Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатиканы оқыту формалары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет34/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

2.2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері 
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, 
нақты  ұйымдастырылған,  мазмұны  толыққан  және  әдістемелі 
қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың 
өзара  әрекеттестік  жүйесі.  Оқыту  формасы  мазмұнның,  оқыту 
құралдары  және  әдістердің  мақсатты  ұйымдастыру  тұтастығы 
негізінде жүзеге асырылады [23, 316 б.]. 
В.Г.  Крысько  [23]  оқыту  формаларын  үш  топқа:  жоспарлы-
оқыту  (сабақ,  дәріс,  семинар,  үй  жұмысы,  емтихан  және  т.б.), 
жоспардан  тыс  (бригадалы-зертханалық  сабақтар,  консультация 
беру, 
конференциялар, 
үйірмелер, 
экскурсиялар, 
ілгерілету 
бағдарламасы  бойынша  сабақтар)  және  қосымша  (топтық  және  жеке 
сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі. 
Қазіргі  көптеген  басылымдарда  жалпы  оқу  формалары  және 
оқу-тәрбиелік 
процесті 
ұйымдастыру 
формалары 
болып 
ажыратылады [6,13,45 және б.].   
Жалпы оқу формалары – жаппайұжымдықтоптықжұптық
жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді [45]. Жалпы 
оқу  формалары  негізін  –  оқушылардың  өзара  және  мұғаліммен 
оқушылар  арасындағы  ерекше  комуникативті  әрекеттестіктері 
құрайды. 
Жаппай  оқыту  формасы  –  оқушылардың  бәрі  бір  мақсатта, 
бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде 
қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. 
Бұл,  ауызекі,  көрнекі,  практикалық  әдістерді,  сондай-ақ  білімді 
бақылау  үрдісінде  жүзеге  асырғанда  қолданылатын,  оқуды 
ұйымдастырудың  дәстүрлі  түрі,  информатика  сабағында  өз  мәнін 
жойған жоқ.  
А.И.  Бочкин  [3]  айтқандай,  компьютердің  ықпалы  мұғалімнің 
көрсеткенін  оқушылардың  дереу  жаңғыртып  орындау  мүмкіндігімен 
айқындалады.  Бұл  ретте,  мұғалім  оқушылардың  жаппай  және  жеке 
жұмыс  әрекеттерін  ұйымдастыру  және  бағдарламалық  басқаруымен 
қатар,  олардың  компьютерлерін  сәйкес  режімдерге  (жаппай  немесе 
жеке  әрекеттерін)  ауыстырып,  сондай-ақ  оқушылардың  барлық 
жұмыс  орындарында  компьютерлік  ортаның  бірыңғай  жағдайын 
орнатады.  
Оқытудың  жаппай  формасында  оқушылардың  іс-әрететтері 
мұғалімнің  басқаруымен  жүзеге  асатыны  айқын.  Бірақ,  әрекеттердің 
жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене 
түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек. 


 
44 
Ұжымдық 
оқыту 
формасының 
жаппай 
оқытудан 
айырмашылығы,  сынып  оқушыларының  арасында  лидері  бар  қарым-
қатынас  ерекшеліктерімен  қалыптасқан  жеке  ұжым  ретінде  
қарастырылады. 
Топтық  оқыту  формасында  –  оқушылар  әртүрлі    негізінде, 
алуан  түрлі  мерзімге  құралатын  топтарда  жұмыс  жасайды.  Бұл 
компьютерлік  техниканы  қолданғанда  оқытудың  әдеттегі  түрі, 
мысалы,  жаңа  бағдарламалық  өнімдерді  игергенде,  жобалармен 
жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда. 
Топтың  ішінде  қарқынды  ақпарат  алмасу  пайда  болады,  сондықтан 
деңгейі  және  ынтасы  әртүрлі  оқушылардан  құралған  топтарда 
топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.  
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, 
бірін-бірі  оқытып,  бірін-бірі  бақылап  отыратын  екі  оқушы  арасында 
жүзеге  асады  [45].  Белгілі  бір  кезекпен  оқушылардың  жұптарын 
ауыстырып  оқыту  формалары  бар,  сол  арқылы  жұптық  оқыту  түрін 
ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет