90
әртүрлі болып келеді деп санайды. Демек, әртүрлі біліктілік
деңгейіндегі бағыныштыларға менеджердің әсер ету әдістері не-
месе тәсілдері басқару объектінің нақты сипаттамаларына толық
сәйкес түрленуі керек. Менеджер өзіне қарасты бағыныштыларын
олардың біліктілік деңгейіне сәйкес кем дегенде үш категорияға
бөледі:
– біліктілігі төмен бағыныштылар тобы, бұл топ үшін менед-
жер басқарудың
түсіндіру
стилін қолданады. Оларға мақсаттылық
әсер ету үшін менеджер тапсырманы егжей-тегжейлі қойып,
қалай орындау керектігін, қандай тәсілдерді қолдану және т.б.
түсіндіруге мәжбүр болады. Одан кейін тапсырманы қалай
орындап жатыр, қандай аралық және ақырғы нәтижеге жеткенін
қадағалайды ;
– жоғары білікті бағыныштылар тобы, бұл жерде менеджер
әдетте
тапсырма қою
және орындау нәтижесін орындаушының
өзіне бақылау әдісін қолданады. Сонымен менеджер тапсырма
қою түріндегі басқару стилін қолданады;
– біліктілігі орташа немесе анықсыз деңгейдегі бағыныштылар
бойынша менеджер
келісу (үйлестіру)
стилін қолданады. Бұл
басқару стилін ұстайтын менеджер бағынышты алдына міндет
қойып, оған міндетті орындау процедурасын әзірлеу құқысын
береді. Бірақ бағынышты міндетті орындауға кірісуден бұрын
орындау процедурасы туралы өз түсінігін менеджермен келіседі.
Басқару стильдерің жіктеудің бұл формасын осылай түсіну
бір мағыналы болып келмейді. Ол негізгі басқарушы мәселе
ретінде бағыныштылардың біліктілік деңгейі емес, қазіргі сәтте
ұйым шешетін мәселенің күрделік дәрежесі болып келгенде де
қолданылады. Мысалы, өте күрделі мәселені шешу қажеттілігі
туғанда, менеджер жоғары білікті бағыныштыларына түсіндіру
немесе келісу стиліне сүйенуі мүмкін. Бұл жағдайда басқару стилі
деп бағынышты адамдардың біліктілігі немесе ұйым алдындағы
шешілетін мәселенің күрделік дәрежесіне орай әсер ету форма-
сын түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: