185
мен басқада қымбат емес қажеттіліктеріне табысы жететін орта табы-
сты әйел адамдар тобы. Компания өндіретін !Биотон», «РоКолор» және
«Тоника» бөлшек сауда бағасы 25-30 руб. ғана. (L»Oreal Excellence -
160 руб.) бояулар негізінен аймақтарда сатылады. Мақсатты ауди-
торияның жоғары емес табысы – сәйкес қымбат өнім түрлерін сататын
бай әйел адамдарға сататын компанияларға қарсы аргумент . «біздің
сатып алушыларымыз көбінесе, арнайы боялған шаштарға арналған су-
сабынды сатып алуға рұқсат ете алмайды», − дейді Канцур.
Шетел тауарлық белгілерінің иелері «РоКолор» тарапынан ешқандай
қауіп күтіп отырған жоқ. Дегенмен, «РоКолор» компаниясының қымбат
емес шаш бояуларының аудиториясын бұрын-соңды тұрақты шаш
бояуын қолданбаған әйел ададмдар құраса да, шетел компаниялары
нарығынан кішкене болсын өз үлесін алды. «РоКолор»-дың көтерілуі
1998 жылдан кейін қынаның белсенді қоданыстан түсе бастауымен
қатар келді. AC Nielsen мәліметтері бойынша табиғи шаш бояулары
дағдарыс кезінде 57% өскен, ал қазір дағдарысқа дейінгі жағдай қайта
қалыптасып отыр.
«Әйел заты ер адамды таңдау секілді шаш бояуын таңдағанда да
өте мұқият келеді, және де таңдаған жарын тастап кету оларға қиын
соққандай, бұл жерде де үйреніп қалған шаш бояуын басқаға айырбаста-
уы қиын процес болып табылады», - дейді Касаткина. Тәуелсіз бөлшек
сауда Ассоциациясының бас директоры Вадим Зуйков айтуынша, шаш
бояулары мен сәндік косметика басқа косметика тауарларынан әйел
адамдар үшін айырмашылығы өте көп, олар өз қалталары жұқарғанына
қарамастан, үйреншікті шаш бояуын айырбастамайды, егер ақша
үнемдеу қажет болса, шаш бояуынан соңғы кезекте үнемдейді.
Сондықтан да, 1998 жылғы дағдарысқа дейінгі нарықта билік ет-
кен батыстық компаниялар нарыққа арзан отандық бояулар кіргеннен
бастап ақшалай тұрғыдан бірқатарын жоғалтты: бірақ та «РоКолор»
төртінші орында, алдына тек L»Oreal/Garnier, Wella және Londa сияқты
нарықтың жартысын билейтін компаниялар еді.
Достарыңызбен бөлісу: