Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж


§ 6. ҚАзАҚТАРДыҢ 1773–1775 ЖылДАРДАҒы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 6. ҚАзАҚТАРДыҢ 1773–1775 ЖылДАРДАҒы  
Е.И.ПУГАЧЕВ БАсТАҒАН ШАРУАлАР  
сОҒысыНА ҚАТысУы
соғыстың алғышарттары, себептерi. Ресейдегi И.Болот-
ников, С.Разин, К.Булавин, Е.Пугачев бастаған шаруалар 
соғысының бiр-бiрiнен ерекшелiктерi болса да, саяси бағыты 
жағынан бәрi де басыбайлылыққа қарсы бағытталған бұқа-
ралық қозғалыстар едi. Әсiресе Едiл мен Жайық бойындағы 
бiрқатар езiлген халықтар — башқұрт, татар, қазақтар 
1773 — 1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына белсене 
ат салысты. Орта жүз, әсiресе Кiшi жүз қазақтары белсене 
араласқан бұл соғыс патша үкiметiне қарсы қақтығыстар 
iшiнде ерекше орын алады.
Патша үкiметiнiң Каспий теңiзiнiң солтүстiк-батыс өңi-
рiн дегi құнарлы да шұрайлы жерлердi орыс по  мещик те-
рiне бөлiп беруi, қазақтардың дәстүрлi мал жаятын өңi рiн 
мейлiнше тарылтты. Петербург билеу-
шiлерiнiң сан рет осы өңiрге жазалаушы 
топтарын жiберуi — Жайық бой ын да 
бiрiнен кейiн бiрi тұрғызылып жатқан 
бекiнiстер коменданттарының қыс-
па ғы қазақтар тарапынан қарсылық 
ту  дыр май қоймады. Ал Жайық казак 
әскерiнiң көш пендi лердiң жерiне көзiн 
алартуы жергiлiктi тұрғындардың пат-
ша үкiметiнiң езгiсiне наразылығын 
күшейте түстi. Е.И.Пугачев және оның 
серiктерi Жайық бойындағы қазақ 
шаруаларының хал-жағдайымен жақсы 
таныс болды. Сөйтiп, қазақтардың  
Е.И.Пугачев 

41
ша руа  лар соғысына белсене араласуына алғышарттар 
жасалды. Қазақтарды көтерiліске көптеп қатыс тыру 
үшiн Е.И. Пу гачев, ең алдымен, қазақ ханымен және 
сұлтандарымен байланыс жасауға тырысты. Осындай 
мақсатпен ол сенiмдi адамдары арқылы қазақтарға хаттар 
жолдады. Е.И. Пугачев қазақтарға өзiн III Петр патшамын 
деп таныстырып, олардың өзiне аманаттар және қарулы 
жасақтар жiберуiн талап еттi. Дегенмен де, сұлтандардың 
көпшiлiгi Е.И.Пугачев кө терiлiсiн қолдауға келгенде берiк 
те, тұрақты шешiм қа былдай алмады. Олардың iшiнен Е.И. 
Пугачевтi Қобда және Елек өзендерi маңында көшiп жүрген 
Досалы сұлтан мен оның бауырлары ғана мойындады және ол 
өзiнiң баласын екi жүздей жасақпен Е.И. Пугачевке аманат 
ретiнде жiбердi. Бiрақ 1774 жылы Е.И. Пугачев жеңiліп, 
Орынборды қоршау тоқтаған соң, ол да оны қолдауын 
тоқтатты.
Әрине, экономикалық және саяси жағдайдың әрқилы 
қалыптасуына байланысты, Кiшi және Орта жүз қазақ -
тарының бұл көтерiлiске қатысуы бiрдей дәрежеде болды 
деп тұжырымдау қиын. Шаруалар соғысына, негiзiнен, 
Кi шi жүздiң қазақтары қатысқаны ешқандай шүбә тудыр-
май ды.
Кiшi жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуын 
үш кезеңге бөлуге болады: I кезең — 1773 жылдың қыркүйек 
айы мен 1774 жылдың наурыз айының аралығы. Бұл — 
Пугачев үндеулерi Кiшi жүзде жиi тарап, қазақтардың 
кө  те  рiлiске стихиялық бағытта тартыла бастаған кезеңi; II 
ке зең — 1774 жылдың наурызынан күз айларының соңғы 
апталарына дейiн көтерiлiске қатысу бiршама кең етек алды, 
алайда бұл кезде халық жасақтары жеке батырлардың туы 
астында шоғырланды; III кезең — 1775 жылдың қыркүйек 
айынан 1776 жылдың ақпан айына дейiнгi кезең — қозғалыс 
бiртiндеп саябырлап, басыла бастаған кезең.
Орта жүз қазақтарының да осы шаруалар соғысына қаты-
суы үш кезеңнен тұрады: I кезең — 1773 жылдың қыр күйек 
айынан 1774 жылдың сәуiр айына дейiнгi аралықта Пугачев 
шабармандары кең-байтақ Орта жүздi кезiп, ауыл дарды 
көтерiлiске белсене қатысуға шақырды; II кезең — 1774 
жыл дың сәуiр — маусым айлары — Орта жүз жасақтары 
Жоғарғы Жайық және Ой бекiнiстерi төңiрегiнде Пугачев 
күш  терiн қолдады; III кезең — 1774 жылдың жазы мен 
1776 жылдың аралығы — Пугачев жасақтарынан дербес 

42
қи мылдаған Орта жүз қазақтары Ертiс және Оңтүстiк Сiбiр-
дегi әскери шептерге қауiп төндiрген. Пугачев көтерiлiсiне 
тiлектестiк бiлдiрiп, Кiшi жүздiң бiраз рулық қауымдары 
1774 жылдың жаз айында бытыраңқы түрде көтерiлiске 
шықты. Орта жүз қазақтары да осы сәтте толқи бастады. 
Тiптен Е.И. Пугачев Қазақстан аймағынан кетiп қалғанның 
өзiнде де, оның қалдырған адамдары қазақтар арасында 
патша үкiметiне қарсы көтерiлiске үндеген iс-әрекеттер 
жүргiзiп, қазақтардың жауынгерлiк рухын көтердi. Қазақтар 
ендi патша үкiметiнiң бекiнiстерiне және отрядтарына ғана 
II Екатеринаның Нұралы ханға жазған хатынан үзiндi

43
шабуылдар жасайтын болып алды. Кейде қазақтарды қолдап, 
башқұрттар да көтерiлдi. Мұның өзi Кiшi жүз қазақтарының 
Е. И. Пугачевтiң шаруалар соғысына тартылуына үлкен 
ықпал жасады. 1775 жылы Е. И. Пугачев өлгеннен кейiн де 
қазақ тар дың көтерiлiстерi тоқтай қойған жоқ. Оған басты 
себеп бол ған, есiмi белгiсiз “көзге көрiнбейтiн әйел” туралы 
әңгi   менiң ел арасына кеңiнен таралуы болды. Бұл аңыз 
бойын ша халықтан шыққан қарапайым әйел әдiлетсiздiкке 
қарсы халықты күреске шақырып, елдi жаңа “патшаның”, 
яғни Е. И. Пугачевтiң төңiрегiне топтасуға үгiттедi. Оның 
айналасына, негiзiнен, табын және тама руларынан шыққан 
жiгiттер жасақтары шоғырланып, бiртiндеп басқа рулар мен 
тайпаларға да тарала бастады. Мұндай әрекеттер патша үкi-
метiнiң қазақтармен шекарада едәуiр үлкен қарулы күштердi 
ұстауына алып келдi.
Негiзiнде, қазақ шаруаларының және жеке сұлтандардың 
шаруалар қозғалыстарына қатысуына түрткi болған — жер 
мәселесi.
Қазақ сұлтандары мен патша үкiметi арасындағы жерге 
бай ланысты  қайшы лықтарды  өршiтуге  тек  Жайық  казак-
тары  емес, сонымен қатар XVIII ғасырдың екiншi жарты-
сын да құрылған Орынбор казак әскерiмен арадағы тартыс 
та себеп болды. 1756 жылы казак әскерлерiнiң мүддесiн 
қыз ғыштай қор ға ған патша үкiметi қазақтардың Жайық 
өзе нiнiң оң жағасына көшiп-қонуына тыйым салды. Кiшi 
жүз дiң ханы Нұралы көшпендi қауымның атынан патша 
үкiметiнiң Жайық өзенi бойында мал жаюға тыйым салған 
үкiмiн жою ды талап еттi. Осыған бай ланысты императрица 
Елизавета Петровна башқұрт көтерiлiсiн жан шуға көмек-
тескенi үшiн қазақтарға Жайық тың сол жа ғасында малда-
рын жаюға уақытша рұқсат еттi.
1770 жылға дейiн Жайық пен Едiл өзендерi бойындағы 
қазақтар мен қалмақ тардың арақатынасы да тым күрделi 
болды. 1771 жылы, ша  ма мен алғанда, отыз мыңнан астам 
қалмақтардың бұл кез де тари хи сахнадан түскен Жоң-
ғарияға қарай кө шiп кетуi, жер тапшылығын бiрқатар бә-
сең деттi. Қазақ ру ла ры атам за манғы өз иелiктерiн қай тып 
алудан үмiттендi. Алай да патша өкiметiнiң пиғылы бұл 
өңiрден қазақтар ды ығыс ты рып, ка зак әскерi мен орыс по-
ме щиктерiнiң иелiгiн кеңейту едi. 
Орта жүз қазақтарын ашындырып, оларды шаруалар со-
ғысына қатыстырған да патша үкiметiнiң жер мәселесiндегi 

44
отаршыл саясаты едi. XVIII ғасырдың 60-жылдарында 
Ертiс тiң оң жағасындағы шұрайлы өлкенi казактарға тар-
тып алып беру, бекiнiстер орналасқан өңiрге жа қын дауға 
тыйым салу жергiлiктi халықтың ашу-ыза сын тудырмай 
қой мады. Ғасырлар бойы рулық қауым пай да  ланып келген 
иелiктi жаңадан қоныс аударған орыс ша руа ларына, сiбiр 
казак әскерiне үлестiрiп беруi — езiлген бұқараны жермен 
қарық етемiн деп уәде берген Пугачев бастаған шаруалар 
соғысын Орта жүздiң қолдауының басты алғышарты болға-
ны ақиқат.
Кiшi жүздiң iрi ақсүйектерi — Ералы, Досалы, Айшуақ  
сұлтандардың бұл соғысты қолдауы тiптi Нұралы ханның 
өкiлi Зәбiр молданың Пугачевке арнайы сыйлық табыс етуi, 
Абылай тұқымдарының да шаруалар соғысына үмiт артуы, 
патша үкiметiнiң билiгiн әлсiретудi көздеуден туған едi.
Кiшi жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы. 
1773 жылғы қараша айының 17-сiнен 18-iне қараған тү-
нiн де Нұралының арнайы өкiлi Зәбiр молда Усиха өзенi ма-
ңын да Пугачевке жолықты. Осы айдың 18-iнде Пугачевтiң 
Е. Пугачевтiң Орынбор түбiнде өзi құрған сот процесiнен көрiнiс

45
хатшылары мазмұны бiзге дейiн жеткен қазақтарға арналған 
үндеудi құрастырды. Нұралы ханға арналған осы үндеуде 
шаруалар cоғысының жетекшiсi Кiшi жүз сұлтандарынан 
көмекке қол жiберудi, өзiнiң “таққа отыруын” қолдауды 
талап еттi. Алайда Жайық бекiнiсiн қоршаудағы Е.Пугачев-
тiң сәтсiздiгi ханның соғысқа қатысушыларға көмек беруге 
асықпауына себепшi болды.
Кiшi жүз феодалдарының қолдауына соншама үмiттенген 
Пугачев, қыркүйек айының 20-сында Нұралыға арнайы 
үндеу жолдады. Жер мен суды, астық пен тұзды, өзен мен 
шөптi беруге аянбаймын деп уәденi үйiп-төккен шаруалар 
соғысы көсемiнiң мақсаты қалай да болсын қазақтарды өзiне 
тарту едi. Ру-рудан жиналған қазақтардың қарулы топтары 
1773 жылдың қазан айының бастапқы күндерiнде Жайық 
өзенi бойындағы әскери шепке тиiп-қашты шабуылдар 
жасады.
II Екатерина қазақ ханы Нұралыға арнайы “грамота” 
жiберiп, Пугачевтi өзiне жақындатпауын талап еттi.
Пугачев күшiнiң Орынбор әскери шебiне жақындауы 
осы өңiрде көшiп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. 
1773 жыл ғы 7 қазанда Орынбор губернаторы Петербургке 
ха бар лағанындай, қазақ руларының арасында ерекше 
қобалжу байқалды. Досалы сұлтан өзiнiң ұлы Сейдалыны 
бас етiп, Пу гачевке көмек ретiнде қарулы топ жөнелттi. 
Көп кешiкпей Досалының өзi де соғысқа қатысушыларды 
ашық қолдады. Қазақ жiгiттерi Пугачевтiң қолымен Жайық 
бекiнiсiн қор  шауға табан тiресе қатысты. Кулагин бекiнiсiн 
алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды. Ал Орын-
борды қор шауға 200-ге жуық қазақ белсене атсалысты. 
1773 жыл дың қараша айында соғысқа қатысушылар мен 
Пу га чевтiң манифесiне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың 
оң жа ғасына топ-топ болып өтiп, малдарын жайды. Жайық 
бекiнiсiнiң коменданты подполковник Симонов, қазақтар 
қарсылығының өршiп бара жатқандығын үкiметке үрейлене 
хабарлаған.
Алайда соғыстың өршуiн өзiне тиiмсiз деп қараған Нұралы 
хан мен оның сарайлық сыбайластары екi жақты бағыт 
ұстады: бiрiншiсi — соғысты пайдаланып, жер тапшылығын 
жою, қазақтарға тартып алынған жайылымды қайтару; 
екiн шiсi — күннен-күнге соғысқа өршелене қатысқан өзi не 
бағынышты қазақтарды тәуелдiлiкте ұстау, соғыс жеңi-
лiс тапса патша үкiметiнiң алдында ақталу. Шаруалар 

46
соғы сы ның бiртiндеп бәсеңдеуi, қазақ даласына жазалау 
отрядтарының жақындауы би-сұлтандардың опасыздығын 
тездеттi. Пугачевтiң қимылынан үрейленген Нұралы хан, 
оның iнiсi Айшуақ сұлтан Жайық бойындағы бекiнiстерге 
жақын көшiп барды. Кейiн патша үкiметiнiң алдында екi 
ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы хан, Кiшi 
жүздiң қазақтары шаруалар соғысына қатысқанда маған 
бағынбай кеттi деп ақталды.
Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы. 
Шаруалар соғысының өршуiне Кiшi жүзге iргелес орналасқан 
Орта жүз тұрғындары да белсене атсалысты. Орынбор қаласын 
қоршауда сәтсiздiкке ұшыраған Пугачев күштерi Троицк 
бекiнiсiне қарай шегiнуге мәжбүр болды. Ендi шаруалар 
соғысы Орта жүздi де кеңiрек шарпыды. Пугачевтiң қазақ 
старшын, сұлтандарына жолдаған үндеуi қазақ руларының 
соғысты қолдауын туғызды. Көкшетау өңiрiндегi қонысында 
жүрген Абылай ханға бұл манифестердiң жетпеуi де мүмкiн. 
Белгiлi би Дәуiтбай Пугачев өкiлдерi жеткiзген үндеумен 
танысқан соң, өзiне жақын старшындармен келiсiп, соғысты 
қолдауға шешiм қабылдады. Алайда Пугачевтi қолдаған ша-
руалар топтары арасында бiрлiк болмады.
Торғай өзенiнiң төменгi бойында шоғырланған стар-
шындар Құдаймендi мен Тайыр басқарған шаруалар пат-
шаның жазалаушы топтарымен ашық қақтығыспай, қыр 
көрсетумен шектелдi. 1774 жылдың күзiнде Сiбiр шеп -
терiне шабуыл жасаған қазақтар патшаның тұрақты әске-
рiнiң қысымымен Сырдария бойына ауып кеттi. Бұхар 
хан дығына дейiн барған Орта жүз қазақтарының бiр тобы, 
көк тем айларында Тобыл мен Есiл өзендерi бойына қайтып 
оралды.
Өткен жылдардағыдай патша үкiметiне қарсы күреске 
қарауыл, кенжеғалы, қыпшақ, керей және басқа рулар атса-
лысты. Осы рулардан құралған қарулы топтардың белсен-
дiлiгi Пресногорьск, Петропавл, Верхнеозерный бекiнiстерi 
маңайындағы оқиғаларда көзге түстi. 1774 жылдың күзiнде 
генерал Деколонгтың Петербургке, граф Панинге жолдаған 
хатында соғысқа қатысушылардың күш алып кеткендiгi 
сон ша лық, бекiнiстердегi гарнизондар күшiмен қазақтар дың 
толқуын басу мүмкiн емес деп қынжыла хабарлады.
1773—1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақ хал-
қы ның белсене қатысуының маңызы зор. Бұл қозғалыс 
қа зақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын жаңа сатыға кө-

47
тердi. Халық наразылығына қарамастан патша үкiметiнiң 
отарлау саясатын жалғастыра беруi, ал қазақ билеушiлерiнiң 
мансапқорлық мүдденi жоғары қойып, отарлаушылар жа-
ғына шығып кетулерi халықтың көзiн ашып, оны жаңа 
күрес терге  жiгерлендiрдi. 
Азаттық үшiн күрескен халық, өздерiнiң арман-мұраттары 
жолында табандылық танытатын азаматтарды өзiнiң орта-
сынан шығармайынша жеңiске жете алмайтынын түсiндi. 
Сондай тарихи тұлға байбақты руынан шыққан Сырым Дат-
ұлы болды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шаруалар соғысының басталуына не себеп болды?
2. Қазақтардың шаруалар соғысына қатысуын қандай кезеңдерге 
      бөлуге болады?
3. Кiшi жүз қазақтарының Пугачев бастаған шаруалар соғысын қол-
      дағанын қандай мәлiметтер дәлелдейдi?
4.  Орта жүз қазақтары Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қалай 
      қатысты, оның ерекшелiктерi неде?
Құжаттар
Нұралы ханның Астрахан губерниялық басқармасына  
хабарынан
11 қаңтар, 1774 жыл.
“...Оның (яғни, Пугачевтiң. — Ж.Қ.) адамдарының аттары сондай 
арық, әлсiреген, олардың (көтерiлiсшiлердiң. — Ж.Қ.) көпшiлiгi 
жаяу. Ол сұмырай (Пугачев. — Ж.Қ.) бiр мың қолмен келген 
полковник Чернышевпен шайқасқысы келедi. 25 адамды жазалаған. 
Бiрқатар адамды өз жағына шығарып алған. Генерал Кар екi мың 
әскерiмен Орынборға аман-сау жеттi”.
Казахско-русские отношения в XVIII—XIX веках.  
Алма-Ата,1964. Т. II.  Документ №18.
“Пугачев туралы аңызға айналып кеткен хабарлар қазақ даласында 
ұзақ жылдар сақталды. Қазақтар Пугачев бастаған шаруалар 
соғысына қатысқан жұмысшылар және басқа пугачевшiлермен 
қарым-қатынаста болды. Бұл шаруалар соғысы Қазақстандағы 
тап тық күреске, қоғамдық қатынастарға бiраз жыл әсер етiп 
отырды”.
Семенюк Г.И. Проблемы истории кочевых племен и 
народов периода феодализма.  
Калинин, 1974. С. 147.

48
§ 7. сыРыМ ДАТҰлы БАсТАҒАН КIШI Жүз ҚАзАҚТАРыНыҢ 
1783—1797 ЖылДАРДАҒы КӨТЕРIлIсI
Көтерiлiстiң алғышарттары, себеп-
терi және оның басталуы. Кiшi жүздi 
отар лаудың ұлғаюы, хан билiгiнiң сақ-
талуы, этно-саяси бiрлiкке көшпелi 
халықтың қатыс уы әртүрлi әлеуметтiк 
топтар дың өзара қайшылықты қаты-
настарына алып келдi. Аграрлық дағ-
дарыстың тереңдей түсуi Әбiлқайыр 
әулетiне қарсы iшкi оппозицияны кү-
шейттi. XVIII ғасырдың 70 — 80-жыл-
дарының бас кезiнде Кiшi жүзде екi хан 
арасындағы күрес жаңа тарихи жағдай-
да да бәсеңдемедi, Кiшi жүздiң көп 
бөлiгi Нұралы ханды, бiр бө лiгi Қайып 
ханның баласы Батыр сұл  тан ды қолдады. Қазақтардың 
1773 — 1775 жылдардағы ша руа лар соғы  сына жаппай 
қатысуы Нұралы бағытының әлсiрегенiн көрсеттi. Беделдi 
сұлтандар жеке-дара бағыттарын белгiлей бастады. Едiлдiң 
оң жағалауындағы қалмақтар да қазақтарды мазалауын 
қой мады. Қазақтарды талқандай алма ғанымен, олар Жайық 
казактарының басшылығымен бiр лесе қимыл дап, патша 
әкiмшiлiгiне сүйенiп, қазақтарды әлсiретуге тырысты.
Әбілқайыр хан өлiмi Кіші жүздегі жағдайдың тұрақ-
сыздығын көрсеттi. Нұралы және оның iнiлерi Айшуақ, 
Ералы, жақын туы сы — Досалының Орынбордан жалақы 
алып тұруы, хан дық билiктiң күнi еңкейе бастағанын көр-
сетті. Оның үстi не Кiшi жүзде өз билiгiн күшейту үшiн 
пат ша үкiметi Оңтүс тiк Оралдағы әкiмшiлiк басқаруға бiр-
қатар өзгерiстер ен гiз дi. Неплюевтiң кезiнде 1744 жылы 
құрылған Орынбор губерниясы таратылды. Жүздiң көпшiлiк 
бөлiгi Сiбiр және Уфа басқармасына бағындырылды. Қа-
зақтардың Жайықтың сол жағасына өтуiн бақылайтын 
Орал шекаралық басқармасы құрылды. Хандық би лiк тiң 
әлсiреуi, орыс помещиктерiнiң, Жайық казак әскерлерiнiң 
зорлық-зомбылығы, iшкi өзара тартыс елдiң экономикалық 
жағдайына нұқсан келтiрдi.
Шекаралық iстер комиссиясы да патша үкiметi нұсқаула-
рының жүзеге асуын қамтамасыз етудi бақылады. Казак 
әскерлерiнiң жергiлiктi халыққа қысымы, билеушілер ара-
сындағы алауыздықтың күшеюi, Кiшi жүздегi саяси жағ-
дайды шиеленiстiрiп жi бердi.
сырым Датұлы

49
Көшпендiлердiң жайылымдарын өз қалауынша бөлiп, 
халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы 
хан ның салық саясатының да зардапты салдарларының 
болғандығын атап өткен жөн.
Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына 
қатысушы, батыр, шешен Сырым Датұлы шықты. Оған Едiл 
жағалауынан Арал теңiзiне дейiнгi барлық қазақ даласы үн 
қосты.
Көтерiлiстiң басты қозғаушы күшi — қазақ шаруалары, 
старшындар, билер, ру басшылары болды.
Сырым батырдың соңынан ерген ерушiлердiң саны туралы 
нақты мәлiмет жоқ. Жалпы алғанда, көтерiлiсшiлер саны 
3 500 адам деп топшыланады.
Орынбор өлкесiнiң жаңа губернаторы, барон О.Игель-
стром Кiшi жүзде хандық билiктi жоюға тырысып, қо лы-
нан келетiн бар мүмкiндiктi пайдаланды. Ол II Екатери на 
патшайымның жан-жақты қолдауына сүйенiп, қазақ тардың 
бiрлiгiн iштен ыдыратуға кiрiстi. Осындай саясат жер гi-
лiктi ұлыстарды билейтiн беделдi батырлар мен Шың ғыс 
ұрпақтары арасында бытыраңқылық тудырды. Сырым сұл-
тандар мен хан әулеттерiне қарсы болды, екiншi жағынан, 
батырдың қара халық арасында беделi жоғары едi. Барон 
О. Игельстром өзiнiң тыңшылары арқылы Кiшi жүздегi 
күштердiң орналасуынан хабардар болып отырды және хан-
дықты құлату үшiн батырдың жауларын қолдап, шебер пай-
даланды. ХVIII ғасырдың 80-жылдарының басында Нұралы 
ханның әлi де Әбiлқайыр әулетiнiң билiгiн қорғау үшiн күшi 
аз емес едi. Ол өзiнiң бауырларымен бiрге Кiшi жүздiң бiраз 
аймағын (оның әулетi 16 руды, Ералы — 2, Ай шуақ — 7) ұстап 
отырды. Мұны Отто Игельстромның өзi де мойындаған.
Барон, шындығында, өлкедегi басты билеушi болды. Орал 
казактары губернатордың рұқсатымен қазақ жерлерiн ба-
сып алып, өз иелiгiн кеңейтiп отырды. С.Датұлы бастаған 
көте рiлiстiң бiр себебi — казактардың осы озбырлығына 
қарсы бағытталды. О.Игельстром атамандары, негiзiнен, хан 
билiгiн мойындап отырған ауылдарды шабуылдады. Ресей 
империясының сыртқы саясаты туралы мұрағат қорындағы 
көптеген құжаттарда Нұралы хан казактардың қазақ ауыл-
да рындағы әрекетi жайында баяндаған. Бұған қоса патша 
үкiметiнiң қанауы аз болғандай, Нұралы хан және оған 
туыс сұлтандар да қазақ ауылдарында жазалау және тонау 
әре кеттерiн өрiстете түстi. Сұлтан тұқымдарының көршi 

50
рулар мен тайпалардың малдарын барымталап, зорлықпен 
айдап кетулерi әдеттегi жағдайға айналды. Мұның өзi қара 
халықтың Нұралы ханға және оның туыстарына деген өш-
пен дiлiгiн арттыра түстi. Жағдай осындай шиеленiстi болса 
да, Нұралы хан өзiнiң халқымен емес, орыс билеушiлерiмен 
келiсiмге келудiң жолын iздестiрдi. Ол патша әкiмшiлiгiмен 
жазысқан хаттарында өзiнiң халқына сенбей, әсiресе орыс 
казактарымен арадағы шиелiнiстердi және қалмақтармен 
арадағы дау-дамайларды отаршылар күшiмен реттеуге 
тырысып бақты. 
1762 жылғы 10 ақпанда қазақтардың өз қол астынан 
Жа йықтың оң жағалауына ешқандай қиындықсыз өтiп 
кет
 
кендiгi туралы хан Орал казактарының атаманы Андрей 
Бо родинге мәлiмдеген. Мұнымен бiрге хан Едiл қалмақтары 
айдап кеткен 8 мың жылқыны әлi де қайтармай отырғанын 
бiлдiрдi. Ханның өзiне де олардың арасындағы компромистiк 
бағыт түсiнiксiз едi. Халық қозғалысының алғашқы мақса-
ты — патша үкiметiнiң отарлауына шек қою және казактарға 
қарсы соққы беру болды.
Көтерiлiстiң басталуы. Ресей билiгiнiң шектен шыққан 
қанауы және Нұралы ханның оларға жағынуды көздеген 
саясаты — халық бұқарасының наразылығын туғызды. Бұл 
наразылықтың басында халыққа әйгiлi батыр Сырым Дат-
ұлы тұрды. Көтерiлiс басталған кезде Сырым алпыс жасқа 
жақындап қалған едi. Оның негiзгi сүйенiшi Едiл мен Жайық -
тың арасында көшiп жүрген байбақты руы болатын. Ке  зiн де 
Е. И. Пугачев қозғалысына қатысушы қазақтарды жақтаған 
Сырым батыр өзiнiң ақылымен және тамаша шешендiгiмен, 
оған қосымша ержүректiгiмен халықтың құрметiне бөлен-
ген тарихи тұлға едi. Оның Нұралы ханмен туыстығы да 
бар болатын. Ханның қарындасы Сырымның әйелi едi. 
Осы лай бола тұрса да, Сырым ханмен бiрге болудың орнына 
халықтың мүддесiн көздеп, әдiлетсiздiкке қарсы көтерiлген 
халықты өзiнiң соңынан ерте бiлдi. Алғаш ол, өзiнiң әре-
кет терiн ханға емес, патша әскерлерiне қарсы соғыстан бас-
тады. 1772 жылы Сырым бастаған қазақ жасақтары орыс 
казактарының отрядтарының бiрiне шабуыл жасады. Осыдан 
соң, патша үкiметi Сырымның соңына түсiп, оны қалайда 
тұтқындауға немесе өлтiрiп тастауға тырысты. Сырымның 
соңынан iлескендер iрi руларды басқаратын билер мен стар-
шындар едi. Олар, негiзiнен, кезiнде жоңғарларға және Орта 
Азия хандықтарына қарсы күресте сыннан өткен халық 

51
жасақтарының басшылары болатын. Сондықтан да олар хан 
тұқымдарының емес, халықтың мүддесiн қорғап, Сырымның 
көтерiлiсiне қосылды. Отаршылардың қазақтарға жасаған 
шектен шыққан озбырлықтары олардың ашу-ызасын өр-
шiттi. Әсiресе көтерiлiсшi қазақтар атаман Чаганов бастаған 
Орал орыс казактарының зорлық-зомбылығынан көп қорлық 
көрдi. Олар қазақ ауылдарына басып кiрiп, малды және 
адамдарды айдап әкетiп отырды. Мұның өзi патша әкiм-
шiлiгiне қарсы көтерiлiсшiлердiң санының жедел өсуiне 
алып келдi. 1778 жылғы мәлiметтерге қарағанда, Орал казак-
тарымен қақтығыстың бiрiнде Сырымның балалары қайтыс 
болады. Соған қарамастан, Сырым Датұлы патша үкiметiне 
қарсы күреске әлi де болса белсене араласа қоймады. 
Батырдың Орал казак әскерлерiмен ашық арпалыс 
жолы на түсуi 1783 жылдан басталады. Орал казактарымен 
шайқастың бiрiнде Сырымның жiгiттерi атаман Чагановты 
қолға түсiрiп, Хиуаға құлдыққа сатып жiбердi. Мұның өзi 
Орал казак әскерлерiнiң қазақ ауылдарына жазалау жо-
рық тарын күшейте түстi. Осы жылы желтоқсан айында 
кез дейсоқ казактардың тұтқынына түсiп қалған Сырымды 
1784 жылы көктемде Нұралы хан босаттырады. Осыдан кейiн 
батыр ұсақ топтардың басын қосып, iрi қол ұйымдастыру-
ға тырысты. 
Сырымның Орал казак әскерiмен кескiлескен күресi 1784 
жылдың маусым айында басталды. Көтерiлiсшiлердiң негiзгi 
күшi Төменгi Жайық шебi мен Ор бекiнiстерi төңiрегiнде 
топтасты. Старшындар — Барақ, Тiленшi, Оразбай мен 
Жантөре сұлтан бас болған көтерiлiсшiлер топтары Жоғарғы 
Жайық бекiнiсi мен Елек (Илецк) қалашығының төңiрегiнде 
шоғырланды. 1784 жылдың қараша айында Сағыз өзенi 
бойында күшiн бiрiктiрген С.Датұлы жеке топтарының 
қатарында 1000 адамға дейiн болды.
Патша өкiметiмен ауыз жаласқан Нұралының көтерi-
лiстi қолдаған руларға қырғиқабақтығы, оның Сырыммен 
арақатынасын бiртiндеп суыта бердi. Тiптi Сағыз өзе нi 
бойында көтерiлiстiң басты күштерi топтасқанда, оған қар-
сылық ретiнде Нұралы хан Орал казак әскерлерi орналас қан 
бекiнiстерге жақындап, ығысты.
Қазақтардың Жайық бойындағы бекiнiстерге қыр көрсетуi 
және патшаға жағымды Нұралымен қатынасының суып кетуi, 
Орынбор билеушiлерi тарапынан әскери шара қолдануға 
түрткi болды. Жазалаушы топтар көтерiлiсшiлердi талқандай 
алмай, алаңсыз жатқан бейбiт ауылдарға қырғидай тиiп, 

52
халықты қан қақсатты. 1785 жылы 17 ақпанда көтерiлiстi 
басу үшiн арнайы аттандырылған генерал-майор Смирновтың 
тобы көтерiлiске қатысы жоқ ауылдарды шауып, 70-ке жуық 
қазақты тұтқындап, байлап әкеттi.
1785 жылдың көктемiнде көтерiлiсшiлер күрес қимыл-
дарын барынша кеңейттi. Көтерiлiстi мейлiнше қолдаған 
байбақты, табын, тама руларына сүйенген Сырым көтерiлiс 
өрiсiн кеңейтуге тырысты. Бұл жағдай патша үкiметi тара-
пынан да қарсы қимылдарды тездеттi. 1787 жылғы нау рызда 
көтерiлiсшiлердi талқандау үшiн 1000-нан астам қаруланған 
күш Орал казак әскерiнiң старшиналары Колпа ков пен Поно-
маревтiң басшылығымен жорыққа шықты. 
Әскери коллегияның президентi Г.А.Потемкиннiң нұс-
қауы на сай, жазалау тобына “қырғыз-қайсақ” қарақшы ла-
рын Жем (Ембi) өзенi бойындағы ұясына дейiн тықсырып 
тастау қатаң жүктелдi. Бұл кезде Кiшi жүздi кең қамтыған 
көтерiлiсшiлердiң тек Жем өзенi бойында шоғырланған 
тобының қатары жетi мыңға дейiн жеттi. 
Патша жазалау тобының қимылдарын қиындату үшiн 
Сырымның сарбаздары суы тапшы, шөлейттi, тақыр жер ге 
шегiндi. Жайықтың суы мол, жемшөпке бай өңiрiне үйрен-
ген казак әскерiне осындай табиғат жағдайы қолайсыз 
жерде соғысудың қиындығы түсiнiктi. Осы себептен Жем 
бойы на жақындаудан жүрексiнген Колпаков тобы бағытын 
өзгертiп, берiш және адай руларына бас салды. Сөйтiп, бейбiт 
ауылдарды аяусыз ойрандады.
1785 жылдың көктемiнде қазақтардың жайлауға кө шу-
ге әзiрленiп жатқандығын пайдаланып, көтерiлiске соқ-
қы берудi тездетуге бұйрық берiлдi. Майор Назаровтың 
басқаруымен Орал казактарынан тұратын 405 адамдық топ 
нау рыз айында табын руына шабуыл жасады. Сырым Дат-
ұлы басқарған қазақтардың бiр тобы Сахарная бекiнiсiн 
алу ға ұмтылды. Алайда зеңбiрек оғынан жүрексiнген 
кө те  рiлiсшiлер кейiн шегiнуге мәжбүр болды. Айшуақ 
сұл  тан  ның баласы Атақтың тобы ерлiкпен соғысты. Жас 
сұл тан ұрыс даласында қаза болды, Айшуақ сұлтанның 
өзi Назаровтың қолына түсiп, Орал қаласында тұтқын да 
ұс талды. Патша жазалаушыларының Нұралы ханның туыс-
тарына қол көтеруi көтерiлiс сипатының өзгеруiне әсер еттi. 
Айшуақ сияқты iрi сұлтанның жазалаушылар қолында қа -
луы патша үкiметiне арқа сүйеген Нұралы ханның, оның 
жақтастарының жағдайын қиындатты.

53
Кiшi жүздегi iшкi күрес және оның көтерiлiс барысына 
әсерi. 1785 жылдың көктемiне дейiн көтерiлiсшiлердiң 
басты қимылдары патша үкiметiнiң Жайық бойындағы 
бекiнiстерiне, казак әскерiне қарсы бағытталды. Жазалау-
шылармен қақтығыстан кейін көтерiлiсшiлердiң ендiгi 
басты мақсаты Нұралыны хандықтан тайдыру болды. Казак 
әскерiнiң қазақ жерiн басып алуына қарсы күресiп жүрген 
Сырым Датұлы, ендi елдi ханға қарсы күреске шақырды. 
Бұ рын Нұралының тiрегi болған шектi, серкеш, таз, табын 
рула рының Сырым батырды мейлiнше қолдауы да, ханның 
беделi әлсiрегендiгiнiң бiр көрiнiсi едi.
Осындай шиеленiскен жағдайда 1785 жылдың жазында 
Кiшi жүз старшындарының съезi Нұралыны хандықтан 
тайдыру жөнiнде шешiм қабылдады. Сол жылдың күзiнде 
болған қазақ билерiнiң мәжiлiсi де патша үкiметiнен Нұра-
лыны хандықтан тайдыруды, оның тұқымын хан тағына 
жо лат пауды талап еттi. Нұралыны айыптаған старшын, би-
лердiң қатарында осы Кiшi жүздiң 20-ға жуық руларының 
өкiлдерi болды. Беделi әлсiреген Нұралы ат төбелiндей 
жа қтастарымен Орал әскери шебiнiң билеушiлерiнен пана 
iздейдi. 1786 жылы Нұралы Уфаға жер аударылып, 1790 
жы лы сонда дүние салған.
Осындай жағдайда патша үкiметi Кiшi жүзде хандық 
билiктi жойып, оны отарлауды тездетiп, ресейлiк әкiмшiлiк 
билiк орнатуды ойластырды. Оны дайындаған және iске 
асыруға атсалысқан Орынбор өлкесiнiң билеушiсi, барон 
О.А.Игельстром, әрине, Кiшi жүзде болып жатқан оқи-
ғалармен жақсы таныс едi. Оның жобасы бойынша Кi шi 
жүзде хандық билiк жойылып, әкiмшiлiк билiк Шекара-
лық сот патша шенеунiктерiнен және жергiлiктi топ өкiл-
дерiнен құралуы тиіс болатын. Шекаралық сот тiкелей ге-
не рал-губернаторға бағындырылды. Кiшi жүзде құрылған 
әкiмшiлiк басқарудың ауылдық буындары Шекаралық 
сотқа ба ғындырылды. Губернатор осындай жол мен дала 
қа зақтарын бiр шыбықпен айдап, басқаруға бо ла ды деп 
есептеді.
II Екатерина баронның жобасын бекiттi. Көтерiлiсшiлер 
тарапынан осы реформа жөнiнде бiрыңғай пiкiр болмады. 
Сырым Датұлының көздегенi хандықты құртып, жоғарғы 
әкiмшiлiк басқаруды билер қолына беру едi. Алайда мұн-
дай жағдайда ғасырлар бойы қолданылып келген халық 
жиналысының (құрылтай) орны түсiнiксiз болып қалды. 
Би лердiң басым көпшiлiгi Нұралыны тайдыруға келiсiм 

54
бергенiмен де, жалпы хандық билiктi түбiрiмен жоюға қар-
сылық бiлдiрдi. Әбiлқайырдың қарсыласы Батыр сұлтанның 
баласы Қайыпты Кiшi жүз ханы етiп сайлауға дайындауы, 
билер тобы саясатының осындай бiр көрiнiсi болды.Соған 
қарамастан Сырым Датұлы Игельстромның жобасын бiр ден-
бiр қолайлы деп санады. 
Бұл жобаны қолдағандағы Сырымның мақсаты — Нұралы 
ханды және оны жақтайтын сұлтандарды патша үкiметiнiң 
қолдауынан айыру едi. Ал бұның өзi қазақ даласын олардың 
билiгiнен құтқаруға алып келетiн едi. Осындай жағдайда 
халық сенуден қалған Нұралы ханды патша үкiметi Уфа қа-
ла сына құрметпен жер аударды. Ал бұл ханның кейбiр туыс 
сұл тандарының Сырымның көтерiлiсiне келiп қосылуын 
туғызды. Дегенмен де, сұлтандардың көпшiлiгi өздерiнiң 
Сы рымға деген жаулық көзқарасын ұстана отырып, Нұралы 
ханның бауыры Ералының төңiрегiне топтасып, Сырымға 
қар сы бiрде ашық, бiрде жасырын күрестерiн жалғастыра 
бердi.
1786 жылы Орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 
Келесi жылы Кiшi жүзде патша әкiмшiлiк билiгiнiң төменгi 
сатылары ұйымдастырылды. Бұл арада Сырым Датұлы 
пат ша үкiметiн мүлде қолдаған жоқ. Батырдың көздегенi 
хан арқылы жүзеге асырылып отырған үстемдiкке соққы 
беру едi. Алайда көп кешiкпей патша үкiметiнiң өзi хандық 
билiк тiң жойылуы Ресейдегi монархиялық билiк мүддесiне 
қайшы келетiнiне көзi жеттi. 
Францияда король билiгiнiң құлатылуы Ресейде Романов-
тар әулетiне қарсылық тудырды. Осыған байланысты 
үкі мет барон О.А.Игельстромның реформасын тоқтатуға 
мәж бүр болды. Патша үкiметiн қатты қорқытқан нәрсе, 
оның жергiлiктi әкiмшiлiк сатыларының қазақ даласында 
жұ мыс жасауға қабiлетсiз болуы ғана емес, ең бастысы, Сы-
рым батырдың халық бұқарасынан үлкен қолдау тауып, 
хан дық билiктiң жауы ретiнде және патша әкiмшiлiгiнiң 
зорлық-зомбылықтарына жол бермейтiн та  ри хи тұлға ре-
тiнде зор беделге ие болуы едi. Сондықтан Игельс тромның 
реформасын жүзеге асыруды тоқтатқан патша әкiмшiлiгi 
ендi өзiнiң Орынбордағы генерал-губернаторына қазақтың 
қалың бұқарасына қарсы ымырасыз күрес жүргiзiп отырған 
Ералы сұлтанмен келiссөз жүргiзiп, оны хан тағына отыр-
ғызу жолдарын қарастыруды тапсырды. Мұндағы патша 
үкiметiнiң мақсаты — Кiшi жүздегi күйреген хандық билiктi 
қалпына келтiрiп, хан тағына патша үкiметiнiң отарлау сая-
са тын қолдайтын жаңа сұлтанды отырғызу едi.

55
XVIII ғасырдың 90-жылдарындағы көтерiлiстiң жа ңа 
кезеңi. Көтерiлiстiң қайтадан өрлеуiне Орал казак әскер-
лерiнiң қазақтарға қарсы бағытталған қимылдары түрткi 
болды. Атаман Донсковтың 1500 солдатпен қазақ ауылдарын 
ойран дауы, ондаған адамдарды тұтқынға алып, малын айдап 
кетуi қазақтардың ашу-ызасын туғызды. Әскери жаза лау-
дан бейбiт ауылдарды сақтау үшiн 1791 жылдың наурыз 
айында Сырым батыр табын мен кердерi руларын шығысқа, 
Мұғалжар тауларына қарай ойыстырды.
Сырым батырдың алдында екi жол тұрды: бiрiншiсi — пат-
ша үкiметiмен күрестi тоқтатып, оның Кiшi жүздi отарлауына 
қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жердi 
казак әскерiнiң қолында қалдыру; екiншiсi — өзiн қолдаған 
қазақ руларының басын бiрiктiрiп, патша үкiметiне және 
оның қазақ даласындағы құйыршықтарына қарсы табанды 
күрестi жалғастыру. Батыр екiншi жолды таңдады. Бұл ауыр 
да болса азаттыққа қол жеткiзуге бағытталған қадам едi. 
Нұралының өлiмiне байланысты, 1791 жылы Орск қала-
сы маңайында Әбiлқайырдың ұлдарының бiрi сұлтан Ера-
лының Кiшi жүз ханы болып сайлануы, көтерiлiстiң қайта 
жандануын тездеттi. Сырымның жаңа ханды мойында мауы 
тiптi оның сайлануына қыр көрсетiп келмеуi қазақ стар-
шындары, билерi мен сұлтандарының арасында жiк ту-
дыр ды. Өзiн қолдаған старшындардың бiр бөлiгiнiң жаңа 
сайланған хан жағына шығып кетуi батырды екi жақты — 
Орал казак әскерiмен жә  не өзiне қарсы ел арасындағы топ-
тар мен күрес жүргiзуге мәж бүр еттi. Алайда Сырымды Кiшi 
жүз тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң қолдауы, оның 
күре сiне бұқаралық си пат бердi. 
Сырым бұл тартыстың салдары ауыр болатындығын жақ-
сы бiлдi. Орал (Жайық) бекiнiстерiне шабуылды үдету үшiн 
Сырым Датұлы әскери шепке жақын орналасқан қа зақ 
руларына елдiң ең шалғай аудандарына көшiп кетудi ұсын-
ды. Батырдың қазақ ауылдарын ойрандалудан алыс ұстауға 
бағытталған бұл айласы кейiннен өзiн ақтады. 
Патша үкiметiнiң Жем, Ойыл бойында да бiртiндеп бекi-
нiс тер тұрғыза бастауы, Сырымның көтерiлiске Орта жүзбен 
шекаралас аймақтардағы қазақтарды тарту туралы ойын 
iс ке асыртпады. 1791 жылы маусым айында Сырымның 
көтерiлiске байланысты мәселелердi талқылау үшiн қазақ 
старшындарының съезiн шақыру талабы да iске аспады. Елек 
қонысы мен Красногорск бекiнiсiн алуға бағытталған Сырым 

56
әрекетi сәтсiздiкке ұшырағаннан кейiн, бiртiндеп күшiн ұсақ 
топтарға бөлшектеу арқылы тиiп-қашу күрес әдiсiне көшуге 
мәжбүр болды. Мұндай партизандық соғыс барысында 
Сырымның жiгiттерi ұсақ орыс бекiнiстерiне және орыс 
шаруалары мекендейтiн шекарадағы қоныстарға, сондай-ақ 
қазақ сұлтандарының ауылдарына оқтын-оқтын төтенше 
жорықтар ұйымдастырумен болды. Патша үкiметi бұған 
жауап бере отырып, қазақ ауылдарын ойрандау үшiн бiрнеше 
жазалау отрядтарын ұйымдастырды. Олар Сырымның 
көтерiлiсiн қолдайтын ауылдарға шүйлiктi. Алайда халық-
тың қолдауына ие болған Сырымның өзiн қолға түсiру мүм-
кiн болмады. Осылайша бытыраңқы, бiрақ үздiксiз қимыл 
жасаған Сырымның жасақтарының партизандық күрестерi 
1793 жылдың соңына дейiн созылды.
1794 жылы Ералы ханның өлiмi, 1795 жылы Нұралы 
ұлдарының бiрi — Есiмнiң хан болып сайлануы Кiшi жүз-
дегi күш арасалмағына бiршама әсер еттi. Қалыптасқан 
жаңа саяси жағдайда Сырым екi жылдай уақытша күрестi 
тоқтатып, мәселенiң аңысын аңдады. Бiрақ қазақ ауылында 
қалыптасқан ауыр жағдай Сырымды қайтадан атқа қонуға 
мәжбүрледi. Ал 1796—1797 жылдардағы қысқы жұттың 
сал дары, хан сарайының салықты көбейтуi көтерiлiстiң 
қайта жандануына түрткi болды. 1797 жылы наурыз 
айының 17-сiнде Сырым тобы хан сарайына тұтқиылдан 
ша буыл жасап, Есiм ханды өлтiрiп тынды. Ханның отбасы 
Орал казак әскерiне барып пана сұрады. Көтерiлiсшiлердiң 
ханды өлтiруi қазақ даласына үлкен әсер еттi. Қарадан 
шыққандардың ханды өлтiруi қазақ салтында бұрынды-
соң ды болмаған едi. Ендi хан тұқымдары жуасып, далада 
ел көзiне түсуге, көрiнуге қаймықты. Мұның өзi күресушi 
екi жақтың жауласуын одан әрi ушықтырып, халықтың 
бұрынғыдан да бетер Сырымның төңiрегiне топтаса түсуiне 
алып келдi. Патша үкiметiнiң жаңа ханды тағайындауға 
асықпауы және көтерiлiсшiлердi қудалап, iздестiре бастауы 
Сырымды жақтайтын старшындардың санын көбейте 
түстi. Көтерiлiсшiлерден қатты қаймыққан және олардың 
айтқанына көнiп, айдауына жүруге мәжбүр болған сұлтандар 
Кiшi жүзде хандық билiктi қалпына келтiрудi патша үкi-
метiнен қайта-қайта талап еттi. Сонымен қатар жаңа хан 
тағайындалмаса да, көтерiлiстiң қарқыны төмендемедi. Осы 
жағдай Орал казак атаманы Донсковтың көтерiлiстi басу 
үшiн жазалау тобын ұйымдастыруына негiз болды. 

57
1797 жылдың күзiнде полковник Скворкин бастаған 
топ Сырымды қайтадан қудалай бастады. Бұл жолы жаза-
лаушылар қатарында казактармен қатар байбақты, алаш, 
берiш, адай, серкеш және басқа ру өкiлдерi, өлтiрiлген хан-
ның балалары мен туыстары да болды. Жазалаушы отрядқа 
қосымша Бөкей сұлтан басқарған топтың өзi де зор күш 
(800 қарулы адам) едi. Сырым туы астына жиналған қарулы 
топтың ұйымшылдықпен Ойыл өзенi бойына көшiп кетуi, 
жазалаушылар жоспарын бұзды. Скворкин тобына қосылған 
қазақ старшындарының басым бөлiгi өз жақтастарымен 
ауыл дарына тарап кеттi. Жазалаушылардың тағы да бiр 
қимылы сәтсiздiкпен аяқталды.
Көтерiлiстiң әлсiреуi, жеңiлуi және оның маңызы. Есiм 
ханның өлiмiнен кейiн Кiшi жүз ақсүйектерiнiң бiр тобы 
патша үкiметiнен жаңа хан тағайындауды өтiндi. Сұлтан, 
старшындардың бiр бөлiгi Нұралыұлы Қаратайдың хан 
болғандығын қалады. Сырым Датұлы да бұл мәселеден тыс 
қалмады және ханды сайлауда халықтың пiкiрiн ескерудi 
талап еттi. Хан сайлау мәселесi төңiрегiндегi тартыста Кiшi 
жүздiң билеушiлерi екiге бөлiндi. Шекаралық комиссияға 
берген нұсқауында барон О. Игельстром хан сайлауын тоқ-
татып, жүздi басқаруды Хандық кеңеске жүктеудi ұсынды. 
Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгiленген Хандық кеңес 
төрт адамнан тұрды және оның құрамына Нұралы ханның 
бiрде-бiр ұрпағы енгiзiлмедi. 
Осындай шешiм арқылы патша үкiметi Сырым батыр-
ды өзiне жақындатуға тырысты. О.Игельстром қателестi. 
Төменгi Жайық бойында көшiп жүрген Нұралыға жақын 
топ Нұралының ұлы Қаратайды ақ киiзге көтерiп, хан жа-
рия лады. Хандық кеңес Сырым Датұлының жақ тас тарымен 
тiл табысуға тырысты. Ал Қаратай хан және оны қолдаған 
сұл тан дар мен билер көтерiлiсшiлермен ешқандай байланыс 
орнатқысы келмедi.
Сырым Датұлы патша үкiметiнiң ұсынысымен ұйымдасты-
рылған Хан кеңесiне күдiкпен қарады, алайда өзiмен келi-
сiмге келуге тырысқан, iс жүзiнде, Кiшi жүздi билей бастаған 
басқару мекемесiнен қол үзудiң қауiптi екенiн де түсiндi. 
Қолында ешқандай ресми билiгi жоқ Сырым өзiн қолдаған 
ауылдарымен Сырдарияға қарай қонысын өзгерттi. Нұралы 
тұқымының хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қай -
тадан күшейттi. Ханының үрiм-бұтағына қарсы қазақ стар-
шындары Сырым туының астына жиналды. 

58
Алайда Хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуi 
Орынбор әкiмшiлiгiн қатты үрейлендiрдi. 1797 жылдың 
күзi нен патша үкiметi Кiшi жүзде хандық билiктi қайтадан 
қалпына келтiруге бағыт алды. Барон Игельстромның ұсы-
нысына сай патша үкiметi кәрi Айшуақты хан етiп бекiттi. 
Сұлтандардың iшiндегi ең ақсақалы Айшуақтың хан болуын 
сұлтан, билердiң көбi қуана қарсы алды. Әсiресе оны қолдаған 
Нұралының жаулары едi. Осы мәселеден Сырым Датұлының 
жақтастары арасында тағы да алауыздық байқалып қал-
ды және батыр өзiне қарсы сұлтандардың қуғындауына 
ұшы рады. 1797 жы лы Қаратай сұлтанның өршеленген 
қу ғынынан құтылу үшiн Сырым Датұлы Хиуа хандығына 
өтiп кеттi. Ал 1802 жы лы белгiсiз себептерден батыр сонда 
дүние салды. Халық аңыздары бойынша Сырымды Хиуа 
ханы у берiп өлтiрген. Шiлдеде далада келе жатқан батырға 
егде әйел кездесiп, салқын қымыз ұсынады. Ештеңеден 
күдiктенбеген Сырым батыр уланған қымызды iшiп, iле-
шала жан тапсырады. Бiзге жеткен ауызша тарихи дерек 
Сырымның қайтыс болуын, мiне, осылай түсiндiредi.
1783 —1797 жылдардың арасын қамтыған Кiшi жүздегi 
патша үкiметiнiң отарлау саясатына қарсы бағытталған ең 
iрi азаттық көтерiлiсiнiң жеңiлуiне бiрқатар жағдайлар әсер 
еттi. Олардың ең негiзгiлерi: көтерiлiстiң бытыраңқылығы 
және жеткiлiктi деңгейде ұйымдаспағаны, көтерiлiстi жүргi-
зудiң нақты жоспарының болмауы, соның нәтижесiнде 
күрес мақсаттарының тұрақты болмай өзгерiп отыруы; Сы-
рым ды қолдаған күштердiң тұрақсыздығы және олардың 
қалыптасқан саяси ахуалға байланысты көтерiлiстi жүйелi 
түрде қолдамай, кейде тiптен жаулар жағына шығып кетiп 
отыруы; патша үкiметiнiң жазалау тiрегiне айналған Орал 
казактарына қарсы күресте қазақ ру-тайпаларының мықты 
топтасқан одағының болмауы, т.б. Әсiресе көтерiлiстi қолда-
ған ру старшындары тұрақсыздық танытты. Олар көтерiлiстiң 
басында патша үкiметiне ұйымдасқан түрде қарсы шықса, 
кейiннен көтерiлiс бiртiндеп бұқаралық сипат алғанда және 
патша үкiметiнiң жазалау саясаты күшейе бастағанда оны 
қолдаудан бас тартты. Мұның өзi көтерiлiстiң қозғаушы 
күштерiн әлсiреттi. Старшындардың кейбiрi ғана Сырымға 
адал болып, көтерiлiстiң соңына дейiн артынан ердi.
Көтерiлiстiң тарихи маңызы зор: Сырым батыр бастаған 
көтерiлiс қазақ халқының саяси-әлеуметтiк санасына үлкен 

59
өзгерiстер әкелдi. Халық осы көтерiлiс барысында патша 
үкiметiнiң отарлық саясатынан құтылу үшiн белсендi қарулы 
көтерiлiске шығу қажет екендiгiн түсiндi. Тәуелсiздiктiң 
батыл да тиянақты және ұйымдасқан күрес барысында 
ғана қамтамасыз етiлетiнiн, ол үшiн жүйелi түрде үздiксiз 
iс-әрекеттер қажет екендiгiн ұқты. Сонымен қатар билеушi 
сұлтандардың мансап-дәреже үшiн кейде патша үкiметiмен 
келiсiмге келуге бейiм тұратын екiжүздi, тұрақсыз саяса-
тының мәнi мен мазмұны осы күрес барысында айқын бай-
қал ды. Халық өзiнiң ортасынан Сырым Датұлы тәрiздi елдiң 
мүддесiне адал азаматтарды шығарып, солардың төңiрегiне 
тығыз топтасқанда ғана азаттық жолындағы күресте жеңiске 
жетуге болатынын түсiне бастады.
1801 жылдың 11 наурызында патша үкiметiнiң қазақ 
руларына өздерiнiң тарихи қонысы — Жайықтың оң жаға-
сына өтуiне, малын жаюына рұқсат беруге шешiм қабылдауға 
мәжбүр болуы басқа себептермен қатар, осы Сырым батыр 
көтерiлiсiнiң тегеурiнiмен байланысты болды. Сырым Дат-
ұлы ның өмiрi, ерлiгi, адамгершiлiгi туралы мәлiметтер ха-
лық ауыз әдебиетiнде терең орын алған.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Көтерiлiстiң басты себептерiн ашып көрсетiңдер.
2. Көтерiлiс қалай басталды?
3. Барон О. Игельстром қандай өзгерiстер енгiзбекшi болды?
4. XVIII ғасырдың 90-жылдарында көтерiлiстiң жандануына қандай 
жағдай себепшi болды?
5. Сырым батырдың Орынбор билеушiлерiмен арақатынасы қандай 
болды?
6. Көтерiлiстiң жеңiлуiн, тарихи маңызын, себеп-салдарын түсiн-
дiрiңдер.
 Құжаттар
Нұралы ханның генерал-губернатор 
барон О.Игельстромға жазған хатынан
 маусым, 1785 жыл.
“...Сiздiң (яғни, Игельстромның. — Ж.Қ.) қимылыңызды жете 
түсiне алмай отырмын. Өзiңiзге бұрын да хабарлағанымыздай, бұл 
қарақшылар (Сырым бастаған көтерiлiсшiлер. — Ж.Қ.) менi жау 
деп бiледi. Ал сiз маған күдiктене қарап, қырғыз-қазақтарға өз 
ұлдарымды тiл табу үшiн жiберудi ұсынасыз. Алайда бұл қа рақ-

60
шыларға мен балаларымды жiберсем, оларды тiрi қайтармас, тiптi 
өлтiруi мүмкiн...”
Вяткин А. Л. Батыр Сырым. М., — Л., 1947. С. 205.
сырым батырды Нұралы ханның ұлдары тұтқынға алғаны туралы 
Кiшi жүз старшынының барон О.Игельстромға жiберген хабарынан
“...ынтамен және шын пейiлiмен мейiрiмдi ханшаңыздың сенiмдi 
адамы, тиiмдi жұмыстарға күйетiн бiздiң досымыз, құрметтi бiздiң 
Сырым батырды молда Абдулкәрiм мен Дюнян батырмен бiрге Ералы 
сұлтанға қосылуға бара жатқан жерде, бiздiң үлкен қайғымызға, 
Нұралы ханның ұлдары мен Ишқары ұрының туысқандары Өтеулi, 
Абдул 110 адаммен далада ұстап алып кеттi. Егер құдай қаласа, 
Сырым батырды жақын арада өзiмiзге алып, өзiмiздiң бұрынғы 
жұмыстарымыз бен уәделерiмiздi орындауға тырысамыз”.
Материалы по истории Казахской ССР. 1785—1828.  
Документы. Т. IV. М., —Л., 1940. С. 72—73.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет