Сабақтағы жаңа материалды оқу барысын бақылағанда мынаған көңіл бөлу керек: 1. оқушылар алдында сабақ тақырыбын оқудың басты
міндеттері қойылды ма және қаншалықты нақты және анық қойылды?
2. оқу материалы мазмұндамасының қолжетімділігі;
3. ондағы бастысы, нақтысы белгіленді ме және оған
оқушылардың көңілі тұрақтандырылды ма?
4. жаңаны оқу қарқыны оңтайлы ма?
5. оқушылардың жаңа материалды ұғу дәрежесі түсіндіру
барысында тексеріліп отырды ма?
Жаңа материалды бекіткенде мынаған көңіл бөлу керек: 1. берілген тақырыптағы ең басты ұғымды меңгеруге таңдалған
жаттығулар қатыстырылды ма?
2. жаттығуларды орындау барысында оқушыларға сараланған
көмек көрсетілді ме?
3. жақсырақ дайындалған оқушыларға қосымша тапсырмалар;
4. типтік қателіктер мен қиындықтар кездесті ме? Олардан
құтылу жолдары.
Үй тапсырмасын бергенде мынаған көңіл бөлу керек: 1. оның көлемі мен күрделігі оңтайлы ма, оны осы пәннің үй
тапсырмасын орындауға берілетін уақыт ішінде орындау керек пе?
2. үй тапсырмасы түсіндірілген бе?
3. безендіруге талаптар;
4. үй тапсырмасы сараланған ба?.
Оқушылардың алған білім, біліктілік және дағдыларынан
көрінген мазмұн мен нәтижелері талдаудың өзегі болуы қажет!