96
малды емес лидер айналасындағы адамдар оның құндылықтары
мен құзыреттілігін мойындаған жағдайда ғана болады.
Лидерге тән тұлғалық қасиеттерін атап көрсету туралы көп те-
ориялар бар, бірақ осы уақытқа дейін лидерліктің
жалпы теория-
сы жоқ. Осыған қарамастан, лидерге тән:
– интеллектуалдық әлеуеті, әсіресе, лидердің нақтылы ойлау
қабілеті;
– істі терең және толық мәнін білу;
– сөйлеу мәдениеті, риторика негіздерін, тиімді сөйлеу
коммуникациясының
басқа да қағидаттарын меңгеру;
– барлық жаңалықты қабылдай білу қабілеті;
– жеткілікті шамданушылық, мақсатқа жетуге талпыныс;
– өзін-өзі ұйымдастыру және ұйымдастыра алуы, өзгелермен
серіктестікке бару, өзіне жауапкершілік алу және тәуекелге бару
және т.б. сияқты тұлғалық сапаларын атап көрсетуге болады:
Мұндай тұлғалық сапалардың тізімін әрі қарай жалғастыра
берсе болады. Басты мәселе – формалды лидерге қойылатын
талаптар мен формалды емес лидерге
қойылатын талаптарды
бірінен бірін ажырату мүмкін емес. Сондықтан кез келген ме-
неджерге тұлғалық сапаның екі типі тән екендігін мойындаған
орындырақ:
– біріншісі шынайы өмірде формалды лидер ретінде әрекет
етуге мүмкіндік береді;
– екіншісі бір уақытта формалды емес лидер ретінде көрінуіне
мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда осы екі типтің үйлесуі әртүрлі құрылуы мүмкін.
Менеджер формалды лидерге тән қасиеттерінің 70%-ына ие бол-
са, онда ол тек 30% формалды емес лидерге тән талаптарға ие
деген сөз. Басқа нұсқа: егер менеджерге формалды емес лидердің
70% талаптары тән болса, онда мұндай менеджер бір уақытта
формалды лидер және формалды емес лидер бола алады. Бірақ
бұл мәселені қарастырғанда
өте абай болу керек, тәжірибедегі
менеджер үшін бастысы – ол өзі үшін бұл мәселенің мәнін
ұлғайтпау керек. Сонымен қатар оны жете бағаламау да орынсыз
болады, өйткені менеджер лауазымдық функцияларына сәйкес
және мансапқа ұмтылу тұрғысынан өз ұйымында формалды
97
емес лидер болуға ұмтылмауына болмайды. Сол себепті менед-
жер формалды емес лидерлік концепциясы туралы өзінің жеке
түсінігін қалыптастыруы қажет.
Менеджер өзінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру барысында
алдарына қойған міндеттемелерге немесе қалыптасқан жағдайға
байланысты келесі рөлдік функцияларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: