2.3. Информатика пәні бойынша үй жұмысы
Оқушылардың үй жұмысы деп – құрылған сабақтар
кестесінен тыс оқу тапсырмаларын өздігінен орындауды айтады.
Үй
жұмысының
сыныптағы
жұмыстан
принциптік
айырмашылығы, мұғалімнің берген нұсқаулары бойынша, оның
тікелей басқаруынсыз орындалады. Оқушы үй жұмысын орындау
уақытын, ырғағын және қарқынын өзі таңдайды.
Үй жұмыстарының формалары
Оқушылардың
үй
жұмысының
теориялық
аспектілері
жеткіліксіз зерттелгендіктен, педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттерде үй тапсырмаларының жіктеуі әртүрлі негіздемелермен
ұсынылады.
Дидактикалық мақсат бойынша үй жұмыстарының мына
формалары ерекшеленеді [34, 35, 49]:
жаңа материалды қабылдауға, жаңа тақырыпты оқуға
дайындайтын тапсырмалар;
сабақта алған білімдерін бекітуге және пайдалануға, ептілік
пен дағдыларды қалыптасыртуға бағытталған тапсырмалар;
сыныпта игерген оқу материалын кеңейтуге және
тереңдетуге ықпал ететін тапсырмалар;
жаттығуларды өздігінен орындау дағдысын қалыптастыру
және дамытуға бағытталған тапсырмалар;
бағдарламадағы материалдан тыс, дегенмен оқушылардың
мүмкіндіктеріне сай тапсырмаларды молынан жеке отырып орындау
арқылы өздігінен ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.
Web-сайтта [47] мына өткізілетін сабақ типіне байланысты үй
тапсырмаларының жіктемесі ұсынылған:
• жаңа материалды оқыту сабақтарына:
1
5.3-бөлімді қараңыз.
51
1)
материалды оқулықтан оқып, оны айтып беру;
2)
сабақта оқытылған материалды жетілдіру;
3)
белгілі бір ерекшелігіне байланысты материалды топтастыру;
4)
қосымша
оқулықтардан
және
мәлімет
көздерінен
материалдар жинау.
• алған білімді пайдалану сабақтарына:
1)
практикалық жұмыстар (оқу құралдарын, каточкалар,
кестелер әзірлеу: өздігінен ойлап табылған, басқа қосымша
әдебиеттерден, анықтамалықтардан, сөздіктерден және т.б. алынған);
2)
сыныпта орындалған немесе үлгі бойынша тапсырмаларды
орындау;
3)
қалыпты емес тапсырмаларды орындау;
4)
пәнаралық байланысы бар тапсырмаларды орындау;
5)
тапсырмаларды өздігінен құрастыру;
6)
материалды өздігінен оқып білу;
7)
деректерді, бақыланған құбылыстарды салыстыру, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру;
8)
қателермен жұмыс жасау.
• жалпылау сабақтарына:
1)
мұғалімнің арнайы қойылған сұрақтарына жауап беру;
2)
мұғалімнің берген тапсырмасы және жоспар бойынша жауап
беруге дайындық;
3)
тақырып бойынша өздігінен жоспар құру немесе осы жоспар
бойынша дайындалу;
4)
мәтіндегі негізгі және екінші кезектегі материалды бөліп алу;
5)
сыныпта орындалғанға ұқсас, қандай да бір нәтижені немесе
жағдайды өздігінен дәлелдеу;
6)
тақырып бойынша қосымша материалды таңдау;
7)
оқылған тақырып бойынша өздігінен тапсырмалар құрастыру
(жеке, жұптық немесе топтық);
8)
қолда бар материалдың негізінде қорытынды шығару,
тұжырымдау (бақылау, тәжірибе, эксперимент, экскурсия);
9)
кестелер, сызбалар, тірек конспектілерін дайындау;
10)
жалпылаушы сипаттағы қалыпты емес тапсырмалар:
оқытылған материал бойынша сөзжұмбақтар, мәтіндер, оқытушылық
бағдарламалар және т.б. құрастыру.
• алған білімді бақылау және тексеру сабақтарына:
1)
сұрақтарға жазбаша жауап беру;
2)
үйде жекеше бақылау жұмысын орындау;
3)
қалыпты емес тапсырмаларды орындау.
52
Жеке үй жұмысы – әдетте, сыныптағы кейбір оқушыларға
беріледі. Сол арқылы мұғалім нақты оқушының білім деңгейін
тексере алады. Мұндай жұмыс карточкаларда немесе дәптерде
орындалады. Оның мақсаты нақты тақырып бойынша алған
білімдерін түзету, кеткен кемшіліктерді толықтыру және т.б. болып
табылады. Бұлар міндетті емес тапсырмалар да болуы мүмкін,
мысалы, сыныптан тыс жұмыс үшін.
Топтық үй жұмысын орындау кезінде оқушылар тобы жалпы
сыныптағы тапсырманың бір бөлігі болып саналатын тапсырманы
орындайды. Мұндай тапсырмаларды алдын ала берген дұрыс.
Шығармашылық жұмыс жеке үй жұмысының түрі ретінде
ерекшеленбейді, бірақ ол үй жұмыстарының барлық түрін біріктіруі
қажет. Мысалы, ертегілер желісінен тұратын тапсырмалар құрастыру,
мәлімдемелер мен баяндамалар жазу. Мұндай үй жұмысының түрін
«ұзақ мерзімді» тапсырмалар деуге болады.
Сараланған (дифференциалданған) үй жұмысы «мықты» да,
«нашар оқитын» да оқушыға арналады. Дифференциалданған әдістің
негізі, өздік жұмысты ұйымдастыру болып табылады, ол мына
сараланған тапсырмалардың тәсілдері мен формалары арқылы іске
асады:
1.
Барлық оқушылар үшін тапсырмалардың мазмұны ұқсас,
бірақ орындау тәсілі бойынша әртүрлі, мысалы, тапсырмалар саны
әртүрлі болуы.
2.
Таңдау құқығы бар бірнеше нұсқалы тапсырмалар: «Үйде
таңдауың бойынша ... беттегі №... немесе №... жаттығуларды орында».
Еркін таңдауға берілген жаттығуларды тапсырған кезде мұғалім кез
келген оқушыға алдымен жеңілін, одан күрделісін орындауға көшу
керектігіне кеңес бере алады.
«Нашар оқитын» оқушыларға толтыру үшін бос орын
қалдырылған, қатесін түзетуге арналған, шешуі аяқталмаған
тапсырмалардан тұратын карточкалар беруге болады.
Бір сыныпқа ортақ – үй тапсырмасының жиі қолданылатын
түрі.
Партадағы көршіге үй жұмысын құрастыру (тұрақты бірге
отыратын жұптар). Мысалы: «Сыныпта өтілген тақырыпқа сәйкес
көршіңе екі тапсырма құрастыр».
Іс жүзінде мұғалімдердің 80%-ы үй тапсырмасын барлық
сыныпқа ортақ береді, тек кей кезде ғана жеке-жеке сараланған
тапсырмалар жүктейді.
Үй тапсырмаларының үш деңгейі
53
Бірінші деңгей – міндетті минимум. Тапсырма бәріне түсінікті
және барлық оқушының біліміне сай келуі керек.
Үй жұмысының екінші деңгейі – жаттықтырушы. Оны пәнді
жақсы білгісі келетін және еш қиындықсыз бағдарламаны игеріп
жатқан оқушылар орындайды. Олар бірінші деңгей тапсырмаларынан
босатылады.
Үшінші деңгей – шығармашылық тапсырма – сабақ
тақырыбына, сыныптың дайындығына және т.б. байланысты
орындалады. Оны өз еркімен сұраған оқушылар орындайды, жоғары
бағамен және мақтаумен ынталандырылады.
2.3.1. Үй жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Мұғалімдердің 80%-ы үй жұмысын сабақтың соңында береді,
әйтсе де оны сабақтың басында, ортасында, барысында беруге де
болады.
С.А. Пуйман [39] үй жұмысын беруді ұйымдастырудың мына
негізгі ережелерін ұсынады:
үй жұмысын беру үшін арнайы уақыт бөлу керек;
үй жұмысын берген кезде бүкіл сыныптың назарын аудару
қажет;
үй жұмысы бәріне түсінікті болуы керек;
оқушылар не орындау керектігін ғана емес, қалай орындау
керектігін білуі тиіс: оқулықты қалай оқу керек, тапсырманы
орындауға қалай кірісу керек және т.б.
Үй жұмысын саралаған жөн. Үлгерімі жақсы оқушылар аса
күрделі тапсырмаларды алуы тиіс.
Үй жұмысын жүйелі ұйымдастыру
Үй жұмыстарының жүйесін құрған кезде оқушыны өздігінен
білім алу тәсілдеріне дағдыландыруды, танымдық әрекетін дамытуды
назарға алған жөн.
Практика және көп жылғы зерттеулер көрсеткендей, үлгерімі
төмен, тіпті орташа үлгерімді оқушылар үй жұмысын адал
орындамайды. Оның бір себебі, үй жұмыстарының сараланбағаны,
жіктелмегені болып табылады (көп жағдайда тапсырмалар барлығына
ортақ беріледі). Нәтижесінде, оқушы сыныптасынан көшіріп алуды
жөн көреді, бұл жағдайда ол асығыстықпен тапсырмалардың
орындалу тәсіліне мән бермейді.
Сол себепті, жеке, топтық және жаппай жұмыстан тұратын
сараланған тәсіл керек [49]. Ол оқытудың барлық кезеңінде, сабақ
үстінде ғана емес, үй жұмысын орындау кезінде де аса қажет.
Сараланған тапсырмаларды мына жағдайларда берген дұрыс:
54
күрделі ұғымдар кездесетін тақырыптарды өткен кезде;
өтілген тақырыпты жалпылағанда және қорытынды
жұмыстарға дайындық кезінде;
бақылау жұмыстарында жіберілген қатемен жұмыс жасаған
кезінде.
Сараланған үй жұмыстарын тапсырған кезде келесіні ескерген
жөн:
баланың оқу әрекетіне деген қабілетін (оқу материалын
жылдам меңгеруі, ойлау тереңдігін);
өз ойын білдіре алуын;
танымдық белсенділігін (білімге деген қызығушылығын);
жұмыс кезіндегі ұйымшылдығын (бастаған ісін соңына дейін
жеткізе алуы).
Балалардың жеке қасиеттеріне байланысты тапсырмалар бір
тақырып бойынша және бір мақсатпен құрылғанмен, күрделілік
деңгейі әртүрлі болады. Олар үш нұсқалы жеке тапсырмалы
карточкаларда жазылады (оқушылар өз еркімен нұсқаны таңдайды
немесе мұғалім алдын ала белгілі бір топқа арнайы дайындайды),
бірнеше деңгейден құралған жұмыстар да болуы мүмкін, мұндай
жағдайда оқушылар танымдық әрекет субъектісіне айналады.
Аталмыш тапсырмалар оқушылардың бастамашылдығын (деңгейді
таңдау кезінде), білім, ептілік пен дағдыны меңгеруде, ойлау
қабілетін, жадысы мен шығармашылығын дамытуда өзіндік
жауаптылығын тәрбиелейді.
Үй тапсырмаларында мына тәсілдерді қолдану пайдалы:
пайымдаулар мен жазбаларда қателері бар тапсырмаларды
орындау;
заңдылықты айқындайтын тапсырмаларды орындау;
артық немесе жеткіліксіз деректері бар тапсырмаларды
орындау;
өзін-өзі бақылаудың алуан түрлі тәсілдері.
Оқушылар жұмысты үнемі логикалық соңына дейін жеткізуге
машықтанады, өз білім деңгейлерін тұрақты түрде нығайтады.
Күрделілеу нұсқаны орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Мұндай жұмыстың тәрбиелік мәні бар, әр тапсырманы толыққанды
орындауға үйретеді, белсенділікті лайықты деңгейде ұстайды,
жауапкершілік пен дербестік сезімін қалыптастырады.
Бірінші деңгейде теорияны өздігінен оқу жорамалданады.
Мұндай жағдайда мына жұмыс тәсілдері қолданылуы мүмкін: мәтінді
мұқият оқу; оның неше бөлімнен тұратынын анықтау; мәтіннің әрбір
бөліміне сұрақтар ойлап тауып, оларға оқулықтан жауап табу; мәтінде
55
талап етілмейтін ақпарат кездессе, сұрақтарды толықтыру; мәтіннің
түйінді сөздерін бөліп алу; түйінді сөздерге негізделіп, сөздіктен
түсініксіз сөздердің мағыналарын табу; оқулықтан өзін-өзі тексере
отырып, мәтінді әңгімелеп беру; түйінді сөздер бойынша сызба-
жоспар құрып, оның алгоритмін әзірлеу.
Дәстүрлі емес үй жұмыстарының да ұсынылуы ықтимал:
1) өздігінен терминдер сөздігін құрастыру, оларды тақырып
бойынша орналастыру;
2) мектеп оқулығының анықтамаларын нақтылау;
3) оқулық мәтінін зерттеу;
4) тапсырмаларды өздігінен құрастыру.
Үй жұмысын осы тәріздес ұйымдастыру кезінде сөздіктермен,
қосымша және анықтамалық әдебиеттермен өздігінен пайдалану
дағдысы қалыптасады.
Екінші кезеңде мәселені қалыпсыз тәсілмен шешуге үйрету,
жеткіліксіз ақпаратты іздеу және пайдалану, нәтижеге ғана емес, оқу
үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыру іске асырылады. Мына
тапсырмалардың қолданылуы мүмкін:
1) көрнекі құралдарды, кестелерді, сызбаларды, алгоритмдерді
және тірек конспектілерді әзірлеу;
2) ережелердің жаңа нұсқаларын, тұжырымдарын әзірлеу;
3) бақылау және өзін-өзі бақылауға арналған тестілер,
тапсырмалар, карточкалар дайындау;
4) оқу және ғылыми мәтінді редакциялау;
5) жіберілген қателіктерді түзету;
6) тақырыптық сабақтарға дайындық: ақпарат, дәйексөздер,
сөздіктен мақалалар іздеу.
Өзін-өзі және бірін-бірі бақылауды қалыптастырудың тиімді
құралы өзара бақылау болып табылады.
Үшінші кезеңде оқушылардың жеке шығармашылық әлеуетін
(орысш. – потенциал) ашуға жағдай жасалады. Ұзақ өздік жұмысын
қажет ететін зерттеу әдістері, эвристикалық сипаттағы әдістер,
шығармашылық
тапсырмалар
қолданылады
(оқытушылық
бағдарламалар, жобалар, рефераттар, басқа да шығармашылық
жұмыстар), олар оқушылардың өздігінен жұмыс жасауына, өз ойын
білдіре алуына, көптеген қызмет формалары арқылы өзіне деген
талаптарды дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы:
1) информатика және мектептегі басқа да сабақтар бойынша
педагогикалық
бағдарламалық
құралдар
жасау
(оқытушы
бағдарламалар, компьютерлік тестілер, презентациялар, Web-сайттар
және т.б.);
56
2) оқытылатын тақырып бойынша өлеңдер, әңгімелер, ертегілер,
шығармалар жазу;
3) бұқаралық ақпарат құралдары материалдарының (масс-медиа)
негізінде тапсырмалар құрастыру;
4) мектептік ішкі басылымға материалдар даярлау (соның
ішінде, мысалы, электронды газет ашу);
5) информатика кабинетіне арналған материалдар жасау
(плакаттар, қабырға газеттері, көрнекі құралдар және т.б.)
Үй жұмысын тексеру
1
. Үй жұмысын тексеру тәсілдері әралуан
болады: мұғалім де, оқушының өзі де (өзін-өзі тексеру), басқа
оқушылар (өзара тексеру). Бұл кезде мұғалім көмекшілерінің саны
көбейеді. Оқу жылының ішінде дидактикалық материалдар жиналып
қалады, оларды оқушылар сынаққа, диктантқа, емтитханға жұппен,
топпен жұмыс кезінде қолданады.
Мұғалімдердің 90%-ы үй жұмысын тексеруде ауызша, жазбаша,
карточкамен жұмыс формаларын пайдаланады.
Үй жұмысын тексеру кезінде міндетті түрде баға қойылуы тиіс.
Қанағаттанарлықсыз бағаны қоймауға болады, жіберген қателіктерін
түзетіп, сол үй жұмысын қайта орындауды немесе ұқсас үй жұмысын
берген абзал. Тексерудің мұндай тәсілі шығармашылық жұмысқа оң
әсерін тигізеді.
Мұқият ойланған, үнемі және жүйелі орындалатын үй
жұмысынсыз білімнің жоғары сапасына жету мүмкін емес. Үй
жұмыстары оқушының өздігінен жұмыс жасау қабілетін және
танымдық қызығушылығын дамытады.
2.4. Информатиканың қазіргі сабағы
2.4.1. Инфоматика сабағының ерекшеліктері
1.
Мектеп информатикасы – мектептегі ең жас әрі проблемалы
пән. Оның басты проблемасы – информатиканы оқыту әдістемесінің
аяғына дейін әзірленбегендігі болып табылады. Информатика
математика, физика және т.б. пәндердің оқу әдістемелерін пайдалана
алмайды, себебі мазмұны жағынан да, оқу мақсаттары жағынан да
метептегі пәндермен сәйкес келмейді, бірақ математика, физика және
информатика пәндерімен ұқсас тұстары бар. Мұндай ұқсастық оқу
материалын (теория – тапсырмаларды орындау) ұйымдастыру
тәсілінде де, оқыту әдістемесінде бары анық, себебі 80-жылдары осы
пәнді математиктер, физиктер, кәсіби программистер, ҒЗИ
2
ғылыми
1
6.3.3- бөлімді қараңыз.
2
Информатика пәнінің мұғалімдерін даярлауды және информатика оқулықтарын жазуды басқа
пәндердің мамандары да іске асырды.
57
қызметкерлері оқыта бастағыны рас.
2.
Информатиканы оқыту кезінде орындалатын тапсырмалар
физика, математика, астрономия және т.б. пәндік салалардың
білімдеріне жатады, осыған байланысты информатиканың пәнаралық
сиипаты бар.
3.
Мемлекеттік стандарттың
1
, бірыңғай бағдарламалардың,
жалпы қабылданған терминологияның ұзақ уақыт бойы болмауы;
4.
Мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы информатика
курстарының арасындағы айырмашылықтың көмескілігі;
5.
Информатиканың қарқынды дамуына байланысты мұғалім
компьютерлік периодика, Интернет желісі ресурстарын және т.б.
материалдарды тұрақты түрде пайдалануға тәуелді.
6.
Оқушылардың ЭЕМ-де жүйелі түрде жұмыс істеуі оқу
материалын практикалық игеруінің негізі болып табылады.
Оқушылардың өздік жұмысының мәні артады, себебі олар көп
уақытын дербес компьютермен жұмыс істеуге жұмсайды.
7.
Дербес компьютер зерттеу нысаны ретінде пайдаланылады:
негізгі білім мен ДК-мен (құрылғылар, операциялық жүйе, ақпаратты
іздеу әдістері және т.б.) жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
8.
Информатиканы оқытуда өзіне ғана тән проблемалар бар,
компьютер зерттеу нысаны бола тұра, бір уақытта оқыту құралы
болып табылады. Отбасылардың материалдық және мәдени деңгейіне
байланысты оқушылардың үй жұмыстарын
орындауда, өз
қызығушылықтарын қанағаттандыруда компьютерді пайдалану
мүмкіндіктері әртүрлі , бұны оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде
ескерген жөн.
9.
Компьютерде жұмыс істеу уақыты 10-30 минуттан аспауы
тиіс (оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты), оқушылар әр
жұмыс орнында бір-бірден отыруы керек.
10.
Компьютерлік техника әрдайым жеткіліксіз екені бәріне
мәлім, сол үшін шағын топтарды (бір компьютерге 1-2 оқушы)
біріктіру керек
2
.
11.
Компьютерді оқыту құралы және аспабы ретінде пайдалану
санитариялық-гигиеналық нормалар мен шектеуліктерді ғана емес,
компьютерлік және компьютерлік емес оқу әдістерін үйлестіруді
талап етеді.
12.
Информатика пәні бойынша білімі мен дағдыларын оқушы
кез келген мектеп пәні сияқты сабақта ғана алмайды, бірақ мектеп
1
2004 ж. бекітілген Стандарт, үлгі бағдарламалар және жаңа БОЖ 2005/2006 ж.-дан 2010 ж.-ға
дейін біртіндеп іске қосыла бастады.
2
СанПиН талаптары бойынша компьютердегі оқушылардың саны бір оқушымен шектеледі.
58
информатикасынан алған білімі бірден көрінеді. Сол себепті,
информатиканы білімі мен дағдылары әртүрлі деңгейдегі оқушыларға
оқыту мәселесі алға шығады (мысалы, математика немесе химия
сабақтарында: «мен бұны білемін!», «бұны мен курста өткенмін!»
және т.б. деп айқайлаған оқушыны елестету мүмкін бе?)
13.
Толыққанды бақылау жүргізіп, бағалар қою үшін сағат саны
жеткіліксіз болғандықтан, тестілерді, жазбаша жұмыстарды, жеке
тапсырмаларды (баяндамалар, рефераттар, шығармашылық жобалар
және т.б.) қолданған жөн.
14.
Басқа пәндерге қарағанда, информатиканы оқыту үрдісі
әртүрлі өзара байланысты қосымша жүйелермен сипатталады:
мұғалім – оқушы; оқушы – ДК; оқушы – ДК – оқулық; мұғалім–
оқушы–ДК және т.б.
15.
Дәстүрлі сабақтарда еркін әңгімелесуді және орын
ауыстыруды ұнататын оқушыларға, информатика пәнінен сыныптан
тыс алуан түрлі формалы сабақтарды (жас программистердің жазғы
мектебі, олипиадалар, компьютерлік клубтар және т.б.) өткізу
маңызды. Осы кезде оқушылардың жасаралық байланыстардың дамуы
байқалады, кейде төменгі сынып оқушысы өзінен жасы үлкен
оқушыға кеңес берсе, кейде оқушының мұғалімге кеңес беруін көруге
болады.
16.
Информатика сабақтарында үлгерімі жоғары оқушылардың
мұғалімнің көмекшілері ретінде табысты жұмыс атқарып, білім алу
және оны бақылаудың түрін құруға болады.
17.
Жалпы, информатика сабақтарына жас шамасы әртүрлі
оқушылар қызыға барады, себебі компьютер пәнді оқытудың
ынталандырғыш күші болып табылады. Бірақ компьютердің адам
өмірінің көптеген саласына енуі осы қызығушылықты төмендетеді.
Информатика оқу-тәрбиелік үрдісте кибернетикалық және
педагогикалық идеялар үйлесімділігінің маңыздылығын білдіреді, ол
оқушылар ұжымына басшылық етудегі басқарушы мүше, мұғалімнің
орнын өзгертіп, мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, басқару
функциясын, сапаны диагностикалау және игеру деңгейінің, оқу
үрдісіндегі кері байланыстың рөлін күшейтеді. Мұғалім көбінесе
оқушылардың өзіндік танымдық әрекетін және шығармашылық
мүмкіндіктерін қалыптастыруға баса назар аударады.
2.4.2. Информатика сабағының құрылымы
Сабақ — бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін
ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын
мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір
59
уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен
қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).
Материалды уақыт бойынша үлестіру сабақтағы зейіннің
тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын
өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек.
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен
жинақылығының кезеңі.
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін
құбыла бастап, қателер көп жіберіледі. Жұмыс ынтасының
азайтылуын, зейіннің босаңсуын талап етеді (теориялық дәлелдерден
мысалдарға көшу және т.б.).
Сабақтың 31-45 мин. – қойылған мақсатқа байланысты зейінді
жинақтау (ерікті зейін). 2.2-суретте сабақтың оқу уақытын осылай
үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.
2.2-сурет. Сабақтағы уақытының бөлінуі
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды.
Қазіргі сабақтың ерекшеліктерін анықтау үшін дәстүрлі сабақтың
оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Сабақтың құрылымы — бұл оқу үрдісінде пайда болып, оның
нысаналы әрекетін қамтамасыз ететін, сабақ элементтері
арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |