Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж


§ 28. XIX ҒАсыРДыҢ сОҢыНДАҒы ҚАзАҚсТАННыҢ сАЯсИ-



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 28. XIX ҒАсыРДыҢ сОҢыНДАҒы ҚАзАҚсТАННыҢ сАЯсИ-
ӘлЕУМЕТТIК ДАМУы
Отаршылдық езгiнiң күшеюi. XIX ғасырдың 60-жылда-
рында қабылданған әкiмшiлiк, сот, басқару реформалары 
бiрден iске аса қойған жоқ. Қазақ шаруалары көтерiлiстерiнiң 
салдарынан бұл ережелердi заңдастыру жиырма жылдан 
артық уақытқа созылды. Қазақстандағы байлықты игеру 
барысында капиталистiк қатынастардың ел өмiрiне ене бас-
тауы, бұл өзгерiстердi құқықтық жағынан негiздеудi қажет 
еттi.
1886 жылы 2 маусым күнi “Түркiстан өлкесiн басқару 
және онда жер-салық өзгерiстерiн енгiзу туралы”, ал 1891 
жылы наурыз айының 25-iнде “Ақмола, Семей, Жетiсу, 
Орал және Торғай облыстарын басқару туралы” ережелер 
бекiтiлдi. Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкiмшiлiк-аумақ-
тық жағынан басқару жүйесiне бiрқатар өзгерiстер енгiзiлдi. 
Түркiстан өлкесiнде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана 
және Самарқан. Бұрынғы облыстарды уездерге бөлу жүйесi 
сақталды. Ферғана облысы — бес уезден, Самар қан — төрт 
уезден, Сырдария — Әмудария бөлiмiнен және бес уезден 
құралды. Өлкенiң негiзгi басқару орталығы Ташкент қаласы 
болды.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған ережеге сай 
Ақмола мен Торғай облыстары әрқайсысы төрт уезден құ-
ралды. Ақмола, Семей және Жетiсу облыстары Дала гене-
рал-губернаторлығы құрамына кiрдi. Үш облыстың негiзгi 
әкiмшiлiк орталығы (облыстардың жеке орталықтарын 
есеп темегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерiстер отар-
шылдық басқармасының рөлiн мейлiнше күшейттi, гене рал-
губернаторларға шексiз билiк бердi. Қазақстандағы облыс-
тық басқару сатылары Ресейдiң орталығындағы губерниялық 
басқармаларға теңестiрiлдi. Жетiсу және Орал облыстық 
әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңiрлердегi казак 
әскерiнiң үкiмет тағайындаған атаманы болып есептелдi.
Отаршылдық басқармасының еңбекшiлерге қысым көр-
сететiн аппаратының қызметi күшейтiлдi. Верный, Орал, 
Петропавл және Семей сияқты iрi облыстық орталықтарда 
қалалық полиция басқармалары, ал басты уездiк қалаларда 
полицейлiк приставтық тәртiп бақылау мекемелерi құрылды. 
Отаршылдық билеудiң күшейгенi сонша, сайланған болыс 
басқарушылары мен ауыл старшындарын бекiту не бекiтпеу 

165
де облыстық әскери губернатордың қолында болды. Болған 
iстiң нәтижесiн бекітпей, жаңадан сайлау жүргiземiн деп 
шешсе, оған қарсы келе алатын жан болмады.
Осы жарлықтарда көрсетiлгендей, отырықшы қалалық 
тұрғындар  мен қоныс аударушылар құқығы жағынан 
Ресейдегi селоның және қаланың тұрғындарымен теңес-
тiрiлдi.
Патша өкiметiнiң әлеуметтiк езгiге салу саясатын мына-
дан да көруге болады: ол Қазақстандағы жер байлығын 
мем лекеттiк меншiк деп жариялады; қазақ ауылдарының 
жайылымдық жердi пайдалану дәстүрiн ережелердiң жеке 
баптарымен шектедi. 
сот құрылымындағы өзгерiстер. 1867—1868 жылдар-
дағы уақытша сыннан өткiзу үшiн iске асырыла бастаған 
әкiмшiлiк-сот саласындағы өзгерiстер 1886—1891 жылғы 
жарлықтарда заң жүзiнде бекiтiлдi. 1891 жылғы патшаның 
жарлығында сотқа қатысты қағидалар ережеге жеке бөлiм 
ретiнде енгiзiлген.
Ескертудi қосқанда 17 баптан тұратын бұл жаңа патша 
заңы, негiзiнен, Ресейдегi үстем тап өкiлдерiнiң және Қазақ-
стандағы отарлаушы әкiмшiлiк пен жергiлiктi ақсүйек топ-
тардың мүддесiн қорғады.
1886 жылғы ережеге сай Түркiстан өлкесiнде Ресейдегi 
үл гiмен жаңа сот жүйесi құрылды. Сонымен қатар халық 
соты деген атпен мұсылман тұрғындардың iсiн жүргiзетiн 
төменгi сот буынын ұйымдастыру көзделдi. Шын мәнiнде, 
халықтық құқық негiздерi — империялық сотқа қосалқы, 
дер бес мәселе шеше алмайтын, тәуелдi буын болып қалды. 
Жергiлiктi халық өкiлдерiнiң бiрсыпыра қылмыстары, 
мысалы, қашқындарды жасыру, кiсi өлтiру, тонау сияқты 
iстердi қарау, үкiм шығару отаршылдық соттың өз қолында 
болды. Жергiлiктi тұрғындармен дауы бар сол жердiң жаңа 
тұрғындары халық сотына жүгiнуге еркi болса да, мұндай 
сот iстерi өте күрделi жағдайда өтетiн едi.
Соттардың төтенше съезi деп аталып кеткен уездiк және 
болыстық тұрғындарға қатысты мәселелердi шешетiн 
сот жиыны, тек әскери губернатордың рұқсаты бойынша 
шақырылатын. Мұндай төтенше съезд тек уезд бастығы 
немесе облыстық басқарма өкiлдiгiне ие болған шенеунiк 
қатысқан жағдайда ғана болатын.
Билердiң соттары да облыстық дәрежедегi сияқты тек үстем 
таптар мен отарлаушы басқарманың мүддесiн қорғайтын 
едi. Бiтiстiрушi coт облыстық, уездiк билеушiлердiң мүд-

166
де сiн қорғаса, билердiң соттары күнi кетiп бара жатқан 
жеңiлдiктерiн әлi де болса сақтап қалуға тырысқан жергiлiктi 
билеушi топтар мүддесiн қорғаштады. Патша үкiметi әртүрлi 
толықтырулар арқылы бұл заңдарға өзгерiстер енгiзгенiмен, 
жаңа соттардың отаршылдық мазмұны өзгерген жоқ. Сот, 
полициялық жазалаушы мекемелердiң қазақ, орыс және 
басқа еңбекшiлерге зорлығын күшейтуi, жәбiрленгендердiң 
наразылығын тудырды. XIX ғасырдың соңғы ширегiнде 
патша өкiметiнiң езу, қанау саясатына қарсы бағытталған 
алғашқы ереуiлдер де болып өттi.
Жұмысшы ереуiлдерiнiң басталуы. XIX ғасырдың екiн шi 
жартысында қазақ ауылынан қалаға қоныс аударған ша-
руалар тұрмысындағы әлеуметтiк өзгерiстер, капиталистiк 
қатынастармен байланысты болды. Еңбеккерлердiң, әсiресе 
ауылдан ендi ғана қол үзген қазақ жұмыскерлерiнiң тұрмыс 
жағдайы аянышты едi. Кейбiр өндiрiс орындарында жұмыс 
қолының 60—70%-ын құраған қазақтар әртүрлi ауыр еңбекке 
тартылды. Техникадан хабары болмаған “сары” (яғни, қазақ-
тар. — Ж.Қ.) жұмысшыларды, негiзiнен, өнiмсiз қол еңбегi 
басым, қарапайым өндiрiс салаларынан жиi кездестiруге 
бола тын-ды. Әртүрлi зауыт-фабрика ережелерiмен таныс 
емес, әйтсе де қара жұмысқа шыдамды қазақтар өз еңбегiнiң 
құнын да дәл бағалай бермейтiн.
Әлеуметтiк теңсiздiкке, жалақының төмендiгiне шыда-
маған қазақ-орыс жұмысшылары өздерiнiң саяси аңқау-
лығымен отаршыл үкiмет орындарынан қорғаныс iздедi. 
Шағым, арыз арқылы қарсылықтарын бiлдiрдi. Өнеркә сiп 
иелерiнiң зорлық-зомбылығы жұмысшылардың өшпен-
дiлiгiн күшейттi. Әсiресе еңбек ету жағдайы мен тұрмысы 
ауыр кен, алтын және басқа да түстi металдар өндiретiн ке-
нiштерде өндiрiс процесi қол еңбегiне негiзделген едi. Ал кен 
орындары күштi, шыныққан еркектерге мұқтаж болды. Ер 
жұмыскерлердiң жетiспеуi мұнда әйелдердiң, тiптi жасөс-
пiрiмдердiң еңбегiн де кең пайдалануға мәжбүр еттi.
XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап кен орындарында 
балалар еңбегi кеңiнен пайдаланыла бастады. 16 жасқа дейiн-
гi жасөспiрiмдердiң жұмысшылар арасындағы үлесi 14%-ға 
дейiн көтерiлдi. 
Жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық 
қарсылықтарының бiрі — өндiрiс орнын тастап кетуi едi. Жұ-
мысшылардың мұндай қарсылығын тыю үшiн ХIX ғасыр дың 

167
соңғы жылдарынан бастап, өндiрiс орнын өз еркiмен тастап 
кеткендердi үш айға дейiн абақтыға қамау жазасы қолданыла 
бастады. Қашқын жұмысшыларды ұстап бергендер, тiптi 
арнайы сыйлық алатын.
Қазақстанда қолданылған таптық қарсылықтың тағы да 
бiр түрi — ереуiл. Алғашқы бас көтерулердiң бiрi 1849 жылғы 
қазан айында Көкшетау кен округiнде өттi. Қарапайым ғана 
өндiрiс құралдарымен қайла, күрек, балтамен қаруланған 
150 жұмысшы кен басқарушысынан әдiл есеп айырысуды 
талап еткен.
1888 жылы Өскемен уезiндегi кен өндiрiсiнде қазақ жұ-
мысшыларының ереуiлi бұрқ ете түстi. Оның басты себе бi — 
кеншiлердiң ауыр жағдайы едi. Кен иесi ереуiлдi басу үшiн 
Зайсаннан жазалаушы әскери күш шақыртуға мәжбүр  
болған. Ереуiлшiлер жалақыларын арттырып, көздеген 
мақсатына жеттi. 1891 жылы сол Өскемен уезiнiң Вла - 
димирск алтын кенiшiндегi ереуiл тiптi бiршама ұйым- 
дасқан түрде өттi. 
Жұмысшылар мен өндiрiс иелерiнiң арасындағы тап-
тық қайшылықтар қақтығыстарға әкелдi. 1890 жылы 
Ал тайдағы Асташево кен орнының басқарушысы өлтi-
рiлдi. Жұмысшылардың алғашқы ереуiлдерi шаруашы-
лық тың басқа да салаларын қамтыды. 1893, 1895 жә не 
1899 жылдары Батыс Сiбiр темiржол торабының жұмыс-
шылары, Омбы темiржолшылары ереуiлге шықты. Омбы 
темiржолшыларының бас көтеруi кейiнгi жылдары да қай-
та ланды. Жұмысшылардың өлкедегi тұңғыш әлеуметтiк 
на разылықтары мен басқа да қарсылықтары стихиялы түрде 
ұйымдасқан, саяси талаптар сарыны әлсiз таптық бағыттағы 
көтерiлiстер едi.
Өндiрiс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының 
аздығы, олардың арасында бiрлiк пен өзара түсiнушiлiктiң 
жетiспеуi, осы қозғалыстардың саяси әлсiздiгiн байқатты. 
Қазақ, орыс, ұйғыр, т.б. көпұлтты сипатта қалыптаса баста-
ған жұмысшылар күресiне басшылық жасайтын ұйым бол-
мады. Алғашқы өлке жұмыскерлерiнiң әлеуметтiк күре сi 
бiртiндеп тәжiрибе жинай бастады. XX ғасырдың басындағы 
белгiлi саяси оқиғаларды дайындауда осы қар сылықтардың 
сабағы ескерiлдi, алғышарт қалыптастырылды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1886 және 1891 жылдардағы әкiмшiлiк басқарудағы өзгерiстердi 
1867-1868 жылдардағы реформамен салыстырыңдар.

168
2. Сот iсiндегi өзгерiстердiң отаршылдық және саяси бағытын неден 
көруге болады?
3. XIX ғасырдың соңғы ширегiндегi жұмысшы қозғалысының ерек-
шелiктерi, олқылықтары неде?
Құжаттар
Ақмола, семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын  
басқару туралы ереже
25 наурыз, 1891 жыл.
Кiрiспе
1. Осы ережеге сай басқарылуға тиiстi облыстар: Ақмола, Семей, 
Жетiсу, Орал және Торғай.
2. Ақмола облысы бес уезден тұрады: Омбы, Петропавл, Ақмола, 
Көкшетау және Атбасар.
3. Семей облысы бес уезден тұрады: Семей, Павлодар, Қарқаралы, 
Өскемен және Зайсан.
4. Жетiсу облысы алты уезден тұрады: Верный, Қапал, Лепсi, 
Сергиополь, Пiшпек және Жаркент.
5. Орал облысы төрт уезден тұрады: Орал, Калмыков, Атырау 
және Темiр.
6. Торғай облысы төрт уезден тұрады: Ақтөбе, Николаевск, Ырғыз 
және Торғай.
Түркiстан өлкесiн басқару туралы ереже
 2 маусым,  1886 жыл.
Кiрiспе
1. Түркiстан өлкесi үш облыстан тұрады: Сырдария, Ферғана 
және Самарқан.
2. Сырдария облысы — Әмудария бөлiмiнен және бес уезден 
тұрады: Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент.
3. Ферғана облысы — бес уезден тұрады: Қоқан, Марғұлан, 
Әндiжан, Наманған және Ош.
4. Самарқан облысы — төрт уезден тұрады: Самарқан, Каттақор-
ған, Ходжент және Жызақ.
Материалы по истории политического строя Казахстана. 
Алма-Ата, 1960. Т. I. С. 352—387.
§ 29. ҰЙҒыРлАР МЕН ДүНГЕНДЕРДIҢ ЖЕТIсУҒА 
ҚОНыс АУДАРУы
Қоныс аударудың себептерi мен барысы. Қазақстан 
тарихындағы белгiлi оқиғалардың бiрi — ұйғырлар мен 

169
дүнгендердiң Жетiсу өлкесiне қоныс аударуы. Маньчжур-
Цин әулетiнiң өктемдiгiне қарсы 1862—1877 жылдардағы 
ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресiне қырғыз, 
өзбек, қазақ және торғауыттар (қалмақтар) да қатысты. Қала 
кедейлерi мен шаруалар жаппай атсалысқан бұл көтерiлiс 
ұйғыр және дүнген халықтарының кейiнгi тағдырында терең 
iз қалдырды. Көтерiлiс барысында Қоқан хандығынан барған 
әскери басшысы Якуб бек жеңiске жетiп, Қашқар, Үрiмшi 
қалаларының дүнгендiк одағы басшылық еткен ұйғыр 
мемлекетi құрылды (Жетiшар). Көтерiлiс басылғаннан кейiн 
Жоңғария мен Шығыс Түркiстан Цин (Қытай) империясының 
жаңадан құрылған провинциясы — Шыңжаң (Синьцзян — 
жаңа шекара) деп аталды. Ұйғыр, дүнген халықтарына 
қы сым көрсету күшейдi. Қоныс аударудың басты себебi де 
осы ған  байланысты.
Ұйғыр, дүнген халықтарының тарихында ерекше орын 
алатын оқиға — 1881 жылдың күзiнен 1884 жылға дейiнгi ке-
зең аралығында басқа аймақтарымен қатар Жетiсу өлкесiне 
қоныс аудару iрi миграциялық құбылыс болатын. Алғашында 
45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнгеннiң басты орын 
тепкен аудандары — Жетiсу өлкесi мен Солтүстiк Қырғызстан 
өңiрi болды. Жетiсуда жаңадан қоныс тепкендер — қазақ, 
орыс, украин және басқа халықтармен қатар шаруашылық, 
мәдени және қоғамдық өмiр салаларына тығыз араласты. 
Бiртiндеп тиiмдi байланыстарды кеңейттi. Жетiсуда ұйғыр-
лар бiрнеше қоныстардың негiзiн тұрғызды. 
Қазiргi Алматы облысының жерiнде алты ұйғыр болысы 
ұйымдастырылды. Олар: Жаркент, Ақкент, Ақсу—Шарын, 
Ма лыбай, Қорамса және Қарасу болыстары едi. Верный 
уезiнде де бiрнеше болыстардың iргетасы қаланды. Ұйғыр 
халқы, негiзiнен, егiн шаруашылығына қолайлы Шелек, 
Талғар, Үсек және Шарын өзендерiнiң бойында орын тептi. 
Ұйғыр, дүнгендердiң Жетiсуға орнығуы барысында жалпы 
бұл өлкедегi тұрғылықты қоныстанушылар саны бiршама 
өстi. 1897 жылғы жалпы санаққа қарағанда дүнгендердiң 
саны 14 136, ұйғырлар 55 999 адамға көбейдi. 
Жетiсудағы ұйғырлар мен дүнгендердiң шаруашылық 
өмiрiнде де көзге түсерлiк құбылыстар қалыптасты. Мал 
шаруашылығымен айналысқандардың басым көпшiлiгi 
ауқатты ұйғырлар едi. Ұйғырдың басым көпшiлiгi малды 
көлiк не жұмыс күшi ретiнде ұстады. Аз да болса уақ малы 

170
болды. Ұйғыр қоныстанушыларының басым көпшiлiгi 
ертеден үйреншiктi егiншiлiкпен шұғылданды. Алайда 
Жетiсу өңiрiнде шұрайлы, топырағы құнарлы жерлердiң 
басым бөлiгi Ресейдiң iшкi аймақтарынан келген орыс 
шаруаларының қолында қалған едi. Сондықтан жаңадан 
қоныстана бастаған ұйғыр, дүнген егiншiлерiне қосымша 
күштi талап ететiн қолмен суландырылатын жерлер бөлiніп 
берiлдi. Орыс-украин және отырықшылыққа көшкен қазақ 
шаруаларымен олардың iргелес орналасуы жер өңдеудiң 
жаңа әдiстерiн, өнiмдi құралдарды игеруге мүмкiндiк жа-
сады. 
Алайда қарапайым ұйғыр, дүнген кедей шаруаларының 
өз қолында шаруашылық құралдары мен жұмыс, көлiк 
күшi жетiспеуiнен алақандай жердi өңдеуге мүмкiндiктерi 
бола бермедi. Егiн шаруашылығы жасанды суландыруға 
негiзделгендiктен дүнген, ұйғыр еңбекшiлерiне суды пайда-
лану да қиындап кеттi.
Жетiсудағы шаруашылыққа қолданылатын су қорының 
негiзгi денi де орыс кулактары мен қазақ, ұйғыр байларының 
қолында болды. Жерге алым-салық төлеуге тиiстi қатардағы 
шаруаларға өз жер бөлiгiн суару үшiн суды ауқаттылардан 
мезгiлiнде алу да оңайға түспедi. Әрбiр дүнгенге берiлген жер 
көлемi де орта есеппен үш десятинадан аспады.
Жаңа нарықтық қатынастардың бiртiндеп Жетiсу өлкесiн 
қамти бастауы тек орыс, украин, қазақ шаруалары ғана емес, 
ұйғырлар мен дүнгендердiң де әлеуметтiк жiктелуiне әсер 
еттi.
Экономикалық ахуал. Дүнген және ұйғыр шаруалары -
ның жерсiз қалуы — патша үкiметi отарлық саясатының 
кү шеюi, саудадағы өсiмқорлықтың артуы, жергiлiктi байлар 
озбырлығының салдары едi. Сауда-тауар байланыстарының 
қоныстарда өзiндiк шаруашылықты ығыстыруы, алым-са-
лықтың өсуi ұйғыр, дүнген еңбекшiлерiн әбден титықтатты. 
Байып алған ауқатты топтар кедейленген шаруалардың 
еңбегiн қанаудың әртүрлi әдiстерiн пайдаланды.
Байып алған ұйғыр кәсiпшiлерi Iле өзенiнде кемемен 
жүк тасуды жолға қоюға тырысты. Патша үкiметiнiң 
жергiлiктi шенеунiктерi қолдауына сүйенiп, Шыңжаңдағы 
Құлжа қаласына дейiнгi су жолымен өзара тиiмдi сауданы 
ұйымдастыруға бет алды. Бұл талпынудың экономикалық 
мәнi зор едi.

171
Көптеген ұйғыр байлары судиiрмендерiн, мал шаруа-
шылығы шикiзаттарын өңдейтiн өндiрiс орындарын салуға 
бiрқатар қаражат жұмсай бастады. Жерсiз қалған ұйғырлар 
осы өндiрiс орындарына жалдама жұмысқа орналасып, 
қазақ, орыс еңбекшiлерiмен жақындасты. Көптеген ұйғыр, 
дүнген кедейлерi күнделiктi және маусымды жұмыстарға 
жалданды.
Ұйғыр халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәде-
ниетiнде XIX ғасырдың 80-жылдарында бiрқатар келелi 
өзгерiстер қалыптасты. Ресейге қоныс аударған ұйғыр, 
дүнген еңбекшiлерiнiң орыс, өзбек, қазақ және де басқа 
халықтармен күнделiктi араласуы рухани материалдық 
жағынан нәтижелi болды. Ұйғыр халқының тамаша музыка 
өнерi, әнi мен биi жөнiнде ғалым-саяхатшылар Ш.Уә-
лиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский, т.б. Ресей 
мәдениетiнiң белгiлi өкiлдерi терең ой-пiкiрлерiн ортаға 
салды.
Ауыз әдебиетiнiң тамаша ескерткiштерiне, дүниежүзiлiк 
мәдениет қорына жататын “Он екi мұқам” — осы халықтың 
рухани ғажайып төл туындылары. 1905 жылы Қазан қа-
ла сында басылып шыққан Мусса бен Айса Сайрамидiң бұл 
еңбегi мәңгi есте сақтарлық шығарма. XIX ғасырда маман-
данған театр өнерi жүйесi әлi қалыптаса қоймаса да ұйғыр, 
дүнген халықтарының өмiрiндегi би, музыка аспаптарының 
үнi — жиын, той, мейрамдарда көпшiлiк сипат алатын өзiн-
дiк мәдениеттiң өркендеген салалары ретiнде дамып, қалып-
тасты.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұйғыр, дүнген халықтары бiр бөлiгiнiң Жетiсуға көшiрiлу себебi 
неде?
2. Ұйғыр, дүнгендердiң шаруашылық өмiрiне сипаттама берiңдер.
3. Ұйғыр, дүнген еңбекшiлерiн кiмдер, қалай қанады, мәдениет 
саласында қандай жаңа мазмұн қалыптаса бастады?
Құжаттар
Дала губернаторына Жетiсу губернаторынан
4 шiлде, 1883 жыл. 
“Өткен жылы Верный көпесi Вали Ахун Юлдашев және инженер 
Поклевский Козел өз қаражаттарына Англиядан винтпен жүретiн 

өзен кемесiн алдыртты. Мақсат — Балқаш көлi мен Iле өзенiнен бiздiң 
иелiгiмiзде, мүмкiн болса, Қытай жерiне дейiн су жолын ашудың 
мүмкiндiгiн қарастыру. Зерттеу жұмыстарын инженер Поклевский 
өзiне алып отыр. Көктемде кеме Iле қонысының жанында Iле өзенiне 
түсiрiлдi. Жаңа бастамаға қолдау ретiнде кеме иелерiне, сатып 
алынған 20000 пұт астықты қытайлықтарға сатуға рұқсат бердiм. 
Ма мырдың 4-iнде кеме Сүйдiн айлағына жетiп, 20 мамырда Iле 
қоны сына қайта оралды.
...Балқаш — Iле бойында су жолының қалыптасуы — өлке үшiн 
аса маңызды iс. Iле бойында еңбекқор ұйғыр, дүнгендердiң Құлжадан 
қоныс аударылғандардың орналасуы өлкенi гүлденген және бай ау-
данға айналдырды”.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк  
мұрағаты. 64-қор. 4870-iс. 20—22-парақтар.

173
VI бөлiм. XIX ҒАсыРДыҢ ЕКIНШI ЖАРТысыНДАҒы 
ҚАзАҚсТАН МӘДЕНИЕТI
§ 30-31. ОРыс ДЕМОКРАТИЯлыҚ МӘДЕНИЕТI ЖӘНЕ ҚАзАҚТыҢ 
Ұлы ҒАлыМы ШОҚАН УӘлИХАНОВ
XIX ғасырдың екiншi жартысы — орыс демократиялық 
мәдениетiнiң көтерiлген кезеңi. Қазақстанды игерудiң 
барысы және орыс-қазақ қатынастарының тереңдеуi өлкенi 
зерттеудi кеңейту қажеттiгiн туғызды. Дүниежүзiне белгiлi 
ғалым П.П.Се менов-Тяншанский (1827—1914 жж.) Алтай 
бойына, Жетiсу мен Орта Азияға саяхаттар жасап, өлкенi 
жан-жақты зерттедi. Оның басшылығымен дайындалған 
“Ре сей. Отанның толық географиялық сипаттамасы” деген 
еңбектiң “Қырғыз өлкесi”, “Түркiстан өлкесi” атты екi томы 
Қа зақстан мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы-ғалым Вер-
ный, Семей және басқа да Қазақстан қалаларында болған. 
Бұл өлкелер  туралы ұлы саяхатшының сипаттамалары мен 
та рихи шолуларының маңызы зор.
Орыс ғалымдарының қазақ халқының тарихын, мәде-
ниетi мен тұрмыс-салтын зерттеуi — қазақ-орыс достығы-
ның айқын көрiнiсi. Көрнектi шығыс зерттеушiсi, академик 
В.В.Радлов (1837—1918 жж.) Iле алқабын, Жетiсуды зерттеп, 
ол жердегi халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинастырып, 
жариялады.
М. Красовский “Сiбiр қырғыздарының облысы” деп ата-
латын еңбегiнде қазақ халқының шығу тегiне көңiл бөлдi. 
Көрнектi зерттеушi Л.Мейердiң “Орынбор  ведом ствосындағы 
қырғыз даласы” атты еңбегi Кiшi жүз тарихын жан-жақты 
сипаттауға арналды.
Қазақ жерiнiң Ресей құрамына қосылу дәуiрiн бiрша-
ма толық зерттеген А.Добросмысловтың  “Торғай облы-
сы. Тарихи очерк” атты еңбегiнде Қазақстанның саяси 
да муы жөнiнде сирек кездесетiн мәлiметтер сақталған. 
Соны мен қатар қазақ халқының келелi мәселелерiне 
И.И.Крафт, В.Н.Витевский, Н.А.Макшеев, Л.Ф.Костенко, 
т.б. авторлар бiрқатар еңбектерiн арнады. Мұрағаттарда 
сақ талынған белгiсiз деректердi жарыққа шығарып, орыс-
қазақ халықтарының байланысын барынша зерттеуде бұл 
авторлардың үлесi зор.
Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың шығар-
машылығында да қазақ халқы тақырыбы белгiлi орын алды. 

174
1847 — 1857 жылдар аралығында қазақ жерiнде айдауда 
болған ақын, жергiлiктi тұрғындардың қайыршылық өмiрiне 
көңiл аударды. Оның “Қазақ шаңырағы”, “Атқа мiнген 
қазақ”, “Байғұстар” және басқа суреттерi — тұрмыстың 
шындық жақтарын бейнелеген туындылар. “Менiң ойларым” 
деген өлеңiнде қазақ және украин халықтарының өмiрiн 
салыстыра жырлайды.
Қазақ халқының қоғамдық ойы мен мәдениетiнiң дамуын-
да мәдени ағарту және тұңғыш ғылыми ұйымдар мен меке-
мелердiң ашылуы айрықша рөл атқарды.
XIX ғасырда халықтың жаңаша сауатын ашып, тiл бiлi мi 
мәселесiн зерттеудi жолға қою мақсатында Тобольск, Томск, 
Орынбор, Саратов, Астрахан және басқа қалалар гимна-
зияларында татар тiлiн оқыту бiршама орын алды. Қазан мен 
Петербург университеттерiнiң шығыстану бөлiмдерi де Орта 
Азия мен Қазақстанды зерттеуге атсалысты.
Өлке тарихын зерттеудi ғылыми жолға қоюда 1845 жылы 
ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, 
Омбыдағы, Семейдегi және басқа iрi қоныстардағы бөлiмдерi 
мен бөлiмшелерi үлкен рөл атқарды.
XIX ғасырдың соңғы ширегiнде ұйымдастырылған облыс-
тық статистикалық комитеттер қазақ өлкесiнiң тарихы, 
этнографиясы, рухани-материалдық мәдениетi хақында 
көптеген мәлiметтер жинады. Олар “Облыстарға шолу жасау” 
атты жылма-жыл жарияланатын арнайы жинақтарда жан-
жақты сипатталатын.
Қоғамдық кiтапханалар жергiлiктi халықты ағарту iсiне 
тартуда бiрқатар еңбек сiңiрдi. Ресей азаттық қозғалысының 
Қазақстанда айдауда болған өкiлдерi: Е.П.Михаэлис, 
А.В.Леонтьев, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс, 
A.M.Бого молец,  т.б. қазақтар арасында 
жиi болып, ауылдарды аралады, Ресейде 
жүрiп жатқан оқиғалармен жергiлiктi 
қазақтарды таныстырып, сауатын аш-
ты. Қазақ пен орыс халқының өнегелi 
өкiл дерi достығының тамаша бiр көрiнi-
сi — Абай мен Е.П.Михаэлистiң қарым-
қатынасы.
Шоқан Уәлихановтың (1835 — 1865 
жж.) шын есiмi — Мұхаммед-Қанапия, 
Шоқан — анасының еркелетiп қойған 
Шоқан Уәлиханов

175
аты. 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекiнiсiнде туған. 
Абылай ханның үлкен ұлы әрi мұрагерi Уәли ханның кiшi 
әйелi Айғаным ханымнан туған баласы Шыңғыс сұлтанның 
шаңырағында дүниеге келген. Шешесi Шорман бидiң қы-
зы — Зейнеп. Ол балалық шағын әуелi Құсмұрында, содан 
кейiн өзiнiң атамекенi Сырымбетте өткiзген. Оның жетiле 
беруiне, сана-сезiмiнiң ерте оянуына әжесi Айғанымның 
ықпалы ерекше болды.
Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесiнiң 
алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен тығыз байла ныста 
болуы да үлкен әсер етедi. 
1847 жылдың күзiнде он екi жасар Шоқан туған елiнен 
тұңғыш рет сапар шегiп, әкесiмен Омбыға келедi. Әкесi 
өзiнiң орыс достарының көмегiмен баласын сол кездегi ең 
алдыңғы қатарлы оқу орнына — Сiбiр кадет корпусына оқуға 
түсiредi. 
Белинский мен Герценнiң азаттыққа шақырған идеялары 
Шоқан бiлiм ала бастаған Сiбiр кадет корпусына да жетедi. 
Жан-жақты әрi терең бiлiм беретiн кадет корпусында Қазақ-
стан географиясына барынша көңiл бөлiнiп, өлкенiң табиғи 
байлықтарын зерттеу мен игеру қолға алына бастады. 
Қазақ халқының тарихына да көңiл бөлiндi. Шоқанның 
көр нектi орыс ғалымы И.Н.Березинмен,  таңдаулы ұстазы 
Н.Ф.Костылецкиймен байланыста болуы, әуелден-ақ ғы лым-
ға деген бағытын дұрыс анықтауына себепшi болды.
Айдаудағы ақын С.Ф. Дуров, саяхатшы-ғалымдар П.П.Се-
менов-Тяншанский, Г.Н.Потанин Ш.Уәлихановтың бiлiм-
дiлiгiн жоғары бағалаған. 1853 жылы он сегiз жасында кадет 
корпусын бiтiрген Шоқан корнет  деген офицерлiк атаққа 
ие болды.
Кадет корпусын бiтiрген соң, ол Батыс Сiбiр генерал-губер-
наторының кеңсесiнде жұмысқа қалдырылды.
Батыс және шығыс елдерiнiң бiрқатар тiлiн жетiк бiлген 
Шоқан шығармашылық еңбек етудi аңсады. 1855 жылы ол 
генерал Г.X.Гасфорттың экспедициясына қатысып, Жетiсу, 
Тарбағатай мен Орталық Қазақстанды аралады, Iле Алатауы 
өңiрiнде болды. Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдердi 
жинай жүрдi. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдiң 
көлемiн топографиялық және картографиялық деректерде 
сипаттады. Кей маршруттарда ол көрнектi ғалым, географ 
П.П.Семенов-Тяншанскиймен бiрге болып, достығы жалғаса 

176
түстi. 1856 жылдың күзiнде екеуi Құлжаға барып қайтты. Ол 
Қытаймен екi арадағы сауда байланысын жақсартуға үлесiн 
қосып, Қытай ұлықтарымен келiссөз жүргiзедi.
1857 жылы Ш.Уәлихановтың Алатау қырғыздарына 
сапары Қашқар экспедициясының алдындағы қадам болды. 
Ол қырғыз елiн жан-жақты зерттеп, алғаш рет Ыстықкөл 
аймағының картасын жасауға қатысты. Ауыз әдебиетiнiң 
үздiк үлгiсi “Манас” жырын жазып алып, Iле өзенiнiң 
жо ғар ғы жағындағы Манастың жорығымен байланысты 
тарихи жерлердi барып өз көзiмен көрiп қайтты. Ол өзiнiң 
зерттеулерiнде Сiбiр мен Тянь-Шаньның аралығында көшiп 
жүрген қырғыздар Алатаудың байырғы  ежелгi халқы 
болып табылатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдедi. 
Ол қырғыздардың көне тарихы туралы бұрынғы еуропа 
зерттеушiлерiнiң еңбектерiн сынға алды. Шоқанның тарих 
және география саласындағы жетiстiктерi Петербургтің 
оқымыстыларын таңдандырып, олар жиырмадан жаңа 
асқан Шоқанды Орыс география қоғамының толық мүшесi 
етiп сайлады. 1858—1859 жылдары Шоқан өзiн әлемге 
әйгiлi еткен Қашқар саяхатына барып қайтты. Шоқанның 
Қашғарияға сапары оның ғалым, ағартушы ретiндегi еңбегiн 
жаңа биiктерге көтердi. Ол Қашғардың экономикалық 
және саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен 
этнографиясына қатысты жаңа тың деректердi жинақтады. 
Осы сапарға байланысты ғылыми еңбек жазды. Бұл Шығыс 
Түркiстан халықтарының өткенiне арналған ғылыми шоқ-
ты ғы биiк, әлемдегi ең алғашқы ғылыми зертеу жұмысы едi. 
Көп кешiкпей-ақ Шоқанның бұл еңбегi Германияда жә не 
Англияда жарық көрдi. 
Петербургте болған жылдар (1859 — 1861 жж.) Шоқан 
өмiрiндегi ең бiр қызықты кезең болды. Орыстың озат ойлы, 
зиялы қауымымен араласып, өзiнiң бiлiмдiлiгiн, талантын 
танытты. Шоқанның достары қатарында аса көрнектi орыс 
жазушысы  Ф.М.Достоевский  де болды. Тұңғыш рет 1854 
жылы Омбыда танысқан, кейiннен Семейде жалғасқан бұл 
достық — ғалым өмiрiндегi iрi оқиға. Бұл достық Петербургте 
де үзiлмедi.
1861 жылдың көктемiнде белгiлi ғалым Уәлиханов ауруға 
шалдығып, аулына қайтады. Бiраз ағайын-туысымен келiсе 
алмаған Шоқан қайтадан Омбыға келiп, қазақтың сот рефор-
масындағы кейбiр мәселелердi шешуге атсалысты. 1864 

177
жы лы Шоқан Уәлиханов генерал М.Г.Черняевтiң әскери 
экспедициясы құрамында Әулиеата бекiнiсiн алуда әскери 
қимылдарға қатысады. Алайда генералдың жергiлiктi 
ха  лыққа әдiлетсiздiгiне мейлiнше налыған Шоқан 1864 
жыл дың маусым айында басқа да М.Г.Черняевқа наразы 
офицерлермен бiрге Верныйға қайтады. Шоқан үлкен ғалым 
ғана емес, талантты суретшi де едi. Оның соңында халықтың 
тұрмыс-салтын бейнелейтiн жүз елудей сурет қалды. Осы 
тұрғыдан алғанда, оны қазақтың тұңғыш профессионал 
суретшiсi деп те айтуға болады.
“Русский инвалид” газетiнiң 1865 жылғы 51 санында 
көрнектi қазақ ғалымының Қытайдағы дүнгендер көтерiлiсi 
туралы ақырғы еңбегi жарияланды. 1865 жылдың сәуiр 
айында Шоқан Уәлиханов Алтын Емел жотасының (қа зiргi 
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы) етегiнде, Кө шен то-
ғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезек  төре нің  
ауылында қайтыс болады. Шоқан жарық етiп сөн ген 
құйрықты жұл дыздай аз ғана өмiр сүрдi. Бiрақ ол та лант-
ты адамның қабi летiндегi мүмкiндiктердi, тамаша ең бек-
қорлықты және өзiнiң халқына адалдықтың бейнесiн кейiн гi 
ұрпаққа үлгi етiп қал дырды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. XIX ғасырдың екiншi жартысындағы орыс мәдениетi қазақ 
халқының рухани өмiрiне қалай әсер еттi?
2. Қазақ халқының тарихын зерттеуде алдыңғы қатарлы орыс 
ғалымдары қандай үлес қосты?
3. Шоқан Уәлихановтың ғалым, саяхатшы ретiнде қалыптасуына өз 
ортасы мен алдыңғы қатарлы орыс мәдениетi қалай әсер еттi?
4. Ш. Уәлихановтың ғылыми iзденiстерi туралы баяндап берiңдер.
5. Шоқан туралы қандай әдебиеттердi бiлесiңдер?
Құжаттар
сот реформасы жөнiнде хат
“Соңғы кезде бiздiң үкiмет әкiмшiлiк және сот iсiн қайта құрумен 
жiтi айналысып, халық ағарту iсiне де ерекше назар аударды. Бұл 
реформаның кейбiрi бiздiң өлкемiзге де байланысты болды. Мәселен, 
сот реформасы. Сот iсiн қайта құру, әрине, бiздiң облыстағы (Сiбiр 
қазақтарының облысы. — Ж.Қ.) бұрынғы әкiмшiлiк құрылымды да 
өзгерiске түсiруi мүмкiн және орыс үкiметiне де, сол сияқты қазақ 
халқына да ауыртпалық келтiрiп отырған күрделi де бюрократтық 

178
шытырман iс, ауылдық қауымдарда жүзеге асырыла бастаған өзiн-өзi 
басқару бастамасы және округтерде тиiмдi, ұтымды басқармалардың 
болатыны сөзсiз”.
Шоқан  Уәлиханов. Шығармалар жинағы.
Алматы, 1985. T.IV. 77-парақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет