Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны



бет5/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны
Жоспар:
1. Салық есебі түсінігі, мақсаты мен міндеттері, функциялары.
2. Салық есебінің әдіснамасы.
3. Салық есептілігі.
1. Салық есебі түсінігі 1995 жылы «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлықты қолданысқа енгізілуімен байланысты шаруашылық тәжірибеде кеңінен тарады..
Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалауға байланысты бухгалтерлік есепті екі түрге бөлуге қажеттілік туды: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебінің анықтамасы мен мазмұнын бюджетке төленуге тиісті шаруашылық субъектінің салықтық міндеттемесін есептеу процесімен тығыз байланыста қарастыру қажет. Салықтық міндеттемелерді есептеу үшін тек бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті емес, өйткені салық есебін енгізітін ережелермен және нормалармен реттемелеуші тәртіп және жағдайлар салық заңымен анықталады. Егер бухгалтерлік есеп мәліметтері салық салу базасын анықтау үшін қолданылмайтын деп қарастырсақ, онда салық есеп жүйесі іске асады. Салық есебі, салық төлеушінің шаруашылық операцияларды және оның салық салу базасы мен объектін анықтау үшін, нәтижелерін жүзеге асыру мақсатында, оның мүмкін тіркеу үрдісі ретінде қарастырылады. Қазіргі жағдайдағы шаруашылықты жүргізу бойынша салық есебін бухгалтерлік есптің ішінде ерекше орын алатын түрі ретінде қарастырылады. Салық есебінде бухгалтерлік есептің қатысу деңгейіне байланысты салық есебінің 3 түрін атап көрсетуге болады:
1. Бухгалтерлік салық есебі
2. Аралас салық есебі
3. Абсалютті салық есебі
Салық төлеушінің бағыты бойынша салық есебін, салық алу объектінің бар болуымен тиісті, міндетті салық есептеуге мәліметтерді көрсететін мәліметтері ретінде бухгалтерлік есептің негізгі бөлімі ретінде қарастыруға болады. Салық қызметінің бағыты бойынша салық есебін салық салу базасын анықтайтын салық әкімшілігінің құралы және сәйкесінше мемлекеттік фискалдық саясатымен жүргізіледі.
Салықтық есепке алу – салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелендіру, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) салық кодексінің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.
Салық есебінің мақсаты- салық салу мақсаттары үшін қажетті ақпаратты алу. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негіздеріне негізделеді.
Салық есебінің міндетті: салық салымы үшін қажетті салық кезеңі ішінде өткізілетін шаруашылық- операциялар есебінің тәртібі туралы толық және нақты ақпараттарды қалыптастыру мақсатында, сондай- ақ бюджетке салық төлемінің дұрыс толық және уақытында есептелуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Салық есебінің пәні болып шаруашылық субъектінің өндірістік және өндірістік емес қызметі болып табылады, нәтижесінде салық төлеу міндеттері мен есеп айырысу міндеттері пайда болады.
Салық есебінің негізгі функциялары:

  • қазынагерлік функция (фиксалды)- салықтық есеп арқылы бюджеттің толығуының мемелекеттік міндеті жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің қазынагерлік қызығушылықтары мен салықтық саясатына негізделіп салықтық есеп арқылы салық салу мақсаттары үшін кез- келген шығындардың шектеулі мөлшерлерін орнатады немесе оларды келесі салықтық кезеңдерге ауыстыруға мүмкіндік береді.

  • бақылау функциясы- салықтық есеп бекітілген салықтық есептік нысандар арқылы салық оргындарына салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін орындалуын бақылауға және қадағалауға мүмкіндік береді.

  • салықтардың есептеу үдерін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметі. Салық есеп салық міндеттемелерді дұрыс есептеу үшін қажетті салықтық ақпараттарды жинау мен өңдеуге мүмкіндік береді.

Салық заңнамасы- бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылы 10 желтоқсанда № 100-IV қабылданған 2009жылғы 1 қантарда жүзеге енгізілген салық кодексінде қарастырылған нормативтік құқықтық актілер.
2. Салық есебінің әдіснамасы:

  1. бухгалтерлік есеп деректеріне негіздендірілген және тек қана салық салу мақсаттарына қолданылатын арнайы есептік салықтық көрсеткіштер мен ұғымдарды пайдалану

  2. есептік салықтық көрсеткіштер қалыптасуының арнайы ережелерін белгілеу

    1. есепке алу әдісі

    2. салық төлеуші салық кезеңдерінің қортындылары бойынша салықты есепке алу негізінде салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.

    3. салық салудың мақсаттары бағамдық айырманы валюта айырбастаудыңнарықтық бағамын қолдана отырып, Халықаралық қаржылық есепке алуды стандарттарына және ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржы есеп стандартарына» сәйкес жүзеге асырылады.

    4. тауарлы материалдық қорларды салық салу мақсатында Халықаралық қаржылық есепке алуды стандарттарына (ХҚЕС) және ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңға сәйкес жүргізіледі.

    5. борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция кепіл ұстаушығы беру салық салу мақсатына орай тауарларды өткізу жұмыстарды орындау қызметтерді көрсету кезінде қарастырылады.

    6. салық салу әр- түрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға салық төлемдерді осындай қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін және салық салуға байланысты объектілерін бөлек есепке алуын жүргізуге міндетті.

  3. арнайы салық есептерін орнату.

3. Салық есептілігі – салық төлеушінің Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

  • бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және олар бойынша осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және олар бойынша осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • қосымша есептілік – осы өзгерістер және толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.

Әдебиеттер:1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет