Табиғат – асыл қазына! 1 – жүргізуші



бет2/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,53 Mb.
#126426
1   2   3   4   5   6   7   8
4 – оқушы
Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің,
Айың анау, күнің анау, жерің мынау
Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!
Асырайды ол сені , мені, елді де!
5 – оқушы
Табиғат - жаны нәзік жаратқаннан,
Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан.
Адамдар немқұрайлық танытпаса,
Байлығын төгіп берер асып - тасқан.

Табиғаттың құпиясы – тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарадай бір биік.
Естіп,біліп,сырын ұғып жүрейік
Жүректерге өшпес жалын,нұр құйып.

Табиғатты әспеттеп жырға қосайық,
Беймәлім сыры бәрімізге ғажайып.
Мәңгілік мекен бола білген адамға
Алтын бесік,жайнай берші жайқалып.

Жанымның қызғалдағы бүрін жарып,
Бағыма қонды таңнан бұлбұл барып.
Мен қалай жақсылыққа жақын жүрмей
Табиғат танытқанда бір мырзалық.
2 - жүргізуші:Расында жер - елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер қазынаның басы, мол - байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген
Келесі кезекті 9 сынып аруларының дайындаған «Қазақ биіне» береміз
1-Жүргізуші:Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға, жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті – аққуға, мөлдірлікті,тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған. Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп қастерлеген. «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз» деп ұл мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген.
2 – жүргізуші:Табиғат біздің анамыз, досымыз және сырласымыз. Біз анамызды қалай сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, табиғатқа да солай қарауға тиістіміз. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Себебі керекті заттардың бәрін табиғаттан алады. Адам баласы табиғатқа зиян келтірмеуі керек.Ендеше Сіз болып, біз болып алдын алу шараларын жасайық!
8 сынып оқушыларының дайындаған “Біз табиғат қорғаны” атты постерлеріне кезек берейік! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет