Қазбалы отын — энергетика ресурстарының негізгі түрі. Оған каустобиолиттер тобына жататын заттарды жатқызуға болады.
Шымтезек
Көмір
Каустобиолиттер (грек. kaustos– жанғыш, грек. bіos – тіршілік және lіthos – тас)— жанғыш қазындылар; органикалық жолмен пайда болған тау жыныстары. Каустобиолиттер 3 топқа бөлінеді:
Мұнай тектес қазындылар (мұнай, жанғыш газдар, асфальт, озокерит, тағы басқалар.)
Жаралу жағдайлары бойынша Каустобиолиттер екі топқа бөлінеді:
1. Көмір
2.мұңай
көмір қатарындағы каустобиолиттер, оларға: шөгінді жаралумен сингенезисті тау жынысытар (шымтезек,қазба көмірлер, жанғыш тақтатастар) мен минералдар (мыс., янтарь) жатады. Каустобиолиттердегі органикалық заттар басқа тау жыныстардағы шашыранды органикалық заттардың түр өзгешеліктерінен әлдеқайда көп мөлшерде (көмірде — 50%-дан асады, жанғыш тақтатастарда — 50—25%, кейде оларда тиісті техникалық сапасына байланысты органикалық заттардың мөлшері төмендеу болуы мүмкін);
көмір қатарындағы каустобиолиттер, оларға: шөгінді жаралумен сингенезисті тау жынысытар (шымтезек,қазба көмірлер, жанғыш тақтатастар) мен минералдар (мыс., янтарь) жатады. Каустобиолиттердегі органикалық заттар басқа тау жыныстардағы шашыранды органикалық заттардың түр өзгешеліктерінен әлдеқайда көп мөлшерде (көмірде — 50%-дан асады, жанғыш тақтатастарда — 50—25%, кейде оларда тиісті техникалық сапасына байланысты органикалық заттардың мөлшері төмендеу болуы мүмкін);
мұнай (және нафтоид) қатарындағы каустобиолиттер, олардың асфальт, әзәкерит және т.о.). Келтірілген екі қатардың бір-бірінен алшақтығына байланысты Каустобиолиттердің бірегей генетикалық жіктеме аясына сыймайтындығы байқалады, олардың түпкілікті өзгешеліктері мен айрыкша сипаттамасы жіктеме принципіне қарама-қайшы келеді. Көмір қатарындағы каустобиолиттер заттық құрамы (гумолиттер, сапролиттер, липтобиолиттер мен олардың аралық өтпелі түр өзгешеліктері) және көмірлену дәрежесі (шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір және антрацит) бойынша жіктеледі.
Мұнай (нафтоид) қатарындағы жаралу жағдайы бойынша генетикалық желілерге ажыратылады, олардың ауқымында физикалық және химиялық белгілері (консистенция, балқығыштық, ерігіштік, элементтік құрамы, т.б.) бойынша градациялар бөлінеді. Олардың табиғи катары: мұнай-мальт-асфальт-асфальтит (немесе керит) — антраксолит. Битумдар екі негізгі генетикалық қатарға бөлінеді: нафтоидтер және нафтиттер.[3]Терминді 1888 жылы ғылымға алғаш енгізген неміс ғалымы Г.Потанье.
Битум
Керит
Антраксолит
Түзілу тегіне қарай сапропелиттер, гумолиттер және липтобиолиттер болып үш түрге ажыратылады.Сапропелиттерге төменгі сатылы планктондық су организмдерінің қалдықтарынан ағынсыз тұйық суларда оттегінің қатысуынсыз түзілген шөгінділер жатады. Олардың түсі күңгірт, майша жылтыр. Құрамында 55 – 80% ұшпалы заттар, 7 – 12% сутек болады.
Гумолиттер батпақты жерлерде өскен жоғары сатылы өсімдіктердің қалдықтарынан, оттегінің мардымсыз қатысуы нәтижесінде пайда болған гумустік (қарашірінді) заттардан түзіледі (торф, қоңыр көмір, тас көмір).
Липтобиолиттерге өсімдіктің биохимиялықұ ыдырауға шыдамды бөліктерінен (шайыр, спора, қабық, тағы басқа) құралған қатты Каустобиолиттер жатады. Каустобиолиттердің мұнайлы тобын: мұнай, битум, асфальт, озокерит, жанғыш газ, тағы басқа құрайды