15-тақырып. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (ставкалар, салық кезені, төлеу мерзімдері) Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бұл салықты төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.
Өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеушi орналасқан жердегі салық органына табыс етіледi.
Өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.
Өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.
Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша жүргізеді.
Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Салық салынатын табыс (зиян) – салықтық заңдылыққа сәйекс анықталатын есептік кезеңнің табыс (зиян) сомасы. Кәсіпорындар салық салынатын табысты (зиянды) жиынтық жылдық табыстан шегерімдер есебінен анықтайды. Табыстар мен шегерімдер тізімі Салықтық Кодекспен анықталады.
Бухгалтерлік табыс (зиян) – бұл корпоративтік табыс салығын шегергенге дейін немесе зиянмен байланысты есептелген салықты азайту сомасын қосуға дейін пайдалар мен зияндар туралы есеп беруде көрсетілген төтенше баптарды қоса, есептік кезеңге пайдалар мен зияндардың жиынтық сомасы.
Салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыс арасында белгілі бір баптар бір есептеулерге қосылатындықтан, екіншілері алып тасталатындықтан айырмашылықтар пайда болады. Айырмашылықтар тұрақты немесе уақыттық болуы мүмкін.
Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есептік кезеңде пайда болатын және келесі есептік кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыс арасындағы айырмашылық. Оларға бюджетке енгізілуге тиісті айыптық санкциялар, кәсіпкерлік әрекетпен байланысты емес шығындар, жинақтық және қайтарымдық сипаттағы сақтандыру төлемдері бойынша шығындар, бекітілген нормативтерден жоғары әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге байланысты шығындар және т.б.
Уақыттық айырмашылықтар – салық салынатын табысқа жататын кейбір табыстар мен шығындар бойынша баптар бухгалтерлік табысқа жатаын кезеңдегі баптармен сәйкес келмейтін салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы айырмашылық. Уақыттық айырмашылықтар бір кезеңде пайда болады және бірнеше келесі кезеңдердің біреуінде жойылады.
Пайдаға салынатын салықтар есебіндегі басты сұрақ ағымдағы және болашақ салықтық салдарды қалай есептеу керектігінен тұрады:
а) компания балансында танылатын активтердің (міндеттемелердің) баланстық құнын болашақ орнын толтыру; және
ә) компанияның қаржылық есеп беруінде танылатын ағымдағы кезеңнің мәмілелері мен басқа оқиғалары.
Пайдаға салынатын салыққа барлық ұлттық және шетел салықтары мен төлем көзінен ұсталатын салықтар сияқты салықтар жатады.
Есептік пайда – салықтар бойынша шығындар шегерілгенге дейін кезеңдегі таза пайда немесе зиян).
Салық салынатын пайда (салықтық зиян) – пайдаға салынтын салық төленетін (орны толтырылатын) салықтық органдарымен бекітілген ережелерге сәйкес анықталатын кезеңдегі пайда (зиян) сомасы.
Шаруашылық субъект келесілерді анықтайды:
1) ағымдағы салықтар (ССП * салық ставкасы);
2) кейінге қалдырылған салықтық талаптар (+УА * салық ставкасы);
3) кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер (-УА* салық ставкасы.
БЕ: Есептік пайда = Табыстар – Шығындар (1)
СЕ: Салық салынатын пайда (зиян) = Жиынтық жылдық табыс - шегерімдер
Әдебиеттер:1,3.