Табиғат – асыл қазына! 1 – жүргізуші



бет5/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,53 Mb.
#126426
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғат асыл қазына

5 оқушы: Қазба байлықтарын дұрыс пайдаланбау
Әлемде ең бір қатты ластанған, орасан уланған қалалар бар. Ол жерлерде тазарту, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді дегенмен, адам баласының денсаулығына зиянды факторлар азая қоймаған. Осы көзқараспен әлемге бір сәт назар салсақ.
Сумгаит Әзірбайжан – Кеңес үкіметінің аймақтық химикалық өндіріс орталығы болған қала. Қазірде ол аймақта ауыр металдық заттар, мұнай қалдықтары және т.б. химикалық заттармен уланған 275 мың адам мекен етеді. Бұл жердегі балалар генетикалық ауытқулармен туылады. Көбінесе ақыл-есінің кем болуы мен сүйек аурулары.
Тянжинь – Қытайдағы қорғасын өндірісінің орталығы. Қытайдағы ең лас жерлердің бірі. Ауадағы қорғасын құрамы қалыпты жағдайдан 10 есе артқан. Ал бидай өндірістік аймақтарында қалыпты жағдайдан 24 есе артық.
Сукинда әлем бойынша ең үлкен хром шахтасы орналасқан жер. Қалдықтың көп бөлігі өзен-көлдерге тасталатындықтан, қаладағы 2,5 миллионнан астам тұрғындардың 90 пайызы «аты жаман» аурумен ауырады.
Норильск Ресейдегі ең қатты ластанған жер болып табылады. Қалада әлемдегі металл өндіретін орталықтар (мыс, қорғасын, никель, селен, цинк) орналасқан. Қазіргі кезде ол жерде тыныс алу ауруларымен ауыратын 134 мың адам мекендейді. 2001 жылдан бастап қалаға шетел азаматтарын кіргізуге тыйым салынған.
Пайдалы қазбаларды дұрыс пайданып сақтай отырып пайда келтіреміз. Оларды сақтау жолы толық өдіру және ұтымды пайдалану.Балама энергия көздерін пайдалану.Заттарды қайта өңдеу мысалы пластик бұйымдар.
6 оқушы: Табиғатты қорғау шаралары
Ұлттық саябақтар да табиғат қорғауда үлкен қызмет атқарады, оларда орасан зор шектеулі шаруашылық әрекеттер шешімін тапқан және таныстыруға арналған танымжорықтары өткізіледі. Мұнда тынығып, денсаулықты қалпына келтіруге, туризм және спортпен шұғылдануға болады. Солардың ішінде Іле Алатауы, Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар кеңінен таныс. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлар әлемі қатаң қорғауға алынған. Республикада мейірімсіздікпен аулаудан саны кеміген дала киігі - ақбөкендерді ұдайы өсіруге, Каспий және Жайық өзені алабындағы бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және тездетіп ұдайы өсіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет