|
Пәннің міндеттері:
шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъектінің экономикасын басқару жүйесіндегі салықтық есебінің рөлін игеру;
салықтық есебінің заңнамалық негізін оқу;
салықтық есепте қолдану үшін бухгалтерлік есептегі мәліметтерден ақпаратты ашу дағдыларын қалыптастыру;
ағымдағы салық есебі регистрлерін пайдалана отырып, жылдық жиынтық табыс және шығынды анықтау әдістерін үйрену;
корпорациялық табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша Декларацияны толтыру дағдыларын меңгеру.
4 Білімге, икемділікке, дағды-машықтарға және құзыреттілікке қойылатын талаптар
Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер:
қазіргі жағдайда экономикадағы үрдістер мен құбылыстар туралы;
ғылым танудың ғылыми әдістерінің мүмкіндіктері туралы, нақты міндеттерді шешу үшін осы әдістерді игеру және пайдалану туралы түсініктері болу керек;
салықтық есебінің заңнамалық негізін;
салықтық есебінің принциптерін және әдіснамасын;
кәсіпорындағы салық есебінің ұйымдастыру негіздерін білу керек;
бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды көрсетуді;
табыстар мен жылдық жиынтық табыстардан шегерімдердің салықтық есебі бойынша аналитикалық құжаттарды толтыруды;
корпорациялық табыс салығы бойынша Декларацияға қосымшаларды толтыруды;
корпорациялық табыс салығы бойынша Декларацияны толтыруды істей білу керек;
бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды көрсету;
салық есебі бойынша аналитикалық құжатнаманы толтыру;
салықтық есептілікті толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп алу керек;
кәсіпорындағы бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу саласында құзыретті болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|