6.1. ОРМАН ҚОРЫ
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер .- 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мүндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер, т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
Орман халық шаруашылығына қажетті құнды материал - ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс - жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап - 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте езекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қүнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.
Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын үқыпты жүргізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының қүрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда қүнды ағаштардың сақталуы, қүнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа қүндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.
Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.
Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз қүндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (макулатура есебінен) қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық, қызметтер үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даярлау шығындары үнемделеді.
№5. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекет нәтижесігің әлеуметтік – экономикалық салдары, қооршаған ортаны қорғау.
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер қыртысы (жер шарының кабығы) жекелеген қүрылымдық элементтерден — табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық, геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген зерттеулері негізінде анықталады. Мүндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер бүкіл елдің аумағын физико-географтардың аудандастыруларымен қорытындыланады. Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы біртектестігімен сипатгалады.
Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі турғысынан алғанда бірдей болмайды, яғни өзінің экономикалык маңызы бойынша, әрбір сәтке сөйкес және уақыт ағымына орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай, адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мумкіндігіне байланысты табиғат кешендерінің элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға -минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады. Табиғи зерзаттар, мысалы бос жыныс өндіріс техноло-гиясы мсн техникасының жетілген шағында оған қоғатмдық қажеттілік пайда болған кезде ресурсқа айналуы мүмкін. Қүрамында орта есеппен 1,5 %-тен аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік қүндылығы жок, бос жыныс деп саналды, ал сондай қорғасын, мырыш кені осы гасырдың басында бос жыныс деп есептелді. Қүрамында фосфоры бар, темір кені олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте пайдалануда жарамсыз деп есептелді. Белгілі кезеңге дейін Чили силитрасы, Хибин апатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, ғарыштық, теледидарлық сияқты жаңа салаларынын пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий, цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін минералды шикізатгың жаңа түрлері игерілді.
Академик А.Е.Ферсманның айтуы бойынша, "...табиғатга пайдалы және пайдасыз., керекті жәнс керексіз минералдар жоқ адам өзінің жасампаз еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады оны елдің өндіріс күшіне айналдырады. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен зертгелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының кажеттілігін камтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи куштерді айтамыз. Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық құндылығын қурайды. Олар табиғи зерзаттар емес, тұтыну өнімдері, еңбек қүрал-
жабдықтары.
Табиғат ресурстарының ролі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Өндірістің техникасы мен технологиясының жетілдірілуіне қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды барған сайын кем мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер, яғни табиғи ортаның, табиғи кещеннің бір бөлігі, екіншіден — табиғат ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейінде қалыптасады, үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс - әрекетке тікелей қатыстыру формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен, "табиғат ресурсы" түсінігінің озі өндіргіш күштердің даму деңгейімен, қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық түрғыдан тиімді пайдаланумен байланысты, сөйтіп, "табиғат ресурсы" түсінігінңң өзі экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды.
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі ролі жайьнда (негізінен философтар мен экономистер) үзақ уақыт бойы соз таластырды. Идеалистер, мысалы, адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске шығарып отырды, ал "географиялық бағыттың" өкілдері адамзат қоғамының дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл алатынын баса жазып отырды. Марксизм-ленинизм классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат түріндегі байлыққа негіз болатындығын көрсетті, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана тұтыну қүндылығына ие бола алады. Бұл жағдайда табиғат ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер коғамның дамуында шешуші рөлді қогамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады деп ойлады.
Қазіргі кезде қоғам мен табигаттьң, қоғамның жекелеген топтарын бір-біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы үғъм калыптаса бастады. Коғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық прогрестегі жаңа жетістіктерді қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.
Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды қоршаған табиғи орта ретіндс, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті, өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базасы болып табылады. Екіншіден, барлық өндірістің мағынасы сайып келгенде, қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиги ресурстарды адам қажетіне пайдалануга жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады.Жоғарғы қаркынмен дамып жатқан қазіргі заманғы өндіріс табиғи ресурстардъң алуан түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы түрғыдан алғанда, табиғат ресурс тарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен қамтамасыз
етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруда маңызы зор. Мысалы, казіргі заманғы радиоэлектроника, термоядролық өнеркосіп, авиажасау, электр энергетикасы, ракета жасау, ғарыштық техника, тусті металлургияның, сирек металлды өнеркәсіптің өнімін кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі өндіріс "кірпіші" — материалдық өндірістің құрамы болады. Үшіншіден,бәрімізге белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану жағдайы, сапасы, коғамдық өндірістің, еңбектің өнімділік деңгейін анықтайды. Сол себспті К.Маркс ауыл шаруашылығында (тау-кен өнеркәсібінде) мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес,сонымен бірге табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары — табиғат күштері — еңбектің өнімділігін арттырады,қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді.
Табиғат пен еңбек - қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай, табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің объектісі ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердін зиянды зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің жиынтығы, жалпы сөзбен "табиғатты пайдалануды" білдіреді.
Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және соған орай осы тепе-тендікті сақтау үшін едәуір шығын болуы қажет. Сондықтан табиғат ресурстарының өндірске тиімділігін - оның оң жақтарын ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы тиіс. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың алуан түрлерін пайдаланудың тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауга кажет шығынның мөлшерін ескеру өте қажет. Сөйте түра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бүл жағынан алғанда табиғи ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне айналады. Табиғат қорғау тұргысынан алғанда, табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес адамның табиғи ортаға жан - жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен бірге әр түрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді. Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық сыйымдылықты ескеруді талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында табиғи өндіргіш күштердін дамуы қамтамасыз етілстін экологиялық тепе - тендік сақталуы қажет.
Табиги ортаны тиімді пайдалану үшін әр түрлі гылым жетістікepiн ескеру керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқты жиынтық түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы, табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл "адам және табиғат жүйесі жан-жақты байланысты модель құрмай тұрып, табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелсрін дүрыс шешу мүмкін смес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің кеңейе түсуіне орай, қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын талдау мен болжау бірінші ксзектегі мәселеге айналады.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін ғылымның әр түрлі салалары, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары зертгейді. Ол сан қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыттағы бұл сала табиғат пайдалану ғылымынын пәні болып табылады. Материалдық өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе жаратылыстану және техникалык ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады. Табиғат пайдаланудың еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің тиімділігіне әсерін, ең әуелі, экономика ғылымының өкілдері қарастырады.
Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты іс жүзіндс бұл мәселе олардың еліміздің ұлттық байлығы болып танылуы жағына біржақты шешілді. Бүл мәселенің анық-канығына жүгінбей-ақ еңбекке бағытталатын табиғат ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек өнімділігінің тәуелділігі анық екендігін айтсақ та жеткілікті. Қоғамның өндірістік ресурстарының шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халық-шаруашылықтық нәтижеге жету үшін табиғат ресурстарының сапасы қоғамдық еңбектің өнімділігін арттырушы фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп елдің үлттық байлығының құрамындағы қандай да бір түрде болмасьн табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің козқарасымыз бойынша, бүл жағынан академик Н.П.Феодоренконың айтқанында негіз бар. Ол "Өндірістік ресурстардың негізгі түрі — табиғат байлықтарына экономикалық баға берілмеуі және социалистік басқару механизміне тән шаруашылықты тиімді жүргізуді экономикалық жағынан ынталандырудан тыс қалып қойғанда, қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға болмайды" — деп жазды. Бірақ та, біздіңше, табиғат ресурстары механикалық түрде еңбек және жинақталған материалдық ресурсқа теңгеріле алмайтындықтан және олар тұтыну құнына арнайы бағытталған адам әрекетінің нәтижесінде ғана айналатындығын ескеру қажет. Табиғат ресурстарының осы ерекшелігі оларды қоғамның бар байлығы деп қарауды туғызады. Осыған сәйкес, отандық әдебиеттерде "табиғи өндірістік күштер" деген үғым кездеседі.
Қоғамның өндірістік күшіне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әсері қазіргі кезде оның жекелеген түрлері бойынша қарастырылып, тиімділігі бағаланады. Халык шаруашылығының, тіпті кез келген аймақ шаруашылығының дамуы оның табиғи ресурс базасының жиынтығына тәуелді болып табылады. Осыдан келіп, табиғи ресурстардың жеке түрлерін ғана емес, аймақтағы табиғи ресурстардың жиынтығын экономикалық бағалаудың қажеттілігі туындайды. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалауға келетін болсақ, оның мәнісі тек ресурстың бір түрі ғана емес, табиғи ресурстардың территориялық үйлесімділігін өндірістік түрғыдан пайдалану бойынша қалыптасқан "еңбектің табиғи өнімділігін" анықтау мен өлшеу болып табылады. Біздің ойымызша, бүл мәселе де эконо-мистердің шешетін міндеті.
Қоғамның "табиғи өндірістік күші" мәселесі қоғамдық өндірістік күшпен салыстырғанда экономика ғылымында әлі де терең және кең зерттелмеген. Социализмнің саяси экономиясы еңбек ресурстары мен өндіріс тәсілін басты факторлар санайтын, сондықтан басты назар қоғамнцың өндірістік күштерін дамытуға аударылатын. Қазақстан Республикасыньщ озіндік ерекшелігі мен оның экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты табиғи өндірістік күштерді зерттеу қазіргі кезде бірінші кезектегі мәселеге айналды.
Сонымен бірге, табиғат ресурстары табиғаттың сыйы және оған адам еңбегі жұмсалған жоқ, сондықтан пайдаланушыға тегін берілуі керек деген маркстік-лениндік теория теоретикалық тұрғыдан теріске шығарылмаған күйінде қалды. Теоретикалык жағынан табиғатты төлемді пайдалануға көшудің қажеттілігі мен маңыздылығын ғылыми түрғыдан дәлелдеу өмір талабы. Осыдан келіп теоретикалық көзқарас түрғысынан, табиғатты төлемді пайдаланудың принциптері мен жалпы теоретикалык-әдістемелік негізін жасау, қолданудың маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеудің қажеттілігі туындайды. Біздіңше, мұны дәледдеу қолданылып келген саяси экономияның шегінде мүмкін емес. Саяси экономия ғылыми пән ретінде өндірістің нәтижесін әділетті түрде бөлу тұрғысынан адамдардың өндірістік қарым - қатынасын зерттейді. Бүл жағынан, келтірілген қағиданың әділеттігі, біздіңше күмән келтірмейді. Өз қалпындағы ешкім тимеген табиғат ресурстарының, яғни оны зерттеугс және адамзаттың еңбегі жұмсалмаған жағдайда табиғи ресурстардың құны мен бағасы бола алмайды. Табиғи ресурстар бұл жағынан алғанда бүкіл адамзаттың жеке елдің халықтың игілігі. Өндірістің нәтижесін бөлу кезінде олар табиғи өндірістік күштің негізі ретінде бөлшектенбеуі керек, кім болса да оның ішінде мемлекеттің еңбексіз табыс алуының көзіне айналмауы керек. Табиғи ресурстардың неғүрлым тиімді көздерін пайдаланумен қалыптасқан еңбектің табиғи өнімділігі қоғамдық өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Еңбектің қоғамдық өнімділігінің артуы басқа жағдайлармен бірдей болғанда, бағаның жалпы деңгейінің, оның ішінде халық тұтынатын тауардар бағасының төмендеуін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, елдің табиғи ресурстарын дәлірек айтқанда, табиғи өндіргіш куштерді пайдаланудың нәтижесі бүкіл қоғамға - өзінің шынайы қожасына — халыққа ешбір қайта болусіз, иемденусіз тиесілі. "Жалған әлеуметтік құндылықты" ескермегенде, тауар бағаларының мүндай төмсндеуі экономикадағы инфляциялық құбылыстардың негізгі себептерін жояды. Бірақ, әңгіме табиғатты төлемді пайдалану туралы болғанда, мәселе өндіріс нәтижелерін әділетті болуге байланысты адамдардың өндірістік карым-қатынасы жөнінде емес, өндірістің шешуші факторларының бірі ретіндс табиғат ресурстарын тиімді пайдалану туралы, елдің табиғат ресурстарын пайдалану кезінде ең жақсы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық нәтижелерге жету үшін табиғат пайдалану параметрін оңтайландыру жайында болып отыр. Сондықтан табиғатты төлемді пайдалану принциптерін қолданудың маңыздылығы теориялық жағынан негіздеуге жөні оның жалпы теориясын қалыптастыруға, дәлірек айтқанда табиғат ресурстарын төлемді пайдалануды, маркстік-лениндік саясм экономияның ережелсрімен, яғни К.Маркстіі еңбек құны теориясымен емес, өндірістің үш факторы теориясымен, яғни пайдалылықтың шегі теориясымен, рента теориясымен, шығынды қайтару теориясымен және басқа да жаңа қазіргі заманғы өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділік теориясымен дәлелденуі керек. Тек осы жалпы теориялардың негізгі ережелерімен ғана табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын нсгіздеуге, оның тиімді параметрін айқындауға мүмкіндік болады. Мұнда табиғат ресурстарын пайдаланудың нәтижесін әділетті бөлу принципі өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттырудың тек бір факторы ретінде ғана қаралады.
Қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсерінің мәнісін дұрыс түсіну, табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу проблемасын шешудін философиялық-теоретикалық фундаменті болып табылады.
№6. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдері қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.
Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізілөді.
Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен езгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын езгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспарлау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкінді береді.
Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.
Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ресурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи органы қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.
Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдапанушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.
Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталадыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалып-тасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: |