Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Менеджердің кәсіби идеологиясының мазмұны



Pdf көрінісі
бет33/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
7.3. Менеджердің кәсіби идеологиясының мазмұны
Идеология бірнәрсеге менеджердің сенімін және осындай 
сенім қағидасын өзінің кәсіби қызметінде ұстануға талпыну-
ын көрсетеді. Менеджердің сенімі оның ойында, яғни өзінің 
жұмыс орнына жетпей, қалыптасады. Егер менеджер барлық 
адамдардың жалқау екендігіне және олардың жұмыс істегілері 
келмейтіндігіне сенімді болса, онда адамдарды мәжбүрлеу және 
жазаға тарту арқылы жұмыс істету керек деген ой қалыптасады. 
Ал егер де менеджер, адамдардың жұмысқа деген табиғи ын-
тасын, қуанышын және де олардың жетістікке қол жеткізудегі 
ұмтылысын байқаса, ондай жағдайда қызметкерлерге олардың 
әрекеттерінің тиімділігін арттыратын барлық жағдайды жасауды 
қолға алады. 


83
Сонымен, өзінің кәсіби қызметіне тиісті бірінші және екінші 
нысандағы идеологияны ұстанатын менеджерлер болады. 
Ұйым мен менеджер қарым-қатынастарының екі мүмкін түрі 
болатындығын тәжірибе негізінде дәлелдеуге болады:
– менеджер өзіне тән басқару идеологиясына сәйкес ұйымды
өзіне ынғайландырады, яғни менеджер ұйымдық құрылымды
ұйымның мәдениетін өзгертеді;
– менеджер ұйымда қалыптасқан мәдениетке қарай бейім-
деледі, яғни өз ойындағы басқару идеологиясын өзгертеді, со-
лайша ойдағы ұйымның көрінісі мен ұйымның шынайы жағдайы 
арасында тепе-теңдік сақталады.
Кәсіби белсенділігіне сәйкес, менеджер үшін жайлы жағ-
дайлардың болуы өте маңызды, ал жайлылық өз ұйымы жай-
лы ойдағы көрініс пен ұйымның шынайы көрінісі арасындағы 
тепе-теңдіктен болады. Оңтайлы ойлайтын менеджер, ұйым 
шеңберінде өз міндеттерін орындауға кіріскенде, әрдайым қайта 
құруға, ұйымның қызметіне өзгерістер мен инновацияларды 
алып келуге ұмтылатын болады.
Ұйымдағы менеджердің жайлы жағдайы, осындай ұйымды 
басқарудың тиімділігіне жақсы әсер етеді. Мұндай менед-
жерлер өте көп, ал ұйымның қалыптасып қойған мәдениетіне 
бейімделетін басқарушылар өте аз. 
Осыған орай, менеджердің көрінісі, яғни оның басқару иде-
ологиясы басқару тәжірибесінде анықтаушы рөл атқарады. 
Менеджердің түсінігінде басқару идеологиясының нақты нысаны 
қалыптасуында бірнеше факторлар: мемлекет территориясы; тіл; 
тарихи, әлеуметтік ерекшеліктер; діндік салт-дәстүрлер; білім 
деңгейі және білім жүйесі; моральдық құндылықтар, өнегелі 
мәдениет және өнегелі белгілер; отбасылық салт-дәстүрлер және 
отбасылық құштарлық, т.б. әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет