Табиғатқа антропогендік факторлардың ықпалы:
● Құрлықтағы ормандардың жойылуы
● Топырақтың қарқынды эрозиясымен антропогендік бұзылуы
● Антропогендік шөлейттену
● Табиғи ортаның антропогендік ластануы
● Жылыжай эффектісінің пайда болуы
● Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуы
● Табиғи ортаның өзін-өзі қалпына келтіру қабілетініңң төмендеуі
Табиғи ортаны сипаттайтын көрсеткіштер: тұрақтылық, икемділік, инерция, сыйымдылығы және ортаны өзгеру шектері
Ғаламдық Экологиялық мәселелер: Жылыжай эффектісі, Озон қабатының жұқаруы, Шөлейттену, Орманның қысқару, Табиғи ортаның ластануы
Шөлейттену: аумақтардың тиімсіз пайдаланылуы әсерінен тұтас өсімдік жамылғысынан айырылуы
XX ғасырдың екінші жартысындағы адамның шаруашылық әрекеті мұндай ауданы: 9 млн км²-ге артты (30 млн км² аумақ жұтаңдану алдында тұр)
Жылыжай эффектісі: атмосфераның төменгі қабатында күн радиациясын өткізіп, жер бетінің жылулық сәулеленуін ұстап қалу қабілеті
Жылыжай газдары: көміртектің қос тотығы, метан, фреон, азот тотықтары
Ғалымдардың болжауынша жердегі ауа температура 2020жылы 4,5С-қа, 2050 жылы 4С-қа көтеріледі
Ең “лас” өнеркәсіп салалары: тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру, энергетика(ЖЭС), қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі
1т шойын өндіру барысында: атмосфераға 4,5 кг қатты заттар, 2,7 кг күкіртті газ, сынап буы бөлініп шығады
1т аллюминий алу үшін: 38-47кг фтор пайдаланылып, оның 65%-ы атмосфераға шығарылады
Атмосферадағы Озонның соңғы 10 жыл ішінде 40%-ға азайғанын байқады: 1984 жылы британдық ғалымдар Халли-Бей стансысында
Озон қабатының жұқару себебі: жылдам ұшатын реактивті ұшақтар мен ғарыштық зымырандар (фреон газынан бөлінген хлор әсері)
Ауадағы ультракүлгін сәулелердің көбеюі: көз ауруы мен тері рагына себепші
Соңғы 200 жыл ішінде: орман ауданының екі есеге жуық қысқарған
Достарыңызбен бөлісу: |