10.2. Жоспарлау басқару әрекеті ретінде
Жоспарлау әрекеттерді алдын ала белгілейді: әрекеттерге
кірісуден бұрын, әрекеттердің мазмұны мен оларды атқару
тәртібін анықтау қажет. Өмірде жоспарлаудың тиімді және
нәтижелі принциптерін, әдістерін, технологиясын білетін және
оларды өз қызметін атқарғанда қолданатын менеджерлер бар.
Бірақ осы білім мен әдістерді игере алмаған менеджерлерді де
кездестіруге болады. Олар мазмұны жүдеу және қарапайым
әдістерді қолдануға мәжбүр болады. Сондықтан мынандай
қорытынды жасауға болады:
– жоспарлау қызметі барлық менеджерлерге тән болып келеді;
– кәсіби концепциясының басқа компоненттері сияқты, жо-
спарлау өте жоғары кәсіпшілік, жартылай кәсіпшілік, кәсіпшілік
емес деңгейде орын тебуі мүмкін;
– жоспарлау қызметіндегі кәсіпшілік деңгейі жоғарыда болуы
әлемде таралған жоспарлау принциптерін, әдістері мен техноло-
гиясын менеджердің білуіне және оларды өз қызметінде тиімді
қолдануына байланысты.
Егер менеджер тіпті, қандай да бір амалдарды, қағидаларды,
технологияларды білсе де, бірақ оларды нәтижелі қолдану
дағдысына ие болмаса, онда ең дұрысы мұндай білімдерді
қолданбағаны абзал. Кері жағдайда жоспарлау жүзеге асқанмен,
уақыт және басқа ресурстар шығындалады, бірақ еш эффект
болмайды.
Менеджерді жоспарлау аясында өз міндеттерін тиімді орын-
дауға дайындалуы:
129
– әлемдік бақару тәжірибесінде қолданылатын жоспарлау
әдістері, қағидалары, амалдары, технологиялары туралы ақпа-
раттарды меңгеру;
– меңгерілген ақпараттарды өзіне, өз ұйымына, өз тәжірибесіне
“шақтап көру”;
– тәсілдер деңгейіне өткізу үшін осындай ақпараттың ең
мақсатқа сәйкес блоктарын таңдау;
– әр тәсілді меңгеріп алу сияқты кезеңдерден тұрады.
Жоспарлылыққа қарама-қайшы келетін ішкі себептерден
шығатын жоспарсыз қимыл әрекет. Өзін-өзі ұстаудың спонтандық
типі импульстікке, кенет ұмтылысқа, эмоцияға негізделеді.
Спонтандық сыртқы емес, ішкі себептен туады. Тәжірибедегі
менеджердің өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде
спонтандыққа ұмтылуы оның төмен біліктілігін, кәсіпшілік сапа-
да еместігін көрсетеді.
Менеджер жоспарлау объектісі ретінде әрқашан жоспарла-
уды қарастырады. Дәлірек айтсақ, жоспарлау объектісі ретінде
шынайы режимде көздеген нәтижеге жету процедурасы бо-
лып келеді. Процедура деп әрекеттерді атқарудың алдын ала
анықталған тәртібі, осындай әрекеттердің бағыттылығы, олардың
жүзеге асырылу жылдамдығы, осы әрекеттерді орындаудағы
нәтиже формасын белгілеуді атайды. Егер тіпті, жоспарлау шешім
қабылдау тәсілі ретінде қаралса да, онда бәрібір жоспарлаудың
объектісі болып нәтиже қаралады. Тек осы жағдайда ғана ме-
неджер нәтижені сипаттаудан қашпайды, оны іздестіреміз. Бірақ
іздеу технологиясы бұрынғыдай болады – біз оны әрекеттерді
белгілеу арқылы жүзеге асырамыз, ал дәлірек айтсақ, алдыңғы
уақыт кезеңінде жүзеге асқан және оларды жаңа уақыт кезеңіне
өткізу үшін қайталап модельдейміз.
Модельдеу жоспарлау формасы ретінде.
Қайталау арқылы мо-
делдеу – бұл принцип басқару тәжірибесінде жиі қолданылады.
Бұл жерде тек қана нәтижені модельдеумен шектелмей, өткен
уақыт кезеңінде менеджер белгілеген нақты нәтижені алуға
алып келген әрекеттер де модельденеді. Менеджер үнемі өзгеріп
отыратын әлемде кәсіби түрде әрекет ететіндіктен, жаңа уақыт
кезеңіне өткен уақыт кезеңінде жеткен жетістікті таза көшіру
130
ешқашан дерлік мүмкін емес. Менеджер осындай көшіруде
күтілетін немесе болып жатқан өзгерістерге байланысты белгілі
бір түзетулер енгізуіне тура келеді. Бұл принцип тәжірибедегі
менеджерлердің тілінде қол жеткен жетістіктен жоспарлау деп
аталады. Жоспарлаудың әр принципі, оның ішінде аталған прин-
цип те, шектеулі қолданылады. Қол жеткен жетістіктен жоспар-
лау принципі кезеңмен қайталанатын оқиғаларды, құбылыстарды,
фактілер мен үдерістерді жоспарлаған кезде қолданылады.
Жоспарлау объектісі ретінде нәтиже ұйымның қызметімен
байланысты үдерістері болып келеді. Бұл үдерістер:
– стереотипті, стандартты, оқтын қайталанатын;
– бір реттік, стандартты емес немесе жүйесіз мерзімділікпен
қайталанатын болып бөлінеді:
Аталған үдерістер менеджерден саналы түрде реттеуді, олар-
ды жоспарлау арқылы ұйымның мақсаттарына бейімдеуді талап
етеді. Мұндай жағдайда жоспарлау объектісі ретінде нәтиже
болады, ұйым соған жетуге ұмтылады және осындай нәтижеге
жетуді қамтамасыз ететін әрекеттер жасайды. Менеджер осы екі
үдеріске қолданылатын жоспарлаудың әртүрлі технологияларын
пайдалануға мәжбур болады.
Стереотипті үдерістер менежерден жоспарлаудың стереотипті
технологияларын қолдануды ұйғарады. Стандартты емес үде-
рістер – ол форс-мажор жағдайынан туатын үдерістер немесе
менеджердің қандай да бір инновацияларды қолдану нәтижесінде
болатын үдерістер. Оларға сонымен қатар ұйым шеңберінде
алғашқы рет жүзеге асырылатын үдерістер де жатады, бірақ олар
уақыт өткеннен кейін стереотиптік үдерісіне айналады. Мысалы,
егер ұйым пішінін толықтай өзгертетін болсақ, онда осы жаңа
пішінге байланысты алғашқы рет қолданатын үдерістер стандарт-
ты емес болып келеді. Бірақ келесі жылдан бастап олар стандарт-
ты, стереотипті сипатқа ие бола бастайды. Сондықтан жоспарлау
процедурасы стереотиптік технологияға негізделуі мүмкін емес.
Мұндай жағдайда менеджер жоспарлаудың инновациялық техно-
логияларын қолдануға мәжбур болады.
Алдын ала болжау және оның жоспарлаудағы рөлі.
Алдын ала
болжау менеджердің ағымдағы сәтте белгісіз, бірақ болашақта
131
туындауы мүмкін жағдайларды, құбылыстарды өзіне белгілі
даму заңдылықтарының немесе қоғамдық заңдардың негізінде
анықтау және сипаттау қабілетін білдіреді. Алдын ала болжаудың
көмегімен жоспарланатын кезеңде туындайтын және жоспарлау
объектісіне және нақты нәтижеге жету соған байланысты болатын
әрекеттерге қатысы бар мүмкін болатын өзгерістер анықталады.
Менеджерден талап етілетін алдын ала болжаудың сипаты
жоспардың типіне байланысты. Егер, мысалы, менеджер пайда
туралы жоспар әзірлеп жатса, онда алдын ала болжау:
– өндіріс шығындарында мүмкін болатын өзгерістер;
– ұйым қоятын тауарлардың бағасының өзгеруі;
– нарықта ұйым өндіретін тауарға сұраныстың өзгеруі;
– барлық жоспарланатын төлемдер жүргізілетін және барлық
есептеулер жүзеге асырылатын ақша бірліктерінің құндылығы;
– мүмкін болатын әкімшілік шектеулер немесе шектеуші заң
сияқты бағыттарды қамтиды.
Сонымен менеджердің алдын ала көруі базистік кезеңге тән
жағдайларды салыстыру бойынша болашақтағы уақыт кезеңінде
күтілетін өзгерістер болып табылады. Жоспарлау кезінде осын-
дай өзгерістерді анықтау болашақтағы уақыт кезеңінде ұйым
мақсаттарын жоспарлау (модельдеу) кезінде қолданылатын тү-
зетудің негізі ретінде қызмет етеді.
Болжау алдын ала болжаудан айырмашылығы мынада: алдын
ала болжау қорытындылары көбінесе, интуицияға негізделеді,
ал болжауда ғылыми әдістері – экстраполяция, модельдеу, са-
рапшылардың бағалауы – қолданылады. Болжау кезінде менед-
жер жағдай дамуының нақты сценарийне сүйенеді, сол сценарий
негізінде өз есептерін жүргізеді.Шынайы тәжірибелік қызметінде
негізінен сценарийдің екі типін – оптимистік және пессимистік –
қолданады.
Ұйымнан тыс экономикалық үдерістер мен экономикалық өза-
ра байланыстарды реттеу қызмет ететін нарықтық механизмінің
қызметі арқылы реттеледі. Ал ұйым шеңберінде экономикалық
тәртіп алдын ала жоспармен анықталады. Менеджер жоспар-
ды нақты міндеттерді қою және белгілеу, үйлестіру құралы,
өкілеттерді аудару құралы, бақылаудың негізі деп есептейді.
132
Достарыңызбен бөлісу: |