Табиғи орта жағдайын бақылау


Санитарлық-гигиеналық нормаларға



бет5/51
Дата16.10.2023
өлшемі362,68 Kb.
#115973
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Санитарлық-гигиеналық нормаларға – адамды қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық-гигиеналық нормативтерге зиянды заттардың (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радияциялық әсерлердің шекті рауалы деңгейі жатады.
Екінші нормативтер тобына экологиялық норматив –экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады.
Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде беріледі. Қоршаған табиғи ортаны сипаттайтын сапа нормативтерін топтастыру үлгісі 1.2 кестеде берілген.
1.2 Кесте - Қоршаған табиғи ортаны сипаттайтын сапа нормативтерін топтастыру




Қоршаған табиғи ортаның сапалық нормативтері


Санитарлық-гигиеналық


Экологиялық


Қосалқы
  • Зиянды химиялық заттардың ШРК


  • Физикалық әсердің ШМК


  • Биологиялық заттардың ШМК


  • Радиацияның ШРД


  • Тағам өнімдеріндегі химиялық заттардың ШРК


  • Санитарлық сақтау белдемінің нормативтері




  • Шығарынды мен төгіндінің нормативтері


  • Шу мен вибрацияның нормативтері


  • Биологиялық ластанудың нормативтері


  • Радиация нормативтері


  • Шаруашылықта химиялық заттарды қолдану нормативтері


  • Құрылыстық, қала құрылысының ережелері




  • Терминология нормативтері


  • Ұйымдастырушылық нормативтер


  • Заңдылық нормативтер





Қазақстан республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» заңына сәйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттардың шекті рауалы концентрациялары нормативтерін, радиация, шу, вибрация, магнит өрістері әсерінің шекті рауалы деңгейлері (ШРД) нормативтерін, зиянды заттардың тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер (көкөністегі нитрат, ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет