Бюджетке салықтар есептік салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төленеді.
Декларацияны қағаз бетінде, сондай-ақ электронды түрде тапсырып отыруға болады. Электронды нұсқасына қатынау үшін тіркелген жеріңіздегі салық органына хабарласу керек, мұнда Сіз программаға енуге арналған паролі бар электронды кілтті аласыз.
Әдебиеттер: 1
6-тақырып. Шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады. Жеке меншік құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi. Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. Осы бапта өзгеше белгiленбесе, таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды. Салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде мынадай құжаттардың: 1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне құқық белгiлеу, сәйкестендiру құжаттарының; 2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiнiң бағаланатын құнын айқындайтын актiлердiң көшiрмелерi табыс етiледi. Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерiнiң бағаланатын құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады. 20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi. 20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi. Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiде 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiш салық органына осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiледi. Әдебиеттер:1