Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


КЕЙС БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет75/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
КЕЙС БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ:
1. Компания ұйымнан тыс мақсатын қалай қалыптастырды? Бұл 
мақсатты қалыптастыруда қандай талдау логикасы қолданылды?
2. «РоКолор» компаниясының профильді қызметіне қандай сыртқы 
орта факторлары әсер етті? Ресейлік нарықтағы шетел көшбас-
шыларымен бәсекелестік мәселелесін қалай шешті? 
3. «РоКолор» компаниясы үшін ресейлік нарықта көшбасшылыққа 
шығуға сыртқы ортаның қандай негізгі қолайлы факторлары әсер етті?


186
3-тапсырма. КЕЙС СТАДИЗ: Суздальдағы отель
Тапсырма: тиімді шешім әзірлеу процедурасын баспа директорымен
нақтылаңыз. 
Владимирден 35 километр қашықтықта ыңғайлы және бүкіл 
әлемге танымал, кішкентай – небәрі 12 мың халқы бар – Суздаль 
қаласы орналасқан. Қала шежіресі өз бастамасын ежелгіден алады - ол 
Мәскеуден бір жарым жүз жылдыққа үлкен. Бір кездері - IX ғасырда – 
Суздаль орыс жерлерінің орталығы болған. 
Өзінің өмір сүру барысында қалашық көпті көрді. Жақында Суз-
дальда бірінші толығымен жеке меншік қонақүй пайда болды. Оның 
иесі - Сергей Кучкин – өзін суздалдық қияршы деп айтады – бір кезде 
милицияда қызмет еткеннен кейін жұмыстан босатылып, қияр өсірумен 
айналысты. Қияр бизнесі оған біршама ақша жинауға мүмкіндік берді.
Сергейде әрине, басқа, неғұрлым тұрақты және табысты да бизнеспен 
айналысу ықыласы туды. Ойланудан кейін әділ еңбекпен жиналған капи-
талды қонақ үйді жайғастыруға салуды шешті. Алайда, қияр ақшалары 
жеткен жоқ. Банктарға барды, табалдырықтарды тоздырды – бір жылға 
жуық уақыт кетті. Егер де жобаны қаржыландыруға дайындығын 
көрсеткен Суздаль қаласының мэрі Александр Илларионов және де 
МОСТ-Банктің көмегі болмағанда, мүмкін осылайша ұзақ жүруші ме 
еді. Оларсыз бүгінгі Суздаль өзінің жеке меншік қонақ үйімен мақтанар 
ма еді.
Қонақүй үлкен емес – оның үш этажында он төрт адамға арналған 
небәрі тоғыз нөмір, сондай-ақ ең қымбат және беделді нөмірге жазба 
бойынша кезекпен орын алған. 
Қонақүйдегі жиһаз бен сантехника - итальяндық, Сергей ол жаққа 
барлық қажеттіні сатып алу үшін өзі барған.
Төменде, подвалда жайлы мейрамхана орнатылған. Қонақтардың іші 
пыспайды. Суздаль үшін ғана емес, Ресей үшін де ерекше қонақтарға 
ұсынылатын қызметтер қарастырылған, оған атақты хоккей қақпашысы
Владислав Третьяктың өзі қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет