Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатика сабағының құрылымы



Pdf көрінісі
бет49/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

2.4.2. Информатика сабағының құрылымы  
Сабақ  —  бұл  оқыту,  дамыту  және  тәрбиелеу  міндеттерін 
ұжымдық  және  жеке  орындау  кезінде  жүйелі  түрде  қолданылатын  
мұғалімдер  мен  оқушылардың  белгілі  бір  құрамының  (белгілі  бір 


 
59 
уақыт  кезеңінде)  өзара  нысаналы  қарым-қатынасын  (әрекеті  мен 
қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).   
Материалды  уақыт  бойынша  үлестіру  сабақтағы  зейіннің 
тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:  
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын 
өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек. 
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен 
жинақылығының кезеңі.  
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін 
құбыла  бастап,  қателер  көп  жіберіледі.  Жұмыс  ынтасының 
азайтылуын,  зейіннің  босаңсуын  талап  етеді  (теориялық  дәлелдерден 
мысалдарға көшу және т.б.). 
Сабақтың  31-45  мин.  –  қойылған  мақсатқа  байланысты  зейінді 
жинақтау  (ерікті  зейін).  2.2-суретте  сабақтың  оқу  уақытын  осылай 
үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.  
2.2-сурет. Сабақтағы  уақытының бөлінуі 
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. 
Қазіргі  сабақтың  ерекшеліктерін  анықтау  үшін  дәстүрлі  сабақтың 
оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет