Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


ҰЙЫМ: БАСҚАРЫЛУЫ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ



Pdf көрінісі
бет5/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
13. ҰЙЫМ: БАСҚАРЫЛУЫ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ 
САПАСЫ
13.1. Ұйымның басқарылу дәрежесі. Басқаруға көнбейтін 
не аз көнетін ұйымдар ..........................................................................152
13.2. Ұйымды басқару сапасы және оны бағалау ..............................153
13.3. Ұйымдастырушылық құрылымдар және оларды 
таңдауды белгілейтін факторлар ..........................................................156
14. ҰЙЫМНЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІ
14.1. Коммуникациялық үдеріс және менеджердің 
коммуникабельдігі ................................................................................160
14.2. Коммуникациялық үдеріс технологиясы. Ұйымның 
коммуникацияларын жетілдіру жолдары ............................................164
15. БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ
15.1. Мақсаттық басқару модельдері ..................................................171
15.2. Басқарудың экономикалық модельдері ......................................174
15.3. Басқарудың мінез-құлықтық модельдері ...................................177
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
..................................................182
ӘДЕБИЕТТЕР 
.....................................................................................193


6
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында «Менеджмент» 
маманындағы магистранттарға «Кәсіби менеджмент» пәні оқуға
ерекше көп көңіл бөлінуде. Оның себебі түсінікті де, өйткені 
Қазақстан алдына қойылған зор мақсаттарға жетуде басқару 
кәсіпорынның қызметі тиімді болуының шешуші факторы болып 
келеді. Мұны дәлелдеу үшін ғалымдар мен мамандар жан-жақты 
зерттеулер жүргізіп, көптеген озық фирмалардың тәжірибесін 
талдап, қазіргі заманда озық елдер қатарына қосылам десең
ұйымдарды жоғары кәсіби деңгейде басқара алуың керек деген 
бірыңғай қорытындыға келген.
Қазақстан жағдайында бұл мәселеге барған сайын көп мән 
беріле бастады, ол дұрыс түсінушіліктен туып отыр. Осыған орай 
жоғары білікті мамандарды даярлауда «Кәсіби менеджмент» 
пәнінің орны ерекше болып келетіні айқын.
«Кәсіби» термині коммерциялық ұйым менеджментіне 
қатысты тиімді, нәтижелі дегенді білдіреді. Жоғары тиімділікке 
жету қажеттілігі заманауи басқару ойларын және қызметтегі
менеджерлердің озық тәжірибесін зерттеп меңгеруді талап етеді. 
Өкінішке қарай, отандық тәжірибеде бұл мәселелерге жете 
көңіл бөлінбеуде. Бірақ елде жемісті бизнеспен шұғылданатын 
кәсіпкерлер баршылық, олардың басқару тәжірибесін жи-
нап талдауға кірісетін уақыт келді. Бұл іске тек ғалымдар мен 
оқытушылардан бұрын, отандық менеджерлердің өздері әр 
жолмен көмектесуіне болады. Мысалы, осы бағыттағы ғылыми 
зерттеулерді қаржы жағынан қолдау, жоғары оқу орнындағы 
мамандармен тығыз байланысты нығайту, өз бетімен мемуар-
лар жазу және т.б. Шетел тәжірибесіне көз жүгіртсек, аталған 
шаралардың арқасында ғана кәсіби менеджментті дамытуға бо-
латынын байқаймыз.
Берілген оқу құралы қазақ тілінде даярланған. Айта кететін 
нәрсе, бұл пәннің мәні мен мазмұнына бірыңғайлы көзқарас осы 
уақытқа дейін қалыптаспаған. Авторлар орыс тілінде жазылған 
танымал оқулықтарды пайдаланған, оның ішінде Ресей Үкіметі 
жанындағы халық шаруашылығы Академиясының оқытушылары 


7
дайындаған оқу-әдістемелік материалдарын мол қолданып, 
оларды біздің практикаға бейімдеуге күш салған. Берілген оқу 
құралында кәсіби басқару туралы теориялық мәселелерді, басқа 
тікелей не жанама қатысы бар көптеген сұрақтар қамтылған. Оқу 
құралында әр тараудан кейін бақылау сұрақтары, ал соңында 
тәжірибелік тапсырмалар мен әдебиет берілген. Бұл оқу құралы 
студенттер, магистранттар, ізденушілер мен оқытушылар және 
басқа оқырмандарға арналған. 
Оқу құралының 1-7-тарауларын э.ғ.д., профессор Д. Құнанбаева, 
8-15- тарауларын э.ғ.к., доцент С. Жұмамбаев дайындаған.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет