5-тақырып. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі
Жоспар:
1. Кәсіпкерлік туралы түсінік, оның түрлері, ерекшеліктері
2. Арнайы салық режим
1. Жеке (жалғыз) жұмыс істейтін кәсіпкерлер салық салуы бекітілген болып келетін кәсіпкерлерге және салық салуы бекітілмеген кәсіпкерлерге бөлінеді. Осы екі айырмашылықты қарастырайық:
Кәсіпкерлік
|
Бекітілген салық салумен
|
Бекітілмеген салық салумен
|
Арнайы салықтық режим
|
Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер
|
Жеңілдетілген салықтық декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер
|
Жалпы бекітілген режимдегі кәсіпкерлік
|
2 Арнайы салықтық режим шағын бизнес субъектілеріне арнап әлеуметтік салықты, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің жеңілдетілген тәртібін белгілеген.
Патентке немесе жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимдерді қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу нысанына Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынған (алуға жататын) табыстың барлық түрінен құралатын табыс жатады.
Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен төлеудің, сондай-ақ солар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың төменде келтірілген тәртібінің бірін ғана өз бетінше таңдап алуға құқылы:
жалпы бекітілген тәртіп;
патентке негізделген арнайы салықтық режим;
жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режим.
Арнайы салықтық режимнің күші келесідегідей қызмет түрлеріне тарамайды:
акциздік өнімдерді өндіру;
кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;
мұнай өнімдерін сату;
шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
қойнауларды пайдалану.
АРНАЙЫ САЛЫҚТЫҚ РЕЖИМ
|
шағын бизнес субъектілері үшін
|
шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін
|
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін
|
Патентке негізделген арнайы салықтық режимді келесі шарттарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:
қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
жеке (өз бетінше) кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын;
өздерінің салықтық кезең ішіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңдарымен тиісті қаржылық жылға арнап бекітілген ең төмен еңбекақының 200-еселік көлемінен аспайтын.
Патентті алу үшін келесі құжаттар қажет
ЖК куәлігін алған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде мекенжайы бойынша орналасқан салық органына төмендегідей құжаттар жиытығын ұсыну қажет:
ЖК куәлігі;
салықтық өтініш;
патент алуға арналған есеп (№ 911 пішімі бойынша және соның қосымшалары, 911.01-пішімі), оны салықтық комитеттен алуға болады;
патенттің ақшасын төлегендігі туралы түбіртек (есептемеде жазылған көзделіп отырған табыс сомасының 2 %-ы);
әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуі туралы түбіртек.
ПАТЕНТ
|
Жеке кәсіпкерлік
Жалданған жұмысшылар жоқ
Табысы ары кеткенде 200 АЕЖК
Салықтық кезең – бір жыл
Көрсетілген табыстың 2% құрайтын салық (½ табыс салығы, ½ әлеуметтік салық)
Әлеуметтік аударымдар
|
ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ДЕКЛАРАЦИЯ
Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимді төмендегідей шарттарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері қолданады:
жеке кәсіпкерлер: салықтық кезең ішінде қызметкерлердің шекті ортатізімдік саны жеке кәсіпкердің өзін қоса санағанда жиырма бес адамды құрайды; салықтық кезең ішіндегі шекті табыс 10 млн. теңгені құрайды;
заңды тұлғалар: салықтық кезең ішінде қызметкерлердің шекті ортатізімдік саны елу адамды құрайды; салықтық кезең ішіндегі шекті табыс 25 млн. теңгені құрайды.
Салықтық кезеңге күнтізбелік тоқсан жатады, яғни жеңілдетілген декларация тоқсан сайын ұсынылып отырады.
Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы режимді қолдану үшін Сізге төмендегілерді орындау қажет:
егер сіз әрекеттегі ЖК болсаңыз – мекенжайыңыздағы салық органына салықтық кезең (тоқсан) басталғанша салықтық өтінішіңізді ұсыну;
егер Сіз жаңадан ғана тіркелген ЖК болсаңыз - салықтық өтінішіңізді мекенжайыңыздағы салық органына ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күннен кешіктірмей ұсыну.
заңды тұлғалар өтінішін заңды тұлғаны әділет органында мемлекеттік тіркеуден кейінгі он жұмыс күнінен кешіктерімей ұсынады.
ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ДЕКЛАРАЦИЯ
|
Жеке кәсіпкер, заңды тұлға
Қызметкерлердің шекті саны
ЖК -25 адам, заңды тұлға-50 адам
ЖК шекті табысы -10 млн.тг, заңды тұлға - 25 млн.тг.
Салықтық кезең – бір тоқсан
Көрсетілген табыстың 3% құрайтын салық (½ табыс салығы, ½ әлеуметтік салық)
Әлеуметтік және зейнетақылық аударымдар
|
Жеңілдетілген декларация салық төлеушінің мекенжайы бойынша орналасқан салық органына есептік салықтық кезеңінен кейінгі келесі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |