Табиғат – асыл қазына! 1 – жүргізуші



бет6/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,53 Mb.
#126426
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғат асыл қазына

Табиғат қорғау шаралары - қоршаған табиғат ортасына жағымсыз әсерді азайтуға, жоюға, елдің табиғат-ресурстық әлеуетін сақтауға, жақсартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған шаруашылық қызмет түрлері. Табиғат қорғау мақсатындағы жобаланатын және жоспарланатын шаралар кешені өндірісті дамытумен және демографиялық ахуалмен байланысты перспективалық өзгерістерді ескере отырып адамдардың денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны қорғау мүдделеріне сай келетін қалыпты талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның жағдайын жақсартудан, табиғат ресурстарын үнемдеуден және неғұрлым толық пайдаланудан барынша тиімді экономикалық нәтиже алуды көздейді. Шаруашылық қызметті жоспарлау кезінде оның экологиялық талаптармен қатаң түрде байланыстырылуы қажет.
2 - жүргізуші:
Үлгі алған асыл апа, ағалардан
Талайдың талант оты жанады алдан.
«Өнер – жастан» дейтұғын сөз қалыпты
Қорғасынды балқытқан даналардан.
Дей келе алдарыңызға «Табиғаттың асылы» атты сахналық көрінісін ұсынамыз!Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.
Райымбек: ( оқушы )
Ата!
Жер дегенім немене?
Ел дегенім немене?
Жер сәні деген немене?
Ел сәні деген немене?
Жер құты деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?
Төле би: (оқушы) Жер дегенің- тіршілік, Ел дегенің- қара халқың,
Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.
Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.
Жер құты – қойнауындғы кені.
Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.
1 жүргізуші:Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет