136
9. Орындаушының орта жағдайы белгіленнен кейін ол өзінің
функцияларын, құқыларын және жауапкершілігін айқын сезеді.
10. Менеджер жоспар тапсырысын кімге жүктейтіні туралы
шешім қабылдауы керек.
11. Менеджер таңдау мүмкіншілігі бар жағдайда өзінің ақырғы
шешімін қабылдайды.
12. Жоспар тапсырысын орындаушыға жеткізу формасын ой-
ластырып таңдайды.
Менеджердің ұйымдастырушылық қызметі.
Жоспарды жү-
зеге асыру стадиясында менеджердің ұйымдастырушылық қабі-
леттеріне белгілі талаптар қойылады: жоспарда бар әрекеттердің
орындауын ебін тауып, анық, тиімді және қатаң белгіленген
мерзімде ұйымдастыра алуы керек. Сонымен қатар менеджер
өзінің қарамағындағы адамдарды тиісті әрекеттерді орындауға
жұмылдыру үшін олар туралы толық түсінігі болуы тиіс. Бірінші
және міндетті талап – орындаушыларға бекітіліп берілген функ-
цияны жақсы білу. Менеджер-бағынышты қатынастарды дау-
жанжалсыз дамыту үшін менеджердің орындаушыға тапсырған
тапсырмалары мен орындаушының функциясы арасында тепе-тең-
дік, баланс сақталумен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: