1. Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат - қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау ушін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.
2. Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау - табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.
3. Өндірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау - табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті үйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру.Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңіту; өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б,
4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:
• шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек;
• шикізатты тиімді (өнімді) пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқыны өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек;
• қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болуы керек;
• табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек;
• табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының әсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жүмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық бо-луы керек.
5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми не-гізде жүргізу принципі.Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жургізуге болады.
6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мумкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауга болады.
7. Аймақтык принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші турімен бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігі аймақтық принципті қолдануға мүмкіндік береді, Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.
8. Кешенділік. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажетгігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы, Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа турінде болады. Сонымен қоса минералдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.