Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


  Сабақта  оқушыларға  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамыту мақсаттары қаншалықты табысты шешілді?



Pdf көрінісі
бет183/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

 
10  Сабақта  оқушыларға  білім  беру,  тәрбиелеу  және 
дамыту мақсаттары қаншалықты табысты шешілді? 
 
11  Үй  тапсырмасының  көлемі  мен  күрделілігі  дұрыс 
анықталды  ма,  оны  орындаудың  нұсқаулықтары 
шеберлі түрде өткізілді ме? 
 


 
185 
2)  информатикадан  өтілген  материал  және  оқулықтар  негізінде 
сабақ жоспарының конспектісін құрыңыз. 
Таңдаған тақырып бойынша бір сабақтың жоспарын құрыңыз. 
Жоспар  құрғанда төмендегі сабақ элементтерін енгізіңіз: 
-  жаңа  тақырыпты  оқып  үйренуге  дайындаушы  жаттығулар 
жүйесі ; 
-  жаңа  материалды  түсіндіргенде  тарихи  деректер  мен 
проблемалық жағдайларды (ситуация) пайдалану; 
-  сабақта  материалды  алғашқы  бекіту,  өзіндік  жұмыстың  кез-
келгенін жүргізу; 
-  сабақтың кез-келген кезеңінде рөльдік ойындарды қолдану; 
-  үйге тапсырма  және оған түсінік беру; 
-  сабаққа дайындалуға қажетті әдебиеттер. 
Сабақ конспектісін құру. 
1. Күнтізбелік жоспардан кез-келген сабақты таңдаңыз. 
2. Төмендегі  сабақ  конспектісін  құруға  арналған  нұсқауды 
пайдаланып сабақтың жоспар-конспектісін құрыңыз.  
Формальды  –  бейнелеуші  бөлігінде:  сынып,  уақыты,  сабақ  №  , 
сабақтың  тақырыбы,  сабақтың  мақсаты,  сабақтың    түрі, 
пайдаланылатын  құралдар,  сабақ  кезеңдері  мен  олардың  ұзақтығы 
көрсетілген сабақ жоспары болуы керек. 
Мазмұндық  бөлігінде:  оқушылардың  дайындық  деңгейіне 
қойылатын  жоспарланған  талаптар;  оқу  материалының  толық 
баяндалуы;  барлық  тапсырмалар,  есептер,  жаттығулардың  нақты 
шешімдері болуы керек.   
Мұнда көрсетілуі керек
1)  үй  тапсырмасын  тексеру  қалай  жүргізілетіні    (үй 
тапсырмасының  жаңа тақырыпты оқып  үйренуге себепші болуы, ал 
тексеру оқытушы сипатта болғаны дұрыс); 
2)  кімнің, қандай сұрақтар бойынша сұралатыны; 
3)  сыныппен қандай фронтальды жұмыс жүргізілетіні ; 
4)  жаңа материал қандай түрде хабарланатыны : 
-  кіріспеде не айтылуы керектігі; 
-  мұғалімнің  не  туралы  айтатыны,  оқушылардың  нені 
орындауы керектігі; 
-  мұғалімнің қоятын сұрақтары және оның жауаптары ; 
-  қолданылатын көрнекі құралдар, қашан, қалай көрсетілетіні; 
-  қандай  қорытынды  жасалынатыны,  жұмыстың  нәтижесінде 
оқушылардың нені игеретіндігі; 


 
186 
5)  сабақта  өткен  материалды  бекіту  қандай  түрде  жүргізілетіні, 
оқушылардың  жаңа  материалды  түсінгендігін  қалай  анықтауға 
болатыны және оның бұрынғы өткен сабақпен байланысы; 
6)  егер  өзіндік  жұмыс  жүргізілетін  болса,  оның  мазмұнының 
қандай болатыны, оны өткізуге қажетті нұсқаулар жасауға болатыны, 
тексерудің  қалай жүргізілетіні; 
7)  үйге  қандай  және  қашан  тапсырма  берілетіні,  оған  қандай 
түсініктеме берілетіні; 
8)  сабақты  қорытындылау  (сабақта  қандай  жаңа  нәрселер 
үйренгендігі,  сыныптың  және  жекелеген  оқушылардың    жұмысына 
мінездеме беру). 
Әдебиеттер: 
1.  Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
2.  Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
 
 


 
187 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет