1 оқушы: фабрикалардан шығатын қалдықтар
Қазіргі заманда әлемді фабрикаларсыз елестету мумкін емес, өйткені экамомика жанеде елдер арасындағы қатынас жүріп жатыр. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада болған өнеркәсіп төңкерісі нәтижесінде бұрынғы мануфактуралардың орнына құрылды. Ресейде ең алғаш рет 19 ғасырдың басында фабрикалар пайда болды, ал қазақ жерінде 1 ғасырдың 2-ші жартысында салына бастады. Жоғарыда айта кеткендей елдер арасында қарым-қатнас пайда болды жәнеде заттарды экспорттау басталды. Алайды біз блетініндей фабрикалар бізге кері әсерін тигізеді қоршаған ортаға, адам ден-саулығына. Жыл сайын фабрикалардан шығатын түтін, қалдықтар саны тоннаға жетеді. 18-19 ғасырларда көмір отыны индустрияның қозғаушы күшіне айналды. Соның салдарынан қоршаған орта орны толмас зардап шеге бастады. Көптеген ауыл аймақтарда қыста жауған қарды көрсек, қар беті қап-қара болып жатады ол үйде жанып жатқан көмірдің әсері жәнеде қалада көлік көптігінен тура сондай жағдай орналады. Қазақстан бойынша ең үлкен қалалар Шымкент, Алматы, Астана бұл қалаларда зауыт-фабрикалардан басқа ауа ластаушы факторлар жетіп артады. Мысалы; дәмханалардан, көліктерден шығатын түтін.
2 оқушы: қоқыс қалдықтары
Қоқыс қалдықтары – қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр.Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер тудыруып, флора мен фауна түрлерінің азаюына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етуде.
Қазіргі таңда өркениет жолына бет алған әлем елдері қоқысқа қарсы күрестің түрлі амалдарын қарастырып жатыр. Бірқатар еуропалық елдер полиэтиленді құтыларды шығарудан бас тартса, енді бірі қоқысты түрлі заманауи жолдармен өңдеуге бет бұрды. Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті. Соның нәтижесінде, ондағы шыны зауыттарының 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Сондықтан, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің қатарында.Үлкен қауіп-қатердің алдын алу мақсатында ел болып жанашырлық танытуымыз қажет. Ол үшін жүрген жерімізді ластамай, күл-қоқысты сұрыптау өте маңызды.