Экология мен экономика өзара байланысты
Табиғатты пайдалану(өндіріс)
|
Табиғат байлығын өндіретін өндірістік салалар
|
Өндірістік шаруашылықты табиғатты қорғау шаралар
|
Табиғат байлығын есепке алу, оның өнімділігін жаңғырту(молайту
|
Табиғат байлығын барлау, өндіру және ұқсату
|
Атмосфераны, су көздерін, жерді, жер қойнауын қорғау
|
Қалдықтарды пайдалану
|
Табиғат байлығын жаңғырту (қалпына келтіру,молайту) экология
|
Табиғатты қорғау шаруашылығының мақсаты экология-экономикалық жүйееді қалыптастырып дамыту. Ғылыми түрғыдан экология-экономикалық жүйе деп - табиғат пен экономиканың дамуын айтамыз, яғни қоғамдық өндірістің табиғи қүбылыстарға сәйкес дамуын айтамыз.
Осыған сәйкес экология-экономикалық қатынас - адамдардың табиғат пайдалану процестерінде табиғат байлығын қорғау, игеру және үқсату жөніндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ол екі жақты болады: әлеуметтік және ұйымдастырушылық. Әлеуметтік қатынас негізіне меншік табиғат байлығын иеленушілік жатады. Ал үйымдастырушылық негізіне өндіргіш күштердің даму дәрежесі және өндірістік қатынас жүйесі жатады. Қатынастың әлеуметтік жағы қоғамның экономикалық заңдарын қолдану арқылы табиғат байлығын пайдаланудың қоғамдық үйымдасуын қа-лыптастырады, ал үйымдастырушылық жағы өндіріс кезінде түрақты болып түратын экологиялық мәселелерді шешіп отырады.
№3. Табиғи ресурстардың түрлері мен пайдалану сипаты бойынша классификациясы. Табиғи ресурстарды зерттеудің географиялық – экономикалық жолдары.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңды-лықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жуйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы, Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.
Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер иегізінде жүргізілуі керек:
Достарыңызбен бөлісу: |