Т. Т. Балашов редакциялық алқа мүшелері


М Е М Л Е К Е Т Т Щ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІН  Ж Е Т І Л Д І Р У МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата03.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#7277
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

М Е М Л Е К Е Т Т Щ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІН  Ж Е Т І Л Д І Р У МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Д.С. Байсымақова -
Абай атындагы Қаз¥ПУ-дің 
Азаматтъщ цүкыц жэне іс жүргізу кафедрасыныц ага окытушысы 
Қазіргі кезенде дамыған елдердің барлығы адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін 
және құқықтық мемлекет, демократиялық ұстанымдарды негізгі мақсат ретінде алға қоюмен қатар. 
элеуметтік мемлекетті қалыптастыруды негізгі бағыт ретінде үхтануда. Бүл шын мәнінде, әлем елдерінін 
даму тәжірибесі айқындаған шындықтың бірі болып табылады. Мемлекеттің мақсаты да қоғам 
мүшелерінің элеуметтік әл-аухатын көтеру екендігі мемлекет теориясында мойындалған, түжырым 
екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да, мемлекеттің элеуметтік қызметі мемлекет қызметінің жеке 
бағытын құрайды. 
Қазақстан Республикасы да бүгінгі танда өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет 
ретінде жариялаумен қатар, әлеуметтік мемлекет орнатуды мақсат түтып отыр. Әрине, бұл мемлекет 
тарапынан үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі белгілі. Қазіргі кезеңде еліміздің конституциясында 
және басқа да заңнамасында әр түрлі мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларда әлеуметтік мәселені 
дамыту, өткір қойылғаны белгілі. Сондай негізгі конституция талабын жүзеге асыратын қүжаттардың бірі, 
Қазақстан Республикасы Президентінің 29 тамыз 2009 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасыныц 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат түжырымдамасы 
болып табылады. Бүл  т р к ы р ы м д а м а елімізде осы уақытқа дейін жүзеге асырылып жатқан құқықтык 
реформаны одан әрі тереңдетуге бағытталган. Осы уақытқа дейін елімізде 2002 - 2010 жылдар 
аралыгындағы құқықтық саясат туралы түжырымдама жүмыс жасап жатқандығы белгілі: "2002 жылы 
қабылданған Қазақстан Республикасыныц Құқықтық саясат түжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі 
кезеңге арналған қүқықтық жүйесі дамуыньщ негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік 
және қоғамдық институітардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. 
Түжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының 
(конституциялық, экімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық. 
қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды" [1, 2 6]. Көріп 
отырғанымыздай, бул тұжырымдама өзінің мақсатын орындады. 
Қазіргі кезеңде қабылданып отырған Қазақстан Республикасыныц 2010 жылда 2020 жылға дейінгі 
кезеңге арналған құқықтық саясат түжырымдамасы жаңа негіздегі міндеттерді жүзеге асыруды алға қойып 
отьтр. Бүл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі, елімізде элеуметтік мемлекетті одан әрі дамыта түс> 
болып табылады.  Ж а л п ы бүл бағдарламада Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының, оньщ 
конституциялық деңгейде жүзеге асырылу аспектісінде қарастырылған болатын. Тұжырымдамада бүл 
туралы былай дейді: "Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің заңнамалық, 
ұйымдастырушылық және басқа да шараларымен жүзеге асуы тиіс қүқықтық идеялары мен принциптерін 
одан әрі іске асыру қажет. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының 
барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде 
шоғырлануы тиіс. Заңнаманы жетілдіру процесінде жэне құқық қолдану қызметі барысында 
Конституцияньщ үстемдік принциптерін жэне төменгі деңгейдегі актілердің жоғарыда деңгейдегі 
актілердің нормаларына сэйкестігін бүлжытпай сақтау қажет. 
Елдегі заңдылық  р е ж и м ш және құқықтық жүйенің түрақтылығын да, сонымен қоса қолданыстағы 
Конституция шеңберінде ұлттық қүқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. 
Қүқықтьщ саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы 
стратегиясы тұрғысында,  о н ы ң ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде.. 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін 
мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді"  [ 1 , 2 6 ] . Біздін 
ойымызша, әлеуметтік саясатты да, оның нормативтік базасын да осы қағидалар деңгейінде жүзеге асыру 
қажет. Құқықтық саясат түжырымдамасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудьщ қағидалары да 
белгіленген. "Қазақстанның Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі қү_қықтары мен 
100 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж. 
принциптері бекітілген. Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен 
қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан эрі қалыптастыру болып табылады. 
Мемлекеттің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты элеуметтік маңызы бар 
проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған. Оған, атап айтқанда, білім беруді және денсаулық 
сактауды. халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қоргауды, қоршаған ортаны қорғауды және 
төтенше жағдайларға жол бермеуді құқықтық реттеу жатады. 
Нарықтық экономика жағдайында еңбек нарығының жэне халықтың жүмыспен қамту 
проблемаларының болуы еңбектің құқықтық қатынастарының өзекті мәселесі болып табылады, Осыған 
байланысты еңбек заңнамасын жүйелі талдау негізінде оның қолданылу практикасын жүйелі талдау эрі 
осы саладағы халықаралық тәжірбиені ескеру қажет. Бұл ретте еңбек қызметінің жэне еңбеккерлердің 
еңбек жағдайының сипатына байланысты еңбек және әлеуметтік заңнаманы одан әрі саралау мәселелері, 
сондай-ақ элеуметтік әріптестестіктің құралдары мен қолдану саласын кеңейту мэселелері пысықтауды 
талап етеді"  [ 1 , 4 6 ] . Қазақстанда элеуметтік мемлекетті қалыптастыру оте күрделі мэселе екендігі белгілі. 
Бүл бағытта кешенді заңнамаларды әлеуметтік бағыттылықты қалыптастыру қажет. "Әлеуметтік саладағы 
заңнама мемлекеттің элеуметтік саясаты басымдықтарының серпінін, мемлекет беретін әлеуметтік 
игіліктердің тізбесі мен негіздерін кеңейту, әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған қаржы коздерін 
айқындауда азаматтардың қатысуыньщ жаңа нысанын жасауды есепке ала отырып ұшқыр болуы тиіс. 
Әлеуметтік корғау мен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі осы саладағы іркіліссіз норма түзушілік 
процесін көздейтін мемлекеттің каржылық мүмкіндігінің осуіне байланысты жүйелі түзетілетін болады. 
Әлеуметтік заңнаманы дамытудың перспектикалық багыттарының бірі: зейнетақы активтерін 
орналастыру кезінде қолда бар қаржы құралдарын пайдалану жэне жаңаларын жасау; азаматтардың 
жекелеген санаттарын, оның ішінде әлеуметтік төлемдер күн көрудің жалғыз козі болып табылатын 
адамдар үшін әлеуметтік қорғаудың жүйесін жетілдіру болып табылады" [1, 4 6]. Жоғарыда айтып 
откеніхміздей, әлеуметтік мемлекетті дамытуда кешенді заңнамаларды жаңа негізде қалыптастыруымыз 
қажет. Оның да жалпы даму бағыттары жоғарыдағы тұжырымдамада белгіленген болатын. Әлеуметтік 
заңнамалардың ішіндегі маңыздылардың қатарына сақтандыру заңнамасы жатады. оны жетілдіру 
тұжырымдамада мынанда йбағытта жүзеге асырылады: "Елде міндетті және ерікті сақтандырудың заманға 
сай жүйесі қалыптасып, жүмыс істеуде, сақтандыру қызметтерінің тольпсқанды нарығы орнықты. 
Соньшен қатар, аталған нарықтың ғаламдық тұрғыда дамуы әлемдік тэжірибеде қалыптасқан сақтандыру 
жүйелері мен отандық құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, үлттық деңгейде барабар қүқықтық 
реттеуді талап етеді. Электрондық сауда-саттықтың қарқынды дамуы жағдайында сақтандыру жүйесіндегі 
құқықтық мәселелерді шешу шеңберінде Интернет-сақтандыруды дамытуға жэне оны нормативтік-
құқықтық регламенттеуге деген қажеттілік бар" [1, 4 б]. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік 
қызметіне ықпал ететін заңнаманың бірі, қаржы заңнамасы екендігі белгілі:  " Қ а р ж ы заңнамасы отандық 
қаржы нарығының дамуы мен жүмыс істеуі үшін қолайлы орта жасауды, қаржылық қызметті 
түтынушылардың құқықтары қорғалуын қамтамасыз етуге, қаржы ұйымдары қызметіне тең құқылы 
жағдай жасауға жэне қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға ықпал етуге тиіс. 
Бұл ретте, әлемдік, сондай-ақ отандық экономиканың даму үрдістерін ескере отырып, қаржы 
заңнамасының баеымдығы банктердің қаржылық түрақтылығының мониторингіне, ықтимал тәуекелдерді 
бағалауға, икемді реттеу режимін қалыптастыруға, банктер қызметіндегі проблемалық мэселелерге жедел 
әрекет етуге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына қадағалау жүйесін әлемдік стандарттарға барынша 
жақындатумен байланысты болуы керек"  [ 1 , 4 6 ] . 
Біздің ойымызша, жоғарыдағы тұжырымдамада әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың басты 
бағыттары айқындалып, белгіленген. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының біріне, 
зейнетақы саясаты жатады дейтін болсақ, Қазақстанда жинақтаушы зейнақы жүйесі енігізілген болатын. 
Әлемде зейнетақы жүйесінің екі бағыты айқындалған: 1) жалпы бәлуші (солидарлы); 2) жинақтаушы. 
Әрине екі жүйенің озінің ұтымды түстары мен жеткіліксіз қырлары бар. Германияның тэжірибесін 
мысалға келтіре отыра, А.Абрахманова ол туралы былай дейді: "Социальная политика Германии, которой 
уже более ста лет, основывается в основном на перераспределении. Распределительные пенсионные 
системы основаны на том, что государство заставляет граждан трудоспособного возраста содержать 
пожилых людей, для чего облагает налогом зарплату и перераспределяет средства от работающих к 
пенсионерам. Это означает, что допускается принудительное лишение граждан части их имущества или 
неимущественных прав с последующей передачей другим гражданам (в частности, путем 
— .
  1 0 1 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Юриспруденция», № 3 (21), 2010 г. 
налогообложения) с помощью государственного насилия. На первых порах это действовало, так как чем 
богаче становилась страна, тем выше становился стандарт населения. 
Однако стимулы влияют на поведение людей. Если в стране платят за бедность, болезни и 
старость, то население через некоторое время становится бедным, больным и старым. Повышение уровня 
жизни населения здесь, также как и везде в Европе, ведет к старению населения, и все больше средств 
приходится направлять на пенсии. Разумеется, это бремя ложится на граждан в виде увеличения налогов. 
Так, если еще шестидесятые годы государство изымало из зарплаты работающих на социальную защиту-
четверть заработка, то сегодня изымает налогами половину" [2, с 185]. Көріп отырганымыздай, бұл 
жүйеде мінсіз тиімді жүйе емес екен. Сонымен қатар, әлемдік елдердің басым көпшілігінде қолданылатын 
тағы екінші жүйе бар, оны да жоғарыдағы автор былай деп атап өтеді: "Так, в англо-американской модели 
применяются несколько иные механизмы социального обеспечения. Здесь большая роль отводится 
социальному страхованию. Если рассмотреть на примере пенсий по старости, то здесь используется 
модель накопительного счета на старость в фонде, который каждый имеет право (и риск) выбирать сам. 
Это значит также, что больничные, отпускные, величина пенсии в старости не равны для всех, а зависят 
индивидуального от трудового вклада и от величины индивидуальной зарплаты. Это, с одной стороны, 
способствует четкой адресности, точечноеҷ государственной поддержки сирых и убогих, с другой 
стороны, не будет препятствием на пути развития человеческой активности" [2, 185 б]. Міне, көріп 
отырганымыздай, екі жүйенің де жақсы жэне тиімсіз қырлары бар. Қазақстан Республикасы бүл бағытта 
екі жүйенің де тиімді тұстарын алуға ұмтылуда. 
Жалпы әлемдік тәжірибеде элеуметітк мемлекетті қалыптастырудың бірнеше гасырлықты 
тәжірибееі бар екендігін жогарыда айтқан болатынбыз. Әлеуметтік саясатты қалыптастыруды кезіндегі 
Пруссияның канцлері болтан О. Бисмарк тарихта алғашқылардың бірі болып қолга алған болатын. Оның 
әлеуметтік саясаты туралы Г.В. Малинин мен В.Ю. Дунаев былай дейді:  " О . Бисмарком была разработана 
социальная политика, вошедшая в историю под названием "социального маневрирования". В ней были 
реализованы патриархальные представления о помощи неимущим и принята серия социальных законов: 
закон о страховании на случаи болезни (18831884 гг.), закон о страховании от несчастных случаев (1884-
1885 гг.) и закон о страховании в связи со старостью и инвалидностью (1889-1981 гг)" [3, с 39]. Міне 
осыдан басталган элеуметітк саясат тэжірибесі осы күнге дейін жалганып келе жатыр. Элем елдерінің 
көпшілігі әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда эр түрлі багыттар ұстануда. "Егер элеуметтік мемлекетті 
орнықтырудың шетел тәжірибесіне жүгінер болсақ, олардың оз конституцияларында әлеуметтік 
қагидасын қандай да бір түрде орнықтырудың өзіндік себептері түрткі болды. Әлеуметтік мемлекет 
идеясы мен формуласының алгаш рет Батыс елдерінде пайда болгандыгын жогарыда қысқаша айтып 
кеткенбіз, енді осы элеуметтік мемлекет формуласының Батыс Европа мемлекеттерінің 
конституцияларында қалайша көрініс табатындыгын қарастырдық. Олардың бүгінгі таңдағы 
конституцияларында мемлекеттің элеуметтік багдары түрліше көрініс табады. 
Айталық, Германия Федеративтік Республикасы Конституциясының 20-бабының 1-тармагы 
Герман Федеративтік Республикасы демократиялық жэне элеуметтік федеративтік мемлекет болып 
табылады деп жариялайды. Осындай багыттагы үлгіні Францияның (2-баптың 1-тармагы), Испанияның 
(1-баптың 1-тармагы), туркияның (2 бап) конституциялары қабылданган, ал Данияның (75 - бап), 
Грецияның (1975 ж. қабылданған Конституциясының 21-бабының 2 және 3-тараулары), Италияның (2-4 
баптары), Нидарландының (18 бап), Швецияның (1 қаңтар 1975 жылгы редакциясындағы басқару туралы 
Заңының 1-тарауының 2-бабы) Конституцияларында болса әлеуметтік мемлекеттің мақсаттары жайында 
эр түрлі көрсетіледі. Үлыбритания, Норвегия, Австрия жэне Швейцария сияқты елдерде игілікті тұрмыс 
мемлекетінің формул асы қолданылады" [4, 79 6]. Көріп отырганымыздай, конституциялық деңгейде 
элеуметтік мемлекет мәселесі эр қырынан шешілген. Бұл жалпы элеуметтік мемлекеттің мойындалған бір 
багыттагы үлгісінің  ж о қ екендігін көрсетеді. Сондықтан да, қазақстанда өзінің экономикалық әлеуметтік 
мүмкіндігіне сәйкес элеумеггік мемлекетті дамыта беру қажет. 
Біз жогарыдагы құқықтық саясат түжырмдаманы саралай келгенде, Қазақстан Республикасы 
өзінің әлеуметтік қызметін жүзеге асыруда, мынандай багыттарды негізге алу қажет деп санаймыз: 
Біріншіден, Қазақстан Республикасының элеуметтік мемлекет ретіндегі багдарламалық ұзак 
мерзімдік тұгырнамасын жасау қажет; 
Екіншіден, осы тұгырнаманың негізінде конституцияда белгіленген әлеуметтік мемлекет 
қағидасын нақты агымдагы заңнамаларды одан эрі жүзеге асыру керек; 
102 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-дың Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж. 
Үшіншіден, қоғамның әлеуметтік қорғауға мұқтаж тобының әлеуметітк жағдайын шынайы 
көтеруге бағытталған мемлекеттік шараларды жүзеге асыру керек. 
Корыта келгенде айтарымыз, құқықтық саясат тұжырымдамасы Қазақстанда әлеуметтік 
мемлекетті калыптастыруды іргелі сатыға көтеретін құжаттардың бірі болып табылады. 
'лзацстан Республикасыныц 2010 жылдан 2020 жылга дейінгі кезеңге арналган цүқыктыц 
саясат түжырымдамасы. Қазацстан Республикасы Президентінің 2009 жылгы №858 Жарлыгы // Зац 
газеті. - 2009. - 25 тамыз. - 2-6 бб. 
2 Абдрахмаиова А. Проблемы формирования социального государства // Вестник КазНУ. Серия 
юридическая. -Алматы. - 2004. -№1 (29). - С. 184-186. 
3 Малинин Г.В., Дунаев В.Ю. Человек и согщальное государство. - Алматы: Институт 
философии и политологии МОП РК, 2005. - 235 с. 
4 Даулетбаев С.С. Қазақстан Республикасында элеуметтік мемлекетті орныцтыру мэселелері // 
Проблемы становления правового государство и конституционный процесс в Республике Казахстан: 
Материалы республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 70-летию академика 
ПАН РК М.Т. Баймаханова. - Алматы: Норма-К, 2004. - 78-80 бб. 
Резюме 
В данной статье рассматривается становление социальная политика государства, как основа 
социальной функции государств
Summary 
In this article is considered to formation of idea's social state's as to as the bases of social the function's 
of the state's. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Юриспруденция», № 3 (21), 2010 г. 
А Д В О К А Т Т Ы Ң ҚОРҒАУ СӨЗІ - АДВОКАТТЫҢ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ 
Ш Е Ш Е Н Д І К ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІ 
Г.Б.Мейірбекова -
Халыцаралъщ цатынастар жэне цүцыктану 
факулътетінің азаматттьщ цщьщ жэне азаматтыц іс жүргізу 
кафедрасыныц asa окытушысы 
Қазақстан Республикасыныц Конституциясының 13 бабы [1, 7 б.], мен Қылмыстық іс жүргізу 
Кодексінің 12 бабы бойынша [2, 8 б.]
?
 «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға 
құқығы бар» сондықтан сот өндірісіне адвокат қорғаушының қатысуы өте маңызды және ажырамас бөлігі 
болып табылады. Заңдық, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған түлғалардың қүқықтары 
мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігі сол қүқықты қамтамасыз ету құралы болып табылады. 
Сот жарыссөзіне адвокаттың қатысуы қалай қажет жэне маңызды болса, сот тергеуінде де солай 
маңызды және қажет. Бірақ айта кету керек, қорғау сөзі сот тергеуі кезінде қанық жэне егжей-тегжейлерін 
қалдырмай, айыпталушыны қорғау үшін барлық мән - жайларды қарастырып, айыпталушы үшін нәтиже 
беретін жүргізілген әрекеттер болғанда ғана өз нәтижесін, жемісін береді.Тек осындай жағдайларда гана 
адвокаттың қорғау сөзі жақсы нәтижелі болмақ. 
Сот жарыссөзіне адвокаттың қатысуы қорғаушыға айыптаушыньщ айыптауына қарсы өз 
болжамын алға тартуға жэне сотқа айыпталушыньщ пайдасына барлық болжамдарын жариялап бере 
алады. Сонымен қатар қорғаушы,тікелей сұрақтарды қорықпай қоя отырып. сынның бағасы оның ішінде 
шыншылдығында жэне қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеруде екенін білу керек. Сондай-ақ

қорғаушының бүкіл соттағы қызметі, сот жарыссөзіне қатысуы, соттарға қорғау бағытының дүрыстығы 
және оның сотталушы үшін дұрыс шешім шығаруға пайда келтіретінін көрсете білуі және оның 
қызметінің мақсаты тікелей сол екенін сендіре білу керек. 
Адвокатура қызметінің дамуымен адвокатура жүйесінің алдында түрлі мәселелердің туындауы 
заңды. Елбасы Н, Назарбаев адвокатура жүйесіне оны бірнеше жылда ары қарай нығайту мен дамытудьщ 
бағыттарын айқындаған міндеттерді артты. Бұл жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда белсенді 
атсалысатын адвокаттар қауымдастығын біріктірудің қажеттілігі мен маңыздылығын тағы бір рет 
дәлелдей түсті [3, 17 б.]. 
Адвокаттық қорғау мақсатының маңызы зор. Мақсат айыптаушыны қорғау міндеті жүктелген 
адвокаттың шешім қабылдау сәтінде белсенділік іс-әрекет жасауға итермелейді. Қоргау мақсаты 
бағыттаушы, реттеуші жэне жүйе қүру арқылы қорғау ролін атқарады. Адвокат - дәлелдеудің ауыр жүгін 
арқалап өзіне берілген жауапкершілікті, сезіне отырып, айыпталушы үшін жайсыз жағдайды жеңілдетуге, 
шамасы келгенше ақтауға тырысады. 
Адвокат заң жүйелерін, құқық мөлшерін, азаматтық істерді қүқық қорғауды, сот шешімдерінін 
заңдылығын зерделі біліп қана қоймай, сог залынан сыртта өтіп жатқан өмірдің құбылыстарын жақсы 
білмесе болмайды, бәрін бір-бірімен белсенді үштастыра білуі оны кәсіби табысқа жетелейді. Адвокат өз 
мамандығының жолында сан алуан кәсіп иелерімен жүздеседі. Сол мезеттерде де ол бағананы жоғары 
ұстап, мәдениеттілігін мәнерлеп, өзі ойлаған ойдың мүддесінен шыға білгені алға апаратыны сөзсіз. 
Адвокат тілге аса болмаса да мамандығы тұрғысынан тыңғылықты, тыңдырымды, сеніммен нык 
сөйлесе аудиторияны сендіре алады. соңынан ерте алады. Өйтпесе, тыңдаушылардың тұшынбай қалуы 
мүмкін. Білімі болса алып шығады. «Белгілі болса - жолдан жаңылмас. Білімі болса - сөзден жаңылмао.* 
деген екен Махмуд Қашқари [4, 40 б.]. «Бізді» білуімізде ешқандай шет те шек те болмақ емес. Өйткені 
білудің өзі шексіз». 
Адвокат сотга отырған бүкіл іске қатысушыларды өзіне аса байыптылықпен қарата алатындап 
сөзінің майын тамызып, қара қылды қақ жарып тек шындыққа сай келетін, ақиқатты айтуы керек. Өзінін 
қорғауындағы адамды барынша сот процесі аяқталғанға дейін жақсы жақтарын айтып соттан оны 
қорғалуын, оның кінәсі жоқ екендігін дәлелдеп, ақтаи шығуы тиіс. Егер ол кінәсізден кінәсіз айыпталушы 
болып табылса, оның күнә екендігін айта білуі қажет. 
«Өнер алды қызыл тіл» - дейді қазақ халқы. Өнердің ішіндегі ең қасиеттісі - сөз өнері. Сөз өнер: 
яғни әр нәрсенің түрін, түсін, маңызын, мақсатын, жүзін аса байыптылықпен байқап, шешендік сөздермен. 
бойындағы тэңір берген қасиеттілігін сот процесінде көрсете білуі шарт. 
104 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-дың Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж. 
Егер ол адвокат - сот процесінде өз қарауындағы адамды қорғай алмаса, шешендік өнерін дамыта 
алмаса, оның ролі кеми түседі. Келесі жолы оны ешкім қоргаушы адвокат етіп тагайындамайды, оның 
беделі түседі. халык арасында сөз болады. Сондықтан да адвокаттар сотта әділдікке жете білуі керек. 
Бірак айыпталушының кінәлі, кінэлі еместігін судья заңга, өзінің ішкі наным сенімімен айыптап немесе 
актап  ш ы п л ы өзі шешеді. А л адвокат, прокурор жэне басқалар өз ойларын барынша айтып, іске 
катысады. 
Адвокат дегеніміз - бірден бір қорғаушы, заңды өкіл болып табылады. Сондықтан да олардың 
::тебесін көтеруіміз қажет. Қылмыстық сот өндірісінде айыптау органы болып табылатын прокурормен 
дәрежесін теңестіру қажет. Қорғауындагы адамдармен кедергісіз кездесу, қажет құжаттарды кедергісіз 
алу, сондай-ақ, оның сот жарыссөзіндегі қорғау сөзіне де прокурордың қорытындысы тәрізді заң бойынша 
мәртебе беріп, ҚР Қылмыстық іс жүргізу баптарына енгізетін уақыт келді дер білемін. 
Адвокаттың шешендігі, білімдігі - оның жарыссөзге түсу кезінде байқалады. 
Адвокаттың шешендік өнері: 
- оның істі қарау барысында этиканы сақтай білуі; 
- сөз арасында нақыл сөздер немесе мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуі; 
- бір сөзді бірнеше рет қайталамау; 
- бір сөзбен істің тобықтай түйінін айта алатындығы; 
- аудиторияны, тьщдармандарды өзіне қарата ошуі; 
- өзінің үстаган багытын дэлелдей алатындығы жэне т.б. 
Сотта сөйлеу өнері - бұл шындық уақыт, яғни қоргаушы немесе өкілдің күш жігерінің еңбегі мен 
үміті. Адамның тагдыры шешілетін уақытын адвокаттардың шешендік, сөйлеу өнеріне де байланысты деп 
сеніммен айтуга болады. Заңды білу жэне сендіру қабілеттілігі, шешендік өнердің негізінде. 
Шешендік сөз - адвокаттық қажеттілік үшін шешендік өнердің ережеге сай қүрылуы негізгі заңды 
білу, сотта сөйлеу тілі, таза ой жэне заңдық сана, талантты шешен, соттық істің жүру барысын өзгерту 
мүмкін,. Міне шешендік өнердің маңыздылығы осында. 
Нағыз шешен адвокаттар сөйлесе аудиторияньщ тынып, тындап қалуы не себепті дерсіз. 
Біріншіден ол сөзді адымды еркін, кең тыныспен, толыққанды етіп бастайды, екіншіден тілі көркем, нэрлі 
келеді, үшіншіден, білімділігі көтеріп түрады, төртіншіден, айтарын шашпай, шашыратпай жинақы, 
жүмыр етіп бере біледі. Бесіншіден, ұзақ сөзге бармайды, кыскалык. нүсқалық мақсатынан шыгады. 
Заңгар заңгер адвокаттың жэне бір ұтымдылыгы кез келген сүрақтарга кідірмей еркін сөйлейді. Шешен 
сөйлеу мен шебер жазуды біріктіре білген ондай адвокаттардан кейінгі келе жатқан көптеген жас 
заңгерлер жаңа үлгі алу керек деп деп танимыз. 
Өмірде орнымен айтылган сөзге, такырыпка катысты сөзге Цицерон зор мэн беріпті. Сөзді ретімен 
және тиісті жерінде айту ақылдың көкесі екенін данышпан шешеннің өзі дағдысына айналдырған. «Екі 
нэрсе қүлақты тербетеді, үн және ыргақ. Қарадүрсін баяндаудан сазды естілетін сөздер таңдап алынсын, 
ақындарша жогары мэнермен кетпесін» деп, ескертеді Цицерон, Ең бастысы жұртқа түсінікті болуы қажет 
сөз саптауың, ырғагың келісті болсын сөз бен ыргақты шырайы шыгып, бірауыздан берекелі шығып жатса 
аудиторияң сілтідей тынып қалады дейді Цицерон [5, 40 б.]. 
Шешен - тілдің қожасы, тілден төгілген сөзден ой құралады, мазмұн туады. Мазмүн анық болмаса 
тіл мен ой көмескеленіп кетеді.  Ш ы н оратор сөйлеп тұрганда аудиторияны өзінің соңына ертіп алады, 
онда белгілі бір тартылыс күші болады. Тіл байлыгын түгел пайдаланган шешен ұтады. 
Ана тілімізді терең меңгеріп, оның астарлы сырларына үңілемін, шешендік өнерден тәлім аламын 
деген адвокаттар қазіргі шешендер сөзімен қоса, шешендік толғаулар мен билер сөзінің көркемдігіне 
назар аударган жөн. «Бүл жердегі көркем сөзі тек сүлулық, эдемілік» деген ұгымды гана емес, біздіңше, ең 
алдымен «эсерлілік» деген ұғымды беруге тиіс. Өйткені адам сезіміне тек жагымды нәрселер емес, 
жагымсыз нәрселер де эсер етеді, ғылым тілмен айтсақ, жазушы сөздердің жагымды, жагымсыз 
эксперссиясын пайдаланып, олардың эмоциялық күшін танытады» [6, 29-30 б.] деген Р.Сыздықова сөзін 
шешендік сөздердегі шешен тілін әрлейтін көркемдегіш құралдарга арнап айтуымызга болады. Мүны 
Р.Сыздыкова жеке сөздердің «қылыгы» деп атайды. 
Адвокаттың тілінде қандай кемшіліктер эсіресе жиі үшырасады? 
Біріншіден, гылыми қоргау сөзінің жалпы стилін бұзу, /стильдік салақтық/, ұзақ та шұбалаңқы 
сөйлемдерді пайдалану. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Юриспруденция», № 3 (21), 2010 г. 
Екіншіден, тілдің жұтаңдығы, бояу жалаңдығы, құнарсыздық, үлгі мен сөйлемнің кедейлігі. Ондай 
қорғау сөз адвокат-қорғаушының ойлы салиқалы шешендік сөзінен гөрі жалаң кеңсе есебін еске салады. 
Үшіншіден, тілді артық сөздермен шұбарлау, яғни басқаша айтқанда «арамшөптермен» немесе 
жұғымсыз сөздермен былғау. 
Төртіншіден, сөз буындарына екпінді дүрыс қоймау. 
Бесіншіден, сөзді бүзып сөйлеу, мысалы: газэта, тэма, типат.б. 
Алтыншыдан, ғылыми заңдық терминологияны ретсіз паидалану. 
Әрине, қалыптасқан ғылыми заң терминдерінен қашуға болмайды, олардың мағынасын сол сэтте 
ажыратып түсіндіріп беру керек, бірақ бірден бастырмалап тыңдаушыны мезі етуге болмайды. Өкінішке 
орай, адвокаттар көбінесе осы кемшіліктен қүтыла алмай келеді. 
Тиянақты қорғау үшін сол ортаға эсерлі жағдай туғызудың маңызы зор. Сот отырысында іске 
қатысушылар өздерін әрқалай ұстауы мүмкін. Ықыласпен және ынтамен тындалған қорғау сөзі мүқият 
қабылданып есте сақталады. Ал зейінсіз тындалған қорғау сөзінен адвокаттың абыройы түсіп іске 
қатысушылар арасында сый-қүрметке бөлене алмайды. Негізінде қорғау сөз тартымды болса, онда іске 
қатысушылар эрқашан сол адвокаттың барлық ісінен қалмауға тырысады. 
Адвокат сот залын сыйлап, іс материалының салмағын түсірмеуге тиіс. Қай іс болса да іске 
қатысушылар үшін жаңа да тың іс, сондықтан адвокат оған бүл белгілі іс қой, деп немқұрайлы қарамауы 
міндетті. 
Рим сотының шешендігі жайлы жазған оқулықтарда осы мәселелер біраз қамтылған екен. 
Шешендіктің қыр-сырларын қамтыған секілді, әсіресе күлкі мен пафосқа көп мән береді. Қорғап тұрып 
қүлатып алмауың тиіс. Саяси қызылсөзге келгенде ретін тауып қарсы жаққа кінэ артып жіберсе де 
жарайды. Қүлақ естіп көз көрмесе де тарап кеткен өсек сөздердің де мұндайда пайдасы тиіп аянбаған. 
сөйтіп қорғалушыны қанатының астына алып қорғай берген. Әрине, бүндайда объективтік шындыққа қол 
жеткізу қиыныраққа соғады. Цицерон рим аудиториясының тамырын дәл баса білген кісі, ол шешен 
әртіст болуы да тиіс дейді және өзі де сол рольде жақсы ойнай білген. Ол не айтатынын, қалай сөйлейтінін 
жүртқа қалай эсер ететінін күні бүрын сезген болса керек. Әуелгі кездегі сөз басында соттардың назарын 
аударып әкеткен дұрыс деп таниды. Әйтсе де сөз сыпайы, түрі жағынан қарапайым болуға тиіс екенін 
ескертеді. 
Әрбір қорғау сөзін айтар барысында сезім, адвокаттың іштей толғану сезімі, қажет, ол міндетті 
түрде белгілі бір дәрежеде сот залына беріледі. «Қазақтың шешен-билері косіліп сөйлегенде «Ақыл, 
ойдан артық емес» деген сөз тіркесін тілге тиек етуді әр қашан дэстүрге айналдырған. Осы мәтелдін 
сыртқы қүрылымында керемет ештеме жоқ сияқты көрінгенімен, ал оның астарына үңілсеңіз, тағлымы 
терең философиялық даналыққа кенелесіз. 
Рас адамға ақыл-парасат аяқ астынан дари қалмайды. Бүкіл болмыстағы адамға қажетті ақпаратты 
қас қағым сэтте санаға тез қондыратын, оның ішінен жақсы мен жаманды, кесір мен кесепатты, ізгілік пен 
қатыгездікті лезде сараптан өткізіп, нәтижесін ақыл таразысына өлшеп беретін, шалымы шапшаң ойдын 
жүйріктігі. Адамды жақсылыққа жетелейтін қандай да даналық сөзге зер салсаңыз, оның тапқырлықпен 
айтылған ақыл-ойдың жемісі екеніне шүбә келтіре алмайсыз. Сондықтан да мемлекеттік билік ісінде елдін 
тыныштығы мен бірлігін сақтауда, жас үрпақты ата дәстүр мен патриоттыққа баулуда және халықты 
отаншылдық рухқта тәрбиелеуде билердің алар орны ерекше болған. «Билердің сөзі - ақылдың көзі» деген 
халық даналығы осындай дәйекке сүйеніп айтылғаны шүбэсіз - деп атап көрсетеді Қ. Мэми [7, 63 6.]. 
1. Қазацстан Республикасыныц Конститущиясы. 30.08.1995 ж. - Алматы: «Юрист», 2009 ж. 
40 б. 
2. Қазацстан Республикасы Қылмыстыц іс жүргізу кодексі. 13.12.1997 ж. - Алматы. 
«ЮРИСТ», 2008-212 6. 
3. Назарбаев Н.Э. «Қазацстан экономикалъщ,әлеуметтік жэне саяси жедел жацару жолында* 
Қазацстан Республикасыныц Президент! Нурсултан Назарбаевтыц Қазацстан халкына Жолдауы. -
Алматы 2005. 35-бет. 
4. ҚаищариМ. Түбі бір түркі тілі. - Алматы, 1993.-192 б. 
5. Цицерон. Об ораторском искусстве. - М., 1973. 651 с. 
6. СыздыцоваР. Сөз цүдыреті. - Алматы, 1997. 224 б. 

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж. 
7. Мэми Қ.Ә. Билер соты - элемдік цүндылъщ. Қазацтың ата зацдары: Қүжаттар, деректер 
жэне зерттеулер. 10 томдъщ. /Багдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов. - Алматы: Жеті жаргы, 10 том. 
2009 жыл - 592 бет. 
• 
Резюме 
В своей статье автором указаны основные требования предъявляемые к защитной речи адвоката, к 
содержанию и смыслу данной речи. Речь адвоката должна не только влиять на приговор суда, но и иметь 
воспитательное значение для обвиняемого, который должен осознать свою вину и сделать для себя 
соответствующие выводы. 
Summary 
In the article by author indicated the main demands maked to defential speech of lawyer to the 
maintenance and sense of that speech. The speech of lawyer must not only to influence to the verdict of court but 
and to have upbringing meaning for the accused which must to be conscious of his guilt and to make for himself 
according conclusions. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет