§ 26. ҚАзАҚсТАННыҢ ЭКОНОМИКАлыҚ ДАМУы
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару. 1861 жыл-
дың 19 ақпанындағы реформа Ресейдiң бiрде-бiр аграрлық
мәселесiн аяғына дейiн шеше алмады. Осындай жағдайда
Ресей үкiметi, бiрiншiден, iшкi губерниялардағы әлеуметтiк
толқуларды әлсiрету және жер мәселесiн өзiнше шешу үшiн
орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуды
ұйғарды. Екiншiден, шаруалардың бiр бөлiгiн ұлттық аудан-
дарға көшiре отырып, патша үкiметi өзiне әлеуметтiк тiрек
жаса мақ болды.
Әуелгi кезде патша үкiметi қазақ өлкесiн әскери, яғни
казак-орыс отарлауымен шектелдi. Ресейдiң орталық
аудан дарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту
XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX
ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал,
Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын
қоныстандыру жаппай етек алды. Жетiсу облысының губер-
наторы Г.А.Колпаковскийдiң ұсынысына сай, 1868 жылы
“Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы” жаңа ереже
қабылданды. 1883 жылға дейiн күшiн сақтаған бұл құжатқа
сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берiлдi, бiр-
қатар басқа да жеңiлдiктер қарастырылды.
1883 жылы Жетiсу облысында жаңадан келушiлердi,
сондай-ақ Шығыс Түркiстаннан қоныс аударған ұйғыр-
лар мен дүнгендердi орналастыру туралы жаңа ереже
бекi тiлдi. Ендi жан басына берiлетiн жер үлесi 30 емес, 10
де сятина болып белгiлендi, сонымен қатар қоныстанушы
орыс шаруалары салықтар мен мiндеткерлiктерден үш жыл-
ға босатылды. Әрине, Жетiсуда жердiң тапшылығы және
дала лық аудандардан бұл жердiң құнарлылығы, таби ғи
географиялық шарттардың қолайлылығы осындай шешiм-
дер дiң iске асырылуын тездеттi.
1889 жылы 13 шiлдеде “Село тұрғындары мен мещан-
дарының қазыналық жерлерге өз еркiмен қоныс аударуы
және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қа-
рас тыру” жөнiнде жаңа заң қабылданды. Бұл құқықтық
талапта Тобыл, Том губерниялары, Жетiсу, Ақмола және
Семей облыстары шаруаларды қоныс аударатын басты
аймақтар ретiнде белгiлендi. 1891 жылғы ереже 1889 жыл -
ғы құжаттың жекелеген мәселелерiн нақтылады. Мы-
салы, кейiнгi шешiмде облыстар мен губернияларды бұрын
151
қоныстанған шаруаларға жан басына 15 десятинадан жер
берiлетiн болып шешiлдi.
Iшкi аймақтардан шаруаларды қоныстандыру патша
үкiметiнiң отаршылдық саясатының да бетiн ашты. Келiм-
сектерге көшпелi қазақтардың жерiн тартып алып беру,
тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастау, жергiлiктi қазақ
ауылдарының мүддесiмен ешқандай санаспаудың салдары
байқалды. Бұл құбылыс тiптi жылдан-жылға тереңдеп,
мал шаруашылығының дамуына да нұқсан келтiрдi. Тек
1855 жылдан 1893 жылға дейiнгi аралықта Ақмола облысы
қазақтарының пайдалануынан 250 мыңнан астам десятина
жер тартып алынып, 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан
24 село ұйымдастырылды. Ал Семей облысында нақ сол
кезде қазақ шаруаларынан 33 мыңнан астам десятина егiстiк
жер тартып алынды.
Әсiресе қоныс аударушылардың лек-легiмен шұбырған
басты аймағы — Жетiсу өлкесi. 1868—1880 жылдар ара-
лығында бұл өңiрде 3 мыңнан астам отбасының 2 мыңдайы
жаңа қоныстанушы болса, оның 1 мыңнан астам шаңырағы
қалаларда орын тептi. Қоныстандыру саясаты, сонымен
қатар Сырдария облысын да жаппай қамтыды. Шымкент,
Ташкент, Әулиеата уездерiнде орыс, украин шаруалары
1884—1892 жылдар аралығында 37 қоныс орындарын
құрды. Қазақ жерлерiн тартып алу үшiн патша үкiметi
1895 жылы орталықтан Щербина экспедициясын шығарды.
Ол қазақ халқын және оның малы мен жайылымдық жер-
лерiн есепке алды. Бұл экспедиция жердi пайдаланудың
мөлшерiн белгiлеп, қазақтардан жердi одан әрi тартып алуға
алғышарттар дайындады. Щербина экспедициясы 8 уез-
дi зерттеп және ондағы қазақтардың жерлерiнiң “артық
мөлшерiн” анықтады. Осы жерлер қазақтардан алынатын
болды. Нәтижесiнде, көрсетiлген уездерде қазақтардан
бар лық жердiң жартысы отаршылдардың есебiне тартып
алынды. Жетiсу облысында қоныстанушы орыс халқы бар-
лық халықтың 10%-ын ғана құраса да, егiн егуге жарамды
жердi түгелдей дерлiк өздерiнiң қолында ұстады.
Қазақ ауылының жағдайы. XIX ғасырдың ортасынан
бастап қазақ жерiне капиталистiк қарым-қатынастардың
тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өмiрiне,
әлеуметтiк жағдайына әсерiн тигiзбей қоймады. Мал шаруа-
шылығы мен отырықшы жер шаруашылығының етек ала
бастауы да капитализмнiң тiкелей әсер етуiнiң бiр көрiнiсi.
152
Дәстүрлi көшпелi өмiрге негiзделген мал шаруашылы-
ғы Сырдарияға жақын аудандарда, Орталық Қазақстанда,
Бетпақдалада, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында
және басқа да өлкелерде сақталынды. Қоныс аудару процесi
Қазақстанның солтүстiк аудандарында да кең етек алды.
Мұнда егiншiлiк басым болатын да, таза көшпелi мал
шаруашылығы сирек кездесетiн едi. Бiрақ оның өзiнде
де малдың құрамы, жердi иелену сипаты ескi көшпелi
шаруашылыққа көп ұқсай бермейтiн едi. Жылқы санының
азайып, сиыр санының көбеюi де бiртiндеп ауыл өмiрiне ене
бастаған капитализмнiң белгiсi болды.
Капиталистiк қатынастардың бiртiндеп етек алуы
және орталық губерниялардан орыс, украин шаруаларын
көптеп қоныстандыру көшпелi қазақтар арасында оты-
рық шылықтың кең тарауына себепшi болды. Егiн ша-
руашылығымен шұғылдану ауылды астықпен, тұқыммен
тұ рақты қамтамасыз етiп отыруға мүмкiндiк бердi. Дала-
лы, қуаңшылықты аймақтарды суландыру жүйесiн кең
пай далану қазақтарды отырықшылыққа кеңiнен тартты.
Егiншiлiктiң дамуы, әрине, табиғат жағдайына да бай-
ланысты едi. Ылғалдың жеткiлiктi сақталуы (мыса лы,
Жайық пен Тобыл өзендерi бойында) қазақтар дың қара-
пайым соқаны тұрақты пайдалануына жағдай тудырды.
Сырдария, Жем, Ырғыз, Сарысу өзендерi алқаптарында егiн
шаруа шылығы маңызды орын алды. 15 мың десятина жердi
суландыру әдiсiмен өңдегенде қазақ шаруалары 1 миллион
пұтқа дейiн астық өндiретiн.
Патша үкiметiнiң қауымдық жерлердi зорлықпен басып
алу саясатын жүргiзуi, отаршылдық-әкiмшiлдiк басқару
әдiсiнiң күшеюi қазақ шаруалары арасында әлеуметтiк
жiктелудi тездеттi. Қалалар мен орыс қоныстарының ма-
ңайында орналасқан немесе көшiп-қонып жүрген қазақ
ша руалары бiртiндеп нарыққа тартыла бастады. Сөйтiп,
көшпелi шаруашылық жүргiзудiң ескi әдiстерi өзгердi.
XIX ғасырдың 70—80-жылдарынан бастап кедейленген
қазақтар күнкөрiс көзiн табу мақсатымен тау-кен орын-
дарына, қалалы жерлердегi iрiлi-ұсақты кәсiпорындарға
тартыла бастады. Қазақ жатақтары ауылдық пролетариат тың
әлi қалыптасып үлгiрмеген тобына жататын. Өз рулас тарынан
бөлiне бастаған жатақтар қазақ ауылының басқа топтарымен
салыстырғанда жаңа, алдыңғы қатарлы өндiрiске бiр табан
жақын едi. Жатақтар, сонымен қатар әлеуметтiк келбетiн
153
өзгерте бастады. Рулық, патриархаттық ортадан ажыраған
жатақтар жаңа таптық мазмұндағы құбылыстарды бiршама
тез қабылдады. Орыс жұмысшы шаруаларымен, қалалық
нарықпен байланыстылығы, олардың таптық көз қарастары
мен мүддесi ортақтығын ерте сезiндiрдi.
Жаңа өндiрiстiк орындардың дамуы. Реформадан кейiнгi
жылдарда өндiргiш күштердiң қауырт даму жолына түсуi,
бүкiлресейлiк нарықтың орталықтануы, капиталистiк
қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейiп дамуына әсер
еттi. XIX ғасырдың 30 — 50-жылдарында қазақ жерiндегi
табиғи байлық көздерi бiршама анықталып, көмiр, кен, тұз,
қорғасын жылдан-жылға көптеп өндiрiле бастады.
Ресейлiк кәсiпқойлар өз қаражатын Қазақстан сияқты
пайдалы табиғи қазба байлықтары мол елде өндiрiстiк
орындар салдыруға жұмсай бастады.
Ауыл шаруашылығы шикiзаттарын өңдейтiн терi, май
кәсiпорындары iске қосылып, Каспий, Арал теңiздерiнде,
Балқаш көлiнде балық аулау кәсiпшiлiгi қанат жайды.
Қазақстанды елдiң басқа аудандарымен байланысты-
ратын темiржол тораптары салынды. Егер XIX ғасыр-
дың соңғы он жылында өлкеде 482 км темiржол тартылса,
XX ғасырдың басындағы бес жылда бұл көрсеткiш 1 818 ша-
қырымға жеттi.
XIX ғасырдың екiншi жартысында негiзгi бөлiгi қалаларда
шоғырланған өңдеу өнеркәсiбiнiң зауыт, фабрикалары әлi
де болса әлсiз, жабдықталуы тым қарапайым едi. Ешқандай
техникалық мамандығы жоқ жұмыскер, әсiресе қазақ жұ-
мыс шылары, сапалы да көлемдi өнiм шығара алмады. Тек
XIX ғасырдың соңғы жылдары өнеркәсiптегi жағдай бiр-
шама өзгердi. 300—400 жұмыскерi бар, салыстырмалы түр де
Успен (Нiлдi) мыс кенiшi
154
iрi деп атауға келетiн өндiрiс орындары пайда болды. Успен
кенiшi, Қарағанды көмiр алабы, Екiбастұз, Риддер өндiрiстiк
орындары — бүкiл ел көлемiнде белгiлi болды. Тау-кен
орындарымен қатар қазақ жерiнде тұз өндiрiсi де ұлғайды.
Мысалы, 1867 жылы Басқұншақ кәсiпорнын да 55 мың
пұтқа жуық тұз өндiрiлсе, 1900 жылы бұл көрсеткiш 20 млн
пұттан асты.
Қазақ жерiнiң табиғи байлығы шетел капиталистерiнiң
де назарын аударды. Спасск-Успенск, Атбасар, Риддер,
Қарағанды және Екiбастұз кәсiпорындары, бiрнеше мұнай
өндiретiн орталықтар шетелдiк иелерге сатылды. Мысалы,
Спасск мыс кенiшi акционерлiк қоғамының акциялары
АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция, т.б. елдер өнеркәсiбi
иеле рiнiң қолына көштi.
Табиғат байлықтарының қауырт игерiле бастауы, ақша-
тауар қатынастарының дамуы банк-кредит ұйымдарына
жол ашты. Ресей мемлекеттiк банк бөлiмшелерi, алдымен
шаруашылық және мәдениет ошақтарында Оралда
(1876 ж.), Петропавлда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда
(1895 ж.), Верныйда (1912 ж.) ашылды. Сiбiрлiк 57 сауда
бөлiмшесiнiң жетеуi Қазақстанда қызмет еттi. Филиалдары,
саны жағынан, Қазақстанның шаруашылық өмiрiнде белгiлi
орын алған — “Орыстың сауда өнеркәсiптiк банкi”. Оның
бөлiмшелерi Қазақстанның iрi қалаларында XX ғасырдың
басында кеңiнен ұйымдастырылған болатын.
сауда және қалалар. Қазақ ауылына қоныс аударып
кел ген орыс, украин шаруаларының тұрақ мекендерiне
күннен-күнге әсерiн күшейте бастаған жаңа нарықтық
қатынастар сауда көлемiне де, оның мазмұны мен мәнiне де
әсер еттi. Ресей сауда капиталының шалғай қазақ ауылдары
өмiрiне ықпалы мен әсерi империяның орталық аудандары
мен орталық өлке арасындағы шаруашылық байланысты,
тауар алмасу мен айырбасты бiршама кеңейттi. Ауылдың
әлеуметтiк және шаруашылық өмiрiнде малды саудалап,
оны тауарға айналдыру ерекше байқала бастады. Мысалы,
XIX ғасыр дың 80-жылдарында Ақмола, Сарысу, Қарқаралы
уездерi арқы лы Ресейдiң орталық аудандарына 60 мың
iрi қара, 200 мың ға дейiн қой жеткiзiлетiн. Петропавлдан
Қорған және Шадринск арасындағы мал айдайтын жолмен
жыл сайын 340 мыңдай iрi қара, сондай-ақ 550—600 мыңға
тарта қой, ешкi айдалды.
Сауда тек малмен ғана байланысты болған жоқ, XIX ға-
сырдың екiншi жартысында орталық өнеркәсiптi аудан-
155
дардан мақта мата өндiрiсiнiң бұйымдары да көптеп әкелiндi.
Фабрикада жасалынған тауарлар ортаазиялық сапасы
төмен майда бұйымдарды ығыстырып, олардың көшпелi
қазақтармен саудадағы үлесiн төмендеттi. Жүздеген мың
сомға әкелiнген металл, шұға, жiбек, былғары бұйымдары
жылдан-жылға сауданың өзара тиiмдiлiгiн арттырып, еңбек
құрал-жабдықтарының: шалғы, пышақ, соқа, балта, т.б.
күнделiктi шаруа тұрмысында жиi пайдаланатын бұйымдар
мен құрал-жабдықтардың сатылуын молайтты.
Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмең-
келер ерекше орын алды. Әрине, тауар жеткiзетiн жолдар
әлi де тапшы едi. Әйтсе де қалалық орталықтары ендi ғана
қарқынды дами бастаған қазақ даласында тұрақты сауданы
дамытудағы жәрмеңкелердiң орны ерекше. 1832 жылы Бөкей
(Iшкi) Ордасында ашылған тұңғыш жәрмеңке осы өңiрдегi
iрi сауда орталығына айналды. XIX ғасырдың ортасынан
бастап жәрмеңкелер саны да жедел өстi. Бiр ғана Шығыс
Қазақ станда XIX ғасырдың 80-жылдары 70-тен астам iрiлi-
ұсақты қалалық, далалық жәрмеңкелер ашылған, олардың
тауар айналымы жылдан-жылға өстi.
Қазақстан аудандарындағы жағдайды салыстыра қара-
сақ, жәрмеңкенiң басты дамыған өңiрi Ақмола облысы
едi. Ең iрi жәрмеңкелердiң басым көпшiлiгi де осы облыс-
та шоғырланды: Тайыншакөл (Петропавл уезi), Констан-
тиновкада (Еленецкая), Ақмола қаласында, Петровкада
(Атбасар станицасында), т.б. Бұл жәрмеңкелердiң сауда
айналымы жөнiнде төмендегiдей мәлiметтер сақталған:
1875 жылы Тайыншакөл жәрмеңкесiнде сатуға түскен
қой саны — 78 мың, Константиновкада — 77 мыңға жуық,
Петровка да — 2 мың болды.
Аса iрi жәрмеңкелердiң бiрi — Семей облысы, Қарқаралы
уезiндегi Талды-Қоянды деген жерде 1848 жылы ашылған,
көпес Варкав Ботовтың есiмiмен аталатын жәрмеңке.
Қытайдан, Орта Азия елдерiнен, Ресейдiң iрi сауда орталық-
тарынан ауқатты көпестердi жинайтын бұл жәрмеңке, өз
кезiнде Қазақстанның шаруашылық және қоғамдық өмiрiнде
мейлiнше белгiлi болды.
Өлкедегi жоғарыда аталған iрi жәрмеңкелермен қатар,
әсiресе Қытаймен сауда арқылы белгiлi болған Қарқара
(Жетiсу облысы), сонымен қатар Ойыл (Орал облысы), Шар-
Екатеринская (Семей облысы) жәрмеңкелерi болды.
Отаршылдық сипат сауда байланыстарынан да көрiнiс
тапты. Көшпелi қазақтардың көпшiлiгi ақша-тауар айна-
156
лымына жетiк мән бермедi. Өз тауарларының ақшаға шақ-
қандағы құнын толық бағалай алмады. Сауда заттарына
төлейтiн ақшасы болмаған қазақтар, олардың бiр бөлiгiн
несиеге алатын. Айырбас саудасында қазақтардың есебi
“тоқты” немесе бiр жасар “iсек” қой болды.
семей қаласындағы бiр мұнаралы мешiт
157
Несиеге майда-шүйде үй бұйымдарын алған көшпендiлер
көп жағдайда кiрiптарлықта қалатын, өйткенi ол та уар-
лардың ақысына кейiннен үстеме төлейтiн. Көшпендiлер дiң
аңқаулығын пайдаланған айлакер, жебiр көпестер қазақ-
тардың малы мен затын төмен бағалап, өз тауарларының
құнын асыра көтеретiн. Тең сауда болмайтын. Орталық
аудандарда 6—7 сомға сатылатын самаурынға 20—25 қой,
құны 15 тиыннан аспайтын ұстара үшiн ашқарақ саудагерлер
қой сұрайтын. Әкелген тауарларының сапасы да мардымды
болмайтын.
XIX ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан қалаларын-
дағы халық санында, әлеуметтiк-экономикалық ахуалда
түбiрлi өзгерiстер қалыптасты. XIX ғасыр мен XX ғасырдың
басында қазақ жерiнде 19 жаңа қала пайда болды. Халқының
саны, таптық, дiни құрамы жағынан бұл қоныстар әртүрлi
дәрежеде қалыптасты. Олардың бiр тобы көлемi шағын,
тұрғындарының саны мардымсыз елдi мекендер дәрежесiнде
қалды.
1897 жылы Ресейде тұңғыш өткiзiлген халық санағына
қарағанда, жекелеген iрiлеу қоныстарда халық саны тө мен-
гiдей: Орал — 36 446, Верный — 22 744, Семей — 20 216,
Қостанай — 14 175 адам. Кiшi қоныстар бойынша: Атбасар
(1846 ж.) — 3 038, Көкпектi (1827 ж.) — 2 830, Торғай
(1845 ж.) — 896. Қа ла халқының саны түрлiше жолдармен
қоныс аударған шаруа лар, ауылдан қол үзген қазақтар,
iшкi демографиялық өсiм есебiнен қалыптасып отырды. Iрi
қоныстарда бiртiндеп өнер кәсiп орындарының салынуы,
жұмысшылар санының өсуiне және ұлттық құрамының
өзгеруiне әсер еттi. Қазақ стан жұмысшы табының негiзгi
шоғырланған саласы тау-кен өнеркәсiбi болғаны кездейсоқ
емес. XIX ғасырдың со ңында аталған салада 19 мыңдай
жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болды.
Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысшылардың басым
көпшiлiгi қазақтар едi. Олардың ұлттық құрамы басынан
интернационалдық негiзде қалыптасқандықтан, бұл жағдай
кейiнгi жылдардағы таптық қозғалыстың да көпұлттық маз-
мұнына әсер етпей қой мады.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орыс, украин шаруаларын қазақ жерiне әкелiп қоныстандырудың
салдарын қалай сипаттауға болады?
2. Капиталистiк қатынастардың дамуы қазақ елiнiң ауыл шаруа-
шылығына қалай әсер еттi?
158
3. Патша өкiметiнiң отаршылдық саясатын ашып көрсетiңдер.
4. Сауданың, қалалардың өсуiне не себеп болды және оған қандай
баға беруге болады?
Құжаттар
Қазақтардың кедейленуi
“Бiр саудагердiң қазақтарды алдап, сiрiңкенi “қасиеттi от” деп
сатқаны қазiрге дейiн ұмытылмай айтылып жүр. Қазақтардың
оған сенгенi сонша, сiрiңкенiң бiр қорабына бiр немесе бiрнеше қой
беретiн. Кейiннен байып алған көпестердiң бiреуi қатып қалған тас
кәмпиттi қазақтарға “Мұхаммедтiң тұзы” деп сатқан”.
Киргизская степная газета.
1898, 31 мая. №22.
семей облысына сипаттама
1882 жыл.
“Малынан, сонымен қатар күнкөрiс көздерiнен айырылған
қыр ғыздар (қазақтар. — Ж.Қ.) ауылдарын тастап, жұмыс iздейдi.
Қырғыз жатақтар қалалар мен қоныстардың маңайында орын теуiп,
күндiк жұмысқа жалданады”.
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк
мұрағаты. 64-қор. 1-тiзiм. 388-iс. 52-парақ.
§ 27. ҚАзАҚ-ҚыТАЙ сАУДА ҚАТыНАсТАРы
сауда байланыстарының барысы. 1851 жылға дейiн Ре-
сей мен Цин империясы арасындағы сауда-экономикалық
байланыстар, негiзiнен, Кяхта қаласы арқылы жүзеге
асы рылатын. Шығыс Қазақстан және iшiнара Жетiсу өңi-
рiнің Шыңжаңмен сауда айналымы әлi де жүйелi жолға
қойылмады. Ресейдiң сыртқы iстер министрлiгiнiң Азия
департаментiнiң вице-директоры Н.И.Любимов Қытайдың
батыс аудандарынан қайтып оралғаннан кейiн мемлекеттiк
канцлер К.В.Нессельродеге жолдаған арнайы хатында,
бұл сауданы нақты жолға қоюдың Ресей мен Қытай елдерi
үшiн тiптi саяси алауыздықтарды шешу iсiнде ерекше орын
алатындығын аңғартты.
Ресей империясының бұл кезде Кенесары Қасымұлының
көтерiлiсiн жаншып, Қазақстанның орталық өңiрi мен Же-
тiсудың бiр бөлiгiн басып алуы Орта Азияның дербес хандық-
159
тарын жаулауға қолайлы жағдай туғызды. Бiр жа ғы нан,
ағылшындардың Цин империясының батысына ықпалы-
ның таралуына қарсылық, екiншi жағынан, эконо микалық
қатынас арқылы өзiнiң өктемдiгiн күшейту үшiн, сонымен
қатар дәстүрлi керуен саудасының жергiлiктi ха лық тарға
да, мемлекеттiк қазынаға да пайдалылығын ескерген Ресей
үкiметi 1851 жылғы шiлде айының 25-iнде Қытай үкiметiмен
Құлжа келiсiмiне қол қойды.
Осы шартқа сай, Батыс Қытайда Ресейдiң елшiлiк орта-
лықтарының, орыс көпестерiнiң арнайы сауда орындарының
ашылуы Ресей мен Қытай мемлекеттерi арасындағы жалпы
экономикалық және саяси ахуалды бiр ретке келтiруге се-
бепшi болды. Дегенмен, Цин империясымен тiкелей саудада
орыс көпестерiне бiрқатар шек қойылды. Айта кете тiн бiр
жағдай, Құлжа шартына сай Қытаймен ертеден керуен
саудасын дамытуда белгiлi орталықтар — Троицк, Орын бор,
Семей кедендерiнiң, Өскемен кеден бөлiмiнiң сауда құқық-
тары кеңейтiлдi.
Құлжа сауда шарты, сонымен қатар Қазақстанмен iргелес
Жаркент, Ақсу, Шәуешек қалаларының сыртқы саудасында
шай, жiбек, қант сияқты қазақ руларының күнделiктi тұр-
мы сына аса қажет тауарлардың көлемiн бiрден көтердi.
1852 жылы бiр ғана Шәуешек қаласы арқылы қазақтардың
бұйымдарын айырбастауға 15 пұттан артық жiбек мата
жеткiзiлдi. Орта Азия және қазақтар үшiн, әсiресе қажет,
басты тауар, әрине — шай. XIX ғасырдың 40-жылдарының
аяғында Батыс Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге орташа
есеппен 140 пұтқа жуық шай жеткiзiлсе, Құлжа шартының
бекiтiлуiне орай кейiнгi жылдары жылына, шамамен, 3000
пұт шай сатып алынатын. Аталмыш сауда келiсiмiнен
кейiн гi бiрнеше жылдың iшiнде Қазақстан арқылы iске асы-
рылатын орыс-қытай саудасы төрт есеге ұлғайды. Алайда
1855 жылы Ресеймен экономикалық байланыстың белгiлi
орталықтарының бiрi — Шәуешектегi орыс көпестерiнiң
сауда орындарын жергiлiктi тұрғындардың талан-таражға
салуы Шыңжаң мен Қазақстанның байланыстарын уақытша
тоқтатты. Осыған байланысты Батыс Сiбiр генерал-губер-
наторы екi ел арасындағы қайшылық шешiлмейiнше сауда
қатынастарын шегере тұруды жөн көрдi. Ресей көпестерiнiң
саудасы тек қана Құлжа қаласымен шектелдi.
Ресейдiң Қырым соғысындағы жеңiлiсi, Орта Азия
иелiктерiмен қайшылықтар, осы өңiрдегi ағылшын-орыс
160
бәсе келестiгi Шәуешек қайшылығын шешудi тездеттi.
1856 жылы I Александр патша Сiбiр комитетiне жолда-
ған нұсқауында сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды
талап еттi. Шәуешекке арнайы жiберiлген Ресей үкiметi
өкiлiнiң алдына қойылған талап — осы дауды екi жақтың
мүдделерiн ескере отырып, шешу болатын.
Жоғарыда көрсетiлген Шығыс Қазақстанның елдi ме-
кен дерiмен қатар XIX ғасырдың 50—60-жылдарында Шың-
жаңмен саудаға Жетiсудың бiрқатар қоныстары кеңiнен
тартыла бастады: Қапал, Верный, Орта жүз бен Жетiсудың
аралығындағы Аякөз (Сергиополь) Батыс Қытайға баратын
керуен сауда жолдарында орналасқан едi. Бiр жағынан,
Қоқан хандығында Ресейдiң ықпалын күшейту, екiншi
жағынан, Жетiсу мен Солтүстiк Қырғызстанды отарлауда
маңызды тiрек болған Верный қаласы мен уезi Қытаймен
сауданы кеңейтуде де ерекше орын алды.
Қазақстан арқылы дамыған орыс-қытай сауда байланыс-
тары XIX ғасырдың 60-жылдарының екiншi жартысында
бiршама құлдырап кеттi. Маньчжур-Цин әулетiнiң өзiн
басқа мемлекеттерден алшақ ұстауы, iрi Еуропа елдерi
мен Ресей саясатының қайшылықтары, олардың отаршыл
саясаты, шаруалар көтерiлiсi, 60-жылдардағы Iле өлкесiнде
жергiлiктi халықты әлеуметтiк жағынан езудiң күшеюi
Қазақстанның Шыңжаңмен байланыстарын әлсiреттi. 1864
жылғы Шыңжаңдағы көтерiлiстiң барысында Iле өлкесiнде
дербес Iле сұлтандығының, Қашқарияда — Жетiшар
мұсылман мемлекеттерiнiң құрылуы орыс-қытай, қазақ-
қытай байланыстарына бiрқатар өзгерiс енгiздi.
1871 жылы патша әскерiнiң Iле өлкесiне енгiзiлуi тек
саяси жағдайға әсер етiп қоймай, шекаралық ауданда сау-
да-экономикалық қатынастарды үзбеудi қарастырды. Iле
сұлтандығының Түркiстан генерал-губернаторлығына бағын-
дырылуы шынайы түрде Жетiсу өлкесi мен Батыс Қытай
арасындағы керуен саудасына дем бергенiмен, ресейлiк отар-
лық тәртiптiң орнауына да жол ашты. Орыс әскерлерiнiң
уақытша осы өңiрде болуы жергiлiктi тұрғындардың экономи-
касының өзiндiк шаруашылығы шеңберiнен шығып, көршi
елдермен тұрақты шаруашылық байланыстардың кеңеюiне
себепшi болды. 1881—1883 жылдары орыс үкiметiнiң келiсi-
мiмен Қырғызстан мен Жетiсу өлкесiне ұйғыр, дүнген және
қазақтардың бiр бөлiгiнiң қоныс тебуi халық санының өзге-
руiне, шаруашылық ынтымағының тереңдеуiне жол ашты.
161
1881 жылғы Петербург келiсiмi. Өзара тиiмдi сауда
қатынастарының қарқыны Ресей және Цин империясының
арасындағы әртүрлi саяси алауыздықтарды шешуге де
байланысты едi. 1860 жылғы екi ел арасындағы Пекин шарты,
1864 жылғы Шәуешек хаттамасы Ресейдiң Қырғыз елi мен
Жетiсу бойын өзiне қаратып алғаннан кейiн қалыптасқан
ахуалды ресми түрде тануды негiздедi.
XIX ғасырдың 70-жылдарындағы патшалы Ресейдiң
отар шыл саясатының күшеюi, осы маңызды өңiрде өзiнiң
дара үстемдiгiн орнатуға тырысуы, шетелдiктердi, әсiресе
ағылшындарды, осы өңiрден ығыстыруға ұмтылуы сауданы
кеңейту арқылы да iске асырылатын мақсат едi. Шыңжаңға
сапар шеккен керуендер құрамына арнайы қосылған үкi-
мет өкiлдерiне Батыс Қытайдағы саяси жағдайды бағ дар-
лау, әрқилы ахуал жайында мәлiмет жинастыру тапсы ры-
латын.
Осындай жағдайда 1881 жылы ақпан айында екi елдiң
арасында Петербург шартына қол қойылды. Келiсiм Ресей
мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына
кең жол ашты. 80-жылдардағы шекаралық аудандар арқылы
ұйымдастырылған керуен саудасының көтерiлуi де Петербург
келiсiмiнiң тiкелей нәтижесi.
Шыңжаңмен жалпы экономикалық байланыстардың
кеңеюi саяси қайшылықтардың бәсеңдеуiне, саудаға Зай-
сан, Бақты, Қорғас тұрғындарының, шағын елдi мекендердiң
тартылуына себепшi болды.
1867 жылы дербес Жетiсу облысының құрылуы, 1882
жылы Түркiстан генерал-губернаторлығының ұйымдасуы
Жетiсу аймағының Қытаймен саудасына мейлiнше әсер
еттi. Жетiсу облысы құрамына Жаркент, Қорғас және
Ыстық көл уезiнiң кiруi, Қарқара жәрмеңкесiнiң сауда орта-
лығы ретiндегi қарқынды қадамдары Жетiсудың Шығыс
Қазақстанмен қатар iрi сауда экономикалық ауданға айна-
луына себепшi болды.
Қазақстанның Қытаймен әржақты сауда байла ныста-
ры ның тарихында белгiлi орын алатыны — су жолы эко-
номикалық қатынастарының жолға қойылуы. Iле өзе нiнiң
алабын сауда қарым-қатынасына пайдалануда Ресей мен
Қытай арасындағы арнайы келiсiмнiң болмауы Балқаш
көлiн, Iле өзенiн сауда мақсатына пайдалану мүмкiндiгiне
шек қойды. Бұл мәселе 1881 жылғы Петербург шартында
анықталды. Жетiсу облысының губернаторы генерал-лей-
тенант Г.А.Колпаковский Iле өзенiн Қытаймен саудада
162
пайдаланудың, экономикалық маңызына көңiл аударып,
мәселенiң шешiлуi Ресей және Қытай арасында келiсiм-
шартқа қол қоюға байланыстылығын атап көрсеттi.
Ресейдiң сыртқы iстер министрлiгi де Құлжа қаласы-
на дейiн кемемен сауда ұйымдастырудың шаруашылық
жағынан маңыздылығын толық мойындады. Iленiң су
тереңдiгiн бағдарлау нәтижесi Iле қонысынан Қытайдың
Сүйдiн бекiнiсiне дейiн кеме сауда iсiн жолға қоюға барлық
мүмкiншiлiк бар екендiгiн көрсеттi.
1882 жылы Верныйдың ауқатты көпесi Вали Ахун Юлда-
шев және инженер Поклевский Колпаковскийдiң қол да-
уымен Англиядан кеме алдырып, Ресейдiң Құлжадағы
елшiлiгiнiң демеуiмен 1883 жылы көктемде осы күрделi
ша руаны iс жүзiне асырды. Мамыр айының 4-iнде 20 мың
пұт астық тиеген кеме Қытайдың Сүйдiн бекiнiсiне жетiп, 20-
сында Iле қонысына қайтып оралды. Қытаймен тiкелей Iле
су жолының ашылуы XIX ғасырдың екiншi жартысындағы
орыс-қытай қарым-қатынасындағы белдi оқиғалардың бiрi
болды.
Алайда Қазақстанның Шыңжаңмен сауда байланыс-
тарының басты бөлiгi әлi де болса шекаралық кеден мен
қала лар арқылы жүргiзiлдi. XIX ғасырдың соңғы кезiнде
Қытайдың да бiрқатар қалалары Қазақстанмен саудаға бейiм-
делдi. Ресейдiң Iрбiт, Крестовск жәрмеңкелерiмен қатар
қытай рыногында Жетiсу өлкесiндегi Қарқара, Орталық
Қазақстандағы Қоянды (Ботов) жәрмеңкелерi ерекше көзге
түстi.
Қазақ жерi арқылы Ресейдiң Шыңжаңмен тауар айналы-
мының өсуi, өзiнiң саяси мақсаттарын шешуге тырысқан
Ре сей үшiн, әсiресе экономикалық жағынан пайдалы едi.
Қытаймен саудаға, жылдан-жылға тауар айналымын
ұлғайтқан қазақ саудагерлерi де бiрқатар үлес қосты. Әсiресе
Қытай шайына құмартқан қазақтар Ресей мемлекетiнiң
Шың жаңмен шекаралық саудаға жол ашуын дұрыс пайда-
ланды. Қазақ саудагерлерiнiң Қытайға шығаратын басты
тауары — мал Құлжаның, Шәуешектiң, Қашқардың, т.б.
iрi сауда орталықтарының базарларында көптеп сатылды,
айырбасқа түстi.
Шыңжаңға мал сатуда басқа қоныстармен салыстыр-
ғанда шекараға мейлiнше жақын орналасқан Жетiсудағы
Қарқара жәрмеңкесi үлкен рөл атқарды. Ыстықкөл және
Қарқара жәрмеңкелерi арқылы Ақсу, Тұрпан, Қашқар қа-
163
ла ларына, әсiресе мал семiрген, құны көтерiлген жаз айла-
рында жүздеген қазақ, ұйғыр, орыс көпестерi малды топ-
тобымен айдап бара жататын. Шыңжаң жағынан бұл саудаға
қытайлықтармен қатар Батыс Қытайда қоныстанған өзге де
ұсақ ұлттар, соның ішінде, қытайлық қазақтар да қатысып,
Ресей билiгiндегi қазақтардың саудасы көңiлдi ойын-сауық,
думан мен аяқталатын.
1894 жылғы тамыз айының 30-ы күнi Сiбiр темiржолының
iске қосылуы, Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа
саты ға көтердi. Қазақстан қалаларын жанай өтетiн, бүкiл
Сiбiр өлкесiнiң экономикалық дамуына себепшi болған бұл
темiржол, Қытайға жақын аудандарға тауарларды жылдам
жеткiзетiн болды. XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақ
өлкесi арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиiмдi
болды, екi елдiң арасында тығыз шаруашылық байланыстар
орнап, кейбiр саяси қайшылықтарға қарамастан, кейiнгi
кезеңде де дәстүрлi байланыстарға жол ашты.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Құлжа келiсiмiнiң Қазақстан арқылы орыс-қытай саудасын да-
мытудағы рөлiн сипаттап берiңдер.
2. Петербург шартының Қазақстан—Қытай байланыстарының
дамуына ықпалы болды ма?
3. Шыңжаңмен Қазақстанның сауда байланысына Iле су жолының
ашылуы қалай әсер еттi?
Құжаттар
Барон Каульбарс Құлжа қаласындағы сауда туралы
“... Құлжа дүкендерiнiң 16-сы орыс маталарын сатумен айна-
лысады. 9-ында Қашқар матасы, халаттар, 30-ында майда-шүйде
тауарлар, темiр, сұйық, басқа да заттар саты лады... дүкендер
үйлердiң көше жағына қарай шығатын бөлiгiнде орналасқан. Оларда
май, ұн, шай, сапасы тәуiр өрiк, мейiз, әртүрлi қытай ман у фак -
турасының өнiмдерi, аз ғана мөлшерде киiз, тағы да мата, орыстың
шыты, қант, металл бұйымдары сатылады. Көше бойында әртүрлi
жейтiн тағамдар мен тәттi сататын ұсақ тауар сатушылар ерсiлi-
қарсылы жүрдi...”
Каульбарс А.В. Заметки о Кульджинском крае.
// Материалы для статистики Туркестанского края. СПб., 1874.
Вып. 3. С. 143.
164
Достарыңызбен бөлісу: |