Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған түрі. Мұның шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және темір жол мен әуе транспорттары. Олар жалпы шудың 80 пайызын құрайды. Автотранспорт қалалық шудың шығу көзі болып саналады және ол үш факторға байланысты: қозғалыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы және транспорт ағынының құрамы. Қозғалу жылдамдығы жоғары болған сайын шу деңгейлерініңишамалары да жоғары болады. Қазіргі ірі қалаларда машиналар қозғалысының қарқындылығы сағатына 5-10 мың бірлікке дейін және одан да жоғары болуы мүмкін. Қалалық транспорттардың барлық түрлерінің ішінде трамвай ең шулы болып саналады. Оның қозғалысынан туатын шудың деңгейі автомобильден шығатын шуға қарағанда 10 дБА-ға жоғары.

Кварталдық қалалық шу төменгі жиіліктен өте жоғары жиіліктікке дейінгі диапазонда болады. Кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор болып табылады. Нысандардағы шудың шығу көздері өте әр түрлі болып келеді. Спектрлік белгілері бойынша бұлар көбінесе кең жолақты шу болып келеді, ал уақыт бойынша – тұрақты болады. Сыртқы шудың ең жоғары деңгейі 500-1000 Гц диапазонда байқалады және олардың шамалары өте үлкен деңгейде болулары мүмкін.

Пәтерлік шуды екіге бөледі: тұрмыстық(адамдардың тіршілігіне байланысты) және механикалық (инженерлік және санитарлы-техникалық) қондырғылар арқылы пайда болады. Қазіргі кездегі ғимараттардағы, әсіресе бірінші қабатында сауда және коммуналды-тұрмыстық нысандар орналасқан кезде, шу шығаратын қондырғылардың 30 түрі болады: қоқыс өткізгіштер, вентиляция, кондиционерлер және басқалар.
Өндірістік шу - өндірістік жағдайда жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу. Өндірістік шу дыбыс жұтатын қүрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады.