Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Ұйымды басқару сапасы және оны бағалау



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
13.2. Ұйымды басқару сапасы және оны бағалау
Ұйымның тағы бір сипаттамасы – оны басқару сапасы. Ұйым 
басқарылатын болады, бірақ басқару сапасы төмен немесе 
қанағатсыз болуы мүмкін. Жалпы сапаны белгілі қажеттіктерді 
қанағаттандыратын қасиеттер жиынтығы болғандықтан, басқару 
сапасын басқарудың нақты нәтижесінің ұйым мақсаттарына 
сәйкестігі деп айтуымызға болады. Сонымен, ұйымды басқару 
сапасы ұйымның қазіргі күйі мен келешегіне байланысты. Ал
ұйымның күйі мен келешегі сату көрсеткіші арқылы және сату-
дан алынатын эффект көрсеткіші арқылы білінеді.
Ұйымның басқарылуы: 
– менеджер және оның жеке қасиеттері, білімді игеру дәрежесі;
– ұйым құрылымы;
– ұйымда шынайы қызмет көрсететін коммуникативтік үдеріс
сызбасы сияқты факторларға тәуелді.
Келесі фактор – ол менеджердің басқару стилі: ұйымның 
басқарылу тұрғысынан катаң басқару стилі артығырақ болып 
келеді, өйткені бағынышты адам менеджердің наразылығын ту-
дырмау үшін оның әсер ету әрекетіне сәйкес жауап беруге тыры-
сады.
Тағы бір фактор – ол менеджердің тиімді шешімді қабылдау 
шеберлігі және шешімді іске асыруын тиімді ұйымдастырылуы. 
Менеджер ұйым мақсаттарын қоя білу керек, оған стратегиялық 


154
ойлау тән болу керек. Онымен бірге ұйым құрылымын оптимал-
ды құра алу керек.
Ұйымды басқару сапасына әсер ететін факторларға менеджер 
тұлғасы жатады. Сапалы басқару ұйымды табысқа жеткізу деген 
сөз. Ал ол табысқа менеджер алып келеді. Ұйымның табысы мен 
менеджердің жетістігін бір бірінен ажырату мүмкін емес, бұл 
түсініктер бөлектенген түрде бола алмайды, тек қатар тұрады. 
Менеджердің іскерлік табысқа жету жолдары, формалары және 
әдістері туралы түсінігін басқару моделі деп атайды. Мәселенің 
философиялық жағын қарастырсақ, онда қай модель болсын: 
– әзірлемешінің ментальдық деңгейін;
– оның кәсіби даярлану және білімді игеру деңгейін ;
– әзірлемешінің аналитикалық қабілеттерін;
– әлемдік тәжірибедегі қолданатын тиімді басқару тәсілдерін 
білуін бейнелеп көрсетеді:
Сонымен, басқару моделі әрқашанда менеджердің жеке 
ерекшеліктерін бейнелеп көрсетеді.
Ұйымның басқарылуына және басқару сапасына ұйым-
дастырушылық мәдениеті немесе басқаша айтқанда ішкікор-
поративтік мәдениеті үлкен әсер етеді. Ұйымдастыру-шылық 
мәдениет деп ұйым ішіндегі адамдардың өздерін ұстану ереже-
лері мен мен нормаларын, тұрақталып қалған салт-дәстүрлерін, 
басшымен мен бағыныштылардың арақатынасы принциптерін, 
ұйымның құндылықтарын және қызметкерлердің өмірлік пози-
цияларын түсінеміз.
Дәстүрлі ұйымдастырушылық мәдениет тейлористік модельге 
негізделген болатын, ол осы уақытқа дейін орын алады. Ондай 
ұйымда тұтынушылардың, тауардың ерекше өзіндік қасиеттерімен 
болуы тиіс деген талаптарының қисынына түскенше тиімді 
қызмет етуі мүмкін. Тейлористтік модельді ұстанатындар ерекше 
қасиеті бар тауарды жаппай өндірісте ұсына алмайды. 
Мұндай жағдайда өндірістің әдістері мен принциптеріне 
өте маңызды өзгерістер енгізу қажет. Ұйымдастырушылық 
мәдениеттің бүкіл формасы өзгеріске ұшырайды. Жаңа түрдегі 
ұйымдастырушылық мәдениет ұйым персоналының және ме-
неджердің дүниетанушылық көзқарасын өзгертеді, ол – өндіріске 


155
бағдарланудан сұранымға бағдарлануды талап етеді. Осындай 
кез келген қызметкер қағидасын анықтайтын мәдениет өндірістік 
емес, коммерциялық мүдде туғызады. 
Белгілі ұйымдастырушылық мәдениетінің болуы менеджер-
ден тәуелсіз болады: ол әр ұйымда, барлық жағдайда бар бола-
ды. Кәсіби деңгейі төмен менеджер бұл мәселеге лайықты көңіл 
бөлмейді, ал кәсіби бағдарланған менеджер ұйымда осындай 
мәдениетті бекітуді басқарады.
Менеджер басқарушылық үдерістің негізгі фигурасы болып 
табылады, басқару үдерісі бірінші орында менеджерге, оның 
тұлғалық сапасы мен қасиеттеріне де байланысты. Сондықтан 
менеджер өзінің қандай екенін, өзінің психиологиялық тұл-
ғалық ерекшеліктері қандай екенін, сондай-ақ өзінің жеке идео-
логиясының қандай екенін түсініп, білуі қажет. 
Келесі мәселе – ол менеджердің ұйымдағы өзінің атқаратын 
рөлін, функцияларын және өзін-өзі сезінуі. Барлық қызмет ететін 
менеджерлер кем дегенде үлкен екі топқа бөлінеді. Біреулері өзін
- администратор ретінде сезінсе, енді біреулері фирма ішіндегі 
кәсіпкер және жетекші ретінде сезінеді. 
Әкімшілік басқару бюрократиялық бұйрық ету тәсілімен 
ерекшеленеді, осындай идеологияны ұстанатын менеджер өзінің 
негізгі қызметі ретінде өндірістік үдерісті, технология мен про-
цедураларды бақылау деп санайды. Мұндай администратор өзін 
ұйымның өзін бір бұрандасы ретінде сезінеді.
Жетекші немесе менеджер-фирма ішіндегі кәсіпкер өзін сол 
ұйым ішіндегі жағдайдың қожайыны ретінде сезінеді. Басшы 
стратегиялық ойлаумен жоспарлауды толық, жетік меңгермеседе 
өзін стратег ретінде көрсетеді. Басшы қорықпай жаңалықтарға 
ұмтылады. Администрациялау кезінде ұйымның құрылымдық 
бөлімшелерін басқару мақсаты заттық түрде, ал ішкіфирмалық
басқаруда – ақшалай түрде бейнеленеді. 
Менеджерұйым мақсаттарын белгілеумен шектелмей, ана-
литкалық қызметтің әдістемесін, мысалы, нарықты зерттеу 
әдістемесін меңгеруі керек. Менеджер мұндай зерттеуді өзі 
жүргізбесе де, осындай зерттеулердің процедурасы мен нәтижелігін 
бақылауға міндетті.


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет