Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж


§ 40. XX ҒАсыР БАсыНДАҒы ҚАзАҚсТАН МӘДЕНИЕТI



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 40. XX ҒАсыР БАсыНДАҒы ҚАзАҚсТАН МӘДЕНИЕТI
Мәдениеттiң дамуындағы негiзгi мәселелер. XX  ғасыр-
дың басындағы Қазақстанның мәдениетi елдi отарлау 
жағдайында өзiне жаңа сапа, басқа бағыт алған өткен мұ-
раның жалғасы болды. XIX ғасырдың ақырғы ширегi мен 
XX ғасырдың басында  өлкеде қалыптасқан әлеуметтiк-
экономикалық қатынастағы өзгерiстер мәдениет дамуына 
өз қолтаңбасын қалдырды.
Ата-бабамыздың рухани мұрасы, әсiресе ауыз әдебиетi, 
музыка өнерi және халық мәдениетiнiң басқа да түрлерi 
көршi халықтар мен елдер мәдениетiнiң озық үлгiлерiн 
қа былдап, жергiлiктi тұрғындардың дүниеге көзқарасын 
бұрын ғысынан кеңейте түстi.
Сонымен қатар сол кезде Қазақстанның әртүрлi аудан-
дарындағы саяси жағдай мен қоғамдық қозғалыстың мәде-
ниеттiң дамуына үздiксiз ықпал еткенiне де көңiл аудару 
ке рек.
Баспа жұмысының басталуы, жаңа басылымға күш салу, 
күнделiктi ұлттық басылымдардың басымдылығы, алғашқы 
маманданған қазақ журналистерiнiң жемiстi еңбегi мен 
қызметiнiң дәрежесi, қазақ ауылдарының саяси сауатты-
лығының дамуында маңызды рөл атқарды. Сол кездегi iрi 
саяси оқиғалар көп жағдайда жоғарыдағы ахуалға байла-
нысты болды.

225
Мұны 1905—1907 жылдардағы орыс революциясы дә-
лелде дi.
Мәдениет салаларының қарыштап дамуына алғышарт-
тар жасаған, бұрын мешеу қалған, ендi қоғамдық өмiрден 
белгiлi орын алған баспа iсi жолға қойылды. XX ғасырдың 
басынан Қазан революциясына дейiн Семейде, Оралда, 
Омбыда, Орынборда және басқа Қазақстан қалаларында кiтап 
басып шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық 
қоғамының Батыс Сiбiр, Түркiстан бөлiмдерi, Семейдегi, 
Орын бордағы бөлiмшелерi Қазақстанға әртүрлi ғылыми 
жазбалармен қатар, көпшiлiкке түсiнiктi әртүрлi мазмұндағы 
басылымдардың шығуына қамқорлық жасады. Қазақ кiтап-
тарын басып шығару iсiн жолға қоюда тек қазақстандық 
емес, сонымен қатар Петербургте, Ташкентте, әсiресе Қазан 
қалаларындағы баспалар мейлiнше үлес қосты. 
Қазақ зиялылары Ш. Құдайбердiұлының, М.Дулатұлы-
ның, С. Дөнентайұлының, А. Байтұрсынұлының, М. Тыныш-
пайұлының, Ә. Бөкейхановтың шығармалары XX ғасырдың 
басында жарық көрдi. Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай 
Құнанбайұлының шығармалар жинағының да 1909 жылы 
ресми баспадан шығуы шығыс әдебиетiнiң iрi тұлғаларын 
қауымға таныстыруда айтарлықтай оқиға болды.
XX ғасырдың басында демократиялық бағытта дами 
бастаған Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентайұлы, 
Тұрмағанбет Iзтiлеуов, Мәшһүр-Жүсiп Көпеев, т.б. жаңа 
тарихи жағдайдың әсерiмен қалыптасқан аса бiлiмдi әдебиет 
өкiлдерiнiң мұрасы шығыс әдебиетiнен ерекше орын алады. 
Өз заманында халық арасында ерекше құрметке ие болған 
Сұлтанмахмұт  То райғыровтың  “Шәкiрт  
ойы”, “Бiр  адамға“, “Адасқан өмiр”, т.б. 
өлеңдерiнде қа зақ ауылының өмiрiндегi 
өзгерiстер пәрмендi сипатталады.
Сол кезеңнiң өзiнде-ақ халық арасында 
кең таралған Бейiмбет Майлиннiң “Шұ-
ғаның белгiсi”, Спандияр Көбеевтiң 
атақты “Қалың малы”, Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың “Қамар сұлуы” — осы 
заманда да өмiр шындығын, халық тағ-
дырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған 
тамаша туындылар.
Қазақ тiлi мен әдебиетiн дамытуда 
Ах мет  Байтұрсынұлының  шығарма -
сәбит Дөнентайұлы

226
шылық мұрасы ерекше орын алады. 1911 жылы Орынбор да 
А.Байтұрсынұлының “Маса” атты өлеңдер және аударма, 
мысалдар жинағы басылды. 1913 жылдан бастап “Қазақ” 
апталық газетiн ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйек 
айына дейiн оның редакторы болған А.Байтұрсынұлы 
ойшыл суреткер едi. Бұл сипат оның “Қазақ салты“, “Қазақ 
қалпы“, “Жиған-терген” сияқты өлеңдерiнде айрықша 
байқалады. Ақын өз халқының саяси санасын оятуға ерек-
ше мән берген: 
Қазағым, елiм!
Қайқайып белiң,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзiңдi, оянып!
Қанған жоқ па әлi ұйқың!
Ұйықтайтын бар не сиқың,
 
— деп қынжылады. А. Байтұрсынұлының басқаруымен шы-
ғып тұрған “Қазақ” газетi қазақ халқының рухани, мәдени 
тарихында айрықша орны бар басылым болды. 1917 жылдың 
шiлде айынан бастап ол “Алаш” партиясының ресми басы-
лымына айналды.
XX ғасырдың басындағы ұлттық әдебиеттiң аса белгiлi 
өкiлдерiнiң бiрi — Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858—1931 жж.) 
Абайдың талантты шәкiртi болды. Шәкәрiмнiң Абай шы-
ғармашылығына жақын болуы, оның Абаймен туыстығына 
да байланысты. Шәкәрiмнiң әкесi Құ дайбердi Құнанбайдың 
үлкен бәйбiшесi Күнкеден туған. Абаймен 
әкесi бiр, ше шесi бөлек, яғни Шәкәрiм 
Абайдың немере iнiсi болып табылады. 
Туған же рi бұрынғы Семей облысы, 
Абай ауда нындағы Шыңғыстау бөктерi. 
Әкесiнен 7 жасында жетiм қалған Шә-
кәрiм атасы Құнанбайдың тәрбиесiнде 
болды. Ол өзiнiң шағармашылығында 
Абайға елiктеп, дүниенi Абайша та-
нып, Абайша бағалауға бейiмделiп, қа-
лыптасады. Қа зан төңкерiсiнен кейiн 
Шәкәрiм Алаш қозғалысына қатысқан 
қазақ зия лыларымен жақындасып, орыс 
интеллигенциясының көр нектi өкiл-
Шәкәрiм  
Құдайбердiұлы

227
дерiмен пiкiрлес болды. Ақын шәкiрттерiнiң iшiнде ең мол 
мұра қалдырған Шәкәрiм Абай негiзiн салған ұлағатты әдеби 
дәстүр шеберлiгiн тереңдеттi. Араб, парсы, түрiк тiлдерiн 
жетiк меңгерген, орыс тiлiн де жақсы бiлген Шәкәрiм — Орта 
Азия, Қазақстан, Шығыс Түркiстан өлке сiнде кең танылып
белгiлi болған ақын.
Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк тiлiн, 
Сол тiлге аударылған барлық бiлiм. 
Ерiнбей еңбек еттiм, еңбек жанды, 
Жарқырап қараңғыдан туып күнiм, — 
деген шумақтың өзi Шәкәрiмнiң ой-парасатының биiк, 
бiлiм деңгейiнiң тереңдiгiн аңғартады. Шәкәрiмнiң шығар-
машылығы қазақ тарихымен тығыз байланысты. Ол қазақ 
халқының этногенезiне байланысты өзiндiк көзқарасын 
бiлдiрген ғалым. Шәкәрiм шығармаларында табиғатқа, дү-
ниеге, дiнге өзiндiк ерекше көзқарастар байқалады. Сенiм 
жетегiмен Меккеге барып “Қажы” атанса да, ол ешқашанда 
дiнге берiлген фанатик ретiнде ерекшелене қойған жоқ.
Ш.Құдайбердiұлының мазмұнды ойлары, сырлары ХХ 
ғасырдың басында  жарыққа шыққан “Түрiк, қырғыз, қазақ 
һәм хандар шежiресi“, “Мұсылмандық шарты” кiтаптарында 
және “Қазақ айнасы” атты өлеңдер жинағында, “Қалқа-
ман — Мамыр“, “Еңлiк — Кебек” поэмаларында орын алды. 
Бұл туындыларында Шәкәрiм, негiзiнен, демократияшыл, 
ағар  тушылық, гуманистiк бағыттағы ақын, тарихшы, фило-
соф ретiнде танылды. Қазан төңкерiсi қарсаңындағы қазақ 
халқының басынан өткен ауыр жағдайға қатты налыған 
Шәкәрiм оқуды, бiлiмдi, ағартушылықты насихаттаған, 
гуманистiк бағыттағы қоғамдық қайраткер болды. XX ға -
сырдың жиырмасыншы жылдарының соңына қарай сталин-
дiк тоталитарлық жүйенiң жаппай қуғын-сүргiнi бас талған 
тұста 72 жасқа қараған Шәкәрiм қоғамдық-мәдени өмiрден 
аулақтап, “Елу бес жыл жинаған қазынамды, оңа шада 
қорытам ойға салып” деп табиғат тыныштығына Шыңғыс 
тауының арасына кетедi. Алайда кеңестiк жүйенiң күштеу 
науқандарын жүзеге асырған “шолақ белсендiлер” оның 
тыныш өмiр сүруiне мүмкiндiк бермедi және тауда жалғыз 
жүрген жерiнде атып өлтiрiп, денесiн айдаладағы құдыққа 
тастап кеттi. Тәуелсiз Қазақстан ұлы ақынның есiмiн ха-
лыққа қайтарып, оны ұлы Абайдың жанына жерлеп, басына 
айшықты кесене орнатты.

228
Ағарту iсiнiң жағдайы. XX ғасырдың басындағы халық 
ағарту iсi қоғамдық және саяси ахуалмен тығыз байланысты 
болды. Патша үкiметiнiң 1906 жылы қабылданған оқу-ағарту 
iсiндегi ережелерi, негiзiнен, ұлттық аймақтарда орыс-қазақ 
мектептерiнiң кеңеюiне жағдай жасағанымен, керiсiнше дiни 
мектепке және медреселерге әрқилы кедергiлер туғызды. 
Ал үкiметтiң жергiлiктi халықтың бiлiм алуына арнайы 
бөлген қаржысы тым шағын болды. XIX ғасырдың аяғы 
мен XX ғасырдың басында бастауыш мектептер бойын ша 
Қазақстанның жеке өлкелерiнде жан басына бөлген қа-
ра жат мөлшерiн төмендегi мәлiметтерден көруге болады: 
Торғай — 6,9 т., Орал — 4 т., Ақмола — 2,5 т., Семей — 2 т., 
Жетiсу — 1,9 т., Сыр дария облысында 1,8 тиын.
Ағарту iсiн дамытуда, оны уағыздауда “Айқап” журналы, 
“Киргизская степная газета”, жоғарыда аталған “Қазақ” 
газетi, “Степной край”, сонымен қатар Қазақстанмен iргелес 
қалаларда басылып шыққан “Сибирская жизнь” газетi де 
белгiлi орын алды. Семей, Орал, Верный, Орынбор, басқа 
да қалаларда жарық көрген әртүрлi саяси бағыт ұстаған 
газет тер Қазақстанның шаруашылық және саяси өмiрiн 
суреттеу де үлкен рөл атқарғанын атап өткен жөн.
Е.П.Михаэлис, В.А.Обручев, Н.Пантусов, Н.Я. Коншин 
және басқа да көптеген орыс ғалымдары қазақ өлкесiнiң 
тарихы мен материалдық-рухани мәдениетiн зерттеуде та-
маша мұра қалдырды.
Ауыз әдебиетi мен музыка мәдениетi. Ауыз әдебиетiнiң 
алыбы Жамбыл Жабаевтың жасынан қалыптасқан ақындық 
өнерi айтыстарда шыңдалып, бiртiндеп әлеуметтiк бағыт 
алды.  Қазақ халқының үлкен ақындарының бiрi Нұрпейiс 
Байғаниннiң халық дастандарын ел арасында уағыздауда, 
жыршылық өнердi жаңа тарихи жағдайда дамытуға қосқан 
үлесi бiр төбе. Халық арасында кең тараған батырлар жыры-
ның түпнұсқаларын насихаттауда Н.Байғанин шеберлiктiң 
тамаша сапалы деңгейiне көтерiлдi.
Музыкалық мәдениет — XX ғасырдың басындағы ха-
лық мәдениетiндегi жан-жақты дамыған сала. Кенен 
Әзiр баевтың, Балуан Шолақ Баймырзаұлының, Дина 
Нұрпейiсованың, Сүгiрдiң, Майра Шамсутдинқызының 
музыкалық өнердi дамытудағы орны ерекше. Әншiлер 
Қали Байжановтың, Манарбек Ержановтың, атақты 
Әмiре Қашаубаевтың халықтың және ел сазгерлерiнiң 
шығармаларын орындаудағы өнерi ғажап, бойыңды баурап, 
ойыңды саналы ұлттық сезiм құшағына жетелейдi. Халық 

229
сазгерлерi  Естайдың  “Майдақоңыры“,  Үкiлi Ыбырайдың 
“Гәккуi“,  Әмiре мен Майраның жүректi тебiренткен әндерi 
мен   Динаның “Көңiл ашары” ғасырлар бойы жасайтын, 
қазақтың музыкалық мәдениетiнiң дамуына мейлiнше әсер 
еткен туындылар екенi даусыз. Патша үкiметiнiң отаршыл 
саясатына қарамастан, қазақ халқының өзiндiк мәдениет 
үлгiлерi көптеген тамаша нәтижелерге жеттi және олар 
кейiнгi ұрпақтың мақтаныш етер асыл рухани мұраларына 
айналды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәдениеттiң басты бағыттарына қандай сипаттама беруге болады?
2. А. Байтұрсынұлы мен Ш. Құдайбердiұлының шығарма шылығының 
негiзгi мазмұнын қалай түсiнесiңдер?
3. Ағарту iсiнде қандай жетiстiктерге қол жеттi?
4. Музыка мәдениетi қалай дамыды?
Құжаттар 
Е.П.Михаэлистiң Қазақстанды зерттеуi туралы
“Ертiс пен Алтайды зерттеушi ретiнде Е.П.Михаэлистiң есiмi 
оқымыстылар дүниесiнде мейлiнше белгiлi. Михаэлис Батыс Сiбiр 
генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлiнiң өңiрiн, 
Ертiс бойын зерттеп, арнайы карта дайындаған. Ғылым академиясы
Орыс географиялық қоғамы, оның Семейдегi бөлiмшесi, орыс және 
шетелдегi журналдар жариялаған еңбектер Е.П.Михаэлистiң жоғары 
ғылыми беделiне куә”.
Записки Семипалатинского подотдела  
Западно-Сибирского отдела ИРГО. Вып. VIII.  
Семипалатинск, 1914.
Шәкәрiм Құдайбердiұлының шығармашылығы туралы
“Қазақ даласында тайпалармен өзара қарым-қатынастағы нара-
зылық, рубасыларының қақтығыстарының қоғамға, әсiресе жас-
тарға зияны туралы Шәкәрiм көп толғағанда сол қоғамдық кеселдi, 
сұмдықты болдырмау жолын iздеген, тарих тағылымы арқылы ондай 
озбырлықтың қайталанбауын ел есiне салуды ойлай ды. Сөйтiп, ол 
адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, бiрiн-бiрi ұнатқан 
жастардың қайғылы өмiрi туралы “Еңлiк—Кебек” поэ масын жазды”.
Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрiм Құдайбердiұлы. 
Алматы, 1990. 25-парақ.

230
БАсТы ОҚИҒАлАР
1710 — Жоңғар шапқыншылығына қарсы үш жүздiң басын бiрiктiру 
жөнiндегi жиын. 
1716 — Жәмiш (Ямышевск), Омбы бекiнiстерiнiң салынуы. 
1718 — Семей бекiнiсiнiң салынуы, Аякөз маңында қалмақтармен соғыс. 
1723 — 1727 — “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”.
1726 — Торғай бойында қазақ жасақтарының жоңғарларды  талқандауы.
1729 (1730) — Балқаш көлi алқабында (Аңырақай) қазақ жасақтарының 
 
 
жоңғарларды талқандауы.
1731 ақпанның 19-ы — императрица Анна Иоанновнаның Кiшi жүздi   
  
Ресей құрамына қабылдау жөнiндегi жарлығы. 
1731 қазанның 10-ы — Әбiлқайыр хан мен оның жақтастарының  
  
 Ресейге ант беруi.
1734 — Орта жүз ханы Күшiктiң Ресейге ант беруi. 
1735 — Орск бекiнiсiнiң салынуы.
1743 — Орынбор қаласының салынуы. 
1752 — Петропавл (Қызылжар) бекiнiсiнiң салынуы. 
1757 — 1758 — Жоңғар хандығының құлауы. 
1771 — 1781 — Абылайдың хан болуы.
1773 — 1775 — Е. Пугачев бастаған соғысқа қазақтардың қатысуы. 
1783 — 1797 — Сырым Датұлының көтерiлiсi. 
1801 — Бөкей (Iшкi Орда) хандығының құрылуы. 
1804 — 1846 — Ақын Махамбет Өтемiсұлы өмiр сүрген жылдар. 
1812 — Ресей халықтарының француз басқыншыларына қарсы күресi.
1822 — Сiбiр қазақтарын басқару туралы жарғы. 
1824 — Орынбор қазақтарын басқару туралы жарғы. 
1824 — Көкшетау, Қарқаралы округтерiнiң құрылуы. 
1831 — Сергиополь (Аякөз) округiнiң құрылуы.
1832 — Ақмола округiнiң құрылуы.
1835 — 1865 — Шоқан Уәлиханов өмiр сүрген жылдар.
1835 — 1929 — Сазгер Жаяу Мұса Байжанұлы өмiр сүрген жылдар.
1836 — 1838 — Исатай Тайманұлы басқарған көтерiлiс.
1837 — 1847 — Хан Кенесары Қасымұлының көтерiлiсi.
1838 — Исатай Тайманұлының қаза болуы.
1839 — 1840 — Орынбор губернаторы В.В.Перовский басқарған орыс   
 әскерлерiнiң Хиуа хандығына жасаған жорығының 
   сәтсiздiгi.
1840 — Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже. 

231
1841 — Хан ордасында (Iшкi Орда) қазақ жастары үшiн тұңғыш  
 
орыс мектебiнiң ашылуы. 
1843 — 1916 — Күйшi, сазгер Ықылас Дүкенұлы. 
1845 — Ырғыз бекiнiсiнiң салынуы (1868 жылдан қала). 
1845 — Торғай бекiнiсiнiң салынуы (1868 жылдан қала).
1845 — Бөкей Ордасында хандық билiктiң жойылуы.
1845 — 1904 — Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлы  өмiр  
 сүрген  жылдар. 
1845 — 1850 — Батыр Жанқожаның Хиуа хандығымен күресi.
1846 — Атбасар бекiнiсiнiң салынуы.
1846 — Сiбiр шекаралық басқарма төрағасы, генерал-майор    
Н.Ф.Вишневскийдiң Жетiсуға экспедициясы.
1847 — Қапал бекiнiсi iргетасының қалануы.
1847 — Райым (Қазалы) бекiнiсiнiң салынуы.
1847 — Омбыда Сiбiр кадет корпусының ашылуы.
1847 — Хан Кенесарының өлген жылы.
1848 — Үлкен Ордада (Ұлы жүзде) приставтық билеудiң құрылуы.
1848 — 1853 — Қазалы фортының (бiр деректе 1853; 1854 жылдан    
қала) салынуы.
1848 — 1849 — Капитан-лейтенант А.Бутаков экспедициясының  
  
 Арал теңiзiн зерттеуi.
1853 — Орыс әскерлерiнiң Қоқан бекiнiсi Ақмешiттi алуы (1853 жылдан 
қала).
1854 — 1859 — Орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскийдiң Омбы мен  
 Семей қалаларында болуы.
1854 — Верный бекiнiсiнiң салынуы.
1854 — Семей облысының құрылуы.
1855 — 1858 — Есет Көтiбарұлы батыр бастаған көтерiлiс.
1855 — Лепсi бекiнiсiнiң салынуы (1885 жылдан қала).
1856— Сырдарияның төменгi сағасындағы қазақ шаруаларының 
көтерiлiстерi. 
1859 — 1861 — Шоқан Уәлиханов Петербургте. 
1860 қазан — Ұзынағаш түбiнде генерал Г.А.Колпаковский қолының  
 Қоқан әскерiн талқандауы. 
1861 — 1864 — Троицкiде, Оралда, Қазалыда, Перовскiде және  Торғайда  
 бастауыш орыс-қазақ мектептерiнiң ашылуы.
1863 — 1864 — Қоқан қамалдары — Меркенi, Түркiстанды, Әулиеатаны,  
 Шымкенттi орыс әскерлерiнiң алуы. 
1863 — Пiшпектi (қазiргi Бiшкек) орыс әскерлерiнiң алуы. 
1867 шiлденiң 11-i — Сырдария және Жетiсу облыстарын басқару туралы   
 “Уақытша ереженiң” бекiтiлуi.
1867 — Түркiстан генерал-губернаторлығының құрылуы.
1868 қазанның 21-i — Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару  
 туралы “Уақытша ереженiң” бекiтiлуi.
1868 — Зайсан қаласының салынуы.

232
1868 — 1869 — Орал, Торғай облыстарындағы отаршылдыққа қарсы   
 күрес.
1869 — Ақтөбе қонысы негiзiнiң салынуы.
1870 — Маңғыстаудағы қазақ шаруаларының отаршылдыққа қарсы    
күресi.
1872 — Омбыда мұғалiмдiк семинарияның ашылуы.
1873 — Патша әскерлерiнiң Хиуаға жорығы.
1878 — Семейде облыстық статистикалық комитеттiң ашылуы.
1879 — Ташкентте мұғалiмдiк семинарияның ашылуы.
1879 — Орынборда мұғалiмдiк институттың ашылуы.
1879 — Қостанай қаласы негiзiнiң салынуы.
1881 — 1884 — Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсу өлкесiне қоныс аударуы.
1886 маусымның 12-сi — Түркiстан өлкесiн басқару жөнiндегi ереже.
1887 — Өскемен уезiндегi алтын кенiшiндегi жұмысшылар ереуiлi.
1889 шiлденiң 13-i — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аудару 
 
 
туралы заңның қабылдануы.
1891 наурыздың 25-i — Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын 
 
 
басқару жөнiндегi ереже.
1894 — 1905 — “Қырғыз далалық газетiнiң“ басылуы.
1896 — 1901 — Сiбiр темiржол магистралiнiң салынуы.
1898 — Зырянов кенiшiндегi ереуiл.
1899 — 1905 — Орынбор — Ташкент шойынжол торабының салынуы.
1905 — Спасск мыс қорыту зауытындағы ереуiл.
1905 — Успен (Нiлдi) кенiшiндегi ереуiл.
1906 — Семей жұмысшыларының ереуiлi.
1913 — Ембi (Жем) мұнай кәсiпшiлiгiндегi жұмысшылар ереуiлi.
1913 — 1917 — “Қазақ” газетiнiң шыққан жылдары.
1914 — Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы, оған Қазақстан ның 
 тартылуы.

233
ПАЙДАлАНылҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР
 
Аманжолов А. История тюркской филологии и письменности. Алматы, 
1996.
 
Кабышев И. Казахское общество. Алматы, 1997.
 
Асфендияров  С. О. О происхождени  и  казахов//. История Казахстана. 
1993. № 1.
 
Арғынбаев Х.,  Мұқанов М.,  Востров В. Қазақ шежiресi. Алматы, 
2000.
 Шамшидинова  Ф. Қазақ, орыс, сiбiр елдерiнiң қарым-қатынас-
тары //Қазақ тарихы. 1995. № 5.
 
Бикенов А. Қазақ қоғамындағы хан билiгi // Қазақ тарихы. 2000. № 3.
 
Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы, 1987.
 
Валиханов Ч. Ч. Собр. соч. В 5-ти т. Т. 4. Алматы, 1962.
 
Қасымбаев Ж. Қазақ-жоңғар қарсыласындағы саяси және әскери мәсе-
лелерi //Қазақ тарихы. 1993. № 2.
 
Хасенов А., Қазақ хандығы // Қазақ тарихы. 1994. № 5.
 
Уалиханов Е. Абылай және Жоңғар шапқыншылығы //Қазақ тарихы. 
1994. № 1.
 
Ирмуханов Б. Б. К вопросу о происхождении казахского народа
Алматы, 2008.
 
Историко-культурные взаимосвязи Ирана и Дешти-кипчака // Ма те-
риа лы международной научной конференции. Алматы, 2007.
 
Кляшторный СГ., Султанов ТИ. Казахстан: летопись трех тыся-
челетий. Алматы, 1992.

234
ШАРТТы   ҚысҚАРТУлАР
АВПРИ — Архив внешней политики Российской империи (г.Москва) 
— Ресей империясы сыртқы саясатының мұрағаты (Мәскеу қаласы).
ГАОО — Государственный архив Омской области (г.Омск) — Омбы 
облыстық мемлекеттiк мұрағаты (Омбы қаласы).
ГАТО — Государственный архив Томской области (г.Томск) — Томск 
облыстық мемлекеттiк мұрағаты (Томск қаласы).
ЦГА Узб. — Центральный государственный архив Узбекистана 
(г.Ташкент) — Өзбекстанның орталық мемлекеттiк мұрағаты (Ташкент 
қаласы).
зап. семип. подотдела зап.-сиб. отдела ИРГО — Записки Семипа-
ла тинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского 
русского географического общества — Императорлық орыс географиялық 
қоғамының Батыс Сiбiр бөлiмiнiң Семей бөлiмшесiнiң жазбалары.
Известия ИРГО — Известия Императорского русского географического 
общества Оренбургского отдела — Орынбор бөлiмi Императорлық орыс 
география қоғамының хабаршысы.

235
МАзМҰНы
Алғы сөз ..................................................................................... 3
I бөлiм. Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық 
және саяси дамуы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі 
 
және сыртқы жағдайы ............................................................ 4
§1-2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысы.
 
Шапқыншылыққа қарсы азаттық күрес.................................... 7
§ 3. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі ......................... 13
§ 4. Қазақстан XVIII ғасырдың ортасында ..................................... 23
§ 5. Абылай хан билігі ................................................................ 31
§ 6. Қазақтардың 1773—1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған 
 
шаруалар соғысына қатысуы ................................................. 40
§ 7. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 
 
1783—1797 жылдардағы көтерілісі ........................................ 48
§ 8-9. XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиетi ....... 60
II бөлiм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
§ 10. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы. 
 
Әкiмшiлiк бөлiнiсi ................................................................66
§ 11. Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің
 
Отан соғысына қатысуы ........................................................73
§ 12-13. Отарлық езгiнiң күшеюi. 1837—1847 жылдардағы 
 
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс ...................................78
§ 14. 1836—1838 жылдардағы 
 
И. Тайманұлы мен М.Өтемiсұлы бастаған көтерiлiс ...................89
§ 15. XIX ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының 
 
азаттық күресі ................................................................... 106
§ 16. Қазақстандағы саяси жер аударылғандар .............................. 111
§ 17. Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары . 114
III бөлiм. Қазақстан — Ресей империясының отары 
(ХIХ ғасырдың екiншi жартысы)
§ 18. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы .............................................. 120
§ 19. Верный бекінісі негізінің салынуы ....................................... 122
§ 20. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы 
 
және оның салдары ............................................................. 125
IV бөлiм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
Қазақстан мәдениеті
§ 21. Халық ағарту ісінің дамуы .................................................. 131
§ 22-23. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ 

236
 
әдебиеті мен мәдениеті ........................................................ 134
V бөлiм. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси 
және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
§ 24. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар ............... 141
§ 25. XIX ғасырдың 60—70-жылдарындағы қазақ халқының 
 
отарлық езгіге қарсы азаттық күресі ..................................... 144
§ 26. Қазақстанның экономикалық дамуы .................................... 150
§ 27. Қазақ-Қытай сауда қатынастары ......................................... 158
§ 28. XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның 
 
саяси-әлеуметтік дамуы ...................................................... 164
§ 29. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы ............. 168
VI бөлiм. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
§ 30-31. Орыс демокартиялық мәдениеті және қазақтың 
 
ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов ............................................ 173
§ 32. Қазақстандағы халық ағарту ісі ........................................... 178
§ 33. Мұсылмандардың ағарту жүйесінің ахуалы .......................... 182
§ 34. Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы .................. 186
§ 35. Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті ...................... 192
§ 36. Ресей азаттық қозғалысының өкілдері Қазақстанда ............... 201
Vіі бөлiм. XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
§ 37. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның 
 
әлеуметтік-экономикалық дамуы ......................................... 208
§ 38. Қазақстан 1905—1907 жылдардағы Ресейдегі 
 
революция кезінде.............................................................. 210
§ 39. Қазақстан — саяси реакция және бірінші дүниежүзілік 
 
соғыс жылдарында ............................................................. 216
§ 40. XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті ............................ 224
Басты оқиғалар ........................................................................ 230
Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................ 233
Шартты қысқартулар ................................................................ 234

Оқулықтың мұқабасына Астана қаласында 2001 жылы 
орнатылған Кенесары хан ескерткiшiнiң (мүсiншiсi — Н. Далбай, 
сәулетшi сi — Ш. Уә лихан) суретi, сондай­ақ оқулыққа бұрын жария­
ланған тарихи құжаттардың көшiрмесi, белгiлi ағылшын суретшiсi 
Джон Кэстль, т.б. суретшiлердiң портреттерi мен әуесқой суретшi 
Сайлау Нұрғазының жа ңадан салған Әбiлқайыр және Абылай 
хандардың портреттерi пайдаланылды.

Учебное издание 
Касымбаев  Жанузак  Касымбаевич
ИсТОРИЯ  КАзАХсТАНА
Учебник для 8 классов общеобразовательных школ 
(на  казахском языке)
Переработанное, дополненное второе издание
Редакторы Е.Жақыпов
Корректоры Н. Досболова
Көркемдеушi редакторы Ж. Болатаев
Техникалық редакторы А. Садуақасова
Компьютерде беттеген Е. Өзенбаев

Баспаға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым  министрлiгiнiң
№ 0000001 мемлекеттiк лицензиясы 
2003 жылы 7 шiлдеде берiлген
ИБ № 3242
Басуға қол 25.05.12 қойылды. Пiшiмi 60х90
1
/
16

Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi “MM Mekteptik”. Офсеттiк басылым. 
Шартты баспа табағы 15,0+0,5 жапсырма. Шартты бояулы 
беттаңбасы 17,50. Есептiк баспа табағы 13,29 +0,566 жапсырма.
Таралымы 16 000 қос. дана. Тапсырыс № 

“Мектеп” баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй
Факс.: 8(727) 394-37-58, 394-42-30.
Тел.: 8(727) 394-41-76, 394-42-34.
Е-mail: mektep@mail.ru
 Web-site: www.mektep.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет