Табиғат – асыл қазына! 1 – жүргізуші



бет4/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,53 Mb.
#126426
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғат асыл қазына

3 оқушы: атом энергиясы
Алдағы 50 жылда адамзат тарихта осы күнге дейін қолданған энергиядан да көп қуат көзін талап етеді. Бұл барлық технологияның электр қуатымен жұмыс істеуге көшуіне байланысты болып отыр екен. Оған қазірдің өзінде елімізге жетіп жатқан электр көліктерін мысалға келтірсек жеткілікті.Ресейдегі 10 АЭС-тің бірінде қызмет ететін ғалым Руслан Алыев сұхбаттарының бірінде энергия алудың осы жолын экологиялық ең таза әрі қауіпсіз деп атайды.
АЭС құрылысының артықшылықтарына келсек, мегаполисті үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда зиянды да жоқ емес. Біріншіден, атом электр стансаларында жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік туындайды. Яғни, жергілікті халық жұмыспен қамтамасыз етілмейді, осы аймаққа шетелдік азаматтардың көптеп келуіне жол ашады. Екіншіден, радиоактивті қалдықтардың көп мөлшері пайда болады, оларды жою қымбатқа түседі. Радиоактивті қалдықтарды жою проблемасы пайда болады. Үшіншіден, қалпына келтіру қиын апаттар болуы мүмкін. Мәселен, Жапониядағы немесе Чернобылдегі жарылыстар. Төртіншіден, бұл аймақтың ядролық полигонға айналу ықтималдығы жоғарылайды. Менің ойымша, балама қуат көздерін іздеу қажет емес.

4 оқушы: Радиация зияны
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді.
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық тәсіл - Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С, Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет