45
оқушылардың ғылыми қауымдастықтары және т.б. білдіреді.
Олар
мақсаттан, мазмұннан, әдістерден, оқыту құралдарынан, оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынастардан тұратындықтан, өзара
біріктіруші рөлін атқарады.
Оқытудың
қосымша ұйымдастыру формалары, білімдегі
кемшіліктердің орнын толтыру, біліктілікті және дағдыларды
қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны қанағаттандыру мақсатына
арналады [34]. Қосымша сабақтарда әртүрлі көмектесу формалары
ұйымдастырылуы мүмкін: жеке сұрақтарды түсіндіру, нашар
оқушыларды жақсы оқушыларға бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру.
Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын арттыру
үшін, жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады,
бағдарламадан тыс ғылыми
проблемалар талданады, қызығушылықты
тудырған
проблема бойынша өз бетімен игеруге бағытталған
нұсқаулар беріледі.
Қосымша сабақтармен
кеңес беру тығыз байланысты. Олар
ағымды,
тақырыптық және
жалпылама (мысалы, емтиханға немесе
сынаққа дайындалғанда) болып бөлінеді.
Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары –
көрсету (демонстрациялау),
жаппай зертханалық жұмыс және
жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.
Көрсету (демонстрациялау). Көрсету экранын пайдалана
отырып, мұғалім оқушыларға курстың алуан түрлі оқу элементтерін
(интерфейс элементін, бағдарламалардың үзінділерін, сызбаларды,
мәтіндерді және т.б.) көрсетеді. Оқыту барысында мұғалім ЭЕМ-де
жұмыс істесе, оқушылар оның әркеттерін бақылап отырады немесе өз
компьютерінде мұғалімнің соңынан қайталап отырады. Көрсетудің
негізгі дидактикалық қызметі –
оқушыларға жаңа мәліметті
жеткізу.
Зертханалық жұмыс (жаппай) информатика кабинетіндегі
негізгі жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс
орындарында тиісті бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді.
Жаппай зертханалық жұмыс кезіндегі мұғалімнің басты рөлі –
оқушылардың жұмысын бақылау (оның ішінде жергілікті желі
арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру.
Пайдаланылатын
бағдарламалық
құралдардың
әртүрлі
дидактикалық мақсаты болуы мүмкін: жаңа тақырыпты меңгерту
(мысалы, оқытушы бағдарламалардың көмегімен), жаңа тақырыпты
бекіту (мысалы, жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін
немесе
операциялық
дағдыларын
тексеру
(бақылаушы
бағдарламалардың немесе компьютерлік тестілердің көмегімен).
47
-
жобаға дайындықтың ұйымдастырушылық кезеңінің болуы –
өзіндік таңдау мен шешім нұсқасын әзірлеу, бағдарламалық және
техникалық құралдарды таңдау, ақпарат көзін таңдау;
-
жоба
қатысушылары
арасынан
лидерді
таңдау
(ұйымдастырушы, үйлестіруші), рөлдерді үлестіру;
-
өзін-өзі сараптау және өзін-өзі бағалау кезеңінің болуы
(қызмет рефлексиясы), нәтижені қорғау және орындау деңгейін
бағалау;
-
әрбір топ жеке жобаны әзірлеумен айналыса алады немесе
ұжымдық жобаны әзірлеуге қатысу мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: