Табиғат – асыл қазына! 1 – жүргізуші



бет1/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,53 Mb.
#126426
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғат асыл қазына


Табиғат – асыл қазына!
1 – жүргізуші:
Армысың, айналайын алтын ұя,
Баулыған қанат қағып, талпынуға.
Өзіңе алып келген ән, жырым бар –
Бағым да, байлығым да, тартуым да.
2 – жүргізуші:
Армысыздар мектебімнің асылдары
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Қуат алып табиғаттың тынысынан
Бастау алар адамзаттың асыл нәрі
1 – жүргізуші:Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата — бабаңның « Жер — қазына, су — алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.
2 – жүргізуші:Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10 — 15 миллион гектар орман жойылады екен.Келесі кезекті өлең шумақтарына береміз.
1 окушы
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Болсын тек ауа таза , тұнық су
Басылмасын айдын көлде құстың шуы
Төңіректе кесілмесін тал терек
Араша түс табиғатта бәрі керек!
Тартылмасын теңіз көлдер су алып,
Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.
Қолда барда қадір тұтып сақтайық
Жаратқанның бергеніне қуанып.
2 окушы
Бар байлығым қоршап тұрған даламда,
Бау - бақшалы әсем гүлді қаламда.
Қолда барда алтыныңды қадір тұт,
Қолдан шығып кеткенен соң қайғы жұт.
Қатты болса сөзім егер кеше гөр,
Көк майсалы бауларыңды кеше бер.
Өз бақытың, өз қолыңда тұрғанда,
Белді буып бекем шешім шеше көр.
О, адамзат аман жүргің келсе егер,
Қарап тұрма несібең ғой қара жер.
Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді,
Маңдайыңнантамғаныншақаратер.
3 окушы
Табиғат, Жанымды алсаң, Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса кайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, Қалсын елім.

Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын,
Қалдыр деп, Саған, сірә, жалынбаймын.
Мәңгілік мекеніме жету үшін,
Күніне қаншама рет адымдаймын.

Кім білсін, Қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, Қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет