Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Коммуникациялық үдеріс технологиясы



Pdf көрінісі
бет69/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
14.2. Коммуникациялық үдеріс технологиясы.
Ұйымның коммуникацияларын жетілдіру жолдары
Коммуникациялық үдерісті ұйымдастыру кезінде, егер ақпа-
ратты қабылдаушы менеджердің өзі болса, технология өте 
қарапайым келеді. Осындай технологиямен коммуникациялық 
үдерісті жүзеге асырған кезде екі негізгі қиындықтар кездеседі 
– ақпарат берушіні таңдау және осындай ақпарат берушіге қол 
жеткізуді қамтамасыз ету. Әртүрлі ақпарат берушіге өзіне тән 
қолжетімділік деңгейі болады: толық ашықтан толық жабыққа 
дейін. Тәжірибедегі менеджерлер осындай жағдайларда: өнді-
рістік шпионаж, лауазымды тұлғаларды сатып алу, бопсалау, 
қорқыту және т.б. сияқты тыйым салынған жолдармен ақпарат 
жинауға барады.
Екінші қиындық алынған ақпаратты ұйымға немесе ме-
неджердің өзіне қажетті бағытта өңдеу болып табылады, яғни 
өңделген ақпараттан қандайда бір маңызды тұжырымдар алу 
үшін. Әр ақпараттың дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне 
көзді жеткізу үшін оны қайта және қосымша тексеру қажет.
Коммуникациялық үдеріс шеңберінде менеджер тағы ұйым-
дастырушы орталық ретінде болады, ол енді ақпаратты алушы 
емес, оның көзі болады. Рас, бұл жағдайда ол ақпарат көзі ретінде 


165
өз еркімен емес, сондай болуға мәжбур болады. Бұл сызба бой-
ынша, бағыныштының орнына ұйым үшін үшінші тұлға болады 
– сыртқы ортаның субъекті мен объектісі: жоғары тұрған бас-
шылар, мемлекеттік, қоғамдық немесе басқа институционалдық 
құрылымдар. Бұдан коммуникациялық үдерістің сызбасы өз-
гермейді.
Егер менеджерді тек қана ақпарат көзі ғана емес, сонымен 
қатар, ақпаратты жөнелтуші деп қарастырсақ, онда мұндай 
ақпаратты қабылдаушысы ретінде басқарушылық үдерістің екі 
субъектісі ұйым сыртында қызмет ететіндер және осы ұйым 
құрамына кіретіндер болады. Осы екі алушыларға бағытталған 
коммуникациялық үдерістің ағымы өзгеріссіз болып қала береді, 
бірақ менеджер әрекеті оларға байланысты әртүрлі келеді. 
Оның әрекетінде айырмашылық болуы келесімен түсіндіріледі: 
ол ұйым ішінде билік құзіреттерге ие, ал ұйым сыртында он-
дай құзіреттерді жоғалтады. Менеджер сыртқы ортаға қатысты 
өзін сыпайы, момындықпен, үлкен басын кіші етіп ұстайды. Ал 
ұйым шеңберінде менеджер өз принциптерін міндетті түрде іске 
асыруға, өз пікірін үстем етуге тырысады, оған белгілі дәрежеде 
дарашылық тән болады.
Ішкіұйымдық коммуникациялық үдерістердің алушылары 
болып бағыныштылар саналады. Менеджердің тұрғысынан іш-
кіұйымдық коммуникациялар – ол: 
– тиімді немесе оптималды шешім қабылдауға қажетті ақпарат 
алу құралы; 
– қабылданған шешімді орындаушыларға жеткізу құралы.
Осыған байланысты тәжірибедегі менеджерлер жалпы ереже 
бойынша коммуникациялар, мақсаттар, тиімділік түсініктерін 
өзара ұштастыруы керек.
Коммуникациялық үдерісті басқару менеджердің негізгі 
лауазымдық міндеттерінен туындайтын тікелей міндеті бо-
лып келеді. Осыған байланысты ол ұйым ішінде өзіне қолайлы
коммуникациялық үдеріс технологиясын әзірлеуі керек.
Коммуникациялық үдерісті меңгеру барысында технология-
ның сыртқы ортаға немесе ішкі ортаға бағытталғандығын анықтап 
алу қажет. Технология міндетті түрде коммуникациялық құралды 


166
таңдауды талап етеді. Оның сыртқы ортаға бағытталғаны-на 
сәйкес: 
– жазбаша түрдегі есептер;
– жоғарыда тұрған басшыларға жазбаша немесе ауызша 
түрдегі баяндамалар;
– жарнама және жарнамалық материалдар сияқты құралдарды 
атауға болады.
Коммуникациялық үдерістің ішкі ортаға бағытталуына сәйкес
құралдарға: 
– кеңесулер;
– жиналыстар, жедел жиналыстар;
– қызмет бабындағы хат;
– нұсқаулар;
– телефон арқылы келіссөздер;
– есептер;
– сұхбаттасулар, оның ішінде формалды емес сұхбаттасулар;
– бөлімшелерге қажетті ақпараттарды алу үшін жасалатын 
сұрақтар және оларға жауаптар жатады.
Технология бойынша ақпаратты алушылар белгіленеді, олар-
дың қатарына: 
– нақты адам;
– адамдар тобы;
– адамдардың иесізденген қауымы;
– басқа ұйым;
– билік құрылымы немесе қоғамдық ұйым жатады.
Ақпаратты алушыға жіберілген ақпарат түсінікті болса және 
барабарлық формада болса, онда коммуникациялық үдеріс тиімді 
деп саналады. Коммуникациялық үдеріске қатысушылардың 
атқаратын қызметіне қарай оның әртүрлі формаларын ажыратуға 
болады: ақпаратты аудару өз қалауымен немесе мәжбүрлік 
негізінде болады. Сондай-ақ ақпаратты қабылдаушы да өз 
қалауымен немесе мәжбүр болғандықтан қабылдаушы болуы 
мүмкін. 
Менеджер барлық мүмкін аралардың ішінен ең оптималды 
арнасы мен ақпаратты аудару құралдарын таңдап алу керектігіне 
назар аударған жөн. 


167
Коммуникациялық үдеріс кезіндегі шудың әсері аударыла-
тын ақпараттың дұрыс кодтталмауына әкеліп соқтыруы мүмкін: 
нәтижесінде, ақпаратты қабылдап алушы одан не керек, нені сұрап 
тұрғаннын түсінбей қалады. Сол себептен ақпараттың мазмұны 
ғана емес, оның аудару себептерінің анықталуы да маңызды рөл
атқарады. Егер осындай ережелердің сақталмауы дәстүрге айнал-
са онда коммуникациялық үдеріске де, қабылданған ақпаратқа да 
мән берілмейтін болады.
Коммуникациялық үдерісте пайда болатын шу әртүрлі себеп-
термен байланысты. Оның ішінде ақпаратты аударуға таңдалған 
арналардың рөлі өте маңызды. Коммуникациялық үдерістегі шу 
оны қабылдаушы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінен 
немесе оның білімінің деңгейінен де болуы мүмкін. Яғни 
қабылдаушы алған ақпаратты түсінбей, оның мәнін дұрыс ашып 
қарастыра алмауы мүмкін.
Коммуникациялық үдерісте шу пайда болуы мүмкін бол-
ғандықтан ақпаратты жіберуші жіберілген ақпараттың мазмұнды 
екендігіне көз жеткені жөн. Ақпарат жіберушінің алушыға 
жіберілген ақпараттың дұрыс қабылданғанын тексеру шара-
лар жүйесі менеджментте кері байланыс деп аталады. Кері 
байланысты ақпарат жіберуші, біріншіден, алушы жіберген 
ақпаратты алғандығына, екіншіден, ол осы ақпаратты дұрыс 
түсінгеніне көз жеткізу құралы деп біледі. Ақпарат жіберуші 
жағынан, кері байланыс оның таңдап алған коммуникациялық 
үдеріс технологиясының тиімділігін тексерумен байланысты 
бақылаушы әрекет болып саналады.
Кері әсер қай кезде болсын нақты бір формада жүзеге асыры-
лады. Сонымен коммуникациялық үдеріс екі бет алыстың – алу-
шыны хабардар ету және оның нәтижесін бақылауды – параллел-
ды болуын көрсетеді. Ақпараттың кодтау хабарды кодқа айнал-
дыру болып келеді. Шын мәнінде, жіберушінің ойы кодталады, 
ал ойды ауызша аударады. Ауызша кодтау формасы басқаруда 
жиі қолданылады.Ауызша формада менеджер бағыныштыларға 
бұйрық береді, әмір етеді. Және осы формада оған баяндамалар, 
есептер, жауаптар келіп түседі.
Ақпаратты қабылдаушы хабарды алғаннан кейін декодтау 


168
үдерісіне кіріседі, яғни жөнелтушінің жіберген символдарын 
қайтадан ойға айналдырады.
Ауызша кодтау жүйесінен басқада кодтау жүйелері: 
– кодтаудың көзбен шолу түрі;
– кодтаудың дыбыстық түрі;
– кодтаудың спецификалық түрлері (сигналдық шартты дыбы-
старды қолдану) қолданылады.
Кодтау кезінде қарапайым ережелерді сақтау керек:
– ойланбай сөйлемеңіз;
– ақпарат алушыны бала ретінде қарамаңыз;
– кей кезде бір емес екі немесе одан да көп арналарды 
қолданған дұрыс;
– ақпаратты қайталау немесе тиімді кері байланысты қолданған 
жөн;
– ақпаратты жіберушіге алушының сенімділік деңгейін білуі 
қажет;
– ақпарат берушінің құпиялылығын әдетке айналдырма;
– ақпаратты сарапта;
– ақпаратты артық жүктемеге жол берме.
Ақпараттық теорияда арна деп ақпарат жіберуге арналған 
құрылғыларды немесе хабарларды алушыға жеткізудің нақты жо-
лын атайды. Арнаны таңдай отырып, ақпарат жіберуші ақпаратты 
алушыға қалай, қандай жолмен жіберу керектігін шешеді. Арна-
ны таңдау коммуникациялық үдерістің және алушы типіне неме-
се аударылған ақпарат сипатына тәуелді болады.
Коммуникациялық үдеріс типологиясы жеткілікті кең болады. 
Коммуникацияның: 
– формалды және формалды емес;
– тұлға аралық және лауазымдық;
– ашық мақсатты және жасырын мақсатты;
– көпшілікке және жеке тұлғаға арналған түрлерін ажыратады:
Коммуникацияның түріне қарай арналарды да: 
– формалды негізінде жекеше сұхбаттасу;
– формалды емес негізінде жекеше сұхбаттасу;
– кездейсоқ кездесудегі сұхбаттасу;
– келіссөздер;


169
– кеңесу немесе жиналыс;
– сыбыс, өсек, өтірікті, шындыққа жанаспайтын әңгімелерді 
тарату;
– жазбаша түрдегі бұйрық, хабарлама, тиісті нұсқаулар;
– жазбаша түрде бекітілген келісім, ресми бекітілген құжаттар;
– аноним хаттар, телефон соғулар, жазбалар;
– телефон, селектор, радио және электрлік құрылғылар арқы-
лы жүзеге асырылатын сұхбаттасулар деп жіктейді.
Сондай-ақ кездейсоқ немесе жоспарланған түрде ақпарат-
тардың өтіп кетуі коммуникациялық арнасы ретінде қарастырылуы 
мүмкін. Коммуникациялық үдерістер жоспарланған, жоспар-
ланбаған және «кенеттен болған» деп бөлінуіне қарай арналар-
ды таңдалынатын болады. Бұл жіктеу ішінде «кенеттен болған» 
коммуникациялық үдерістерге:
– жылдамдық (оперативтік);
– жылдам жауап қайтару формасы;
– ең тиімді шешімді табуға, іздеуге деген уақыттың жет-
кіліксіздігі;
– оларды жүзеге асырудағы қаржылық шығындар тән болады
Бұл үдерістер төтенше жағдай орналғанда немесе негіздел-
меген мақсатқа әдейі әзірлеген стратегия бойынша жету үшін 
«шу әсері» немесе «агрессивті жарнаманы» жасау кезінде орын 
алады.
Әр ұйым коммуникациялық үдерістің дамып отыруына 
қызығушылық танытады. Дамыту мәселесі қай кезде де ұйым 
басшысының қалауымен байланысты. Менеджер осындай жаңар-
тулар, дамытулар шын мәнінде, қажет деп санағанда ғана жүзеге 
асырылады. Барлық ұйымдар үшін ақпарат ағындарын реттеу 
өзекті мәселе болып саналады: ақпарат әрқашанда сол адамның 
қолына және өз уақытында түсе бермейді. Одан басқа, ұйымда 
ақпараттың тең бөлінбеу, жүктелмеу мәселелері де орын алып 
отырады, мысалы, біреуге өте көп ақпарат жеткізілсе, енді біреу 
оның жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін. Сондықтан ақпарат 
ағындарын басқару, олардың сызбасын жасап шығару көптеген 
ұйымдар үшін өзекті мәселе болып отыр.
Коммуникациялық үдерісті дамытудың екінші бағыты бо-


170
лып кері байланыс жүйесін оңтайлау болып табылады. Осыған 
байланысты көптеген ұйымдар басқа тәсілдермен бірге жұ-
мысшылардың орнын ауыстырып отыру тәсілін қолданады, ор-
нын ауыстырған жұмысшы «жаңа көзқараспен» осы бөлімшеде 
өз жұмысын жалғастыра отырып бөлімдегі жағдайға баға береді.
Көптеген менеджерлер төменнен жоғары қарай ақпараттың 
түсуін жеңілдету үшін, ұсыныстарды жинаудың дәстүрлі емес 
әдістерін қолданып жатады: Жапонияда арнайы жәшіктер 
қойылса, АҚШ-та тікелей телефонмен байланыс орнатылады 
және т.б. Ақпараттық бюллетеньдерді, көптиражды газеттерді, 
қазіргі заманғы жаңа технологияларды пайдалану иерархиялық 
коммуникациялық үдерісті дамытудың негізі болып табылады.
Тұлға аралық коммуникацияның дамуының ең бір басым түрде 
қолданылатын түрі – қызметкерлерді ұйым туралы ақпаратпен 
толық қамту, оның ішінде, басшылар жайында, ұжымның 
ұйымшылдығын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар және 
басшыны түсіну мақсатында ұйымдастырылған формалды емес 
кездесулер, демалыс кештері, ұжымдық демалыстар және т.б. 
Әдетте әр ұйымда өзіне тән «коммуникациялық жағдай» бо-
лады, әрине ол тек осы жағдайда және тек осы ұйымға қатысты 
ерекше әдістерді қолдануды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет