Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
Жеке дидактикалық оқыту әдістері 1. Ақпаратты жеткізу көзі мен қабылдау сипаты бойынша –
дәстүрлі әдістер жүйесі (Е.Я. Голант, И.Т. Огородников және т.б.):
ауызша әдістер (әңгіме, сұхбат, дәріс және т.б.); көрнекі (көрсетілім,
демонстрациялау және т.б.); практикалық (зертханалық жұмыстар,
шығармалар және т.б.).
2. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының деңгейі бойынша – айтып беру, баяндау, сұхбат, өздік жұмыс;
3. Нақты дидактикалық тапсырмаларға байланысты (Б. П. Есипов) – қабылдауға дайындық, түсіндіру, материалды бекіту және
т.б.;
4. Білімді бөлу және қосу қағидасы бойынша – талдамалы
(аналитикалық),
жинақтамалы
(синтездік),
салыстырмалы,
жалпылаушы, жіктеуші;
5. Ақыл-ойдың білімсіздіктен білімге жылжу сипаты бойынша – индукциялық, дедукциялық.