189
фирмасының басшылығы осы жабдықтаушымен келісімшартқа отыра-
ды. Фирманың айлық ағаш қажеттілігі 1100 м3. Мұндай қорытындыны
жабдықтау бөлімінің басшысы көрсеткіштерді талдай отырып жасады.
А. Бұрынғы жабдықтаушыдан ағаш алып жүрген кезде ағаш
қорын сыйымдылығы 3000 м3 болатын қоймада сақталды. Себебі
шикізат уақытында немесе қажет көлемде әкелінбейтін. Бірақ мұндай
тұрақсыздық та қажет болды, өйткені шикізат кез келген уақытта келіп
қалуы мүмкін болатын.
Дәл осы кезде дайын өнімді сақтау үшін фирма көрші кәсіпорыннан
қоймасын жалға алатын. Жалға төлеу мөлшері 1 м2 үшін 100 долл. АҚШ
болды. Тапсырыс берілген ағаш партиясының көлемін нақты анықтау
(жабдықтаушының өз міндетін толық орындауы) дайын өнімді сақтауға
арналған жерді жалға алудан бас тартуға мүмкіндік берді. Қаржыны
үнемдеу жылына 100 мың. долл. құрды.
Ә. Тапсырыстар партиясының көбеюі 4-тен (бұрынғы жабдық-
таушымен) 12-ге өсіп (жаңа келісімшарт негізінде), сатып алу қызметі
үшін шығындар 4 мыңнан 12 мың долл. жоғарылатты.
Б. Ескі жабдықтаушыдан жаңа жабдықтаушыға көшу франко
қойма сатып алушысының бағасының төмендеуіне алып келді (көлік
шығындарының азаюы). 1 м3 ағаш үшін 110-ден 100 долл.
В. Ағашты қоймаға салу бойынша шығындар өндірістік қорлардың
орташа жылдық құнының 10% құрады (10% 100 долл. × 550 м3 -дан).
Жағдай бойынша тапсырма: берілген жағдайды талдап, ағаш
партиясының оңтайлы көлемін және жабдықтау мерзімін анықтайтын
жоба ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: