осы  модельді 
жетілдіру  және  дамуы  үшін  ашық  болуы  бойынша  материалдың 
құрылымы орындалған. 
3.2. Қорытынды бақылау 
3.2.1. Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары 
Қорытынды  бақылау  информатика  пәнінің    негізгі  курсына 
оқытудың 
нәтижелерін 
бағалауға 
мүмкіндік 
береді 
және 
оқушылардың  білімдері  мен  іскерліктеріне  түзету  енгізуді  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кезде  қорытынды  бақылаудың  әртүрлі  нысандары  мен 
әдістері  жүзеге  асырылады,  оған  ауызша  емтиханды,  жазбаша 
аттестациялау жұмыстарын, тестілеуді,  жобалар немесе рефераттарды 
қорғау нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады. 
Жазбаша  емтихан  оқушылардың  қорытынды  аттестация-
лауының  дәстүрлі  нысаны  болып  табылады.  Әртүрлі  сыныптардың 
билеттері  тапсырмалардың  дәрежесі  мен  көлемі  бойынша  әртүрлі 
болып келеді. 9 - сыныптар  үшін- бір ауызша сұрақ және тәжірибелік 
жұмыс;  11  сыныптар  үшін  -  екі  ауызша  сұрақ  және  бір  тәжірибелік 
жұмыс. 
Жазбаша  аттестациялау  жұмысы  көптеген  таңдауы  бар  жабық 
түрдегі  тестік  тапсырмалардан,  теориялық  негіздер  бойынша 
сұрақтардан, машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады. 
Тестілеуге бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: 
балама жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу 
тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді 
талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары. 

 
97 
Жобалар  мен  рефераттарды  қорғау  түріндегі  аттестациялау 
бойынша осы жұмыстар алдын  ала дайындалып, ұсынылады. 
Ауызша емтихан   
Ауызша сұрақтарды құрастыру келесі түрде жүзеге асырылады: 
Біріншіден,  негіздемені,  пайымдауды,  талдауды  талап  ететін 
теориялық  сұрақтар  қойлады. Екінші  сұрақ  –  теориялық-тәжірибелік, 
оған  оқушы  компьютерді  пайдалану  арқылы  жауап  береді. 
Машықтану  тапсырмасы  бағдарламалық  құралдармен  жұмыс  істеу 
дағдыларын,  іс-әрекеттердің  негізгі  тәсілдерін  (немесе  тиімді) 
тексеруге,  берілген  тапсырманы  орындау  кезіндегі  алған  білімді 
пайдалана білуге бағытталады. 
Оқушылар 
нақтылы 
мысалдар 
арқылы 
бағдарламалық 
құралдардың мүмкіндіктерін көрсете алады деп ойлаймыз. 
Жазбаша аттестациялау жұмысы 
Жазбаша  аттестациялау  жұмысын  ұйымдастыру  кезінде  жоқ 
дегенде 
екі 
тапсырмалық 
топтама 
дайындалуы 
керек. 
Терминологиялық 
меңгерулерін 
тексеру 
кезінде 
тестілеу 
тапсырмалары пайдаланылады. Алған білімдерінің тереңдігін бақылау 
үшін  сауал-мәселелер  қойылуы  мүмкін,  олар  түсініктеме  беруді, 
пайымдауды  және  негіздемені  талап  етеді.  Іскерліктері  мен 
дағдыларын тексеру үшін дәстүрлі машықтандырудың міндеттері мен 
тапсырмалары 
қойылады. 
Жазбаша 
аттестациялау 
жұмысын 
ұйымдастыру 
үшін 
логикалық-талдаулық 
міндеттемелерінің 
жиынтығы және машықтану тапсырмаларын пайдалануға болады. 
Жазбаша 
аттестациялау 
жұмыстарының 
кемшіліктеріне 
оқытудың  мазмұнын  кең  көлемде  тексеруге  мүмкіндіктің  жоқтығын, 
жұмысты  орындаудың  жылдамдығының  жалпы  пәндік  іскерлік  пен 
дағдыларға  тәуелділігін,  жұмысты  тексеруге  салыстырмалы  түрде 
алғанда  өте  көп  уақыттың  жұмсалуын    жатқызуға  болады.  Пайдалы 
жағын  алатын  болсақ,  жұмысты  орындауға  аз  мөлшерде  уақыт 
жұмсалады,  емтихан  жеңіл  жағдайда  өткізіледі,  қойылған  бағаны 
негіздеу  мүмкіндігі  болғандықтан,  бағалау  объективті  түрде 
жүргізіледі. 
Жобалар мен рефераттарды қорғау 
Емтихандық  жұмыс  ретінде  дайындалған  жоба  мен  реферат 
белгілі  бір  уақыт  мерзімінде  орындалады  деуге  болады.  Жоба  мен 
рефераттың  орындалу,  рецензиялану  мерзімі,  жобаны  қорғауды 
ұйымдастыру  және  оны  тапсыру  мерзімі  бекітілген  кестеге  сәйкес 
жүзеге асады. Оқушылар рефератты бағалау өлшемдерімен алдын ала 
танысады. Жоба мен рефератты қорғау кезіндегі нәтижелері бойынша 
жалпы  баға  қойылады.  Осы  кезде  оқушының  сайыста,  олимпиадада 

 
98 
немесе  конференцияда  алған  жеңістері  есептелінеді.  Жоба  мен 
рефератты  қорғау  нысанында  аттестациялаудың  келешегі  бар  деуге 
болады,  бірақ  жобаны  дайындау  сатысында  күрделі  мәселелер 
кездеседі.  Материалды  қамтудың  көлемі  жоба  басшысының  кәсіби 
деңгейіне байланысты, ол жобада информатиканың ең кем дегенде үш 
мазмұнды желісін қамтып, көрсетуі керек. Жұмысты бағалау кезінде, 
мысалы,  рецензиялау  сатысы  мен  жобаны  қорғау  кезінде  де 
субъективтілік  кездесіп  қалады.  Сапалық  өлшемдер  интерпретацияға 
күрделі түрде көнбейді, әртүрлі қорытындылар шығарылуы мүмкін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет