Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Басқарудың мінез-құлықтық модельдері



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
15.3. Басқарудың мінез-құлықтық модельдері
Мінез-құлықтық модельді зерттеу кезінде менеджердің қоз-
ғаушы күші болып отырған тұлғалық жеке қасиеттеріне көңіл 
бөлінеді, яғни оның кәсіби мінез-құлқын бейнелейді. Бұл мәселеге 
көз сала қарағанда мынадай тезистерге көңіл бөлінеді:
– менеджерге өзімшілдік қасиеті тән болуы;
– менеджер өзі басқарып отырған фирманың мақсатын және 
акционерлер мүддесін қорғап, мойындауы қажет.
Осылайша, менеджер өзімшілдік қасиетімен фирманың мақ-
саттық бағыттарын біріктіре отырып, оларды жүзеге асыруы ке-
рек. Мінез-құлық моделінің астарында менеджердің жеке идео-
логиясы жатады.
Билік және биліктік құзіреттерді жүзеге асыру моделі
− 
ме-неджердің жүзеге асыра алатын және жүзеге асыруға тиісті 
билік құзіреттерін сезіну негізінде құрылатын модель. Мұндай
жағдайда менеджердің билік көрсеткіштерін көз алдына елестетуі 
өте маңызды болып саналады: бір менеджер үшін, ол өзінің қол 
астындағы бағыныштылар санына негізделеді, ал енді бір ме-
неджер оны осы ұйымда өндірілген өнім үлесімен байланысты-
рады. Егер менеджер өз билігін персонал санымен байланысты-
ратын болса, онда оның әрекеттері мен ынтасы персонал санын 
жоғарылатуға тырысатын болады. Бұл жағдай жұмыс күшінің 
артық болуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. 
Менеджердің билікке деген түсінігі өзгеруі мүмкін, яғни ол 
билікті сату көлемімен де байланыстырады. Бұл модельде ірі кор-
порация менеджерінің мақсаты – корпорация масштабын макси-
малдау. 
Менеджердің пайдалылық моделі
оның өзінің пайдалылығын 
сезіну негізінде құрылады. Пайдалылық функциясы: 
– персоналға деген шығындар;


178
– басқарушылық табыс;
– қажетті минимумнан асатын пайда көлемі сияқты көр-
сеткіштер арқылы максимал жасалынады.
Бұл модель өзін аса талантты менеджер екендігін көрсеткісі 
келетін, мансаптыққа ынталанатын менеджерлерге тән. Мұндай 
менеджерлер өзінің пайдалылығын максималдауға тырысады. 
Фирма акцияларының бағасы шынайы активтердің белгілі бір 
деңгейде орнатылған құнынан төмен түспеуі керек. Осыған бай-
ланысты менеджер өзінің ынтасын ұйымның өсу қарқынына және 
акциялардың нарықтық курсына шоғырландырады. Бұл модельді 
пайдаланған менеджер өзінің пайдалылығын дәлелдеуге тыры-
сады. Менеджердің оындай мақсатқа бағытталуы акционерлерге 
арналады. 
Басқарудың әкімшіліктену моделі
басқарудың көп таралған 
концепциясына жатады. Бұл модельдің кең таралуы оның 
өміршеңдігімен байланысты. Әкімшілік етудің кейбір элемент-
теріне жүгіну кез келген менеджер тәжірибесінде кездеседі. 
Мұндай қажеттіліктің туындауы оның тәжірибесінде кездескен 
жағдайды сипаттайды. Адамдар арасында тек қана әкімшілік ету 
амалы арқылы ғана ықпал етуге болатын адамдар жиі кездесіп 
жатады. 
Қатаң әкімшілік ету
немесе директивті басқару моделі:
– билікті артық орталықтандыруымен;
– дара басшылық жолын ұстауымен;
– негізгі мәселелерді өз билігімен шешуімен;
– бағыныштылармен байланысты саналы түрде шектеумен 
көзге түседі.
Мұндай модельді қолданатын менеджер адамдарды өз билігіне 
алуға құштар, догматизм сияқты қасиеттермен ерекшеленеді. 
Бұл модельді қолданатын менеджер үлкен билікке ие, әр топтың 
міндеті айқын анықталған, және олар тек қана менеджердің 
бұйрығын күтіп отырады. Осындай модельді қолданатын ме-
неджер өндірістік үдерісті жақсы біледі, өзі басқаратын ұйым 
аясындағы маңызды тұлғаларды ажырата біледі және кімнің
қандай жұмысқа жауапты екенін жақсы біледі. Сонымен қатар 
ол жұмысшылардың қайсысы да қандай жұмысқа болмасын 


179
дайын екендігіне күмәнсіз сенеді, оларды тек қана немен айна-
лысу керектігін дер кезінде хабарлап отыру қажет. Мұндай мо-
дельде марапаттау мен жазалау жүйесімен көзге түседі. Осын-
дай басқару моделі қолданылған жағдайда бағыныштылар 
менеджердің басқару стиліне, оның әдеттеріне және т.б. мінез-
құлықтық ерекшеліктеріне бейімделуге тура келеді. Менеджер 
олардың ойларымен санасуды қажет деп танымайды, өзіне қарсы 
келгендерді ұнатпайды. 
Демократиялық әкімшілік ету моделі
алдыңғы модельге ұқсас 
бірақ, одан біршама жұмсақтығымен ерекшеленеді. Менеджер 
шешім қабылдау кезінде келісушілік стилін қолдануы мүмкін.
Бірақ соңғы шешімді оның өзі қабылдайды. Сонымен қатар мара-
паттау мен жазалау жүйесі қолданылады.
Либералдық әкімшілік ету моделі
аса тиімді емес мо-
дель болып саналады. Мұндай модельді әдетте, бюрократ-бас 
сауғалаушы қатарына жататын менеджерлер қолданады. Барлық 
формалды түрде талап етілетін міндеттерді ол орындайды. Осы 
себептен де бұл модель ұйым аясында жүргізілетін құжаттар ай-
налымы негізінде құрылады, яғни аса маңызы жоқ бұйрықтар да 
құжат түрінде рәсімделеді. Менеджер барлық нұсқаулықтарды, 
ережелерді, процедураларды анық білуге және олардың орын-
далуына аса мән береді, егер оның мазмұнын жете түсінбесе 
оны анықтап, біліп алған соң ғана әрекет етуге және өз қызметін 
жүзеге асыруға кіріседі. Формалды талаптар бойынша жұмыс 
істеу ұйымға кері әсерін тигізуі мүмкін, мұндай ұйымда жыл-
дар бойына ешқандай өзгерістің болмайды, жұмысшылар тара-
пынан ешқандай белсенділік танытпайды, сондай-ақ ұсақ-түйек 
мәселелердің өзін басшымен келіспей өздігімен шеше алмайды. 
Ішкіфирмалық кәсіпкерлік басқару моделі
менеджердің ой-
ынша ұйым ішіндегі бөлімдер әрқайсысы өздігімен жұмыс жаса-
уы қажет, ал ол өз кезегінде осы бөлімдердің қызметін бақылап 
және үйлестіріп отырады. Менеджер өзінің бағыныштыларының 
бастамаларына, жоғары кәсіби біліктілігіне сенеді. Бұл модель 
өндірістің әртараптандырылған кәсіпорындарында немесе хол-
дингтарда қолданылады.
Бюджеттендіру ішкіфирмалық кәсіпкерлік моделінің нақты 


180
формасы ретінде
ұйымның жоғары тұрғаннан басшылары 
жағынан құрылымдық бөлімдердің қаржылық жағдайын қатаң 
бақылауына негізделген модель. Бұл модельдің мазмұны мы-
нада: әрбір бөлімдер үшін жоспарланған кезеңге шығындар 
белгіленеді, сонымен бірге сол мерзімде алынатын табыс көлемі 
де қатаң жоспарланады.
Қатысу жүйесі басқару моделі
әкімшілік ету моделі мен 
ішкіфирмалық кәсіпкерлік моделі арасында орналасады. Ол
ұйымды басқаруға, әсіресе, басқару шешімдерін әзірлеуге және 
қабылдауға ұйым қызметкерлерін тартады. 
Жұмсақ әкімшілік ету моделі
менеджердің ойынша, бағы-
ныштылар пікірлес адамдардан тұратын ұжым деп санайды, өзін 
осы ұжымның бір мүшесі деп есептейді. Менеджер ұжымның әр 
мүшесіне қолайлы жағдай жасайды, оларға қамқор болады, әр 
адам туралы әрқашан хабардар болады. Осыдан ұйымда формал-
ды емес қатынастар кең тарайды. Құндылық бағдарлар ретінде 
құзыреттілік, кәсіпшілік, бірін бірі сыйлау, агрессия жоқтылығы 
танылады. Бұл модель қолданғанда менеджер келесі принциптер-
ге сүйенеді:
– бағыныштыларға біліктілігіне және функциясына сәйкес 
дербестік береді;
– мақсаттарды белгілеуге бағыныштыларды тартады;
жұмысты бағалайды;
– шешімдерді даярлайды және қабылдайды;
– бағыныштылардың еңбегін әділетті бағалайды.
Өзін-өзі басқаратын фирма моделі
анархиялық типті кон-
цепцияға негізделеді, басқару функциялары мен жауапкершілікті 
бөлу ешқандай реттелмей, laisser faire принципіне негізделеді. Бұл 
модель шеңберінде демократизм принципі шешуші рөл атқарады: 
көп дауыс алған шешімдер қабылданады, менеджерді шешім 
қабылдаудан аластатады. Негізінен мұндай модельдер бұрынғы 
иелерінен қызметкерлер сатып алған фирмаларда қолданады.
Соңында, тәжірибедегі менеджер таңдаған басқару моделі 
әдетте, бірнеше модельдерінің оптималдық комбинациясы болып 
келетінін айтқан жөн. 


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет