14
1.1-сурет.
Менеджменттің жалпы теориясы: түсініктемелік
блоктарды
құрылымдау
Білім беру тұжырымдамасы екі негізгі құрауыштан тұру керек:
а) тәжірибелік басқарушылық қызметтің кәсіби көрінісін
қалыптастыру, сонымен қатар менеджер өзінің кәсіби міндеттерін
тиімді орындау бойынша әдістерді, тәсілдерді, кәсіби дағдыларды
меңгеру. Белсенділік білім беруші жағында – профессорлар мен
15
оқытушылар, тиісті кітаптар, өмірдің өзінде болады («Өмір-
менің ең жақсы ұстазым») ;
ә) лауазымдық міндеттерді тиісті атқару үшін
менеджердің
өзіндік тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру немесе дамы-
ту. Белсенділікті білім алушылар ұстап тұрады,
білім беруші
орталықтың міндеті – білім алушыға менеджердің лауазымдық
міндеттерін орындауда қандай тұлғалық қасиеттер керектігін
сезінуге
көмектесу, сонымен қатар қажетті деңгейде өзін-өзі
тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту бойынша нұсқаулықтар беру болып
табылады.
Менеджердің өз лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру үде-
рісінде оның тұлғалық қасиеттері маңызды рөлге ие. Тәжі-рибелік
менеджердің кәсіби немесе іскерлік сәттілігі (Іс) оның белгілі бір
тұлғалық қасиеттеріне (Тқ), сонымен қатар кәсіби даярлығының
(Жкд) жоғары деңгейіне негізделеді:
І
с
= Т
қ
+ Ж
кд
.
Кәсіби маман лауазымдық міндеттерін
атқару кезінде оның
кәсібилігін анықтайтын тұлғалық қасиеттерін дамытуы керек.
Кез келген менеджер белгілі деңгейде билік өкілеттіктеріне ие
болады, ал егер ол сол өкілеттіктерін оңтайлы жүзеге асырмаса,
оның қол астында қызмет етіп жүрген адамдарының, сондай- ақ
онымен басқарылатын ұйымның меншік иелерінің құқықтарын,
мүдделері мен мақсаттарын бұзуға алып келеді.
Менеджер өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру үде-
рісінде келесі кәсіби әрекеттердің – рөлдік функциялардың нақты
блоктарын орындауға мәжбүр:
1. Талдау әрекеттер блогы.
Менеджер белгілі бір уақыт ке-
зеңінде менеджер–талдаушы ретінде қызмет етеді.
Талдау қыз-
меті ретінде адамға немесе оның кәсіби қызметіне маңызды
жағдайларды талдауға сол тұлғаның икемін білдіретін тұрақты
дағдыға уақыт өте келе ауысатын өзгеше қабілетті қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: